Көмекке деген қажеттілік

 Кейбір мәліметтер бойынша, жұптық санды  мүшелері бар топтар тақтық саны бар топтардан ерекшеленеді. Біріншісінде, екіншісіне қарағанда топта өзара келісушілік, тұрақтылық байқалды. Кейбір зерттеулердің көзқарасы бойынша бес саны аса маңызға ие. Бес адамнан тұратын топ көбіне жоғарыда атап кетілген мәселелерге  ұшырамайды екен. Сонымен қатар оның мүшелерінде диада және триада  топтарына тән қысымдық, келіспеушілік сияқты жағдайлар кездеспейді. Бес адамнан тұратын топта әрбір адам өзінің ролімен қанағаттанады, ал шиеленіс жағдайында  бұл топ шашырап, жан-жаққа тарап кетпейді. Егер де топқа бес адамнан артық адам кіретін болса, онда оның кейбір мүшелері өзін оқшауланып сезінуі мүмкін. Топтарды анализдей отырып, ең алдымен адамдар не үшін топтарға түседі осы мәслені анықтап алу керек. Адамның ресми емес топтарға түсуінің негізгі себептерін басқару саласындағы атақты американдық специалистер М.Х. Мексон, М. Альберт, Ф. Хдоури анықтап көрсетті:

         1). Көмекке деген қажеттілік

         2). Қорғаныс қажеттілігі.

         3). Ақпарат алуға деген қажеттілік.

         4) Жақын немесе өзара қарым-қатынасқа (симпатия) деген қажеттілік.

         Адамдар көбіне өзіне жақын адамдармен немесе симпатия тудыратын, ұнайтын адамдармен жақын қарым-қатынас орнатуға бейім келеді. Индивидке  басқа адамның психологиялық мәселесін қарым-қатынас пен толық әсерлесу негізінде қарастыру керек. Психологиялық ғылымда психлогиялық әсер және әсерлесу мәселесінің зерттеулері кең таралған. Олар бір мезетте теориялық әрі қолданбалы болып табылады.                     В.Н. Куликов көрсеткендей, бұл мәселеде толық ғылымның қоғамдық практикасы мен қажеттіліктерінің сұраныстарының негізі жатыр. Топтық әсер және әсерлесу мәселесі — бұл  психиканы  толық және оның жеке бөліктерін өздігінен басқару әдістері психологиялық ғылым өзектілігінің бірі. Психология даму теориясы психиканың бейнелеу формасынан басқа психикалық қалыпына, функциялануы мен дамуына тән білімдер мен әдістерді қамтуы керек. Жеке адам және топ теориясы бұл аталған феномендердің негізін ғана емес, сонымен қатар олардың сөздік және сөздік емес әдістерін және оларды басқару мен өзіндік басқару түрлерін ендірді. 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *