ӨЛІМ БЕЛГІЛЕРІ ЖӘНЕ ӨЛІМНЕН КЕЙІНГІ ӨЗГЕРІСТЕР


Табиғаттагы тірі жан-жануарлардың бәрі де өз тіршілігін өліммен аяқтайды, ягни мөйітке айналады. «Өмір сүру — өлу деген сөз» деп Ф.Энгельс бекерге айтпаган.

Ж.Ахметов. Патологиялық анатомия


Өлу заңцылықтарын, оның себептерін жөне өлімнен кейінгі өзгерістерді зерттейпін ілімді танатология деп атайды. Дцам өлімін бүкіл организмнің өлімі деп қарау керек. Бірақ, өр түрлі зертгеулер арқылы кейбір ағзалардың, тіндердің өз тіршілігін организм өлген-нен кейін де біраз уақытқа дейін сақтай алатындығы анықталғаң. Осыған байланысты өлген адам ағзаларын, тіңдерін транспланта-ция үшін пайдалану мүмкіншілііі туды. Қазіргі кезде бүйректерді, жүректі өлген адамнан ауру адамға көшіріп отырғызу тәжірибиде кең жол алған. Кейінгі уақытта тек жеке ағзаларды ғана емес, ағза-лар кешенін (мысалы, өкпе-жүрек) көшіріп отырғызу мүмкіншіліктері бар. Ағзаларды трансплантацияға дайындамастан бүрьш кенеттен қайтыс болған адамның анық өлгеңцігіне көз жеткізу керек. Бүл жағдайда өлім жөніндегі қорытындыны өдетте сот меди-цинасының сарапшылары береді. Бірақ та өлім белгілерін білу, өлім себептерін анықтау барлық дөрігерлер үшін, өсіресе, патологоана-томдар үшін аса қажет. Патологоанатом тек аурухана жағдайында қайтыс болған науқасты ашып көріп, өзінің қорытынды сөзін өлімнің қаңдай ауру салдарынан болғанын, оның пайда болу механизмдерін ашьш беруді арнайтыны мөлім.
Өлу үрдісі өте күрделі болып, бірнеше сатылардан түрады. Ола-рға: жамталасалды куйі, жанталас (агония) жөне клиникалық өлім түсінікгсрі кіреді. Өлімнің өрбір сатысыньщ үзақгық мерзімі өр түрлі, мысалы, агония бірнеше минуттан бірнеше сағатқа немесе тәулікке созылуы мүмкін. Клиникалық өлім өдетте 5-6 минутган соң биоло-гиялық өлімге өтеді. Бүл кезде орталық нерв жүйесінде, кейінірек басқа ағзаларда қайтымсьгі өзгерістер дамиды. Осы кезден бастап қана организмді мәйіт деп атауға болады.
Өлімнің себептеріне қарай табиғи (физиологиялық), зорлық-зомбылық нөтижесінде және ауруға байланысты түрлерін ажыра-тады.
Табиги өлім адам өбден қартайып, ағза қызметтерінің бірте-бірте өлсіреп барып, тоқтауымен, тозуымен байланысты. Адам өмірінің үзақтығы ғалымдардың болжауы бойынша 160-180 жас, бірақ көптеген себептерге байланысты бүл жасқа осы күндері же-келеген адамдар ғана жетіп отыр.
Зорлық-зомбылық нәтижесіндегі өлімді сот медйцинасы зерттейдд.
Әр түрлі аурулар салдарынан өлу себептерін негізінен патоло-гоанатомдар тексереді.
Ауру асқыньш кеткенде, мысалы, миға қан қүйылғанда, жүрек инфарктында, өкпе артериясының тромбоэмболиясында адам ке-неттен, кейде бірнеше минуттар ішінде де өліп кетуі мүмкін. Ал

көптеген созылмалы аурулар нөтижесінде пайда болатын өлімді дәрігерлер клиника жағдайында бақылап, оларды өлімнен алып қалу үшін реанимация (латынша — reanimatio — қайта тірілту) шараларын кеңінен қолданады.
Биологиялық өлімнен кейін біршама уақыттан соң өлімнің мор-фологиялық белгілері және өлімнен кейінгі өзгерістер дамиды. Бүл өзгерістерді анық білу жөне зерттеу, кейбір жағдайда кездесетін жалган өлімді анықтауда аса қажет. Сол үшін мәйітті клиникада кемінде екі сағат сақтап, өлімнің алғашқы белгілері байқалғанда ғана патологиялық анатомия бөлімдеріне көшіреді.
Өлімнің алғашқы белгілеріне: 1) мәйіттің сууы; 2) мәйіттің сіресіп қалуы; 3) мәйіттің кебуі; 4) қанның қайта бөлінуі; 5) мөйіт дақтары кіреді.
Мәйіттің сууы өлгеннен соң организмдегі зат алмасу үрдісінің тоқтауына байланысты. Дене жылуы бірте-бірте азайып, айнала-дағы температурадан 0,5-1 °С төменірек дәрежеге дейін түседі.
Орташа есеппен мәйіт температурасы сшгатъша 1 °С төмендейтіні анықталған. Бірақ кейбір ауруларда (сіреспе, сепсис, бөртпелі сүзек) мәйіт температурсы бірнеше сағатқа дейін бүрынғыдан да жоғары болуы мүмкін.
Мәйіттің сіресіп қалуы дене бүлшықеттерінің қатайып, тар-тылып қалуына байланысты. Бүл өзгерістердің негізіндегі биохи-миялық үрдістер жатады. Тірі организмдегі бүлшықеттердің белгілі бір тонуста түруы аденозинүшфосфат (АҮФ) қышқылының бүлшы-қеттермен байланысты болуымен түсіндіріледі. Өлгеннен соң АҮФ-тың бір бөлігі бүлшықеттерден бөлініп шығып, олардың 2-4 сағат бойында босап қалуына себеп болады. АҮФ-тың бірте-бірте жой-ылуына байланысты және сол жерде сүт ідышқылының, калыщидің жиналып қалуы себепті бүлшықеттер қайтадан тартылып, сіресіп қалады.
Мәйіттің сіресуі жақ, бет, мойын бүлшықеттерінен басталып, бүкіл денеге тарайды, бір тәуліктен кейін барып олар қайтадан босай бастайды. Мәйіттің сіресуін жасанды түрде жою үшін біраз күш жүмсау керек. Мәйіттің сіресу күші көптеген себептерге бай-ланысты. Дене жаттықтырумен шүғылданатын адамдарда, кейбір науқастарда (холера, сіреспе ауруларында, стрихнинмен уланған-да) ол жақсы байқалса, ал кәрі кісілерде, жас балаларда, сепсистен кейін сіреспе күші өте әлсіз болады.
Мәйіттің кебуі — өлгеннен кейін денедегі сүйықтықтардың қүрғап және буланып кетуінің нәтижесі. Бүл үрдіс өлгеннен соң бірнеше сағаттан кейін басталып, терінің, шырышты қабықтар-дың кеуіп қалуьша алып келеді. Көздің мөлдір қабығы күңгіртгеніп,

26
Ж.Ахметов. Патологиялық анатомия
ақшыл қабығы өзінің реңін жоғалтып, сарғыш-сүр түсті болады. Еріннің шырышты қабығы, терінің жүқа жерлері қатып, бүрісіп, қоңыр-қызыл түс алады.
Қанның қайта бөлінуі. Өлгеннен соң артерия қан тамырының қысқаруы нәтижесінде қан вена тамырларына өтеді жөне өзінің салмағына байланысты дененің төменде жайғасқан бөліктерінде жинала бастайды. Жүректегі және ірі вена тамырларындағы қан үйып қалады. Егер жанталас дәуірі үзаққа созылған болса, қан үйындылары ақшыл-сары түске кіріп, оның қүрамы негізінен фибрин жішнелерінен түрады, ал ауру тез қайтыс болғанда үйын-ды қүрамында барлық қан элементтері болтаны үшін оның түсі қызыл болады. Кейбір жағдайларда, мысалы, ауру түншығып өлген-де (асфиксия) қан тіпті үйымай сүйық күйде қалады. Осы үйын-дылардың түсі өлу механизмін (танатогенезді) анықтаушы морфо-логиялық белгілердің бірі болып есептеледі.
Мәйіт дақтары өлгеннен соң 2-4 сағаттан кейін пайда бола-ды. Олар мәйіттің төменгі бөліктерінде көкала-қызыл немесе қоңыр-күлгін түсте көрінеді. Қолмен басқанда олардың реңі ақтаң-дақтанып барып аз ғана уақыттан соң өз реңіне қайта кіреді. Бүл белгі мөйіт дақтарын тірі кезіндегі қанталаулардан ажыратуға жәр-дем береді. Мөйіт дақтарының келіп шығуы қанның қайта бөліну механизмімен түсіндіріледі. Қан өз ауырлық күшімен дененің төменгі жатқан бөліктеріне жиналады (гипостаз). Мәйіттің өз сал-мағы түсіп түрған жерлерде (мысалы, ауру шалқасынан жатып өлгенде қүйымшақ, жауырын сүйектері аймағында) мәйіт дақта-ры болмайды. Жалпы мәйіт дақтарьшьщ орны аурудьщ өлер кезде қалай жатқандығьша байланысты. Бірінші тәулікгің екінші жар-тысында қандағы эритроциттер гемрлизге үшырап, плазма қан тамырларынан шыға бастайды. Осы плазманьщ айналадағы тіндерге сіну үрдісін имбибиция деп атайды. Бүл кезде мөйіт дақтары бір жерге орнығып, қолмен басып көргеңце өз реңін өзгертпейді.
Өлімнің кейінгі белгілеріне аутолиз және шіру үрдістері кіреді. Аутолиз үрдісі гидролиздеуші ферменттерің белсенділігінің күшеюімен байланысты. Сол үшін аутолиз ферменттер көп болған ағзалардан басталады. Үйқы безінде, бүйрекүсті безінде, бауырда аутолиз үрдісі басқа ағзаларға қарағанда күштірек көрінеді. Асқа-зан-ішек жолында өзін-өзі қорыту үрдісі қүрамында пепсин, трип-син жөне басқа ферменттер бар асқазан-ішек сөлінің әсерінде өтеді. Соның нөтижесінде асқазан-ішек шырыштьі қабығы еріп, жас ба-лаларда тіпті асқазан қабырғасы тесіліп кетуі мүмкін. Асқазан-ішек сөлі өңешке өткенде немесе аспирация жолымен тыныс ағзаларына түскенде осы ағзалардың өзін-өзі қортуына (эзофагомаля-ция, пневмомаляция) соқтырады.
Мөйіттің шіруі осы аутолиз үрдістерінің күшеюімен және оған шірітуші бактериялардың өсерінің қосылуымен түсіңціріледі. Шіру үрдісінің жылдамдығы қоршаған ортаның температурасына бай-ланысты. Үй температурасында (18-20 °С) шірудің бірінші белгілері 2-3-ші күні-ақ көріне бастайды. Өлгеннен соң шірітуші бактерия-лар тез көбейіп, өздерінен гидролиздеуші ферменттерді бөліп шы-ғарады, нөтижеде органикалық заттардьщ бәрі ыдырай бастайды. Сонымен қатар тіндерде өте жағымсыз иіс пайда болып, олар сарғ-ыш-жасыл түске кіреді. Бүл өзгерістер шіріген тіндерде күкіртсутегі және басқа газдардьщ пайда болуьша байланысты. Күкіртті сутек гемолизге үшыраған эритроциттермен қосыльш темір сульфатьш түзеді. Тіндер осы химиялық зат әсерінде қара-қошқыл, жасыл ренте боялады. Газ түзуші бактериялар өте көбейіп кеткенде газ бүкіл де-нете тарап, мәйіт эмфиземасы пайда болады.
Бірте-бірте организмдегі барлық органикалық заттар іріп-шіріп жойылып, тек сүйектердің бейорганикалық заттары гана үзақ мерзімге сақталады.
Бүл үрдісті уақытша кідірту үшін мәйітті салқын жерде сақтау немесе бальзамдау керек.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *