Кеңірдектің анатомиясы мен физиологиясы және зерттеу әдістері
Үлкен адамның кеңірдегінің (трахея) ұзындығы 10-12 см, 16-20 шақты жартылай сақиналардан тұрады. Кеңірдектің артқа қабырғасы жарғақты, фибриозды тканьмен құралған, өңеш қабырғасымен тығыз байланыста болады. Кеңірдектің бифуркациясы (екі бөлінуі) Т деңгейінде болады. Кеңірдектің мойын бөлімі қалқанша безінің алқымымен бүркемеленген. Кеңірдек пен өңеш аралығындағы науадан кеңірдек қабырғаларына тармақтар беретін көмейдің әкетуші нервілері өтеді. Кеңірдек екі бронхқа бөлінгеннен кейін, оның әрқайсысы өз алдына бағанға айналады.
Оң жақ бронх сол жақтағыдан қысқалау және кеңдеу, әрі кеңірдектің жалғасы болып келеді, ал сол жақ бронх доғалданып басталады, сондықтан бөгде заттар көбіне оң бронхқа түседі.
Кеңірдек пен бронхты талшықты оптикасы бар иілгіш бронхоскоппен де, қатты бронхоскоппен де қарайды. Ауыз қуысы арқылы жүргізілетін бронхоскопияны – жоғарғы бронхоскопия деп атайды, алдымен салынған трахеостома арқылы жүргізілсе – төменгі бронхоскопия дейді.