XIX ғ. 70-80 ж.ж. Англияда тарихи зерттеу

XIX ғ. 70-80 ж.ж. Англияда тарихи зерттеудің екі орталығы қалыптасты. Олар Оксфорд және Кембридж мектептері.Бұл университтердің тарихшыларшына байланысты «мектеп» терминін  қолдану шартты мағынаға ие:олардың әдістері мен әдіснамаларында өте терең айырмашылық болған жоқ.Тек ғана Оксфорд ғалымдарының зерттеулерінде орта ғасырлық, ал Кембридж зерттеулерінде жаңа тарих тақырыбына дейін көбірек аударылды.

Оксфорд мектебінің негізін қалаушы 1886 жылдан бастап жаңа таих кафедрасын басқарған Улям Стеббс (1825-1901ж.ж.). Оның негізгі еңбнгі сипаттамаларды, мазмұндауды 1985 жылға дейіе жеткізген «Англияның конституциялық тарихы» деген кітап ол сондай-ақ «Орта ғасырлардағы  Германия тарихы» және басқа да тарихи шығармаларды жазып шықты. Стеббстің негізгі жасаған қызметі Англия тарихы бойынша құжаттар мен материалдарды баспадан шығару болды. Жиырма бес жыл кқлемінде ол «свитоктар» және басқа да архив құжаттарын басумен айналысты. Стеббстің баспа материалдары өзінің түп дерек мәтінін өте жоғары дәлдікпен беруі және оларға жасаған талдау-шолуларының терең ғылымилығымен ерекшеленеді. Сондай-ақ , ол өз тұжырымдарын абайлап жасады. Оксфордта оқытудың семинар жүйесін алғаш рет енгізді. 1876 жылы Оксфордта Стеббстің басшылығымен тарих мамандығы бойынша дәріс алатын студия алғаш рет «тарих курсының біртұтас жүйелі курсы» ұсынылды.

Кембридж тарих мектебінің негізін қалаушы Джон Эмери Актон (1834-1902) 1895 жылы жаңы тарих кафедрасын басқарды. Ол өзінің білімін Германияда алып, Л.Ранкенің шәкірті болған.Антонның ғылыми мұрасы өте аз. Тек бірнеше ғылыми мақаласы және шағын лекциялар курсы ғана бар. Осыған қарамастан Актон Англияның тарих ғылымының дамуына үлкен үлестерін қосты. Ол тарих ғылымына  үлкен мән- мағына беріп, ілем өркениетінің ар-ожданын сақтаушы ретіндегі  жауапкешілігін атап өтті.

Актонның пікірінше тарихшы оқиғаларды сипаттап, фактілерді айтып қоюмен шектелмейді, ол өз оқушыларын  осы оқиғаларды бағалауға үйретеді.

Оның борышы – жақсыны дәріптеу, жаманды  әшекерлеу. Сонымен қоса, Актон тарихшы өз мүддесі үшін, өзінің көзқарастары мен идеяларына бола, фактілерді айтпай қалуына немесе оның мағынасын бұрмалауына жол беруге болмайды.

Позитивист тарихшылар Г.Бокль және У.Лекки ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы ағылшын тарихшыларының барлығы дертлік позитивизмнің ықпалында болды. Тарихи білімдердің ғылыми пәнге айналу мәселесінің пісіп-жетілуі тарихи зерттеу әдісі мен нысанын неғұрлым  айқын анықтауды, деректермен жұмыс жасаудың техникасын жетілдіруді және т.б. обьективті түрде қажет етті. Алайда, позитивистердің тарихты ғылымға айналдыруға шақырулары іс жүзінде өте баяу жүрді.

ХІХ ғ. ортасында ағылшын тарихнамасында тұжырым даушы  еңбектер пайда болды.  Бұл жерде оның авторлары  бөлшектеніп жеткен бөліктерін бір жерге жинауға және позитивистік методологияның ағылшын мемлекеті мен қоғамының дамуының тұтас  тарихи-мәдени суретін жасауға ұмтылды.

Ағылшын тарихи ой-пікіріне 1821-1862 жылдары өмір сүрген Генри Томсон  Бокль үлкен ықпал етті. Ол өзінің «Англиядағы өркениет тарихы» еңбегін жазды. 15 томдық «Әлем өркениетінің тарихы» еңбегіне кіріспе ретінде жазылған бұл тарихи шығармада Бокль әлем өркениетінің толық  және өзара байланысқан тарихын көрсетуге ұмтылды. Бокль тари хты шолу міндеттеріне үлкен жауапкершілікпен қатынас жасады. Ол тарихты жазу арнайы даярланған  кәсібіне айналып, өмірбаян жазушылар, генеология жазушылар, анекдоттар жинаушылар, сарай маңындағы хроника құрастырушылар, бос сөйлейтін дворяндар князьдығын қолдарынан тартып алатындығына кәміл сенім білдірді.

Бокль адамзат тарихын зерттеу табиғатты зерттейтін ғылымдардың тәсілін пайдалану арқылы мүмкін болады. Оның өзінде Бокль жаратылыстану ғылымдарының арсеналындағы неғұрлым құралдың бірі тәжірибе жасау деп есептеп, оның тарихи танымдағы түрі әр түрлі елдердің тарихына қолдануға болатын эталон жасау деп білді. Нақ осы тарихи эталонға ол Англия тарихын алып, оның мысалында ол басқа елдерде де Англияда болған оқиғаға сарындары қайталанатындығын, сөйтіп тарихи заңдылықтардың бар екенін дәлелдемек болды.

XIX ғ. II ж. Англияда тарих ғылымының дамуындағы бірқатар табыстармен ерекшеленді. Ғылымның алға жылжуы ең алдымен тарихи материалдарды көптен басып шығару арқылы мүмкін болды. 1857 ж. Архив қүжаттарының сериясы, ал 1863 ж. бері  қарайғы пайда болған мемлекеттік  қағаздардың реестрі жүйелі түрде басылып шыға бастады. 1859 ж. Архив басқармасы елдің әр түкпірінде жеке адамдардың мұрағаттарында сақталып қалған құжаттар мен материалдарды баспадан шығару үшін XVII ғ. Көрнекі заңгер Селденнің есімі берілген қоғам,ал 1893 ж. Британдық флот және ағылшн теңіздегі саясаты туралы құжаттарды топтастырып,баспадан шыару ісімен айналысатын арнайы қоғам құрылды. 80-ші жылдарда Шотландия тарихы құжаттар,соның ішінде Шотландия құпия кеңесінің хаттамаларын баспадан шығару ісі де басталды.

Ғылыми сынның дамытылуына байланысты басылымдардың сапасы да жетілдірілді.Белгілі ағылшын медиевист-тарихшысы У.Стеббс өзінің Окфордта оқыған лекцияларында «тарихқа деген кең қызығушылықтың бар екендігін», туралы айтып,әртүрлі тарихы қоғамдардың қызметінің жандануына, тарихи жұмыстардың кең тарауын, нумизматика, сфрагистика және басқалары тәріздес қосалқы тарихи пәндердің жеткенді археологигяға қызығушылықтың өскендігін, тарихи еңбектердің санының өскендігін атап көрсетті. Бірқатар қалаларда жергілікті тарихи топтар пайда болып,өз бастамаларымен жергілікті жер туралы тарихи материлдар жинаумен,ескі ғимараттарды жөндеумен айналасып отырды.

