Қазіргі заманғы сот тілінің теориясы

Бір сөзді әлденеше қайталаған адам мылжың деп саналады; бір мәрте айтылған нәрсе қайталанса, ол әдепсіздік. Ал сотта қайталау – ол ең керекті тәсілдің бірі. Қысқартылып айтылған сөз – шешен үшін қауіпті. Күнделікті көрініп тұрған ойлар тыңдарманға жетпейді.  Қиын ойлар миға кіруге үлгермейді.    Әрбірі күндізгі жарықтың не екенін жақсы біледі, жарықсыз көру қабілеті жоқ екенін біледі. Бірақ құдай әлемінің көркемдігіне қарап біз жарық туралы ойламаймыз. Бір жағынан аз дамыған адам үшін жаңа ой бұл қиындық. Оған ойлануға уақыт беру керек, қабылдауға, оған оның көңілін бөлдіру қажет.   Тютчевтің өлеңін мысалға алайық.

Екі алып күш оған қызмет етті.

Екі күш бойына бітті:

Басында бүркіт шарлады,

Кеудесінде жылан ысылдады…

Кең қанатты шабыт күші

Бүркіттей самғады

Жыланның данышпандығы

Санасын улады.

 

Осы бір сегіз қатарда бір ғана ой бірнеше рет қайталанады. Бірақ қайталау бізді ақынның терең ойына қарай жетектей жөнеледі.

Шешен қайталау кезінде ойы зерігерлік болмау үшін, қайталанған ойларды әр түрлі сөзбен беру қажет. Уэтлидің ескертуі бойынша бірінші рет тура мағынада беріліп, келесіде метафора түрінде қайталаса болады, антитезада қарама-қарсы түсініктерді орнын ауыстыруға болады, ой қорытындысында – қорытынды және сілтемелеп айтылған ойларды жаңаша жүйеде қайталауға болады.  

 

7.3. Айтылмай қалған жайттар туралы.  Мүмкіндік және ықтималдық

 

Біздің ақыл-ойымызға тән басқа тұлғамен айтылған, әрбір логикалық аяқталмаған қағида, біздің ойлау қызметімізге көрсетілген бағыт бойынша жол көрсетеді. Негізінде, кез келген қорытынды жасауда, екі нәрсені салыстыру қажет.   П. Сергеич келесі мысалдарды келтіреді: «Мен былай деп жазамын: кейбір адамдардың шешендік таланты бар; бұл дегеніміз мұндай қабілеттен мақұрым адамдар да бар деген емес, немесе бұл жеке ой логикалық тұрғыда жалпы қағиданың мүмкіндіктерін шығармайды: барлық адамдарда шешендік талант бар.   Бірақ ақыл қаламнан жылдам және логикадан күштірек. Сөйтіп менің оқырманым бұл жеке ойды оқып, логикалық тұрғыдан теріске шығармай, оған қарсы шығады: «Бірақ көптеген адамдардың шешендік таланты жоқ».   Қарсы шығу біліммен, өмірлік тәжірибемен айтылған болса, басқа ойды толықтыру қажеттілігі немесе оған қарсы шығу күштірек болады. Мен былай деп жазамын: егер оқырман кітапты түсінбесе, онда оған оның өзі кінәлі. Сіз айтасыз: жазушы кінәлі болу да мүмкін. Мен айтамын: егер оқырман кітапты түсінбесе, бұған жазушы кінәлі; сіздер қосасыздар: немесе оқырман. Екі жағдайда да өз сөздерімнің мазмұнын есепке алар едім, бірақ қараймын да және сізді қарама-қарсы қорытындыға алып барар едім.   Екінші жағдайда сіздің миыңызда пайда болған ой менде бірінші пайда болған. Бірақ бірінші жағдайда, егер де ол барлық негіздемеден айырылмаған мағыналы ой болса, онда бұл басқа біреудің ойын қайталау емес, бұл сіздің ойыңыз, менікі емес.    Осынысымен ол сізге сенімдірек болып көрінеді. Тәжірибелі шешен тыңдармандардан өзінің негізгі ойын жасырып қала алады және де оны аяғына дейін жеткізбей алып баруы мүмкін. Оларда ой құралған кезде, аяқталған шығармашылықтың салтанаты қозғалған кезде және оймен бірге өзінің туындысына деген сүйіспеншілігі туылады. Ол кезде олар сенімсіз болған сыншылар емес, олар оның сөздеріне сүйсінген шешеннің одақтастары. Ой да сезім секілді жұқпалы». Жартының бүтіннен көп екендігін есте сақтау керек. Леонид Андреевтің драмасындағы «Аштық патшасы» сотта аштарға Өлім туралы айтқанда: «Ол ысқырып, қап-қара болып келеді, ұзын әрі қорқынышты…». Соңғы сөзбен әсері нашарлайды.   

Вера Засуличтің ісі бойынша Александрованың сөздерінде ешқандай да оқыс сөздер жоқ. Қорғаушы айтады: өкім, оқиға, жаза, іс-қимыл; бірақ сіз бұл сөздерге қарап алқалы билер осы бір мәнсіз сөздерді естіп, іштей былай деп қайталайды «бассыздық, ессіздік, жазасыз қылмыс».  

Шешен Фальстаф секілді болу керек: өзі ғана епті болмауы керек, басқалардың бойынан ақылды ояту керек. Егер де сіздер сот сөзінің жағдайын ойлап қарасаңыз, онда сіздер былай деп айтасыздар: аяқтап айтпау тәсілі — бұл тыңдарманның айыптаушы мен қорғаушының сөздерінен алған бүтін әсердің кепілі.  

Фактілер өздері үшін айтқанда, сіздер аяқтап айтпаңыздар.  

1856 жылы Лондонда Парсон Кукты уландырған деген айыппен Пальмердің ісі қаралды. Кешке, Куктың өліміне бірнеше сағаттар қалғанда, Пальмер оған  құрамында стрихнині бар дәрі алып келді. Ауру оны ішуге қарсылық білдіргенмен, Пальмер оны ішуге мәжбүрледі. Одан кейін Пальмер өзінің бөлмесіне ұйықтауға кетті, аурудың жанына оның досы Джонсонды қалдырды. Соңғысы үстінен соңғы көйлегін шешіп үлгерместен, Куктың шыңғырған дауысын естіді. Үй қызметшісі Пальмерге барды; ол сол заматта өз бөлмесінен шықты. Осы жайттарды өзінің кіріспе сөзінде алқалы билер сотына жеткізген генерал-атторней былай деді: «Екі минуттан кейін Пальмер аурудың жанында болды, одан ешкім сұрамаса да ол қызық ескертпе жасады: «Мен өмірімде ешқашан бұлайша шұғыл киініп көрмеппін». Сіздің жауабыңыздан, мырзалар, біздің білгеніміз, оған киінуге тура келді деп ойлайсыздар ма». Шешен өзінің ойын аяғына дейін жеткізбеді, әрине алқалы сот мынадай қорытынды жасамады деп айта алмаймын Уландырушы  шешінген жоқ: ол күтті.  

Адамды бір нәрсеге лайықты деп дәлелдеу кезінде мақтамаңыз әрі даттамаңыз. Сіз оны қорқақ, сараң,адамзаттың досы деп те атамай-ақ дәлелдеңіз, басқа нәрсе туралы айтыңыз, содан біршама уақыттан кейін сіз оны алқалыларға айтқан сөзіңізбен атайсыз.  

Мақтау кезінде ұстамдылық қажет емес. Бұл әсіресе қатысушыларға қатысты айтылады. Айыптаушылар мен қорғаушылар олардың өмірде тәжірибесі мол әрі іске деген пайымды қатынасы туралы соттарға айта береді. Бұл өнердің маңызы мынада: шешен бекерден – бекер қолдауы немесе мақтауы қажет емес. Бәрі жүректен шығуы керек. 

Бұндай сөздердің қалайша кенеттен және де керемет болатыны туралы айту үшін Буалоның Людовик XIV Францияға жасаған жеңісті жорығынан кейінгі атақты арнау сөздерін еске түсіру керек.  

Ақын, жақсы өлең жазу қиын екенін айтқысы келетін тәрізді; бірақ сонымен қатар кенеттен өзіне басқаша ой айтады: француздар жеңіске жетуді үйренгені соншалықты, олардың қолбасшыларына жауласқан қалаларды алу — бұл ең жеңіл іс.  

Аяқталмаған ой соңынан дейін жеткізіліп айтылған ойдан әлдеқайда қызықтырақ. Одан басқа ол тыңдарманға ой кеңістігін береді; олар шешен сөзін әрқайсысы өзінше толықтырады. Егер аяқталмаған ой дұрыс берілсе, онда ол шешеннің пайдасына шешіледі. «Цезарға қажеттісін бергіңіз келе ме, — деп Шекспирде айтылады, — Цезарь деп айт». Ешкім де бұны оның қорқақ, сараң, арам екендігін емес, керісінше әрбір адам зор бағалайтын еңбегі мен адамгершілік қасиеттерін ойлайды.

 

Мүмкіндік және ықтималдық

 

Сот шешені егер өзін асыра бағаламайтын болса, сирек жағдайда ғана «дұрыс» деп айтады. Көбіне ол «болуы ықтимал» деп айтуға тиіс. Өйткені сот сізден «ықтимал» сөзін естіп, ішінен «сондай шығар» деп айтуы қажет. Осы сөзді сәтті қолдануға бірнеше мысал келтірейік. Қорғаушылар көбіне тыңдарманға әсер етуі үшін «болуы ықтимал», бірақ «ешбір жағдайда» дегенді жиі айтады.

Сотталушы тонауда айыпталды. Ол көшеде кетіп бара жатқан адамнан темекі сұрайды. Ол адам жоқ деп жауап береді. Сотталушы оның қалтасына қол салып, ақшасы бар әмиянды суырып алады. Міне, темекі деп әмиянды ала қашқысы келеді. Ол сотта өзін айыпты деп мойындаған жоқ, әмиянды темекі қорабы деп ойлағанын айтады. Қорғаушы сотта былай дейді:

«Меніңше, сотталушы тағылған айып бойынша қылмыс жасаған жоқ. Оның түсініктемесі мен үшін ақиқат. Әрине, темекі де ақша сияқты мүлік. Соза берсек, оны тонау деп атауға да болады. Бірақ бұлай түсіндіру сотталушының ниетіне қайшы келеді. Ол жәбірленушіден бір-ақ дана темекі сұрады, бірақ кездейсоқ темекі қорабын суырып алды. Содан соң жәбірленушінің айқайынан сасып қалып, қаша жөнелді. Сөйтіп, ол өз әрекетін осылай түсіндірді. Бұл жерден мен ешбір мүмкін емес, ықтимал емес жағдайды көріп тұрған жоқпын».

Шындығында, мүмкін емес нәрсе болған жоқ, бірақ мүмкін нәрсенің өзі болуы ықтимал нәрсе емес. Ықтимал нәрсе мүмкін нәрседен жақсырақ.

Келесі бір жағдай. Ұры бай көпестің пәтеріне кіріп, малайына оның қожасының әйелі көшеде ауырып қалғандықтан, ауруханаға әкетілді дейді. Қызметші әйел пәтерді жауып, дүкенге қожасын шақыруға кетеді. Тез арада қайта келгенде, есіктің құлпы бұзылғанын көреді. Пәтерде күміс түсті қант салғыш ыдыс пен күміс қасықтар ұстап тұрған ұрыны байлайды. Ұрының жолдасы қыздың келе жатқан дыбысын естіп, қашып кеткісі келгенімен, баспалдақта жолығып қалады. Ұрлық аштық себебінен болды. Ұрланған затқа ұры нан сатып алғысы кеген. «Сотталушылар, — деді ол, — қызметші қыздың тез келетінін білсе, пәтерді тонауды жалғастыра түсер ме еді. Бұл үлкен мәселе».

 Сонымен, маңызды бір ереже: әлдебір күдікті жайтқа түсінік сөз таба отырып, оған көңіл толтыра көрмеспіз. Бала да, сәби де, хайуан да солай етер еді. Өз ойыңызға дұрыстап қараңыз. Егер сіз фактілерге мұқият болсаңыз, өз ойларыңыздың дұрыс болуына талап қойсаңыз, онда ықтимал нәрсенің мүлдем күдік келтірмеуіне лайық пайымдай білетін боласыз.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *