Маркс пен Энгельс тарихи фактілік материал

Маркс пен Энгельс тарихи фактілік материалды зерттеуде өте үлкен еңбекқорлықтың үлгісін танытты. Маркс әрқашан тарихи үдерісті таза логикаға ғана сүйене отырып, тұжырымдар жасау арқылы түсінуге мүлдем болмайтындығын үнемі дәлелдеп отырды. Өз зерттеу тақырыптарының аясында үнемі барлық фактілердің барлығын толық жинақтап, тек соларды өзара салыстыру арқылы объективті тұжырым жасауға тырысты. Мұны Маркспен Энгельс ғылыми сыпайылық пен ізеттілік деп қана түсінбей, тарих ғылымының методолгиялық негізгі талабы деп түсінді.

1847 ж. Прудон еңбектерін сынау барысында Маркс «… тарих ғылымында формулалармен алысқа самғай алмайсың»,- деп көрсетті. Материалистік диалектика нақты сұрақтарға абстрактылық жауап берудің мүмкін еместігін де негіздеді.

Сонымен қоса, Маркс кез-келген тарихи оқиғаларға кездейсоқтықтың да ықпалы көп  болатындығын, алайда олардың барлығы ақыр аяғында тарихи заңдылықтың ағымына бағынатындығын көрсетті.  «Сондықтан,- деп атап көрсетті Маркс, — тарихшы оқиға барысын кездейсоқтықты ескермей зерттей алмайды, оларды ескермесе тарих мистикаға айналар еді».

Тарихтың мазмұны мен мағынасы нақты жағдайды зерттеу арқылы анықталатындығын негіздей отырып және өзінің ойын капиталдың алғашқы қорлануы мен Ежелгі Римдегі шаруалардың қаналу үдерісін салыстыра отырып түсіндірген К.Маркс, «Отечественные записки» журналының редакциясына жазған хатында: «…оқиғалар таңқаларлықтай ұқсас, тіпті бірдей, бірақ әртүрлі тарихи жағдайда өтіп отырғандықтан әртүрлі нәтижелерге алып келген. Осы эволюциялардың әрқайсысын жекелеп қарастырып, онан соң оларды өзара салыстыра отырып, осы құбылысты түсінуге кілтті табуға болады; бірақ ешқашанда осындай түсінушілікке әмбебап жалпы тарихи-философиялық теория түріндегі ашқышты қолдана отырып қол жеткізуге болмайды, өйткені тарихи-философиялық теориялардың негізгі қасиетінің өзі тарихтан жоғарыда тұрғандығында»,- деді.

Егер осыған дейінгі тарихнаманы тек мемлекеттік құжаттар мен заң актілері, қолбасылар мен мемлекеттік қайраткерлердің мемуарлары ғана қызықтырған болса, К.Маркс пен Ф.Энгельс тарихи талдау барысына экономикалық мәліметтерді, техника тарихы, әскери іс, ғылым, әдебиет пен өнер тарихтары материалдарын көптеп пайдаланды. Олар деректерді мұқият оқып-зерттеу және сыншылдықпен салыстыру олардың әлеуметтік сипаты мен осыған байланысты пайда болатын ерікті және еріксіз түрде жіберілетін қателерді анықтауға мүмкіндік береді деген тұжырымға келді. Маркс пен Энгельс шығармаларында авторлық талдау талданып отырылған фактілердің өзін және олардағы бұрыс кетушіліктерді келтіріп отырумен ұштасып отырды.

Маркс пен Энгельс алдын-ала даярланған мақсаттар үшін фактілерді икемдеуге қарсы шықты. М. «…ғылымның өзі үшін қажет емес, оның мүддесінен тысқары, сырттан айтылған көзқарасты негіздеу үшін ғылымды икемдеуге ұмтылған адамды мен «тұрпайы» адам деп есептеймін»,- деп жазды.

Тарих ғылымының атқаратын қызметі тек тарихқа қарап отыру емес. Марксизм үшін тарихи шынайылық — тарихи іс-әрекетті жасаудың өзі. Олардың бұл көзқарастары «Неміс идеологиясында» Фейербахты сынау кезінде айқын көрінді: «…Фейербах тек бар фактіні дұрыс түсінумен шектеледі, ал шынайы коммунистің міндеті осы фактіні жою болып табылады», — тұжырымдады. Алайда қаншама тарих ғылымын бүгінгі күннің құралына айналдырмақ болғанымен Маркс пен Энгельс тарихтың ғылым ретінде өткен уақытты зерттейтін ғылым екендігінен алыс кете алған жоқ.  Мұны олардың «Классовая борьба во Франции» деген еңбекке жазған кіріспе  сөздерінен анық байқауға болады: «ағымдағы тарихтың оқиғаларын талдау кезінде түпкі экономикалық себептерге ешқашан бірден жете алмаймыз»,- дей отырып, осы қарама-қайшылықты экономистердің «ұзақ уақыт бойына құпия әрекет жасайтындығымен» түсіндіреді.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *