АРЕАЛ (лат. аrеа — алаң, кеңістік)

АРЕАЛ (латаrеа — алаң, кеңістік) — өсімдіктер мен жануарлар түрінің, туысының, тұқымдасының құрлықта не судағы таралған аймағы. Ол кез келген тіршілік иелерінің морфол. және экол. сипаттамаларының бірі болып табылады. А-дың мынадай түрлері бар: бастапқы  А. — бір түрдің ең алғаш ерекше қалыптасқан аймағы. Бұл түрдің дәуірлеп, жаңа аймақтарда таралуы арқасында ол кеңейеді, алазайып, жойылуы нәтижесінде тарылады; тұтас А. — бір түрдің тіршілік етуіне қолайлы мекендерге таралуы; үзілмелі (дезъюнктивті) А. — өсімдіктердің тұқым алмасуы, ал жануарлардың қоныс аударуы арқылы бір-біріне қатынаса алмайтындай шалғай орналасқан аймағы (мыс., көгілдір сауысқан Пиреней түбегінде де, Қиыр Шығыста да тіршілік етеді); реликті А. — ертеде кең таралған түрлердің кейін әр түрлі себептермен тіршілік ету аймағы тарылып, шағын аумақтарда сақталып қалуы (Шығ. Қытайда ғана кездесетін жалғыз түр — Gynkgo  biloba ағашының сақталуы); космополитті Л . кейбір өсімдіктер мен жануарлардың жер шарына жаппай таралуы (мыс., үй шыбыны, су егеуқұйрығы, т.б.); эндемикті А. — өсімдіктер мен жануарлардың шектеулі аймақтарды ғана мекендеуі (мыс., Жетісу мертік балығы Жоңғар Алатауының 1800 — 2500 м биіктіктегі бұлақтарында ғана кездеседі). Қазіргі кезде көптеген тіршілік иелерінің А-дары адамның әр түрлі әрекеттерінің (тың жерлерді егістікке айналдыру, ормандарды кесу, шөлді жерлерді суландыру, батпақтарды құрғату, т.б.) нәтижесінде өзгеріске ұшырауда. Нақтылы А-дың сипаттамасы картаға түсіру арқылы анықталады. А. карталары ғылыми, денсаулық сақтау, шаруашылық мақсатта кеңінен қолданылады. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *