- Көне заман ғалымдарының құлақ, мұрын және тамақ ауруларын емдеуге берген кеңестері.
Медицина өз дамуында көптеген қателіктер мен адасуларға, жетістіктер мен түңілістерге толы күрделі жол кешкен көне ғылым. Әр дәуір өз білім дең гейінің дамуына сай сан алуан ауруларға көрсетілер дәрігерлік нақты ұсыныстар қалдырып отырған. Көне египет папирусының өзінен-ақ, Рамзес II табытынан әртүрлі ауруларды оның ішінде құлақты емдеу жолдарын табуға болады. Онда «құлақ ауырлығын кетіруге арналған емдік зат» деген рецепт бар. Көмей, мұрын қуысы және құлақ аурулары жайында гиппократ біршама нақтылау мәлімет берген. Ол дабыл жарғағының ботлатындығын бірінші біліп, оны «өрмекші торындай өте нәзік қабықша» деп сипаттаған. Ол жасаған хирургиялық емдер күні бүгінге дейін өз маңызын жойған жоқ, айталық, сұқ саусақпен таңдай бездерін алу , теңіз кубкасы түйіршігі мен жібек жіпті пайдалану арқылы мұрын қуысындағы полипті (кішкене өскін ісіктер) алу. Ол құлақ ауруы кезінде есту жолдарына өсімдік майын тамызу керек деген кеңес береді. Ортаңғы құлақ қабығында ыстық суға, тағы басқаларға шылап алған жұмсақ мақта, дәке, шүберекспен құлақты орап қыздырма (компресс) жасауды да ұсынған. Цельс көз ауруынан гөрі, құлақ ауруы анағұрлым қауіптірек, өйткені ол аурудан адам жиірек өледі деген. Оның еңбектерінде сонымен қатар, есту жолдарындағы бөгде заттарды жуу, бүрку (спринцевание) арқылы немесе арнайы ілмекпен алу сияқты ұсыныстар айтылған.
Араб дәрігерінде де (Әбу Әлі әл Хусейн, 980 – 1037) Лор – мүшелері ауруларына көмек көрсету жолдары туралы ұсыныстар баршылық. Мысалы, Абуль-Казен құлақ қатты қатты ауырған жағдайда, құлақ қалқаны мңайындағы нүктелерді ыстық темірмен жеке-жеке күйдіріп емдеуді ұсынған.
Дегенмен, ол кезеңдегі мәліметтердіңбарлығы құлақ, мұрын және көмейдің көзге көрінетін жерлерінің аурулары туралы ғана еді.
Осыған қарамастан, көне заман мен орта ғасыр ғалымдарының оториноларингологияның қалыптасуына аса үлес қосқандары туралы арнайы атап айтқан орынды. 1314 жылы бірінші рет Мандино де Луцци өліденені союды жүзеге асырып, адам денесінің әртүрлі бөлімдері құрылымындағы ғажап жаңалықтар дүниесіне енуге жол ашты. Фаллопий (1523-1562) сондай жомен құлақ лабиринтін зерттеп суреттеді. Онда екі тесіктің (окон), иірімді өзектің, дабыл қуысының бар екендігін көрсетіп, оларға осы атаулады берген. Ол, әсіресе, бет нерві өтетін өзекті (канал) талдап зерттеген. Сондықтан өзек соның атымен аталады.
Евстахий (1570 жылы қайтыс болған) дабыл қуысы еттерін, дабыл қуысын мұрын-жұтқыншақпен байланыстыратын өзекті, яғни евстахий түтігін ашқан. Везалий (1513-1564) бірінші рет есту сүйекшелерін ашып, екеуін – балғаша мен төсше сүйекшелерін (әрі осы атауларды берген) анықтап суреттеген. Үзеңгіні беріректе Ингрессиас (1500-1580) ашып суреттеген. Дю Вернье 1683 ж. бірінші рет ұлудың құрылысын ашып, оны ішекті музыкалы аспаппен салыстырған және де негізгі мембрана талшықтарының ұзындығына байланысты әртүрлі тондағы дыбыстарды ажыратуға қабілетті деген болжам айтқан.
Вальсальва 1704 жылы үзеңгінің кіреберіс терезесінің шеттерімен бірігіп кетуінен кереңдіктууы мүмкін деген. Ол қазір біз айтып жүрген «отосклероз». Ол сонымен қатар, мұрынды жауып тұрып Евстахиев түтігінен ауа үрлеу арқылы құлақты іріңнен тазарту тәсілін ұсынған. Вальсальва , өзіне дейін өмір сүрген аристотель сияқты, ішкі құлақ пен құлақ лабиринті ерекше ауаға толы деп есептеген. Оның пікірінше, дыбыс толқыны әскерінен ауа иірімді өзектен кіреберіс сатысы арқылы ұлу иірімдерінен өтіп дыбысты қабылдайтынарнайы субстанцияны теңселтеді. Сөйтіп, біздің қалай еститініміз ғалымдарды көптан бері ойландырған. Кейбір құлақ ауруларын хирургиялық жолмен емдегісі келген талпыныстар да болғанын айта кеткен орынды. 1649 жылы Риолан құлақтың шуылы мен кереңдігі жағдайында (есту түтігіндегі саңлау жабылып қалғанда) емізікше өскінді ашу керек деген кеңес береді. Құлақ лабиринтінде ауа емес, өзінше бөлек сұйық зат барын бірінші рет Котаний дәлелдеген (1736-1822). Бұл жаңалық отиатрия қалыптасуындағы маңызды кезең болып саналады. Ол соныменқатар, ішкі құлақтың екі су жүретін құбырын (водопровод) анықтаған. Купер бірінші рет 1800 жылы, ортаңғы құлақ қабынғанда дабыл жарғағын кесу жолын анықтады.
Россияда құлақ, мұрын және тамақ аурулары туралы бірінші үлкен оқулық медико-хирургиялық академияның профессоры И.Ф. Буштың (1771-1843 ж.ж.) «хирургияны оқытудың жетекші кітабы» атты еңбегіндегі көлемді тарау болады. Ол сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақ ауруларын зерттеп жазған, мұрын маңындағы қуыстардың аурулары туралы мәліметтер келтіріп, көптеген ауруларды дәрі-дәрмекпен және хирургиялық жолмен емдеуге кеңес, ұсыыстар берген.