Сыртқы құлақтың анатомиясы және физиологиясы. Сыртқы құлақ аурулары
Сыртқы құлақ бұған: құлақ қалқаны, сыртқы дыбыс жолы және дабыл жарғағы жатады. Құлақ қалқаны дыбысты ұстау қызметін атқарады. Адамның құлақ қалқаны жануарлардың құлағына қарағанда өте нашар қимылдайды. Жануарлар дыбыс қайдан шықса, сол жаққа қарай құлақ қалқанын бұрып дыбысты қабылдайды. Құлақ қалқанының тірегі серпінді шеміршектен түзеледі. Оның құрылысы өте күрделі. Төменгі жағы салбыраған, май ұлпаға толы қалың жұмсақ теріден түзіледі. Ол сырғалық деп аталады. Құлақ қалқанының сыртқы юоғарғы жиегі ішіне қарай оралған шиыршықтан, оған қарама-қарсы іштен сыртқа бағытталған қарсы шиыршықтан түзілген. Шиыршықтардың алдында – қалқан құрылысы болады. Оның алдыңғы шеті – құлақ бүртігінен, одан төмен-қарсы бүртікпен шектеледі. Ал ортаңғы бөлігінен сыртқы дыбыс жолының тесігі басталады. Құлақ қалқанының үлкендігінен пішіні әркімде әртүрлі болып келеді. Сыртқы дыбыс жолы немесе құлақтың тесігі құлақ қалқан қуысынан басталады. Содан қуыс артқа және жоғары бұрылып, одан кейін алға бұрылып және төмен кетіп, двабыл жарғағына келіп тұйықталады. Құлақ түтігінің ирек болуының биологиялық маңызы зор. Ол – қорғану. Құлақ қалқанынан ұстап, жоғары немесе артқа қарай тартса, ирек түтік түзіледі, сонда құлақ ішін қорғауға, тазалауға болады. Дыбыс жолының ұзындығы 3,5 см. Оның ішкі бетінің терісінде түктер және шайыр бездері орналасады. Бездерден сары түсті құлақ шайыры шығады. Дыбыс жолының қойнауында түктер мен шайыр бездері болмайды. Дыбыс түтігінің ішіндегі түктермен шайы бездері дабыл жарғағын шаң тозаң, қорғап тұрады.
Дабыл жарғағы сыртқы құлақты ортаңғы құлақпе ажыратып тұрады. Оның ішкі яғни ортаңғы құлақ жағы дөңес имек болады. Осы дөңес беті сілемейлі қабықшамен, ал сырт жағы ойыс болып, тері эпидермиімен қапталады. Дабыл жарғағы өте жұқа. Сондықтан да оның дөңес жағында жарғақтың күндік тұсынан құлақтың болғашық сүйекшесінің жабысқаны көрініп тұрады.
Құлақтың сыртқы есту тесігі дыбыс толқындарын дабыл жарғағына жеткізу міндетін атқарады. Дабыл жарғағы сыртқы құлақ пен адбыл қуысын немесе ортаңғы құлақты бөліп тұрған перде сияқты қалыңдығы 0,1мм әр түрлі бағытқа таралап өрілген талшықтардын тұрады. Оның ауданы 75шаршы мм, пішіні, түбі ішіне қарай бағытталған құйғыш тәрізді. Дабыл жарғағы сыртқы есту тесігі арқылы келетін дыбыс толқындарының әсерінен соған сәйкес тербеліске келеді.
Сыртқы құлақ аурулары.
Туа пайда болған кемістіктер. Елімізде 10000 бала сыртқы және ортаңғы құлақтың кемістіктерімен туады. Құлақ қалқанын қалпына келтіруде плстикалық операциямен отариноларингологтар мен стоматологтар айналсады. Бірақ қазіргі уақытта оторинолариногологтарға осы топтағы адамдарға есту қабілетін жақсарту үшін операция жасауға тура келеді. Құлақ қалқанын қалпына келтіру, оның күрделі бедеріне байланысты, хирургияда пластикалық операцияның ішіндегі ең қиыны болып есептеледі. Құлақ қалқанының бірнеше дәрежедегі кемістіктерін ажыратады: микротия (құлақ үлпершегінің, бөлігі тері білігі түріндегі иірім бөлігі), анотия (құлақ қалқанының және сыртқы есту түтігінің толығымен болмауы). Екі жағдайда да құлақ қалқанын қалыптастырады. Ол үшін консервіленген шеміршек, пластмасса және теріні қолданады. Құлақ кемістіктері көп жағдайда басқа ағзалардың даму кемістігімен байланысты (бүйректердің болмауы, фимоз, гипомастия, жүректің туа болған аурулары). Одан басқа да жақтардың, шайнау бұлшықетінің сілекей безінен сыртқы бөлігі жарықтары да жатады. Құлақ қалқаны мен сыртқы тесікті орнына келтіруде хирургиялық еммен бірге есту функциясын жақсарту мақсатында ортаңғы құлақты қайта құруға барады.
Құлақ қалқанының үсуі. Құлақ қалқанының бастан белгілі бір дәрежеде алшақ тұруына байланысты, оның алдыңғы бетінің қан тамырлары тері асты клечаткаларымен қоршалмаған, сондықтан құлақтың үсуі мүмкін. Сыртқы мұрын үсігіндегідей оның да 3 кезеңі бар: эритема, көпіршіктену, гангрена. Емдеуді ң принципі сыртқы мұрын үсігін емдеуме бірдей.
Сыртқы құлақ қабынуы. Сыртқы отит – сыртқы есту жолы терісінің қабынуы. Екі түрі бар – жайылған және шектелген. Аралас қабынуға құлақ ішінің ауруы, қышу, бұлғақтың ағуы тән. Сыртқы отит терінің жарақаттануынан туады, мысалы, диабет кезіндегі қасыну. Қазіргі уақытта сыртқы отит кезіндегі микробтың крінісі өзгерген. Егер 25-30жыл бұрын негізгі патогенді өсімдік алтын түсті стафилокок болса, қазір көк іріңді таяқша, протей, ішек таяқшасы жиі себіледі. Микробиологиядағы мұнадй жетістіктер медицина сі-тәжірибесінде түрлі кокк флорасын басатын және оған сезімтал емес микроорганизмдердің басымдылығына жол беретін антибиотиктерді кеңінен қолдануымен түсіндіреді.
Есту тесігінің шиқаны. Сыртқы отиттің шектелген түрі – шиқан, ол сыртқы есту тесігінің шеміршекті бөлігінде болады. Шиқанға құлақ түйінін басқанда үдейтін құлақ ішінің ауруы тән. Егер шиқан есту түтігінің алдыңғы қабырғасында болса, аурудың күшеюі шайнау қимылында, самц төменгі жақ бунымен шектелген қабырғаның орнынан жылжуымен байлансыты байқалады. Құлақ түйінің алдыңғы және ратқы аймақтарындағы түйіндер үлкейіп ауырады. Тез қабыну құбылысы есту тесігі шеміршегінің төменгі қабырғасының ойығы арқылы шықшыт безіне таралып, ауру ісік, секрет, есту тесігі аңылауының тарылуымен сипатталады. Емдеу жолы. Аралас сыртқы отитте ептеп есту тесігін жуады, іріңін шығарады. Ішкі сезу қабілетін кемітетін дәрілер жібереді және сол жерге май жағады. Құлақтан көк іріңді таяқшалар бөлінгенде 2% синтомецин имульсиясын, 1% полимексин майын қоладанады. Физиотерапия – есту түтігі терісін тубус арқылы УФ сәулесімен қыздыру, УВЧ – терапия. Антибиотиктер тағайындайды. Күніне төрт рет 500000ЕД пеницилин, 4 рет 400000ЕД тетрациклин, олететрин жіберу, майлар. Ірің өз бетінше ашылмай қатты ұзақ уақыт ауырғанда оны ашу керек.
Отомикоз. Ққұлақтағы бөлінген заттан табылға саңырауқұлақ түріне байланысты – көгергіш, ашытқы – терапиялық емдік заттарды таңдап алады.
Көгергіш саңырауқұлақ табылғанда нитрофунгин, генционды фиолет, хинозол: ашытқы табылғанда – леворин майын, Кастеллани сұйықтығын тағайындайды. Ішетін дәрілерден нистатин, декамин қолданылады. Саңырауқұлақты ауруларды емдер алдында антибиотиктерді белгілеп, жалпы денсаулық нығайту емін, В, С группасындағы витаминдеді белгілеп, сезімталдықты кеміту терапиясын жүргізу керек.
Сыртқы есту тесігіндегі бөгде зат. Олар ұсақ жәндіктер, дән, темір бөлшектері т.б. сияқты әртүрлі заттар болуы мүмкін. Ауру құлағының ішіндегі кедергіге, есту қабілетінің төмендігіне, кейде, әсіресе бөгде зат әрі кетіп дабыл жарғағына жанасқанда, ауыратынына шағым айтады. Диагнозды анықтау үшін, анализдің маңызы зор. Бөгде заттың нақты сипатын отоскопия жасағанда ғана алуға болады. Ауруға жедел жәрдемді қажетті шарттарды орындағанда ғана көрсетуге болады: бөгде затты көзбен бақылап алғанда: тиісті құрал-саймандар болса: аурудың басы сенімді түрде қимылдамайтын жағдайда болғанда. Бұлай болмаған күнде ауру жағдайын нашарлатып, бөгде затты аламын деп есту түтігін, дабыл жарғағын, есту сүйекшелерін зақымдап алуы мүмкін. Қабырғасы тегіс есту тесігінен бөгде затты арнайы ілмектің көмегімен алу қолайлы. Сыртқы есту тесігін Жане шприцімен жуу да тиімді. Бұндай жағдайда сұйықтықты есту тесігінің артқы жоғарғы қабырғасына бағыттау керек.
Сыртқы құлақ жарақаты. Сыртқы құлақ пен тіс жақ жүйесінің тығыз анатомиялық байланысы зақымданудың үйлесімді түрде болуын тудырады. Мұндай жағдайда жедел жәрдем беру, тек мүшенің анатомиялық құрылымын сақтап қалу емес, сонымен қатар, оның қызметін де орнына келтіру үшін бағытталу керек. Мысалы, автомобиль апатында адам иегін қатты соғып алды, соның әсерінен буын өсіндісінің басы артқа қарай шығып кетті. Мұнда самай — төменгі жақ буынының беті зақымданып қана қоймайды, сыртқы есту тесігінің алдыңғы сүйекті қабырғасы да жарақаттанады. Есту етсігінің саңылауы тарылып, есту қабілеті төмендеуден құлақ іші ауырады, есту тесігінен қанды зат ағады. Жедел жәрдем беруші дәрігер, есту тесігінен қан кетуді тоқтатып қана қоймай, киін тесіктің тарылып қалмай, самай-төменгі жақ буын қызметін қалпына келтіру шараларын да жүргізуі керек. Ол үшін сынықтарды распатормен түзетіп, есту тесігін май сіңірілген турундамен бітеу керек. Ауру сезімін бәсеңдету үшін 2% новокаин ерітіндісін құлақ түйіні аймағына жіберіледі. Сіреспеге қарсы сақтандыру мақсатында сарысу антибиотиктер тағайындалады. Буынның қалпына келуін ті дәрігері бақылауға алу керек. Сыртқы құлақтың жарақаты шықшытты сілекей безімен бет жүйкесінің зақымдануымнн бірге жүруі мүмкін.