Дифтерияның лакуналы (шұңқырлы) баспадан айырмашылығы
|
Белгілері |
Дифтерия |
Баспа |
|
Бадамша ісігі Жабыспалар
Жабыспаның түсі Жұтынғандағы ауру сезімі мойынның лимфа түйіндері
Температура
Пульс микробиологиялық зерттеулер |
Айқын емес бадамша без көлемнен аспайды. Қиындықпен түседі. Тастағаннан кейін қанайды. Ақ, ақшыл сұр, күлгін сүр жайлап ауырады. Қатты ұлғайған, жайлап ауырады. Мойнның ісінгені байқалады. Біртіндеп көтеріледі. Беткейлік аритмия, дифтерия таяқшасы |
Жұмсақ таңдай, тілшік доғаларының ісігі байқалады, бадамша без көлемінен асып кетеді. Оңай алынады. Сарғыш Қатты ауырады.
Кейбір түйіндер ұлғайған, ауырады.
Аурудың бірінші күнінен бастап өте жоғары температураға сәйкес коктар. |
Дифтерия деп болжаған ауруды бөлек шығарып, санэпидстанцияға хабарлау керек. Дифтерияға қарсы сарысу жіберіп, ауруды инфекциялық ауруханаға жіберу керек.
Созылмалы тонзилит – үлкен адамдарда да, балаларда да жиі кездесетін ауру.
Бұл аурудың шығуына мұрынның, тістің қабынуы, организм қарсылығының төмендеуі себеп болады. Ауру негізінен ауыздан шығатын жағымсыз иіске, баспаның жиі қайталанып тұратынына шағым жасайды және тамағында бөгде зат тұрғандай сезінеді. Кейде созылмалы тонзиллит баспасыз да пайда болады, кей уақытта кешкісін дене қызуы көтеріліп, денесі ауырлап, әлсіздік пайда болады, басы ауырады.
Бұл аурудың 3 түрі бар:
- Сирек болатын баспа (компенсированный);
- Жылына 1-2 рет болатын баспа (субкомпенсированный);
- Күн сайын болатын баспа (декомпенсированный).
Емдеу – баспаның 1 және 2 түрін консервативті түрде емдейді.
Үшінші түрінде жүрек-тамыр, нерв жүйелерінде, несеп – жыныс мүшелерінде асқынулар байқалады (миокардит, невроз, сепсис, нефрозонефрид т.б). Кейбір авторлар көптеген ауру түрлерін (86 нозологиялық бірлікке дейін) асқынуға жатқызады.
Емдеу – оперативті түрде.
Фарингит – жұтқыншақтың артқы қабырғасының шырышты қабығының қабынуы. Оның жіті, созылмалы, аллергиялық түрлері бар.
Жіті фарингитте тамақ жыбырлап, құрғақ жөтеледі, тамағы ауырып, ол құлаққа беріледі.
Тексеріп қарағанда жұтқыншақтың шырышты қабығы қызарып, ісіген, кейбір жерлері шырышты – іріңді секретпен жабылған.
Емдеу – тамақты тітіркендірмейтьін жұмсақ тағамдар, жылы сұйықтықпен тамақты шаю, майлы-сілтілі ингаляция жасау. Созылмалы фаренгитті катаральді, гипертрофиялы және атрофиялы деп ажыратады.
Жұтқыншақтың созылмалы қабынуының шығуына мұрынның және оның қосалқы қуыстарының қабынуы, созылмалы тонзиллит, диабет, асқазан – ішек жолы, жүрек, бауыр, өкпе, бүйрек аурулары әсер етеді. Ауру созылмалы сілекейдің көптігіне, жиі жөтелетініне (әсіресе таңертеңгісін), жөтелген кезде кейде лоқсып құсатынына шағым жасайды. Тексеріп қарағанда, шырышты қабықтың, әсіресе бүйір біліктерінің, қабынғаны көрінеді.
Емдеу – аурудың шығу себебін жою керек. Ауырған адамның жағдайын жақсарту үшін сілтілі процедуралар жасайды. Люголь, колларгол, күміс нитраты ерітінділерін жағады.
Көмей аурулары
Көмейдің (гортань) тіс -жақ жүйесі патологиясына байланысты туатын аурулары негізінен тұрмыста және соғыстағы зақымдануларда болады, өйткені жақтардың жұтқыншақтың жарақаттануында тыныс жолының тарылуына (стеноз) байланысты көмек көрсетуге тура келеді. Кейде кейбір дәріні мыс, йод тұнбасын, көтере алмаудан көмейдің тарылуы пайда болады. Мұндай жағдайда жедел жәрдем көмегі керек. Оның үстіне бала кездегі көмейдің кейбір қабынулары кез-келген мамандықтағы дәрігердің қажетті көмек көрсете білуін талап етеді.
Жіті ларингит. Көмейдің шырышты қабығының көп таралған ауруларының бірі – жіті ларингит. Бұл жеке ауру түрінде дауыстың зорығуы нәтижесінде тууы мүмкін. Көбіне ол тұмаумен, тыныс жолдарының жіті ауруларымен қатар жүреді. Кейде ауру өндіріс орындарындағы шаң – тозаңның, газдың әсеріне байланысты болады. Жіті катаральды ларингитте көмейдің шырышты қабығындағы өзгерістер шырышты қабығындағы өзгерістер шырышты қабықтың қабынуымен, көмейдің барлық бөлімдерінің қан кернеуімен (гиперемия) сипатталады, ол әсіресе дауыс қатпарларында айқын көрінеді. Қалыпты жағдайда қатпарлардың шеті үшкір, жұқа, фонация кезінде барлық жері жабылады, ал қабынғанда қатпарлар қалыңдап, шеттері болбырланып, олардың керілу және жабылу қабілеті өзгеріп, фонациясы бұзылады. Қабынған кезде дем алу қуысына жиналған секрет қатпарлардың жабылуына одан әрі кедергі жасайды.
Симптомдары. Дауыстың бұзылуы, тамақтың жыбырлауы, жөтел. Дауыстың бұзылуы әртүрлі дәрежеде болуы мүмкін. Дауыс жуан, төмен, қарлыққан болады. Дауыс кейде мүлдем шықпай қалады (афония). Ларингоскоппен қарағанда көмейдің барлық бөлімдерінің тегіс қызарғаны, дауыс қуысында шырыш пен іріңді, жабысқақ секреттің жиналғаны көрінеді.
Емдеу. Дауыс режимі, яғни қатты сөйлеуге тыйым салу. Егер аурудың кәсібі дауысқа түсетін салмаққа байланысты болса, онда оны дауысы толық орнына келгенше жұмыстан босату керек. Тамақтану режимінің де үлкен маңызы бар – суық, өте ыстық, ащы тағамдарды жеуге болмайды. Көмейдің шырышты қабығын қыздыру үшін жылытылған сүт, минерал суын ішу керек, сонымен бірге мойынды жылы орайды. Аяқты ыстық ваннада ұстау, бумен булау (инголяция) да емдеу өте тиімді. Сонымен қатар көмей қуысындағы кепкен қабыршықты жібітіп түсіру үшін сілтілік бұлауды да қолданады. Мұның өзі жөтелді азайтады. Ісіген жағдайда тамырлар қабырғасының өткізгіштігін азайту үшін дәрілер қолданады (пипольфен, димедрол, супрастин, хлорлы кальций). Балтырға горчичник қояды.
Созылмалы ларингит. Ауру үш түрде кездеседі: катаральды, гиперпластикалы, атрафиялық. Барлық түрге де көмейдің дауыс қызметінің бұзылуы тән. Бұл аурудың көбінесе кәсіптік зиянды заттар, темекі шегу, дауыстың зорығуы әсер етеді. Темекі түтіні жоғары температурада болатындықтан көмей, кеңірдек, өңештің шырышты қабығын кептіреді және осы қабықтың үнемі қызарып, қанталап тұруына, сөйтіп қабыну құрылысының созылуына әкеледі. Қабыну әсіресе шылымды көп шегетін адамда таңертеңгілік жөтел туғызатын қақырықтың көп мөлшерде бөлінуімен қосарлана жүреді. Бұлай болатын себебі, темекінің түтіні көмейдің, өңештің және бронхтардың кірпікшелі эпителий қызметін басып тастайды. Сондықтан жөтел рефлексі күндіз бәсеңдейді, жиналған қақырықтың дауысасты кеңістігіне тасымалдануы қиындайды. Түнде эпителийдің функционалдық қызметі біршама орнына келіп, қақырықты көмейдің төменгі бөліміне әкеледі, бұл жөтел рефлексін тудырып, қақырықтың сыртқа шығуына себеп болады. Қақырық қабырғаға жабысып қалса қиындықпен бөлінеді, сондықтан жөтел қатты болуы мүмкін. Мұндай жағдайда көмейдің шырышты қабығы зақымданып қабыну құбылысының созылуына себеп болады.
Созылмалы катаральды ларингит. Бұл ауруға көмейдің барлық бөлімінің шырышты қабығының тұрақты, көмескі және біркелкі қанталауы тән, сонымен бірге аздап ісік те көрінеді.
Созылмалы гиперпластикалы (гипертрофты) ларингит. Ожау тәрізді қуыс аралығы шырышты қабығының дауыс, кіреберіс қатпарларының қалыңдауы тән. Қалыңдаған дауыс қатпарлары дауыс саңылауын толық жаба алмайды, сондықтан саңылау толық жабылу үшін бұлшықеттің жұмыла жұмыс істеуін қажет етеді, бұл еттердің шаршауына, нәтижесінде дауыстың бұзылуына әкеліп соғады. Дауыс қатпарларының қалыңдауы аралас және шектелген түрде болуы мүмкін. Созылмалы ларингиттің бір түрі «әнші түйіні». Бұл жағдайда дауыс қатпарларының бос шетінде, алдыңғы және ортаңғы бөлім шекарасының 1/3 қатпарларының жабылуына кедергі жасайтын кішігірім төмпешіктер пайда болады. Ларингиттің бұл түрі әдетте дауыстың зорығуына байланысты.
Емдеу – шырышты қабыққа әсер ететін дәрі-дәрмектермен комплексті емдеу, лазерокоагуляция, криодеструкция, сонымен бірге шырышты қабықты гипертрофияға ұшыраған бөлімін хирургтың қатысуымен алып тастау.