Тарихқа деген қызығушылық және тарихшылардың белсенділігі арнайы тарихи журнал басылымын қажет етті. Сөйтіп, 1886 ж. бастап бүгінге  күнге дейін басылымы тоқтатылмаған «Ағылшын тарихқа шолуы» (The English Historical Review) журналы жарық көре бастады. 1868 ж. Тарихшылардың бірінші ұлттық ұйымы пайда болды. Ол алдымен «Тарихи қоғам » деген атқа ие болған,ал бірқатар мерзімнен соң ол Корольдік қоғам статусын алды. Егер алғашқы кезеңде  ондағы деңгей онша жоғары болмаса, 80-90 ж.ж. кәсібилену үдерісі Корльдіқ қоғамға да жетіп,оған белгілі университеттік тарихшылар Дж.Актон, У.Каниннгем, Ф.Мейтленд, П.Г.Виноградов кірді. 1897 ж. Корольдік қоғамның Кемден қоғамымен бірігуінен кейін бұл қоғам тарихшылардың жетекші кәсіби ұлттық бірлестігіне айналды.

Тарихшы университетте оқыту тәсілдерінде де бірқатар өзгерістер болып өтті. XIX ғ. Ортасына дейін Британ аралдарында үш ағылшын университеті (Оксфорд, Кембридж және Лондон), Шотландияда 4 университет (Сент-Эндрюс, Глазго, Абеддин, Эдинбург) және Ирландияда 1 университтет (Дублин) болды. XIX ғ. басында Манчестр, Ноттингем, Ливерпуль, Лидс, Бирлингем колледждерінен негізінде бірқатар жаңа университтер  пайда болды. 1873 ж. бастап,жоғарғы білім  алуға неғурлым кең мүмкіндік ашқан оқытудың сырттай жүйесін құру басталды.

Алайда, бұл онжылдықта да тарих ғылымы мен университеттік білім арасында байланыс орнатыла алған жоқ, көптеген көрнекі тарихшылар оқытушық қызметшке жіберілген жоқ.

Ағылшын тарихнамасында  осы онжылдықта  бірқатар өзгерістер  болып өтті. Саяси реформаларды талап еткен радикалдық бағыт жойылды, өндірістік буржуазия  өзінің мақсаттарына қол жеткізді, сөйтіп  ел басқару жүйесійнде  толық үстемдік құра бастады. Торилік-консервативтік  бағыт та өзгеріске ұшырай бастады: консерваторлар кез – келген өзгерістерге қарсыласуларын доғарып, 1867 ж. өздері реформа жасады. Нәтижесінде ағылшын саяси құрылысының үстемдігі және эволюциялық дамуға сенім артқан виг-либералдық бағыттың позициясы нығайды.

XIX ғ. 70-80 ж.ж. Англияда тарихи зерттеудің екі орталығы қалыптасты. Олар Оксфорд және Кембридж мектептері.Бұл университтердің тарихшыларшына байланысты «мектеп» терминін  қолдану шартты мағынаға ие:олардың әдістері мен әдіснамаларында өте терең айырмашылық болған жоқ.Тек ғана Оксфорд ғалымдарының зерттеулерінде орта ғасырлық, ал Кембридж зерттеулерінде жаңа тарих тақырыбына дейін көбірек аударылды.

Оксфорд мектебінің негізін қалаушы 1886 жылдан бастап жаңа таих кафедрасын басқарған Улям Стеббс (1825-1901ж.ж.). Оның негізгі еңбнгі сипаттамаларды, мазмұндауды 1985 жылға дейіе жеткізген «Англияның конституциялық тарихы» деген кітап ол сондай-ақ «Орта ғасырлардағы  Германия тарихы» және басқа да тарихи шығармаларды жазып шықты. Стеббстің негізгі жасаған қызметі Англия тарихы бойынша құжаттар мен материалдарды баспадан шығару болды. Жиырма бес жыл кқлемінде ол «свитоктар» және басқа да архив құжаттарын басумен айналысты. Стеббстің баспа материалдары өзінің түп дерек мәтінін өте жоғары дәлдікпен беруі және оларға жасаған талдау-шолуларының терең ғылымилығымен ерекшеленеді. Сондай-ақ , ол өз тұжырымдарын абайлап жасады. Оксфордта оқытудың семинар жүйесін алғаш рет енгізді. 1876 жылы Оксфордта Стеббстің басшылығымен тарих мамандығы бойынша дәріс алатын студия алғаш рет «тарих курсының біртұтас жүйелі курсы» ұсынылды.

Кембридж тарих мектебінің негізін қалаушы Джон Эмери Актон (1834-1902) 1895 жылы жаңы тарих кафедрасын басқарды. Ол өзінің білімін Германияда алып, Л.Ранкенің шәкірті болған.Антонның ғылыми мұрасы өте аз. Тек бірнеше ғылыми мақаласы және шағын лекциялар курсы ғана бар. Осыған қарамастан Актон Англияның тарих ғылымының дамуына үлкен үлестерін қосты. Ол тарих ғылымына  үлкен мән- мағына беріп, ілем өркениетінің ар-ожданын сақтаушы ретіндегі  жауапкешілігін атап өтті.

Актонның пікірінше тарихшы оқиғаларды сипаттап, фактілерді айтып қоюмен шектелмейді, ол өз оқушыларын  осы оқиғаларды бағалауға үйретеді.

Оның борышы – жақсыны дәріптеу, жаманды  әшекерлеу. Сонымен қоса, Актон тарихшы өз мүддесі үшін, өзінің көзқарастары мен идеяларына бола, фактілерді айтпай қалуына немесе оның мағынасын бұрмалауына жол беруге болмайды.

Позитивист тарихшылар Г.Бокль және У.Лекки ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы ағылшын тарихшыларының барлығы дертлік позитивизмнің ықпалында болды. Тарихи білімдердің ғылыми пәнге айналу мәселесінің пісіп-жетілуі тарихи зерттеу әдісі мен нысанын неғұрлым  айқын анықтауды, деректермен жұмыс жасаудың техникасын жетілдіруді және т.б. обьективті түрде қажет етті. Алайда, позитивистердің тарихты ғылымға айналдыруға шақырулары іс жүзінде өте баяу жүрді.

ХІХ ғ. ортасында ағылшын тарихнамасында тұжырым даушы  еңбектер пайда болды.  Бұл жерде оның авторлары  бөлшектеніп жеткен бөліктерін бір жерге жинауға және позитивистік методологияның ағылшын мемлекеті мен қоғамының дамуының тұтас  тарихи-мәдени суретін жасауға ұмтылды.

Ағылшын тарихи ой-пікіріне 1821-1862 жылдары өмір сүрген Генри Томсон  Бокль үлкен ықпал етті. Ол өзінің «Англиядағы өркениет тарихы» еңбегін жазды. 15 томдық «Әлем өркениетінің тарихы» еңбегіне кіріспе ретінде жазылған бұл тарихи шығармада Бокль әлем өркениетінің толық  және өзара байланысқан тарихын көрсетуге ұмтылды. Бокль тари хты шолу міндеттеріне үлкен жауапкершілікпен қатынас жасады. Ол тарихты жазу арнайы даярланған  кәсібіне айналып, өмірбаян жазушылар, генеология жазушылар, анекдоттар жинаушылар, сарай маңындағы хроника құрастырушылар, бос сөйлейтін дворяндар князьдығын қолдарынан тартып алатындығына кәміл сенім білдірді.

Бокль адамзат тарихын зерттеу табиғатты зерттейтін ғылымдардың тәсілін пайдалану арқылы мүмкін болады. Оның өзінде Бокль жаратылыстану ғылымдарының арсеналындағы неғұрлым құралдың бірі тәжірибе жасау деп есептеп, оның тарихи танымдағы түрі әр түрлі елдердің тарихына қолдануға болатын эталон жасау деп білді. Нақ осы тарихи эталонға ол Англия тарихын алып, оның мысалында ол басқа елдерде де Англияда болған оқиғаға сарындары қайталанатындығын, сөйтіп тарихи заңдылықтардың бар екенін дәлелдемек болды.

