Сорапты штангалардың қажалуы

Сорапты штангалардың қажалуы

Сорапты қондырғылардың көлбеу ұңғыларда жұмыс істеу кезінде ұзын қуыстардың бойында сорапты құбырлар және штангалардың үзщілуі байқалады. Осындай қиындықтарды азайту үшін штанга-айналдырғыштар қолданылады, ал штангалар тізбегі роликтермен жабдықталған ранайы салғыш-муфталармен қондырылады. Роликтер құбырлардың ішкі бетінде дөңгелеп, штанга немесе муфтаның құбырымен жанасуын болдырмайды.

Тұтқырлығы 0,5 Па*с –тан асатын мұнайды алу кезінде штангалар төмен қозғалғанда олардың сұйықпен үйкелу күші, әсіресе ұңғы сағасында қысым жоғары болғанда штангалардың өз салмағынан артып кетеді, яғни бұл кезде штанганың төмен қозғалысында оны «бос» болып қалуына, тұтқырлы сұйыққа штангаларды түсіру жылдамдығы балансир басының қозғалу жылдамдығынан төмен болып қалады. Осы кезде арқан ілмегінде соққылар және штангалардың үзілуі  болады. Осымен қатар,  тұтқырлығы  жоғары сұйықты  көтеру кезінде плунжердің жоғары қарай  қозғалысында  сұйықтың құбырлардың ішікі қабырғасына үйкелу күші  артады. Осы құбылыстардан болатын қиындықтардың алдын алу үшін штангалар мен құбырларды ең үлкен жүктемелер мен кернеулерге есептеп, оның критикалық мәніне асырмауын бақылау керек.

Сорап арқылы сұйықтың ағуы.

Уақыт өтуіне байланысты плунжер бетінің жұмысшылары тозады да, нәтижесінде оларлың арасындағы қоқыстар артады. Бұл бөлшектердің тозуы әсіресе ұңғыларда болады, олардың өнімінде құм болады, сонымен қатар айдалып жатқан сұйықта коррозиялық қабат суы және күкіртті газдар болғанда.

Жұмыс кезінде сорап көтергіш құбырлардағы сұйық бағанының ауырлақ күші тудыратын бірнеше мегапаскаль (кгс/см2) қысымды сезінеді. Мұндай қысым кезінде сорап плунжері мен цилиндрінің арасындағы қоқыстар арқылы ағатын сұйық көлемі маңызды болуы мүмкін. Бұл сұйық плунжермен тазартылған цилиндр көлемінің бөлігін толтырып, ұңғыдан келетін жаңа сұйықпен толуын азайтады.

Плунжер мен цилиндр арасындағы қуыстан сұйықтың ағуын алдын-алу үшін плунжерді сорап цилиндірінің  ішкі бетіне әкелу қажет. Ұңғы тереңдігі неғұрлым үлкен болса, плунжерді соғұрлым мұқият әкелу қажет, себебі ұңғы тереңдігі артқан сайын, және сораптың түсіру тереңдігіне сәйкес плунжерге түсетін қысым артады. Бірақ саңылаудың өте қатты азаюы, яғни плунжерді бос әкелу, әрқашан ыңғайлы емес, себебі цилиндрде үйкеліске кедергі туындауы мүмкін және бұл плунжердің тоқтауына, сораптың істен шығуына, сонымен қатар сорапты штангілердің үзілуіне әкелуі мүмкін.

ШТСҚ-ны  динамометрлеу

Полирленген штоққа оның жүрісіне байланысты түсетін жүктеме диаграммасын түсіру – ШТСҚ-ны динамометрлеу деп аталады. Ол күш өлшегіш тіркеу аспабы  — динамометрмен орындалады.

Теориялық динамограмма сур. 27-де көрсетілген. Газдың болмау жағдайында, бірнеше тереңдікке түсірілген қалыпты жұмыс істейтін сораптың нақты үлгілі динамограммасы оған түсірілген (үзілме сызықпен көрсетілген).

Сур. 27- Аз тереңдікке қалыпты жұмыс жасайтын штангалы сорап қондырғысының теориялық динамограммасы (үзіксіз сызық), нақты динамограммамен біріккен (үзілме сызық).

 

  аб сызығы құбырлар мен штангалардың деформациясын біллдіреді және сұйық салмағынан штанганың алған жүктемесін белгілейді. Ол бастапқы қозғалмайтын нүктеден (б.қ.н.) басталып λ шамасына штоктың қозғалуында  болады.

  бв сызығы – плунжердің пайдалы қозғалысы,  бұл кезде штокка түсетін статикалық жүктеме штангалар мен сұйықтың салмағына тең.

  Нүкте жоғарғы қозғалмайтын нүктеге (ж.қ.н.) сәйкес келеді. вга сызығы –төменге қозғалыс, штангалар мен құбырлар деформацияланады,  кері жағдайда ашу клапаны ашылғандықтан штангалар өзінің жүктемесін жоғалтып, қысқарады, ал құбырлар (сору клапаны жабылады) жүктемеге ие болып, созылады.

  Нақты  динамограмма әрқашан теориялықтан өзгешеленеді. бв  сызығынан жоғары пунктирдің көтерілуі үйкеліс және жүйе инерциясымен байланысты қосымша жүктемелердің пайда болуын көрсетеді, осымен төмен қозғалу кезінде га сызығынан пунктирлі сызықтың төмендеуі түсіндіріледі. Түсірілген динамограмманы зерттеп, оны теориялықпен салыстыру арқылы ШТСҚ жұмысында әртүрлі ақаулар мен қиындықтарды байқауға болады. Мысалы, б және г нүктелерінің оңға қарай  ығысуы жүктеменің құбырдан штангаға ауысу үрдісінің  уақыты ұзақ  созылу нәтижесінде болатын сораптың сору бөлігіндегі өткізілулердің (пропуски ) болуын көрсетеді. Айдау бөлікке өткізулердің болуы плунжермен босатылған цилиндр көлемінің толуына әкеледі, ал ол плунжерді  астынан ығыстырады. Айдау бөлікте өтулер (сору клапан) болған жағдайда кері құбылыс болады. б және г нүктелері солға қарай ыығысады. Қабылдау бөлігінде сұйықтың ағып кетуінен плунжер астынан итеруді  тез жібереді және штангалар сұйықтың  салмағын тез қабылдайды.

  Динамограммада  ШТС-қа түмкен газдың кері әсері де көрінеді. Осы жағдайда к нүктесінен аг сызығына өтуі   жаймен болады, ол цилиндрдегі плунжер  астында газдың сығылуын білдіреді. Динамограммалар плунжердің цилиндрде дұрыс отырғызылуын  білдіреді.

       Сур. 28-   Динамограммада штангалы сораптың жұмыс ақауларының көрсетілуі.

а – айдау бөліміндегі өткізулер, б  —  сору бөліміндегі өткізулер, в  — газдың әсері, г  —  плунжерді төмен отырғызу,  д  —  құбырлы сорап цилиндірінен плунжердің шығуы, е  — салынбалы сораптың  жоғарғы шектеуші бұрандасына плунжердің соғылуы.

 

Төменгі қозғалмайтын нүкте жанында  жүктеме қысқа уақыт болуында, Ршт төмен кезінде, плунжердің сору клапанына соғылуын көрсетеді.  Р = Рш + Рж тен жүктеменің ж.қ.н. аймағында күрт төмендеуі плунжердің сорап цилиндрінен шығып кетуін білдіреді (егер сорап салынбайтын болса), ал салныбалы сорап кезінде ж.қ.н. –де ең жоғарғы мәнге ие болған кезде – цилиндрдің шектеу бұрандасына плунжердің сооғылуы болады (сур.28). Осындай динамограмалардың көрсетулері тек ғана шектелген жағдайларда болады (аз тереңдіктер, қатты штангалар, плунжердің кіші диаметрі).  Тербелісті жүктемелер болған кезде динамограмма бұзылып кетеді , ал қалыпты жұмыс жасайтын сораптың өзінде динамограмманың түрі өте күрделі болып қиындайды. Бұл қалыпты динамограммаға, штангаларда болатын тербелісті үрдістермен болатын, ал олар штангалардың  өзінің серпімді қозғалыстары мен тербелмелі-станоктан болатын тербелістердің әрекеттесулер нәтижесінде жүктемелердің беттесуі  болады.

 Жалпы ШТСҚ-ны динамометрлеуі  қондырғының толық жұмысы туралы маңызды мәліметтер береді. Автоматтандырылған кәсіпшілікте ол ортанғы диспечерлі пунктен дистанционды түрде жүзеге асырылады. Осы мақсатпен тербелмелі-станоктар қүтер мен салмақтардың арнайы  тензометрлі датчиктерімен және полирленген штоктың жүріс датчиктерімен жабдықталады.

 

20. Тазалау агенттерінің дайындау құралдарының техникалық қызмет көрсету,монтаждау және оларды қоқыстан тазалау кезіндегі туындайтын қиындықтар.

 

  Бұрғылау ерітіндісін дайындау лай араластырғыш ,гидроараластырғыш ,гидравликалық  араластырғыш және фрезерлі дирменнің көмегімен жүзеге асырылады (сурет 11.1және11.2)

           Лайараластырғыш жұмысының монтажынан кейін және алдында оның беттерінің, сенімділігін ,ременді беріліс орталығын, ременді және тісті беріліс шектелуінің күйін және жүктеу люгінде торлардын бекітілу сенімділігін тексереді.Біліктің сальникті тығыздағыштың күйін және мойынтіректердің майлануын тексереді .Гидро және гидравликалық араластырғыштардың жұмысының алдында барлық құбыр өткізгіштердің (әсіресе жоғарғы қысымдағы кұбыр өткізгіштердің),күйін,сонымен қатар гидроматорлардың және гидроциклонды қондырғының күйіне ерекше назар бөлінеді.Олардың бір жаым есе максималды қысымға сынайды.

   Пайдалану үрдісінде күн сайын үйкелісетің беттердің, сальникті құрылғылардың және шектеулердің күйін бақылайды.Мойынтіректерді майлаудың жүйеді түрде қадағалайды.Мойынтіректерді майлауды аптасына бір рет жүргізеді.

  Гидро маторларды тексеру уақытында торды қатты қосылыстардан және басқа өзге заттардан тазалайды.Штуцерлердің күйін тесіктерінің тзуын тексерумен бақылайды.Тозу кезінде тесік диаметірі үлкейеді,ол бұрғылау ерітіндісінің қызу қысымының төмендеуіне әкеледі, сәйкесінше гидро және гидравликалық араластырғыштардың өнімділігін төмендетеді.

11.1сурет.Гидравликалық араластырғыш;

1бункер;2араластыру камерасы;3люк;4резервуар;5қанқа тіреуі;6ұрғыш;7штуцер;8түтікше

  Бұрғылау ерітіндісін гидроараластырғышта немесе сорғыдағы  гидравликалық араластырғышта дайындау алдында гидро немесе гидрараластырғыштың максималды жұмыстың қысымына сәйкес келетін қысымға сақтандырғыш диафрагмалар орнатады.Бұрғылау ерітіндісін дайындап болғаннан кейін гидро немнсе гидроараластырғыш жақсылап сумен жуады.

  Фрейзерлі диірменді жұмыссқа қосу алдында және монтаждан кейін қақпақтың диірмен корпусына жату тығыздығын, сақтандырғыш,плитаның жағдайын резинкелі төсеніштерден кейін,жетек ременнің тартылуын және бункердің тазалығын(лайдын және басқа заттардың болуы жіберілмейді)тексереді.Одан кейін роторды қолмен диірменнің дұрыс жиналғанына көз жеткізу үшін бұрайды.

11.2сурет. Фрейзерлі диірмен;

1корпустың төменгі бөлігі;2плита;3ротор;4бекіту қуысы;5құю лотогы;6білік;7кезекті бет;8шығу торы;9қақпақ;10корпустың жоғарғы бөлігі;11кесіндегіш қалқан;12шарнирлі ось;13қуыстық отырғызулар;14бункер;15шарнирлі ось;16сақтандырғыш плитасы;17қақпан қақпағы;18тіреу штангасы;19сақтандырғыш штиві;20тіркеу төлкесі;21резенкелі төсеніш;22қақпан қақпағы;23қақпан;24қаңқа тіреуі;

Диірменді жұмысқа қосу келесі ретпен жүзеге асырылады.Элэктроқзғалтқышты қосады, құбыр өткізгіште тартпалы ашады.

  Фрейзерлі диірменді жөндеу кезінде келесі беттердің күйіне,кескіндегіш қалқанның, сақтандырғыш плитаның,қуыстық отырғызылудың және қақпан қақпағының күйіне ерекше назар аударылады.Диірменнің корпысын және қақпа тіреуіш жөндеу негізінен пісіру жұмыстардың жүргізілумен байланысты.Беттік біліктің тозған беттерін механикалақ өңдеумен жалғастырып балқыту арқылы қалпына келтіріледі.Тозған кескіш жиегі біреу кезекті беттерді 180 градусқа бұрады,ал екі жиегінен де тозуы кезінде жаңасын ауыстырады.Капиталды жөндеу кезінде ротордың теңестірілуі жүргізіледі.Тенестіруді ротор бетіне түзету массасының(пластинаның)лісіруден кейін орындайды.Жөндеу аяқталғаннан кейін фрейзерлі диірменді алдымен бос жүріске,содан кейін оған сұйықтық жіберумен сынайды.Бос жүрісте сынақ кезінде діріл деңгейін бөтен соққылар болуын мойынтіректің қызу дәрежесін және сальникті тығыздағыштың қысқыш буксасының дәрежесін анықтайды.Су жіберумен сынау кезінде корпустың қақпанның ,сальникті тығыздағыштың герметикалылығын және мойынтіректердің және сальникті тығыздағыштың қысқыш буксасының дәрежесін анықтайды.

Бұрғылау ерітіндісін қоқыстан тазалауға арналған жабдықтар.

Вибросит және сит конвейердің монтажынан кейін және жұмысының алдында тордың және жетекші клин тәрізді ременнің тартылу күйін,барабан тіреуінің,доңғалақтың және шкивтің бекітілу сенімділігін,гидравликалық дңғалақта және ременді берілісте қабының жарамдылығын,мойынтіректердің майлау күйін тексереді.

Жетекті біліктің тартылуын гидравликалық дңғалақты ығыстырумен, ал тордын тартылуын жетекші барабанның тартылуымен жүзеге асырылады.

Гидроциклнды қндырғыларда жұмысты басталмай тұрып виброситтің гидрциклондардың, қоқыстық сорғылардың және олардың орамдарының жарамдылығын тексереді.

Виброситте болттың қосылыстардың бекітілу сенімділігі,торлар мен жетекті ремендердің күйін және мойынтіректердің майлану  күйін тексереді.Электроқрзғалтқыштың білігінің айналу бағытын бақылайды.Егер виброситтің жұмыс жасау кезінде қоқыс тор бойтмен жғарыға қарай орын ауыстырса,онда біліктің айналу бағытын өзгертеді.

Гидроциклонда бекітілген қректену және құмдыотырғызылу өлшемдерінің сәйкестігін,және сұйықтықтың қажет өтілетін тазалау дәрежесін тексереді.Барлық төрт гидроциклондарда бірдей жұмыс режимдерін қамтамассыз ету үшін бірдей өлшемдердегі отырғызулар мен түтікшелерді орнатады.Қоректендіргіш отырғызулар мен түтікшелердің кіші өлшемдері кезінде жуып шаю сұйықтығының тазалануы қамтамассыз етіледі.Құмды отырғызулардың өлшемдерін қондырғыға келетін жуып шаю сұйықтығында қатты бөлшектердің пайыздық құрамына тәуелді таңдайды

.

8.3сурет.Гидроциклон.

1метал корпус;2отырғызылу;3резенкелі корпус;4кезекті резенкелі құмды отырғызылу;5қоректендіргіш отырғызылу;6метал сақина;

 

Құрамында қатты бөлшектердің  4 пайызға дейін көлемі кезінде жуып шаю сұйықтығы үшін диаметірі 10-20мм тесігі бар құмда отырғызулар орнатылады.Қатты бөлшектердің үлкен көлем кезінде құмды отырғызулар өлшемдері үлкейтіледі.

  Жуып шаю сұйықтығының шығынын төмендету мақсаты мен гидроциклонның жұмыс режимін орнатады,ол тығыздығы 1600кг\м3 қоқыс массасының ағып кетуін қамтамассыз етіледі.

    Қарқынды гидрообразивті тозуға ұшырайтын бөлшектердің,сонымен қатар қоректендіргіш және құмды отырғызулардың,түтікшелердің тозуын әрдайым тексеріп отырады.Тозу шамасына қарай жаңасына ауыстырылады.

    Қондырғының жұмыс жасау алдында (сыйымдылықтың сұйықтықпен толуына дейін)қоқысты сорғыда тордың болуын сорғының және қозғалтқыштың мойынтіректерінің майланун және біліктің айналу бағытын(білік сағат тіліне бағыттас болуын тексереді)

    Ситогидроциклонды қондырғаны іске қосу келесі ретпен жүргізіледі,қақпақты ашады виброситті іске қосады,сыйымдылық,қондырғы сыйымдылығы жуып шаю сұйықтығымен жартылай толған кезде қоқысты сорғыш іске қосады.Көрсетілген барлық операцияларды кері бағытта орындай отырып қондырғының жұмысын тоқтатады.

     Бұрғылау кезіндегі апаттарды анықтау және олардың жіктемесі, апаттарды есепке алу, жою және оның алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру.

    Апат деп алдын-ала ескерілмеген жобаларды ұңғыманың үзіліссіз техникалық құрылыс процесін бұзуға алып келетін, оның арнайы жүргізу жұмысын жоюды талап ететін жағдайда айтады. Апаттар ұңғыманың элементтеріне сызықтардың түсуінен, бұрғылау және отырғызғыш бағаналарының сәтсіз цементтелуінен, фонтанның ашық болуынан, ұңғымаға әртүрлі заттардың түсуінен болуы мүмкін. Аппаттар жалпы және жеке бөліктеріне бөлінеді. Өндіріс үшін апаттың зардаптардың ауырлық дәрежесіне қарай екі топқа бөлінеді. Олар жай және күрделі. Апатты жай және күрделі деп бөлудің жеке біріңғай белгісі болмайды. Тәжірибе жүзінде апаттың ауырлық жәрежесінің әдісімен сонымен қатар ұңғымадағы құрылғылар арқылы сипатталады. Жұмыс тәртібі мен еңбе ақысының өлшемін анықтайтын жою жұмыстарын өткізу уақытындағы орындаушының тәуелді апаттарды екі топқа бөлінеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *