Қазақтың қысқаша шежіресі (ІV нұсқа)
өткен VI ғасырда түрік нәсілінен бөлінген Қырымдық тұқымдар арасына жоғарыдағы Әнәс келіп, түрікше бала оқытады. оның Мағаз деген бір баласы ержетіп, өсіп келе жатқанда Қырымдық хан өз қаласында бала оқыту мақсатымен Әнәстан Мағазды сұрап алады. Мағаз хан қолында бала оқы тады. Сүйтіп жүріп үйленіп, одан Сапыл деген бала болады. Мағаз үйлі-баранды болғасын, оның үстіне ханның ықпалымен Мағаз Қырым адамы болып қалып қояды.
Мағаздың Сапыл деген баласынан Ақшолпан, Қурай—екі баласы болады. Қурайдан: Татар, Маңғұл тұқымдары болады. Ақшолпаннан Аламан, одан Алаш, Алаштан Жайылхан, Сейілхан дегендер туған. Сейілханнан сегіз арыс түрікпендер, Жайылханнан Майқы, одан өзбек және Қобян деген екі бала сы болыпты.
өзбектен өзбек тұқымы тарайды. Қобаннан Қазақ пен Со-
зақ, Созақтан Қарақалпақ тарайды. Қазақтан төрт бала болады: Көзел, Ақарыс, Жанарыс, Бекарыс.
Қырым халқы Көзел батыр ержеткенше әкесі Мағаздан өрген тұқымға «Қиякелді» атап, теңдік бермей, малдарын, әйел-қыздарын тартып алып, кісілерін өлтіріп, сүйтіп, ел қатарына кіре алмай жүргенде Көзел ержетіп қатарға қосылып, өз тұқымына көрсеткен Қырым халқының озбырлықтарын сол күнінде қайыра бастап, Қырымның әлділеріне көрсеткен қайратына риза болып, әкесі Қазақ: «ой, көзелім!» дейтін болыпты.
Қазақтың бір адамға риза болғанда «ой, көзелім!» дейтіні осыдан дейді. Көзелдің жоғында зәбір көргендер көбейіп, мал тонау, кісі өлтіру сияқты әдеттерді тиюға өз күші жетпей, Қырымның ханы ресей патшасынан көмек сұрайды. ол көмек бермеген жағдайда, ресей қол астына кіруді мақұлдағанын білдіреді. ресей патшасы алыс жолға әскер жібермей-ақ, Қырым ханының соңғы тілегін қабылдап, Қырымды өзіне алу үшін елші жібергенде, келген елші Қырым ханынан қанша халық бар дегенде: «он сан оймауыт, тоғыз сан торғауыт, сегіз сан Сыйылхан, жеті сан Жем бойы, әр жерден келген келімсектер, ал ты сан Алаш, барлығы—қырық сан халқым бар»,—депті.
Көзел де, әкесі Қазақ та Қырым жерінде қайтыс болды. Бұлардан кейін Мағаздың тұқымдары Қырымның ресей патшасына бағынуына риза болмай, Қырымнан көшіп, Еділ бойын жағалап, осы күнгі Астраханды салдырады. Қазақтың төрт баласы болғанын айтып өткенбіз. Қазақтың үлкен баласы—Көзел, оның тұқымынан дерек жоқ.