Позитивист ретінде  Бокль қоғам өз дамуында белгілі бір заңдарға бағынады деп есептеп, осы заңдарды ашу арқылы тарихты дәл ғылымға  айналдырмақ болды. Бокль сондай-ақ адамзат қоғамы – табиғаттың бір бөлігі, сондықтан ол табиғат заңдарына бағынады,  нәтижесінде қоғам дамуына материалдық факторлар, әсіресе, климат, топырақ және азық-түлік түріндегі географиялық  факті де шешуші ықпал етеді деп есептеді. Қоғам дамуы барысында бұл факторлардың ықпалы келіп, оның орнына ақыл-ой  және моральдық факторлар ролінің ықпалы жоғарыламайды.

Бокль адамзат қоғамын зерртеуге статистикалық әдістерін де пайдалануға әрекет жасады. Ол адамдардың жеке өмірлеріндегі оқиғалар олардың тек эмоция, талап-тілектерінің ғана нәтижесі емес, сонымен қоса қабат қоғамдағы белгілі бір жыл сайынғы адам өсімімен кемуі, қылмыстар және т.б. заңдылықтардың нәтижесі болып табылады.

Франциядағы ХІХ ғ. ІІ жартысындағы тарих ғылымыеың дамуы да позитивистік бағыттың дамуымен айта қаларлықтай болды. Өйткені, осы кезеңде Францияның экономикалық және әлеуметтік жағдайында аса ірі өзгерістер болып жатқан болатын: елде өнеркәсіп революциясы аяқталды; ХІХ және ХХ ғғ. шекарасында француз капитализмі өзінің монополиялық кезеңіне өтті.

Елдің саяси тарихы да аса ірі оқиғаларға толы болды: бонопарттық төңкеріс және Екінші империяның цезарьлық режимі орнатылды. Ал, 1870 ж. 4 қыркүйекте буржуазиялық-демократиялық революция жеңіске жетіп, Париж коммунасы орнатылды. Сөйтіп, елде Европа елдерінің ең алғашықысы болып республикалық құрылым орнатылды және оның берікітігін сақтау әрі демократияландыру үшін ұзаққа созылған күрес жүргізілді. Осындай аса ірі оқиғалар нәтижесінде елдегі тарихи ой-пікір мен тарихнама дамуында да маңызды өзгерістер болып өтті. Бұл өзгерістер негізінен жаратылыстану ғылымдарындағы жаңалықтар негізінде жүрген болатын. Сөйтіп, осы кезеңдегі Францияның тарих ғылымында өз кезеңінің қоғамдық және интеллектуалдық сұраныстарына жауап беретін әдіснамалық принциптер мен концепциялар қалыптаса бастады. Осы кезеңдегі Францияғы ой-пікірдің жетекші бағыты ХІХ ғ. І жартысында үстемдік құрған роматизм және либералдық «философиялық» тарихнаманың орнына келген позитивизм болды.

Осы кезеңдегі француз тарих ғылымы мен тарихнамасының дамуында екі кезең айқын көріеді:

  1. 50-70 жж. басы. Бұл Франция тарихындағы өтпелі кезең болатын. Осы мерзімде алдыңғы онжылдықтарда пайда болған үдерістер аяқталды. Либералдық тарихнама өз мүмкіндігін толық пайдаланып, идея ретіндегі дамуы тоқтады. Ресми тарихнама көптеген еңбектер жазғанымен, бонопартизм режиміне мақтау айтудан әрі аса алмады.Оның жалғыз жетістігі І Империяның құжаттарын, әсіресе Наполеон І-ң 32 томдық жазбаларын жарыққа шығару болды.

Осындай кезеңде Францияның тарихи ой-пікірінде позитивизм бағыты үстемдік құра бастады.

  1. 70-90 жж. Либералдық тарихнама өз мүмкіндігін толық пайдаланып, идея ретіндегі дамуы тоқтады. Ресми тарихнама көптеген еңбектер жазғанымен, бонопартизм режиміне мақтау айтудан әрі аса алмады.Оның жалғыз жетістігі І Империяның құжаттарын, әсіресе Наполеон І-ң 32 томдық жазбаларын жарыққа шығару болды.

 

№11. Тарихи танымның эмпирикалық және теориялық деңгейлері.

 

Эмпирикалық және теориялық таным: танымның біртұтас үдерісінің құрамдас бөліктері және әрбір денңгейдің сапалық ерекшелігі. Тарихи суреттеу — тарихи танымнын. айрықша формасы. Тарихи суреттеу және тарихи факт. Тарихи теория, онын. белгілері және құрылымы. Теорияның тарих ғылымын-дағы функциясы. Тарихи танымдағы факт мен теорияның диалектикасы. Тарихи түсініктеме және онын гносеологиялық тұрлері. Тарихи реконструкция (қалпына келтіру) және оның тарихи теориядағы орны. Тарихи заңдар тарих ғылымының элементі ретінде. Әлеуметтік және тарихи заңдар.

Капиталистік экономиканың қарама-қайшылықтарының шиеленісуі, еркін бәсеке күресінің монополиялар үстемдігінің алмастыруы, әлеуметтік жағдайдың шиеленісуі – буржуазиялық идеологияның бағытындағы елеулі өзгерістерді де туындатпай қалған жоқ. Әлемдік империализмнің барлығына тән үдерістер Германияда буржуазиялық дамудың өзінің шешілмей жатқан түйінді мәселелер мен проблемаларының туындауымен қоса-қабат жүріп отырды, өйткені, бұл елдегі билік пруссиялық юнкерлердің қолында болатын.

Тарихи білімнің позитивистік эпистемологиялық негіздерін қайта қарау релятивизм мен презентизм жалауын көтерді. Позитивзмді сынаушылардың неғұрлым беделділері – ХХ ғ. көрнекі ойшылдары Бенедетто Кроче мен Робин Джордж Коллингвуд болды. Олар Гегельге ілесе тарихи үдерісті рух дамуының тарихы ретінде қарастырды. Сөйтіп, тарих табиғатқа қарағанда зерттеуші (адам) санасында объективті бейнеленуі мүмкін емес деп есептеді. Олар үшін табиғат фактісі мен адам фактісі терминдерінің мағынасы бірдей емес: табиғат фактісі дегеніміз – бұл ғалымның өз лабораториясында көзімен көре отырып, немесе қолдан жасай алатын дүниесі. Ал тарих фактісі ролінде  – өткен кезде болған оқиғалар мен қазіргі кезде жоқ алғышарттар мен жағдайлар қызмет атқарады. Адамның оқиғаларды тікелей қабылдау мүмкіндігі жойылған кезде ғана ол тарихи фактіге айналады. Оның өзінде тарихшының қолында өткеннің құжаттары, реликтілері және басқа қалдықтары ғана болады. Осыларды пайдалана отырып тарихшы өткен оқиғаны қайта жаңғыртады. Нақ осы жағдай тарихи таным ерекшелігі болып табылады.

Жекелеп алғанда материалистік қатынастың да, идеалистік қатынастың да жеткіліксіз екендігін мойындай отырып, Виппер, соңғысының жаңа заман адамдарының мүддесіне сәйкес келетіндігін растады.

Ал, А.С. Лаппо-Данилевский кеңейтілген жүйелік курс «Тарих методологиясын» жасап, онда: таным үдерісіндегі субъектінің ролін; анықталатын ғылыми фактінің зерттеу жағдайына тәуелділігін; тарихи оқиға болған кезеңнен бастап тарихшы (зерттеуші) заманына дейінгі пайда болған көзқарастар мен құндылықтар жүйесінің ролін мойындай отырып, тарихи білімнің жалғастырушы, құрастырушы сипаты туралы пікірді жақтады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *