АРИЙЛЕР

АРИЙЛЕР — ежелгі тайпа. Б.з.б. 2-мыңжылдықтың басындағы Қазақстанды мекендеген тайпалар тарихы арий (ежелгі иран) және үндіарий (ежелгі үнді) тайпаларымен байланысты айтылады. Олар үндіеуропа тілдері шоғыры мен мәдени қауымдастығына жатқызылып, қазақ даласындағы Андрон мәдениетінің өкілдері ретінде танылуда. Олардың жиынтық атауы — “арья”. Б.з.б. 2-мыңжылдықтың екінші ширегі аталмыш тайпалардың ұлы қоныс аудару дәуірі болды. Бұлар оңт.- шығысқа қарай бет алып, Солт. Үндістанға, Иран мен Месопотамия жеріне барып тоқтаған. Үндіарилер тілінің жұқаналары хеттердің (қазіргі Түркия жерінде) қыш тақталарындағы таңбаларда ізін қалдырған. Өте ерте замандарда арийлер мен үндіарилердің ата-бабалары бір халық болып саналып, түпкі-үндіирандықтар (протоиндоиранцы) деп аталуда. Олардың қоғамы басты екі топқа бөлінді: қызметкерлері — абыздар және бақташы-жауынгерлер. А. көшпелі тіршілік етіп, мал ш-мен айналысқан, ұрыстарда әскери арбаларды пайдаланған. Арбаға жету үшін жабайы жылқыларды ұстап, қолға үйреткен. Ежелгі Қазақстанның таулы аймақтарында, әсіресе, Алтайда мыс пен қоланың мол қоры болған. А. метал өндіріп, әр түрлі тұрмыс құралдарын, кару-жарақтар соққан. Металдан жасалған қарулармен жарақтанған дала тұрғындары сұсты жауынгерлерге айналды. Арбаның пайда болуына байланысты “қаһармандық ғасыр” (“героический век”) басталды. Мұздай қаруланған далалық жасақтар табыс табу, әрі даңқын асыру үшін көршілес елдерге жорықтар ұйымдастырып отырған.Ұлы қоныс аудару кезеңінде А-дің бәрі ауып кеткен жоқ. Қазақстан жерінде калғандары б.з.б. 1-мыңжылдықтың ортасында Ұлы Даладағы көшпелі — сақ, сармат, скифтерге араласып, сіңісіп кетті. 

  1. өзін қоршаған орта, әлемнің тылсым сырларын түсінуге ұмтылды: тылсым күштердің иесі құдай деп танып, әрбіріне ат таңды, құдаймен тілдесуге ұмтылып, табыну мінәжаттарын тудырды. Әлемдегі жалғыз Жаратушыға ғана табынуды қолдаған дін Ұлы Даладағы көшпелілер ортасында туып, өзге халықтар арасына тарап, насихатталды. Бұл діни ілімнің негізін салушы — Заратуштра пайғамбар, ал оның діни ілімі қазіргі ғылымда заратуштрашылдық (зороастризм) деп аталады; қ. Авеста, Заратуштра. 

Ариозо (итал.  Arioso – арияға ұқсас, әуенді) – кіші көлемді, белгілі бір құрылымы жоқтығымен ерекшеленетін шағын ария. Бұл атау, сондай-ақ аспапты музыкада (Бах, Бетховен) жанрлық және стильдік анықтама ретінде де қолданылады.  

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *