Маркс және Энгельс еңбектеріндегі тарихи зерттеудің сипатты белгілері мен әдістері

  1. Маркс және Энгельс еңбектеріндегі тарихи зерттеудің сипатты белгілері мен әдістері

 

  1. 19 ғ. 2 жартысында ағылшын капитализмі өзінің дамуының шырқау шегіне жетті: өндірістік революция мен ұлан-ғайыр отар елдер Англияны әлемдік өндірістік өнеркәсіп бойынша 1-ші орынға алып шықты.  Лондон халықаралық сауданың орталығына, ал фунт стерлинг — әлемдік есеп айырысу бірлігіне айналды. Ағылшын әдебиетінде бұл кезең 1837-1901 жж. билік құрған королева Викторияның есімімен «викториандық» кезең деген атқа ие болды. 

Ағылшын капитализмінің ерекшеліктері елдің осы онжылдықтағы әлеуметтік және саяси дамуының бағытына өз ықпалын жасады. 19 ғ. соңына дейін Англиядағы буржуазия үстемдігіне ешқандай қауіп төнген жоқ. Осы жылдарда демократиялық сипаттағы бірқатар реформалар жасалды. Парламентке сайлану және сайлау құқығын тек буржуазия ғана емес жұмысшы табының жоғарғы бөлігі де иемденді. Либералдық және консервативтік партиялар өзара біріге бастады.

Осындай жағдайда ағылшын қоғамдық ой-пікірінде күрделі, қос сипатты үдеріс қалыптасты.  Бір жағынан Англияның экономиклық күш-қуаты мен елдегі саяси тұрақтылық, Британдық отарлық империяның күштілігі, ғылым мен техника жаңалықтары буржуазия идеологтарының капиталистік құрылымның мығымдылығы және ағылшын мемлекеттіәк билігінің тұрақтылығына сенімдерін нығайтты. Ал 2-ші жағынан, жақындап келе жатқан империалистік кезеңнің елдің өзінің ішінде де, сыртқары жерлерде де пайда болып келе жатқан қиыншылықтарымен бой көрсетіп келе жатқандығы бірқатар үрей туындатты.

Осындай кезде қоғамдық ой-пікірге Ч.Дарвиннің эволюциялық ілімі өз ықпалын тигізді. Эволюция идеясын қоғамдық өмірдің басқа да саласына пайдалануға ұмтылудан әлеуметтік дарвинизм ілімі пайда болды. Оның негізін жасаушылар биологиялық әлем заңдылықтарын қоғамға пайдаланбақшы болып, өмір үшін күрес барлық тірі организмдер үшін, оның ішінде адамдар үшін де ортақ әмбебап заң деп есептеді. Ол ілім бойынша өмір үшін тартысты күрес қоғамның қалыпты жағдайы болып есептелді. Әлеуметтік дарвинизм өкілдерінің пікірі бойынша жекелеген адамдардың арасында өмір сүруге бейімділігі жағынан айырмашылықтары болатыны тәріздес, халықтардың арасында да «жақсылары» және «жамандары», басқаша айтсақ, «жоғарғы» және «төменгі» нәсілдер болады.  Сөйтіп, әлеуметтік дарвинизм нәсілшілдік теориясына тікелей жол салды. Әлеуметтік дарвинизм ақ нәсілді, оның ішінде ағылшынсаксондық ұлтты туыла біте төрелер нәсілі деп есептеді. Бұл теорияның қалыптасуына Англияда белсенді түрде жүргізіліп отырылған отарлық жаулап алу саясаты негіз болды.

Осы онжылдықтың қоғамдық ой-пікірінің ерекше сипатты белгісі позитивисттік әлеуметтанудың кең таралуы. Аса ірі ағылшын философ-позитивисі Герберт Спенсер (1820-1903) эволюция идеясы тәріздес адамзат білімінің барлық саласын қамтитын философиялық жүйе жасап шығуды іске асырмақ болды. Негізгі мамандығы бойынша инженер Спенсер дәл білімдер саласымен, нақтырақ айтсақ, механикамен жақсы таныс болатын. Өзінің философиялық жүйесін Спенсер синтетикалық философия деп атап, оны өзінің келесі еңбектері сериясында сипаттап берді: 1. Негізгі бастау – 1862ж., 2. Биологияның қалыптасуы – 1864-1867, 3. Психологияның қалыптасуы – 1855, 1870-1872, 4. Әлеуметтанудың   қалыптасуы – 1876-1896.  

Спенсер эволюция әлем дамуының негізі деп есептеді. Спенсер эволюцияның өзіне «материя мен оған қоса-қабат жүретін бей-берекет қозғалыс интеграциясы» деген анықтама берді.  Оның өзінде деп есептеді Спенсер «материя белгісіз, байланыссыз біртектіліктен белгілі әртекті байланысты жағдайға өтеді» деп есептеді. Спенсер бұл заңды әмбебап заң деп есептеп, жекелеген ғылымдардың, оның ішінде қоғамдар тарихының бай материалдарына сүйене отырып, әртүрлі салалар мен өрістердеоның қалай жұмыс жасайтынын анықтамақ болды.

Эволюция заңын тексеру, оның жұмысын анықтауға ұмтылудың өзі қаншалықты жемісті болғанымен Спенсердің эволюцияны түсінуінің өзі сыңаржақты болатын.  Даму Спенсер бойынша баяу, ешқандайсекіріссіз, біртіндеп жүретін қозғалыс. Дамудың негізінде оның пікірінше тепе-теңдік заңы бар: тепе-теңдік жойылған кезде табиғат өзінің алғашқы қалпына қайта келеді. Дамуды осылайша түсіну капиталистік құрылыстың әлеуметтік және саяси негіздерінің тұрақтылығы мен бірқалыптылығын дәлелдеп берді.

Қоғам дамуының тарихында Спенсер үш кезеңді ажыратты. 1-кезең:  ру-тайпалық қоғам,

2-кезең: ерте таптық қоғам,

3-кезең: индустриалдық кезең.

Қоғам ішіндегі әртүрлі қызметтерді әртүрлі топтардың арасындағы бөлінуін Спенсер адам ағзасының әртүрлі органдарының арасындағы қызметтердің бөлінуімен салыстыра отырып, соған теңестірді.  Спенсердің осы теориясы «қоғамның ағзалық теориясы» деп аталып, қоғам ішіндегі әлеуметтік топтар мен таптардың өмір бойы орын алмаспайтындығын дәлелдеп негіздеді.

Спенсердің ілімі қаншалықты сыңаржақты болғанымен ол өз дәуірі үшін алдыңғы қатарлы философ еді, өйткені қоғам өмірін теологииялық тұрғыдан түсіндіруден бастартқан болатын.

Осы кезеңде белгіліэкономист және публицист, ықпалды «Экономист» журналының редакторы У.Бэджгот О.Конттың әлеуметтік позитивистік ілімін одан әрі қарай дамыту әрекеттерін жасайды. Өзінің 1872 ж. жазған «Физика және саясат» деген еңбегінде Конт схемасын Дарвин ілімімен байланыстырмақ болды.

19 ғ. 60-70 жж. жаңа мектептер мен бағыттар қалыптасты. Позитивистік тарихнама шеңберінде жеке мектептер арасында да өте үлкен айырмашылықтар болып отырды.

Базель университеті өнер тарихының профессоры Яков Буркхард тарихшылардың тұтас ұрпағын дайындай отырып, өз мектебін жасады. Бурхардт Берлин университетінде Ранкеден дәріс алды, бірақ, оның деректерге ғылыми-сыншыл қатал қатынасын қабылдаған жоқ, керісінше оған мүлдем қарама-қарсы тұрды. Ол Ранкеге қарсы өз тұжырымдамасында 1-орынға мемлекет пен саясатты емес, адамзаттың рухани және материалды мәдениетінің тарихын – тұрмыс, техника, өнер, поэзия, ғылымды – қойды. Болашақтағы тарихнаманың дамуына үлкен әсер еткен европалық мәдениеттің   даму схемасын жасады. Өз көзқарасын Бурхардт адамзат тарихы – мемлекеттер мен саяси тарих деп есептеді.

Ол: «Тарих мен үшін ұлы поэзия болып қала береді. Мен оны рухтың жаңа, мәңгі жаңа жаңалықтарының … керемет үдерісі деп қарастырамын», — деп жазды. Бурхардт тарихшылардың арасында алғашқылардың бірі болып зерттелетін дәуірдің  тұрмысы мен адамгершілік тұрғысын қайта жаңғырту, олардың көрнекі қайраткерлерінің  көзқарасын сипаттау әдісін пайдаланбақ болды.

Оның  тұжырымдамасында Қайта құру дәуіріне негізгі орын берілгенін 1860 ж. жазылған «Қайта құру дәуіріндегі Италияның  мәдениеті» еңбегі дәлелдейді.

Зерттеу шеңберін кеңейту, фактілік материалдарды жинақтау, бірінші кезекке әлеуметтік, экономикалық және мәдени тарихтың мәселелерін қою – позитивистік тарихнаманың жетістіктері болып табылады.  Қарастырылатын кезеңнің тарихи білімі елге жаңа дәуірге ғана бөлінбей, жеке мәселелер бойынша да бөлініп, мамандануы жоғары болды. Салыстырмалы тарихи әдісті жүйелі түрде қолдану, жазба және заттай ескерткіштерді қарқынды түрде талдау айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізуді қамтамасыз ете алды. Зерттеу техникасы нығайды. Қосалқы пәндер  — дипломатика, нумизматика, палеография, аралас ғылыми салалар – археология, тарихи география, филология, этнография дамыды.

19-20 ғғ. арасындағы француз әлеуметтанушысы Эмиль Дюркгейм (1858-1917) О.Конттың  көптеген пайымдамаларын сынады. Оның ойынша әлеуметтік шындық жеке тұлғалардың әрекетіне ықпал ететін индивидтердің қандай да бір әрекеті. Дюркгейм біржағынан,  әлеуметтік факторлар жеке іс-әрекетке сыртқы түрде болса, екінші жағынан, құнды нормативтік факторлар болып табылады. Әлеуметтік статиканы да, қоғам эволюциясын да қарастырады.

Дюркгеймнің әлеуметтік мектебінің өкілі Франсуа Симиан (1873-1936) тарих пен әлеуметтануды қарсы қойды., тарих ғылым емес, ол ешқашан ғылым бола алмайды, өйткені ғылымның тек жалпымен ісі болады, ал тарих жекемен, бір кезде болған дүниемен байланысты деп түсіндірді.

19 ғ. аяғында нақты тарихи зерттеулермен айналысқан тарихшыларды тарихи білімнің теориялық мәселесі онша қызықтырған жоқ, тек тарихи сын әдісі пайда болған елдерде ғана көңіл бөлінді. Дүниежүзілік тарихнамада неміс тарихшылары жетекші орында болды, тарихқа, өткен күндерге пән ретінде қарады. Сондықтан, 18 ғ. авторларын «партиялылығы» үшін, яғни, қандай да бір жақтың, топтың идеялық-саяси бағытын ашық түрде қабылдағаны үшін сынады.

Алайда, бұл кезде позитивизмді сынау да көбейді, жаратылыстанудан тарихи танымды бөліп алу нығайып, қорытындылардың объективтілігі шектеулі болса да, оның ғылыми мәртебесін қорғау куерек болды.

Бұл мәселе туралы алауыздықтар 19 ғ. 90 жж. немістің көптеген көрнекі тарихшылары қатысқан методологиялық пікір-таласта айқын көрінді. Оны бастаған Карл Лампрехттің қақпайласу мақалаларында кең түрде ашық сыналды. Ол 1897 ж. ғылымның мақсаты жеке бөлімдермен жұмыс істеп, фактілерді тізу емес деді. Біз табиғатты бақылаған сияқты,тарихты бақылау жасап, жалпы ұғым жүйесіне ғылым көптеген фактілерді келтіруі қажетдеп есептеді. Бұл анықтама басқа басқа ғылымдармен бірге тарихта да қолданылды. Лампрехт тарихи үрдістің факторы ретінде кездейсоқтық пен бостандықты мойындағанымен,тархи зерттеулерде себептерді эмпирикалық түрде белгілеу мүмкн емес деп есептеді. Лампрехт өзін тарихшы-психолог деп есептеді, кез-келген  әрекет психологиялық жағдайға байланысты, ал іс жүзінде әңгіме жеке психология емес, әлеуметтік психология туралы болады,өйткені ол әлеуметтік санадағы өзгерістерді түсіндіре алады. Бұл өзерігстерді ол қатаң схемаға салды, онда қоғамдық өмірге әсері тұрғысынан жеке адам, ұлттық айырмашылықтар мойындалмады.

Табиғат туралы ғылым және мәдениет туралы ғылымныңерекшелігі мәселесін айта келіп, тарихты пікір таластағының ішіндегі маңыздысы деп санады. Табиғат туралы ғылымдар номотеистік және жинақтайтын заңдар деп белгіленсе, мәдениет туралы ғылымдар идеографиялық (сипаттама) және индивидуалдандыратын (жеке) деп қарастырылды.

Неоканттық бағыт ерекшелігі

Немістің мәдениет тарихының көрнекі өкілі, философ Вильгельм Дильтей (1833-1911) рух туралы және табиғат туралы ғылымды қарама-қарсы қойды. Тарих объективті дүниені зерттемейді, субъективті ұстанымдарды, мақсатты, жоспарды қарастырады деп пайымдады. Сондықтан түсіндіру әдісін негізге алған жаратылыстану ғылымдарынан айырмашылығы тарих өз алдына түсіну міндетін қояды,яғни интуитивті түрде өткен адамдардың психикасына енуді жүзеге асырады. Ерекше әдісретінде жаратылыстану танымында қолданылатын рационалды құралдан айырмашылығын түсіну танымдық құралдың арнайы жиынтығын көрсетеді. Ол «тіршілікке ену», «сезімге ену» және ғылыми тексеруге түспейтін басқа иррационалды әдістермен қол жеткізеді. Өткен күндер мен маңызды оқиғалар туралы әркімнің өз түсінігі болады.

Егер номотеистік бағыт көп жағдайда позитивизммен байланысты болса, идеографиялық бағыттың теориялық алғышарттары бостандық еркі туралы Иммнуил Канттың идеяларына қарсы шықты. Неоканттық тарих философиясының ірі өкілдері В.Виндельбанд пен Г.Риккерт тарихи танымның шегін анықтауға тырысты

Вильгельм Виндельбанд (1848-1915) жаратылыстану және тарихты бір-біріне қарама-қарсы қойды. Жалпы заңдарды жасау жаратылыстану міндеттеріне кірсе, жеке фактілерді сипаттау тарихтың еншісіне берілді. Тарихи шындық бірден-бір қайталанбайтын оқиғалар әлемі ретінде көрінді.

Генрих Риккерт (1863-1936) көзқарасы да осыған жақын болды. Тарих – рух туралы ғылымның бір түрі, табиғат туралы білімнен, философиядан да,әлеуметтанудан да айырмашылығы бар идеографиялық білім. Виндельбанд ғылым мен тарих арасында екі айырмашылық бар деп есептеді,- деді Риккерт. Біріншісі, ойды жинақтау және жекелеу арасын көрсетуде, екіншісі – бағалау және бағалау емес ой дифференцияциясында.Оларды жинақтап, ол ғылымды 4 түрге бөлді: бағаламайтын және жинақтайтын., немесе таза жаратылыстану ғылымы., бағаламайтын және жинақталмайтын квазитарих, бағалайтын және жинақтайтын  – квазиғылыми тарихи білімдер, мысалы, әлеуметтану және экономика., бағалайтын және индивидуалдандыратын ғылым немесе тарих.  Сонымен ғылымның 4 түрі біртұтас шкаланы жасайды, оның бір бағыты абстрактылы ойлаудың шегі болса,екіншісі жеке қалпында реалды білімнің шектеулі жағдайы болды. 

Риккерт тарихи заңдардың бар екендігін де тарих ғылымының оны түсінуге қабілетті екендігін де жоққа шығарды. Тарих жалпыны емес жекені зерттеуі керек. Сөйтіп неокантшылар тарихи танымды субъективтіліктің шегінен шығаруды көздеген жаңа ілімді жасауға ұмтылды.  Виндельбанд жіктеуінде діни түсінік жоғарғы бағаға ие болды.  Осыдан соң барып екінші орын эстетикалық, этикалық, логикалық құндылықтар болады.

Тарихи-экономикалық бағыт

Бұл бағыт неміс тарихнамасында 19 ғ. 70-ші жылдарынан бастап күшейе бастады. Бұл бағыт марксизм бағытына қарама-қарсы – жеке меншіктің мәңгілік екендігін, капитализмнің адамзат дамуының шырқау шегі екендігін дәлелдейтін бағыт ретінде пайда болған болатын.  Бұл бағыттың өкілдері қарама-қайшылығы шырқау шегіне жеткен қоғам үшін ең қажет шара – революция емес, реформалар деп есептеді.  Олар сондай-ақ, капитализмді сақтап қалу үшін белсенді әлеуметтік саясатты жүргізу және экономикалық өмірге мемлекеттіің белсенді араласуы қажет деп есептеді. Олар өз көзқарастарын халық арасында кең насихаттау үшін фашистік партия пайда болған алғашқы жылдарға дейін өз қызметін жалғастырған «Әлеуметтік саясат одағын» 1872 жылы құрды.

Методологиялық тұрғыдан алып қарағанда тарихи-экономикалық бағыт қандай-да бір ортақ даму заңдары бар екендігіне мүлдем қарсы шығып, оның орнына жекелеген әр дәуірлердегі экономикалық-шаруашылықтық фактілерді жинақтаумен айналысты. Бұл тұрғыдан қарастырғанда олар позитивистік бағытқа жақын тұрды. Бұл бағыттың құрамында «жаңа тарихи мектеп», «ескі тарихи мектеп», «саясэкономияның тарихи мектебі» болды. Олардың барлықтары қоғамдағы әлеуметтіік қарама-қарсылықты болдырмау, саяси-экономикалық реформалар жүргізу, революцияны болдырмау бағыттарын ұстанды. Өкілдері: Густав Шмоллер, Луйо Брентано, Карл Бюхер, Георг Фридрих Кнапп.

Тарихи синитез теориясын жасаған белгілі француз философы, әлеуметтанушы Анри Берр (1863-1954) 19 ғ. аяғында позитивистік эмпиризмді сынады және тарих пен ғылымның басқа салалары арасындағы алшақтықты жоюға тырысты. Тарих ойды нақтылай түседі дей отырып, оның негізгіміндеті тарихи фактілерді сыни және ғылыми талдауға негізделген синтезде деп білді, ал дамудың басты жолы – дәстүрлі эрудиттік тархнаманы әлеуметтану және философия тарихымен біріктіру. Берр  Тарихи синтезге шолу атты теориялық журнал шығарды. Тарихшыларды, әлеуметтанушыларды, философтардф, экономистерді, этнографтарды, түрліелдердегі жаратылыстану ғылымы өкілдерін біріктірген синтездің халықаралық орталығы Адамзат эволюциясы. «Ұжымдық синтез» атты тарихи монографияның көп томдық сериясын жасады. Берр өзінің басты идеяларын «Тарихи синтез» еңбегінде мазмұндады. Тарихтағы 3 түрлі себептік байланыстарды көрсетті: кездейсоқ фактілер, тұрақты себептер – қажетті фактілер, ішкі рационалды байланыстар – тарихи дамудың логикасын құрайды. Оның даму динамикасын көрсетеді. Ішкі себеп – адамдар әрекетімен теңестіріледі, яғни индивидуалды психика саласымен шектеледі.

19 ғ. І жартысында тарих аренасына жаңа тап – пролетариат шықты  және оның қоғамда алатын орны мен атқаратын ролі және пролетариаттың өзінің болашағын бағамдау қажеттігі пайда болады. Нақ осы сұрақтарға 1818-1883 жж. өмір сүрген Карл Маркс және 1820-1895 жж. өмір сүрген Фридрих Энгельс жауап берумен айналысты.

Марксизмге дейін қоғамдағы таным, сана-сезім бағыттарын тұжырымдайтын мектептер мен ағымдар қоғамдағы осыған дейінгі таптар мен топтар және  әлеуметтік, саяси және экономикалық шындықты айқындап, ажыратумен айналысты. Жаңа тап – пролетариаттың  осы қоғам өмірінде алатын орны және жасайтын ықпалы туралы бір де бір тарихнамалық мектеп айналыспады, өйткені осы кезеңге дейін пролетариаттың мемлекет

(Тапсырма: аталған еңбектердің мазмұнымен өзбеттерінше семинар сабағына танысып келу)

дамуына, байлық көзіне жол ашуға ешқандай қатысы жоқ сияқтанған, төменгі тап болатын. Оны оқып-зерттеу, оған қажетті жағдайлар жасау қоғамның ешқандай бөлігінің басына кіріп те шықпаған еді. Осыған қарамастан, пролетариат  бірте-бірте саны жағынан ұлғайып, ал тұрмыс дәрежесі болса, барған сайын құлдырай берді.  Осылайша, «қоғамның полярлануы» үдерісі өзінің шырқау шегіне жете бастады.  М.пен Э. осындай кезеңде қоғам даму заңдылығын ғана таза материалистік тұрғыдан түсіндіріп қоймастан, өздерінің тарихтың ғылым ретіндегі міндеті – ағымдағы тарихты өзгерту деп есептеген принциптері тұрғысынан, нақ осы пролетариаттың  болашақта саяси билікке ие болатын ең революцияшыл тап екендігін көрсете отырып, «таптар күресі» теориясын жасады. Бұл теорияны жасау барысында  К.Маркс «1. таптар тек өндірістің белгілі даму кезінде ғана пайда болатындығын, 2. тап күресі қайткен күнде де пролетариат диктатурасына әкелетіндігін, 3.бұл диктатураның тапсыз қоғамға өту кезеңіне өтпелі дәуір екендігін» И.Вейдемерге 1852 ж. 5 наурызда жазған хатында сипаттап берді және осы бағытта К.Маркс пен Ф.Энгельс көптеген еңбектер жазды. Олар:

  1. Неміс идеологиясы 1845-1846 жж.
  2. Философия қайыршылығы – 1847 ж.
  3. Коммунистік партияның Манифесі -1848 ж.

(Тапсырма: аталған еңбектердің мазмұнымен өзбеттерінше семинар сабағына танысып келу)

  1. Англиядағы жұмысшы табының жағдайы -1845 ж.
  2. Неміс идеологиясы – 1847 ж.

К.Маркс пен Ф.Энгельс тарихи оқиғаларды көптеп зерттеп отырды. Оларды негізінен қоғамдағы төңкерістер мен сілкіністер көптеп қызықтырды, өйткені тап күресі ретінде марксизм негізін қалаушылар нақ осы күрес түрін таңдап алған болатын.  Осыған байланысты М. Пен Э. Ұлы Француз революциясының, 1848 ж.  Германия революциясының,, 1871 ж. Париж Коммунасының, және Германиядағы коммунистік қозғалыс тарихын зерттеп қарастырды.  Осыған байланысты олар —

  • 1848 жылдан 1850 жылдар арасындағы Франциядағы тап күресі – 1850 ж.
  • Луи Бонапарттың 18-ші брюмерасы – 1852 ж.
  • Германиядағы шаруалар соғысы -1850 ж.
  • Империялық конституция үшін германдық кампания – 1849-1850 жж.
  • Германиядағы революция және контрреволюция – 1851ж.    
  • Германия тарихындағы зорлықтың ролі және т.б. еңбектерді жазып шағырды.

Алайда, К.Маркс пен Ф.Энгельстің зерттеулерінің ішінде Маркстің экономикалық теория тұрғысынан жазған «Капитал» еңбегінің

Терминді студенттер-дің өз білімі-не сүйене отырып, айқындау.

орны ерекше.  Өйткені осы еңбекте ең алғаш рет каритализм генезисі ғылыми тұрғыдан нақтыланып талданды және «адамзат жылнамасына қан мен өрттің от оранған тілімен жазылған» капиталдың алғашқы қорлануы процесі проблемасын тарих ғылымы үшін нақты шешіп берді. Мемлекеттің құрылысы туралы Ф.Энгельс те бірқатар еңбектер жазып, солар арқылы қоғамдық-саяси өмірге атсалысып отырды. Олар: 1. Анти-Дюринг, 2. Отбасының, жеке меншіктің және мелекеттің пайда болуы, 3. Людвиг Фейербах және классикалық неміс философиясының ақыры және т.б.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *