Сыртқы және ортаңғы құлақты зерттеу аурудың сипатын, қай жерді қамтитынын білуге арналған арнайы сұрақтардан басталады. Сыртқы құлақ пен ортаңғы құлақты зерттеудің басты әдісі – отоскопия – сыртқы есту тесігі мен дабыл жарғағын зерттеу. Құлақ воронкасы мен Зигленнің пневматикалық воронкасы арқылы қарап көрумен қатар, кейде дабыл жарғағының құрамдарын (бөлшектерін) 5-тен 32 есеге дейін ұлғайтып көрсететін микроскопты да пайдалануға тура келеді.
Отоскопия жасаудың тәртібі. Ауру зерттелетін құлағын дәрігерге қарата, басын кері бұрып отырады. Дәрігер сыртқы есту тесігі аймағына рефлектордан жарық бағыттайды. Оң құлақты қарап көру үшін құлақ воронкасын есту тесігінің бастапқы бөлімдеріне оң қолмен кіргізеді де, ал сол қолмен құлақ қалқанын артынан және жоғарғы жағынан тартады. Сол құлақты қарау үшін керісінше, құлақ қалқанын оң қолмен тартып, сол қолмен воронканы құлақ ішіне кіргізеді. Құлақ воронкасының диаметрі әртүрлі, сондықтан аурудың сыртқы есту тесігінің көлеміне қарай туралап алады. Есту тесігіне кірген құлақ воронкасын сәл жоғары-төмен оңға-солға қозғауға болады, ол дабыл жарғағының барлық бөлімдерін мұқият қарауға мүмкіндік береді. Толық мәлімет алу үшін дәрігер оның барлық белгілі бөлімдерін тексеріп, сонымен қатар жарғақтың керілген және керілмеген бөліктерінде болатын өзгерістерді (жарық конусының , тесіктің бар-жоғын және т.б.) байқауы керек.
Есту түтігі жұмысын зерттеу. Ортаңғы құлақты функционалдық жағынан зерттеу – есту түтігінің жұмысын және өткізгіштігін анықтау болып табылады. Есту үтігінің желдеткіштік ролінің күштілігі соншама – ол есту сүйекшелер тізбегі мен дабыл жарғағының қалыпты жұмысын қамтамасыз ететінортаңғы құлақ қуысындағы қысымды теңестіріп қана қоймайды, сонымен қатар ортаңғы құлақтағы болатын қабыну процестерін алдын-ала болдырмауға да көп ықпал етеді. Оның функциясын тексерудің үлкен іс-тәжірибелік маңызы бар. Есту түтігінің өткізгіштігін арнайы құралдар көмегімен анықтайды, олар түтіктің өткізгіштік дәрежесінің, Герасимовтың «құлақ манометрлері» бар. Олар түтіктің өткізгіштік дәрежесін анықтауға мүмкіндік береді. Есту түтігі өткізгіштігінің бірнеше дәрежесі бар: 1. Монометр түтігіндегі сұйықтық жәй жұтыну кезінде жылжиды. 2. Сұйықтық мұрын қуысы жабық кездегі жұтынуда жылжиды. 3. ұйықтықтың жылжуы мұрынды жауып сіңбіргенде байқалады. 4. Сұйықтық құлақты Политцер баллонымен үрлегент кезде жылжиды. 5. Сұйықтық есту түтігінің жұтыну сағасына кіргізілген металл кататер түтігінің есту түтігіне үрлеу кезінде жылжиды.
Түтіктің өткізгіштігін бұдан да тереңірек зерттеу – естуді жақсарту мақсатында ортаңғы құлаққа жасалуға тиісті операция алдында, арнайы әдістер мен күрделі электронды құралдар көмегіарқылы жүргізіледі. Осындай тәсілдердің бірі – тимпанометрия — импедансты тіркеу. Есту түтігіндегі қысымды жасанды жолмен көтеру арқылы тимпанограмма графигін алады. Бұл тек дабыл жарғағы бүтін жағдайда ғана қолданылады.
Ортаңғы құлақ элементтері жұмысы айқындайтын тағы бір әдіс импедансометр пайдаланылады. Бұл тұйықталған қуыстың сыйымдылығы өзгерген жағдайда дыбыс қысымы деңгейін өзгертуге негізделген. Акустикалық рефлекс ортаңғы құлақтың тұйықталған қуысы сыйымдылығының функциясы болып табылады. Осы зерттеулерді жүргізуге — импедансометр пайдаланылады. Алынған қисық сызықтардың сипатына қарап дабыл жарғағының арғы жағында экссудаттың бар жоғын, үзеңгі немесе сүйекшелердің денеде бекітілуін, есту түтігі қызметінң бұзылуын біледі.