Есту  түтігі  жұмысын  зерттеу

Есту  түтігі  жұмысын  зерттеу

 

Сыртқы  және  ортаңғы  құлақты  зерттеу  аурудың  сипатын,  қай  жерді  қамтитынын   білуге  арналған  арнайы  сұрақтардан басталады. Сыртқы  құлақ  маңын  емізікше  өсіндіні  сипап  көру,  құлақтың  осы  бөліктерінің  жағдайы  туралы  мәліметтер (құлақ  қалқанының , емізікше  өсіндісінің ісінуі, қол  тигенде  ауруы) береді,  құлақ  аймағындағы  лимфаденит,  сыртқы  есту  тесігінің  сыздауығы, шиқаны  немесе  мастоиидит сияқты  аурулардың  бар, жоғын  хабардар  етеді.  Сыртқы  құлақ  пен  ортаңғы  құлақты  зерттеудің  басты  әдісі – отоскопия – сыртқы  есту  тесігі  мен  дабыл  жарғағын  зерттеу.  Құлақ  воронкасы  мен  Зигленнің  пневматикалық  воронкасы  арқылы  қарап  көрумен  қатар,  кейде  дабыл  жарғағының  құрамдарын ( бөлшектерін)  5-тен  32  есеге  дейін  ұлғайтып  көрсететін  микроскопты  да  пайдалануға  тура  келеді.

Отоскопия  жасаудың  тәртібі. Ауру  зерттелетін  құлағын  дәрігерге  қарата,  басын  кері  бұрып  отырады.  Дәрігер  сыртқы  есту  тесігі  аймағына  рефлектордан  жарық  бағыттайды.  Оң  құлақты  қарап  көру  үшін  құлақ  воронкаысн  есту  тесігінің  бастапқы  бөлімдеріне  оң  қолымен  кіргізеді  де,  ал  сол  қолымен  құлақ  қалқанын  артынан  және  жоғары  жағынан  тартады.  Сол  құлақты  қарау  үшін  керісінше, құлақ  қалқанын  оң  қолымен  тартып,  сол  қолымен  воронканы  құлақ  ішіне  кіргізеді. Құлақ  воронкасының  диаметірі әртүрлі,  сондықтан  сыртқы  есту  тесігінің  көлеміне  қарай  туралап  алады.  Есту  тесігіне  кірген  құлақ  воронкасын  сәл  жоғары – сәл  төмен  оңға-солға  қозғауға  болады,  ол  дабыл  жарғағының  барлық  бөлімдерін  мұқият  қарауға  мүмкіндік  береді.  Толық  мәлімет  алу  үшін  дәрігер  оның  барлық  белгілі  бөлімдерін  тексеріп,  сонымен  қатар  жарғақтың  керілген  және  керілмеген  бөліктерінде  болатын  өзгерістерді  ( жарық  конусының,  тесіктің бар-жоғын  және  т.б)  байқауы  керек.

Есту  түтігі  жұмысын  зерттеу. Ортаңғы  құлақты  функционалдық  жағынан  зерттеу – есту  түтігінің  жұмысын  және  өткізгіштігін  анықтау  болып  табылады. Есту  түтігінің  желдеткіштік  ролінің  күштілігі  соншама – ол   есту  сүйекшелер  тізбегі  мен  дабыл  жарғағының   қалыпты  жұмысын  қамтамассыз  ететін  ортаңғы  құлақ  қуысындағы  қысымды  теңестіріп  қана  қоймайды  сонымен  қатар  ортаңғы  құлақтағы  болатын  қабыну  процесстерінің  алдын-ала  болдырмауға  да  көп  ықпал  етеді.  Оның  функциясын (қызметін)   тексерудің  үлкен іс-тәжірибелік маңызы  бар. Есту  түтігінің өткізгіштігін  арнайы  құралдар  көмегімен  анықтайды.  Олар  түтіктің  өткізгіштік  дәрежесінің  географиялық  суретін  береді.  Воячектің, Светлаковтың,Герасимовтың  «құлақ  манометрлері» бар.  Олар  түтіктің  өткізгіштік  дәрежесін  анықтауға  мүмкіндік  береді.  Есту  түтігі  өткізгіштігінің  бірнеше  дәрежесі  бар:

1.  манометр  түтігіндегі  сұйықтық  жәй  жұтыну  кезінде  жылжиды.

2.  Сұйықтық  мұрын  қуысы  жабық  кезіндегі  жұтынуда  жылжиды.

3.  Сұйықтықтың  жылжуы  мұрынды  жауып  сіңгіргенде  байқалады.

4.  сұйықтық  құлақта  Политцер  болонымен  үрлеген  кезде  жылжиды.

5. Сұйықтық  есту  түтігінің  жұтыну   сағасына  кіргізілген  метал  катетер  арқылы  есту  түтігіне  үрлеу  кезінде  жылжиды.

Түтіктің  өткізгіштігін  бұдан  да  тереңірек  зерттеу – естуді  жақсарту  мақсатында  ортаңғы  құлаққа  жасалуға  тиісті  операция  алдында,  арнайы  әдістер  мен  күрделі  электронды  құралдар  көмегі  арқылы  жүргізіледі.  Осындай  тәсілдердің  бірі —  тимпанометрия – импедансты  тіркеу. Есту  түтігіндегі  қысымды  жасанды  жолмен  көтеру.  Осы  қысымды  мөлшерлеп  жіберу  арқылы  тимпанограмма   графигін  алады.  Бұл  тек  дабыл  жарғағы  бүтін  жағдайда  ғана  қолданады.

Ортаңғы  құлақ  элементтері  жұмысын  айқындайтын  тағы  бір  әдіс – импедансометрия.  Бұл  тұйықталған  қуыстың  сиымдылығы  өзгерген  жағдайда  дыбыс  қысымы  деңгейін  өзгертуге  негізделген.  Акустикалық  рефлекс  ортаңғы  құлақтың  тұйықталған  қуысы  сиымдылығының  фукциясы  болып  табылады.  Осы  зерттеулерде   жүргізуге —  импедансометр  пайдаланылады  алынған  қисық  сызықтардың   сипатына  қарап  дабыл  жарғағының  арғы  жағында  экссудаттың бар  жоғын,  үзеңгі  немесе  сүйекшелердің  денеге бекітілуін,  есту  түтігі  қызметінің  бұзылуын  біледі.

Есту  түтігінің  өткізгіштігін  тіптен  қарапайым  әдіспен  де  анықтауға  болады.  Ауруға  танауын  кеңсірек  пердесіне  қысып  мұрнын  жабуын,  онан  кейін  ауаны  қатты  күшпен  мұрны  арқылы  шығаруын  өтінеді.  Осы  тәжірибелерді  жүргізу  сәтінде  дабыл  жарғағын  қарап  көреді.  Егерде  есту  түтігінің  өткізгіштігі  жақсы  болса —  жарғақтың  артқы  бөлімдерінің  жылжығанын  көруге  болады.  Бұл  әсіресе  лупа немесе    операциялық  микроскопы  бар  Зигленнің  пневматикалық  воронкасын  пайдаланған  кезде  жақсы  көрінеді.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *