«Қазақ» халқының шығуы туралы …
(VІ нұсқа)
Қазақ деген сөз «қыз» бен «ақ» деген сөзден қосылып «Қазақ» болған дейләр. Бұларның делеллері: бір заманда бір патшаһтың қызы түсінде ихтіләм болып, иүклі болып қала дүр. Себепсіз иүклі болып қалғандықтан, атасынан қорқып, бұ сөзні даясы білән қызметкер қызға білдіре дүр. Алар исә,—сенің пәк, таза екендігіңе гуаһлық берсекте нандыру қиын болар, енді мұның бір шарасы—басқа бір тарапқа алып қашмақ дүр.
Мұнда сені жалғыз қашырып, өзлерің қалған біленде, бізлерге де аманлық болмас деп, бұлар көтере алғанларынша азық-тү лік алып, алтын-күміс алып тауға қашады.
Бұлар бір жайға барып тоқтағанда, бір аңшы үш киік баласын тұтып алып, бағлап қойып, анасын тұтмақ мақсаты білән тұрғанда, қызларға жолығып қалып, хал-ахуалларын сұрапты. Сонда қыздар шын сырларын баян қылыпты. Сонда аңшы иүклі патша қызыбілән қосылып, төрелік талап етіпті. Қыз да: «Талима шыққан күмішім!»—деп разы болыпты. Сонда қыз аңшыдан қалың сұрапты. Аңшы:
—Мақұл, не сұрайсыз?—депті.
—осы үш киік баласы менің қалыңдығым болсын,—депті. Аңшы мақұл болып, үш киік баласын қызға береді. Шонда қыз киік балаларын басларынан сипап азат қылған екен. Киік балалары жүгірісіп, шабысып барып аналарыбілән қосылған екен. Ана киік бұ ішке тамам шатлығынан бұларға жақын келіп, төңірегіні үш қайтара айналып, көзінің ясын төгіп, қыбылаға қарап дұға қылған сықылды тұрып, кейін балаларын ертіп алып жолына кеткен екен.
Бұ себептен Құда қызға үш перзент берген. Шондан нәсілі көбейіп кетіп, бұлар көп уақыт рахат, тыныш, қайғысыз жасаған екен. Шүлен қылып аңшыбілән, киік балаларыбілән садақны ортаға қойып, шын-мекем оғда қылысып, қызыны еліне алып келеді. Шонда қызыны көргенлер қыздың сұлулығына қайран қалып: «Бәракалла, қыз-ақ екен, бұ мұндан артық не болсын? Шіркін-ай, сұлуын-ай!»—деп кейін бөлектеп, қызға мүбәрәк нам болып, ұғыл-қызларын һам анасына ертіп «Қызақ» балалары деп мәшһұр болып кеткен екен. Кейін бала сөз қалып «қазақ» қана болып қалған.
… Жоғарыда айтылған қыздан туған үш ұлдың ең үлкені— ұлы жүз, ортаншысы—орта жүз, ең кішісі—Кіші жүз болып, күллі қазақтың асылы бұ дүр дейләр.
Сонда аңшы түрік нәсілінен болып, қыз исә бәлихден міш болған. Сүйтіп, қазақтың ата жұртын Жиделі-Байсын деп атаған дейді. Жиделі-Байсын Балхқа жақын болып, өзен суы бар қалың тоғайлық-мыс.
Аңшы қызбен келген даяр нөкер білән қызметкер қызны өзінің ең жақын жолдасына некелеп қосқан екен. Сонда Дайеден Қарақалпақ, Қыпшақ тараған дейді.
Қызметкер қыздан Қырғыз тараған-мыс. Бұлай болған Қырғыз, Қыпшақ, Қарақалпақ халықтары Қазақпен ғама за да, яғни аға-інінің әуләтләрі бұлар дүр.