Қазақ қай уақытта «үш жүз» атанған?
(V нұсқа)
Қазақ жұртында ауызда сөйленіп жүрген бір сөз бар:
«Кеше Алаш Алаш болғанда, Алаша хан болғанда, үйіміз ағаш болғанда, ұранымыз «Алаш!» болғанда»,— десіп келеді. оның мәнісі: Бұхара хандарынан [Қызыл Арыстан] хан қазақ ханы болып тұрған күнде ханының қызын ол жалап алып келіп, аяғын салған екен дейді. «Аяғын салды» де ген сөз некесіз алғанды айтса керек. Сол қыздан бір ер бала туыпты. өзі сауысқанның аласындай ала туыпты. Бәйбіше қатынға айтты:
—Бұл бала өскенде, жұртыңды ала қылып, өзіңе жау қылады. Мұнан осы күнде құтыл!—депті.
Хан бәйбішесінің тілімен қырық жігітті шақырып алып, арымас ат, тозбас тон, таусылмас азық беріп:
—осы баланы менің хүкімім жүрмейтұғын жерге алып барып, сақтап [сақлап] өсіріңдер. Бұл Бұхараны [Бұхарды] бұл бала да көрмесін, сендер де көрмендер!—деп, жер аударыпты.
Сол қырық жігіт баланы алып, Сырдариясынан өтіп, Алатау, Қаратаудың аралық жеріндегі жайлап, көшіп жүрген жұрттың ортасына келіп, бір жайды мекен қылып, баланы асырап, өстіріп, бала он екі жасқа жеткен соң қырық жігітпен баланың ісі болмай, баламен қырық жігіттің ісі болмай бетбетіне кетіпті.
Сол заманда ол жерлерде Қотан, Қоғам, Құндыгер, Қобаң деген төрт атаның ұлы елі бар екен. Сол елдің ішінде «Түгел сөздің түбі бір, Түп атасы—Майқы би» деген би бар екен. ол Майқы бидің үйсін деген баласы ит жүгіртіп, құс салып жүріп, он екі жасар балаға кез болыпты. Бала бұл үйсінге тіл қа тып сөйлеспепті. Тілі жоқ, мылқау кісідей, бедірейгеннен беді рейіп отырып қала беріпті. Кеш болып, қас қарайып, үйсін батыр аулы на қайтып, әкесі Майқы биге айта келіпті:
—Даладан бүгін ағаштың түбінде отырған бір бала көрдім. Айдары аш беліне түседі. «Ай дейін десем, аузы бар, Күн дейін десем, көзі бар». Бір қасық сумен жұтып жібергендей. Бірақ не керек, тілі жоқ екен, құлағы да естімесе керек. Егер тілі мен құлағы болғанда, дүниеде ешкімнің қолына түспейтұғын, ексе бітпейтұғын, қуса жетпейтұғынның өзі екен!—дейді.
Майқы би аяғы ақсақ, арбамен жүретұғын кісі екен:
—Ертең мені арбаға салып алып барындаршы, көрейін!—депті.
Ертең таң атқан соң Майқы бидің арбаға мінгізіп, баланың отырған жайына алып барған екен. Бала ұшып түрегеліп:
—Ассалаумағалейкум, тәмам ханның қазығы, бұқара жұрттың шірімейтін, сасымайтын, таусылмайтын азығы!—дейді. онда Майқы би:
—уағалейкумассалам, құрсақта жатып, несібесін алыстан тілеп туған балам, болайын деп туған ұл екенсің! Кел, балам, қасыма мін!—деп, баланың маңдайынан тауап қылып, арбасына мінгізіп, аулына алып келіп, қой сойып, асықты жілік ұстатып, он күн мейман қылып, ертең таң атқан соң, баласы үйсінді шақырып алып, жүз жігіт жолдас қосып:
—Мына баланы алдарыңа салып, ту қылып ұстап, жыға ғып бастарыңа шаншып, Қаратаудан әрмен қарап асыңдар! Шу деген, Сарысу деген екі өзен бар, соны кесе көлденең басыңдар. ұлытау, Кішітау деген тау бар. Соның о жақ, бұ жағында қарақалмақ Қатысыбан деген жау бар. Есіл, Нұра деген екі өзеннің арасында Тоғанастың тоқсан екі көлі бар. оның бойында он сан ноғай ормамбеттің елі бар. Сол екі жұрттың аралық жерінен килігіп, «Тас түссе, таңдайыңнан, алтын түс се, маңдайыңнан», үш жылғаша бақ-талайыңды байқаңдар!—деп, бата беріп аттандырды дейді.
Бұлар сол жүргеннен жүріп, Қара Кеңгір, Сары Кеңгір, Жезді Кеңгір—үш Кеңгірдің бойына келіп, ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен үш жылдың ішінде алдарына мал салып, үстіне үй тігіп, өз алдына ел-жұрт болды дейді. Сонан соң Майқы би Ақжол дегенді жүз жігітке бас қылып:
—Соларға барып қосыл!—деп жіберді. олар да келіп, бұларға қосылды. оның артынан жүз жігітке бас қылып, Алшын дегенді жіберді. олар да келіп, бұларға қосылды. Баяғы Бұхарадан шыққан қырық жігіт, олар да іздеп [ізлеп] келіп тапты. өз жұртына өкпелеген, онан қашқан, мұнан қашқан,—бәрі бұларға келіп тығылып, өз алдына бір жұрт болды—дейді.
—Кел, енді ортамыздан хан сайлайық!—деп, алашаға салып, баяғы ала баланы хан көтеріп: «Алаша хан» деп ат қойды дейді.
«Алаш!» деп, өздеріне ұран қойды дейді. «Жауға шапқанда: «Алаш, Алаш!»—деп шабалық! өз кісіміз екенін сонан бі лейік!» десіп, әуелгі келген «ұлы жүз—үйсін» атанды. ортада ғы келген: «орта жүз» атанды. Соңғы келген: «Кіші жүз» атанды. «үш жүздің баласы—Қазақ» атанып, әр руға таңба үлестірді. Сол таңбаларын тасқа басып: «Талас болса, сонан қарасайық!» десіп, үш жүздің баласы қазақтың таңбасы сол таста. Бұл күнде ол жерді: «Таңбалы Нұра» дейді. Қазақ атын да
3-85
болған жұрт Алаша ханның аузына қарап, үш Кеңгірдің бойын жайлап, қыстап жүрді дейді.