Флексорлар:
1. Үлкен бел бұлшық еті соңғы көкірек және алдыңғы бел омыртқалардың денелерінен басталып, ортан жіліктің кіші ұршығында аяқталады.
2. Мықын бұлшық еті мықын және құйымшақ сүйектері қанаттарынан басталып, ортан жіліктің кіші ұршығында аяқталады. Үлкен бел және мықын бұлшық еттері ортан жіліктің кіші ұршығында аяқталатындықтан, оларды біріктіріп, мықын-бел бұлшық еті — деп те атайды.
3. Санның жалпақ шандырын кергіш бұлшық ет санның алдыңғы бетін ала сербек, жамбас-ортан жілік және тобық буындары аралығындағы үшбұрышты кеңістікте орналасады. Оның сіңірлі басы сербектен және ортаңғы бөксе бұлшық етінен басталады. Бұлшық ет құрсағы желпуіш тәрізді каудо-вентральды бағытта тарамдалады да, оның сіңірлі құйрығы санның жалпақ шандырымен бірігіп кетеді. Санның жалпақ шандырын кергіш бұлшық ет тобық сүйек пен асықты жіліктің қырында аяқталады.
Еттің каудальды бөлігі беткей бөксе бұлшық етімен бірігіп кетеді.
4. Тігінші бұлшық еті санның медиальды бетіндегі ұзынша келген таспа пішіндес ет. Ол кіші бел бұлшық етінің сіңірі мен мықын сүйек денесінен басталып, тобықтың медиальды бетіндегі шандырда аяқталады.
5. Қырлы бұлшық ет мықын-шат дөңесінен басталады. Үшбұрышты келген ет құрсағы қиғаш бағытталып, ортан жіліктің медиальды бетіндегі кіші ұршықтан сәл төменірек барып аяқталады. Тігінші және қырлы бұлшық еттерінің аралықтарымен ірі қан тамырлары болатын сан өзегі өтеді.
Аддукторлар:
1. Сымбат бұлшық еті санның медиальды бетінде жатқан жалпақ кальций ет. Ол жамбас жігінен және құрсақтың тік бұлшық еті сіңірінен басталады. Тобық буынының тұсында жалпақ сіңірге айналып, тобық сүйектің тік байламында асықты жілік қырында және сирақ шандырында аяқталады.
2. Санды жақындатқыш бұлшық ет шах сүйектен және жапқыш тесігінің медиальды және каудальды жиектерінен басталып, ортан жіліктің кіші ұршығы мен медиальды айдаршығы аралығында аяқталатын ет.
Супинаторлар:
1. Сыртқы жапқыш бұлшық ет пішіні үшбұрышты келген жалпақ ет. Ол жамбас сүйектің вентральды бетінен және жапқыш тесіктің медиальды бетінің сыртқы жиегінен басталып, оның сіңірлі құйрығы ортан жіліктің ұршық шұңқырында аяқталады.
2. Ішкі жапқыш бұлшық ет жамбас астауының төменгі бетінің дорсалъды жағында орналасқан үшбұрышты жалпақ ет. Ол жапқыш тесіктің алдыңғы және медиальды жиектерінен басталып, ішкі жапқыш бұлшық еттің сіңірлі құйрығы ортан жіліктің ұршық шұңқырында сыртқы жапқыш бұлшық етпен бірге аяқталады.
Қосарлы бұлшықеттер таспа тәрізді жіңішке келген бұлшық еттер. Қосарлы бұлшық еттер жамбас сүйектің кіші шоңданай ойығының жиегінен басталып, сыртқы және ішкі жапқыш бұлшық еттердің сіңірлі құйрықтарының арасымен ортан жіліктің ұршық шұңқырында аяқталады.
Тобық буыны құрылысы күрделі және бір білікті буын. Тобық буынының бұлшық еттері артқы аяқтың сан аумағында жатып, төменде орналасқан тобық буынына әсер етеді. Тобық буынын тобық сүйек, ортан жіліктің дистальды және асықты жілік пен шыбық сүйектің проксимальды бастары, олардың аралықтарындағы латеральды және медиальды шеміршек тегіршектер кұрайды. Буын бір білікті болғандықтан, тобық буынында бір-біріне қарама-қарсы жұмыс атқаратын жазғыш және бүккіш бұлшық еттер топтары болады.
Экстензор:
1. Санның төртбасты бұлшық еті ортан жіліктің алдыңғы жағында орналасқан қомақты тым қалың ет. Бұлшық еттің төрт басы болады. Олар: тік, латеральды, медиальды және аралық бастар.
Тік басы немесе санның тік бұлшықеті бұлшық еттің латеральды және медиальды бастарының аралығында жатқан ең қомақты бұлшық ет. Ол ұршық шұңқырының жоғарғы жағындағы мықын сүйек төмпегінен немесе шұңқырынан басталады. Еттің дистальды бөлігі санның төртбасты бұлшық етінің басқа бастарымен бірігіп кетеді.
Латеральды басы немесе қалың латералды бұлшық ет ортан жіліктің проксимальды бөлігінің латеральды бетінен басталып, еттің дистальды құйрығы бұлшық еттің тік басымен қосылып кетеді.
Медиальды басы немесе қалың медиальды бұлшық ет ортан жіліктің медиальды бетінен басталып, бұлшықеттің аралық басына қосылады.
Аралық басы немесе қалың ішкі бұлшық ет ортан жіліктің дорсальды бетінен басталып, бұлшық еттің латеральды немесе медиальды басымен бірігіп кетеді. Санның төртбасты бұлшық еті бастарының барлығы бірігеді де, тобыққа барып бекіп, одан әрі тобық байламдары арқылы асықты жілікте аяқталады.
Флексор:
І. Тобық басты бұлшық еті асықты жіліктің проксимальды бөлігінің плантарлық бетінде, балтыр етінің астында орналасады. Ол ортан жіліктің латеральды айдаршық үстінің тобықасты шұңқырынан басталып, медио-дистальды бағытта қиғаштала өтіп, асықты жіліктің плантарлы бұдырының медиальды жиегінде аяқталады.
Экстензор
1.Сирақтың үшбасты бұлшық еті. Балтыр бұлшық етінің латеральды және медиальды бастары мен өкше бұлшық етінен кұралған, сирақ аумағының артқы плантарлы жағында орналасқан қомақты ет.
Балтыр бұлшық етінің латеральды және медиальды екі басы болады. Олар ортан жіліктің айдаршықүсті шұңқырының латеральды және медиальды жиектерінен басталып, өкше бұлшық етімен бірігеді де, сирақтың үшбасты бұлшық еті — деп аталады. Бұлшық еттің сіңірі тірсек сіңірінің құрамында өкше төмпегінде аяқталады.
Өкше бұлшықеті таспа тәріздес қысқа ет. Ол шыбық сүйек басынан басталып, балтыр бұлшық етімен бірігіп кетеді.
Флексорлар
1. Асықты жіліктің алдыңғы бұлшық еті асықты жіліктің алдыңғы бетінде орналасады. Ол асықты жіліктің проксимальды басынан басталып, тілерсек және артқы жіліншік сүйектердің проксимальды бастарында аяқталады.
2. Асықты жіліктің артқы бұлшық еті асықты жіліктің артқы (плантарлы) бетінде орналасады. Ол бөлек бұлшық ет ретінде тек итте ғана кездеседі, ал басқа жануарларда бақайды бүгетін терең бұлшық еттің құрамында болады. Асықты жіліктің артқы бұлшық еті шыбық сүйектің проксимальды бөлігінен басталады. Ет құрсағы асықты жіліктің медиальды жиегімен дистальды бағытта төмен түсіп, итте орталық және I тілерсек сүйектерде, ал баска жануарларда бакайды бүгетін терең бұлшық еттің сіңірінде аяқталады.
3. Үшінші шыбық бұлшық еті ортан жіліктің латеральды айдаршықүсті жазғыш шұңқырынан және бақайдың ұзын жазғыш бұлшық еті сіңірінен басталып, асықты жіліктің жазғыш сайы арқылы өтеді де, сирақ аумағында бақайдың ұзын жазғыш бұлшық етінен ажырайды. Тілерсек буынының тұсында сіңірге айналып, жіліншік сүйектерде аяқталады.
4. Шыбықтың ұзын бұлшық еті сирақ аумағы сүйектерінің латеральды жағында орналасады. Ол шыбық сүйек пен асықты жіліктің латеральды айдаршығынан басталып, оның сіңірлі құйрығы сирақ аумағының төменгі тұсының латеральды бетінен, IV тілерсек және артқы жіліншік сүйектері аралықтарындағы саңылау арқылы тілерсек буынының плантарлы (артқы) жағына өтіп, медиальды бағытта I немесе II тілерсек, болмаса I артқы жіліншік басында аяқталады.
5. Шыбықтың қысқа бұлшық еті тек итте ғана болады. Ол шыбық сүйектің дистальды бөлігінен басталып, V артқы жіліншік басында аяқталады.
Бақай буындарының бұлшық еттері артқы аяқтың сирақ аумағында орналасып, сіңірлері арқылы бақай буындарына (тұсамыс, топай, тұяқ) әсер етеді. Бақай буындары кұрылысы қарапайым және бір білікті буындар. Буынның жазғыш бұлшықеттері сирақ аумағының латеро-краниальды және артқы аяқ басының алдыңғы бетінде, ал бүккіш бұлшық еттері сирақ аумағының каудальды беті мен артқы аяқ басының плантарлы (артқы) бетінде орналасады.
Экстензорлар
І. Бақайдың ұзын жазғыш бұлшық етінің құрсағы асықты жіліктің дорсальды бетінде жатады. Ол ортан жіліктің латеральды айдаршықүсті жазғыш шұңқырынан басталып, асықты жіліктің жазғыш сайы арқылы, оның дорсо-латеральды бетінде шығады. Бұлшық еттің сіңірлі құйрығы жануарлар бақайларының санына сәйкес сіңірлі бөліктерге ажырайды да, тұяқ (итте — тырнақ) сүйектің жазғыш өсіндісінде аяқталады.
2. Бақайдың бүйірлік жазғыш бұлшық еті сирақ аумағының латеральды бетінде жатады. Ол асықты жілік пен шыбық сүйектің латеральды айдаршықтарынан басталып, топай сүйекте аяқталады.
3. Үлкен бақайдың ұзын жазғыш бұлшық еті жеке бұлшық ет ретінде тек ит пен шошқада кездеседі. Ол шыбық сүйектен басталып, асықты жіліктің алдыңғы бұлшық еті сіңірімен бірге II бақайда (тырнақта) аяқталады.
Флексорлар
1. Бақайдың беткей бүккіш бұлшық еті ортан жіліктің айдаршықүсті шұңқырынан басталып, балтыр етінің латеральды басымен бірігіп кетеді де, өкше төмпегінің латеральды жене медиальды беттеріне бекіп, одан әрі бұлшық еттің сіңірлі құйрығы екіге бөлініп, тұсамыс пен топай сүйектерінде аяқталады.
2. Бақайдың терең бүккіш бұлшық еті асықты жіліктің плантарлы бетінде жатады. Ол асықты жліктің латеральды айдаршығы мен шыбық сүйектен және асықты жіліктің артқы плантарлы бұдырынан үш бас болып басталып бірігеді де, бұлшық ет сіңірі бақайдың санына сәйкес ажырап, тұяқ (тырнақ) сүйекте аяқталады.