АРИДТІК КЛИМАТ

АРИДТІК КЛИМАТ (латaridus — құрғақ) — температурасы жоғары және оның тәуліктік ауытқуы үлкен, атмосф. ылғалдығы (жауын-шашын) жеткіліксіз, ал буланғыштық мөлш. Жылдық жауын-шашын жиынтығы мөлшерінен артық болған жағдайда қалыптасатын құрғақ климат. А. к. шөл мен шөлейт белдемдерге тән. Топырақта ылғал аз болғандықтан өсімдік өте сирек өседі, ауа мен жер беті күндіз қатты қызып, түнде едәуір салқындауы салдарынан тау жыныстары үгіліп құмға айналады. Мұндай аймақтарда егін тек қолдан суландыру жолымен ғана егіледі. Қазақстанның қоңыржай ендіктегі шөлдері мен шөлейттері мұхиттан алыс жатқандықтан одан келетін ылғалды ауаға тау жоталары тосқауыл болады. Мұндай ауа райы ғылымда А. к. деп аталады. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *