Негізгі деректері мен зерттеулері.

Негізгі деректері мен зерттеулері.

 

Тарихи теория — тарихи білімнің ерекше формасы. Курстың методологиялық негізі бірнеше идеялармен анықталады. Біріншіден, тарихи танымның ерекшелігі және тарихи зерттеудегі ақиқаттылық пен шынайылық критерийлерінің салыстырмалылығын мойындау. Тарихи білімнің салыстырмалылығы бірнеше факторларға байланысты. Олардың ең негізгісі – тарихи зерттедің үш негізгі компоненттері – тарихи факт, тарихи дерек және тарихи зерттеудің көпмағыналылығы. Екіншіден, тарихи зерттеудің пәні мен әдістерінің өзгеше ерекшелігі. Тарих ғылымының қалыптасуы барысында оның пәніне берілген анықтаманың өзі үнемі өзгеріске ұшырап отырды. Қазіргі заманғы тарихи зерттеу тәжірибесі тарихи зерттеу өрісінің кеңдігін ғана емес, сонымен қатар, оны зерттеу әдіс-тәсілдерінің де кең базасын мойындайды. Басты мақсаты мемлекеттердің дамуының негізгі кезеңдерін қарастыру үшін саяси маңызды оқиғаларды зерттейтін эмпирикалық ғылымнан тарих қоғамды оны даму динамикасы барысында зерттейтін пәнге айналды. Тарихшы өзінің зерттеу объектісіне қоғам өмірінің барлық қырын ала алады. Осындай диверсификацияның өзі – тарих ғылымының зерттеуйінің түпкі негізгі объектісі табиғаты мен жүріс-тұрысы саналуан АДАМ екендігін көрсетеді. Үшіншіден, тарихи таным мен білім таза академиялық білім болған емес. Оның қызметтері өзінің әлеуметтілігімен ерекшеленеді. Тарихи білім мен өткенге деген қызығушылық әрқашан қоғам үшін өзекті  мәселені қарастыру қажеттілігімен де ерекшеленді. Осы тұрғыдан алғанда тарих немесе өткеннің суреті әлеуметтік сананың бөлігі, саяси-идеологиялық түсініктің бөлшегі, әлеуметтік даму стратегиясын анықтаудың ең бастапқы материалы болып табылады. Тарих ғылымының методологиясы  — тарих ғылымдары жүйесінің іргетасы. Тарихты танудың методологиясы – тарихты зерттеу тәсілдерінің және зерттеушінің дүниетанымының ұштасқан кешені ретінде. Методология мен әдістердің мағынасы және оларды теңгерудің мүмкін еместігі мен гносеологиялық қауіп. (Философияның құрамдас бөліктері: Онтология – тұрмыс туралы ілім; Гносеология – таным туралы ілім; Эпистомеология – ғылыми таным туралы ілім; Антропология – адам туралы ілім; Аксиология – құндылықтар туралы ілім. Философияның негізгі сұрағы: адамның әлемге деген қарым-қатынасы). Тарихи білімнің мәні, жалпы даму тенденциялары мен заңдылықтары, ғылыми және әлеуметтік статусы. Казіргі кезендегі тарихи-методологиялық зерттеулердің отандық және шетелдік тәжірибе контексінде тарихты зерттеудің және оқытудың концептуальдық принциптерін анықтау қажеттілігі.

«Тарихи бейнелеудің ерекшелігі. Тарих философиясының өзектілігі және казіргі кезеңдегі міндеттері. Тарих философиясы методологиясының дамуы және оның негізгі белестері.

Тарих түсінігінің кең мағыналылығы. Пәннің категориялық аппараты: әдіс, методология, тарихтың философиясы, тарихи философия, эпистемология, танымның әдістері, тарихи таным, тарихи үдеріс, тарихилық, тарихи теория, өркениет, мәдени-тарихи жүйе, тарихи сана.

Тарих ғылымының методологиясының ғылым ретіндегі даму тарихы. Өткен заманның тарихшыларының оқиғалардың ақиқаттылығы және маңыздылығы туралы түсінігі қазіргі заман тарихшыларының түсінігінен әлдеқайда өзгеше болуы мүмкін. Олар үшін фактілерді мүмкін және адам сенгісіз фактілер деп бөлетін дұрыс ой (здравый смысл) болуы керек. Ежелгі және орта ғасырлардағы адамдар қазіргі кездегі адамдар тәріздес шын болған оқиғаны өтірік сөзден ажыратып алуға қарсы болған жоқ. Алайда, шынайылық пен жалған дүниенің арасын бөліп тұрған шекараны әр дәуірдің адамдары әртүрлі белгілейді. Көптеген дәуірлер үшін таңғажайыптар әлемі егіннің шығуы, соғыстың болуы және осыған ұқсаған фактілер тәріздес өте шынайы болып есептелді; адамдар таңғажайыптың болғандығын дәлелдейтін фактілерді іздесіріп, оны «тапқаннан» кейін ғажайып дүниені болған факт деп есептеді. Аңыздар мен ата-бабалардың әңгімелерінің өзі осы таңғажайып фактілердің болғандығын толығымен дәлелдейтін еді – осылайша тарихи жады мен тарихи сананың ерекше формасы ретінде мифтер мен аңыздар пайда болды. Оның үстіне өткен туралы есте сақталған оқиғаларды «жөндеу» де жүзеге асырылып отырылды: мысалы, ортағасырлық орыс монахы монастырьлық хрониканы жаза отырып, оның арасына хроника жазылған нақты кезеңдегі болған оқиғаларды да кіріктіруі мүмкін. Осы кездегі монахтың әрекетін жалғандық деп танимыз ба, әлде, әділеттілікті өзінше қалпына келіру әрекеті деп қарастырамыз ба? Өткендегі болған оқиғаның болуы дұрыс, әділетті деп шешкен жылнамашының қимыл-әрекеті жалған емес, керісінше тарихи шынайылық пен ақиқатты қалпына келтірудің өзінше әрекеті. Тарихи жады, және оған негізделетін тарихи сана қоғамның әлеуметтік және мәдени өмірінің мазмұны әртүрлі қауымдастықтар мен оптардың шынайылық, ақиқаттылық уралы түсінігімен анықталатын құбылыстарына жатады. Бұл түсініктер уақыт өте келе өзгерісерге ұшырап, әртүрлі халықтар мен өркениеттердің дүниетанымы мен интеллекуалдық дәстүрінде белгілі бір формада сақталып қалды. Әртүрлі қауымдастықтар және олардың ішіндегі әртүрлі жекелеген әлнуметтік топтар тек өздеріне ғана тән тарихи сана мен тарихи жадының типтерін ғана қалыптастырып қана қоймай, өткенді түйсінудің әртүрлі дәрежесін де қалыптастырады.

Адамдар болған белгілі бір оқиғаны бірқатар уақыт мерзімі өткеннен кейін ұмытып, басқа оқиғаның маңыздылығын жоғарыға көтеруге (яғни, өзектілендіруге, көкейтестілендіруге) бейім болады. Әлеуметтік жады мен тарихи сананы зерттеушілер өкендегі адамдар нені және не үшін ұмытқанын ескеруі керек деп есептейді. Жекелеген фактілер мен оқиғаларды өзінің ұжымдық санасынан не үшін өшіріп тастаған себептерін анықтау осы қауымдастықың өзінің тарихтағы орнын қалай деп түсінгендігін көрсетеді. Өткеннің әртүрлі аспектілерін ұмыту әртүрлі себептер арқылы болып отырды.

Біріншіден, адамдарға жекелеген оқиғалар мен жағдайлар белгісіз болып отырды, тарихтың қойнауында аймақтар мен халықтардың тарихының тұтас дәуірлері жоғалып кетті. Негізінен оқиғаларды жазып есте сақтап отыру дәстүрі кең қалыптаспаған кездегі тарихтар үнемі ұмытылып отырылды. Мысалы, қазіргі кездегі европалықтардың ата-бабалары болып табылатын ру-тайпалардың тарихын қалпына келтіру өте үлкен қиыншылықпен гипотезалар құру, болжам жасау арқылы ғана мүмкін болды. Кельттердің, герман тайпаларының, славяндардың әлеуметтік және саяси ұйымдасуы, діни сенім-нанымдары туралы мәліметтер үзік-үзік болды.

Мұндай мәліметтер әрбір халықтың тарихында да жетіп артылады. Мысал үшін айтар болсақ, Африка және Оңтүстік Американың халықтары өздерінің тарихы туралы жазбаларды жүргізуді тек соңғы жүзжылдықта ғана жүргізе бастады. Өзінің тарихи туралы жүйелі жазбалары жоқ халықтар тарихын жоғалтқан деп есептеледі, алайда, бұл олардың тарихы жоқ болды деген сөз емес, ол тарих ұмытылды деген мағынаны береді.

Екіншіден, тарихи жадыны жоғалту адамзаттық немесе әлеуметтік санадан белгілі бір құбылыс туралы деректің табиғи түрде жойылуы арқылы (табиғи ұмыту) жүзеге асырылуы мүмкін. Жеке адамның жадысы немесе ұжымдық жады тарихтың саналуан фактілерінің барлығын есінде ұстап тұруға қауқарсыз. Ұмыту – өзін-өзі сақтап қалуының құралы. Адамзат қауымдастығының жадысынан жекелеген мәліметтерді жойып жіберумен қоса-қабат, сол адамдар үшін маңызды болып саналып, ұрпақтан ұрпаққа жеткізілетін ақпараттарды екшеп алу үдерістері болып тұрады. Есте сақтауға лайықты ақпараттарды бөліп алу, артық ақпаратты алып тастау техникасы әртүрлі. Олар қоғам мен оның топтарының деңгейі мен әлеуметтік даму типіне тәуелді болды. Ортағасырлық европалықтар, не болмаса антикалық тарихшылар, я болмаса қазіргі тарихшылар сақтаған тарихи мәліметер әртүрлі критерийлер бойынша іріктеледі. Ал, монастырь жылнамашылардың назарын мүлде басқа нәрселер аударды. Алайда, осылардың барлығына есте сақталатын, жазылатын құбылыстар мен оқиғалардың маңыздылығын түсіне білу, ал басқа фактілерді жазудан тыс қалдыра білу ортақ қасиет. Ал көп жағдайларда өткен дәуір тарихшыларының «ұмыт» қалдырған оқиғалары қайта оралып, қайтадан әлеуметтік сана мен тарихи жадының нысанына айналады.

Үшіншіден, өткенді ұмыту қоғамдық сананы саяси және идеологиялық себептер мен негіздерге байланысты саналы түрде жүргізіледі. Жақын өткенде ғана болып өткен КСРО елдерінің тарихы осының жарқын және трагедиялық айғағы. Тек ресми тарихнама ғана емес, сондай-ақ көпшіліктік тарихи сана бірнеше онжылдықтарға қуғындаулар мен репрессияларды, адамдар мен тұтас әлеуметтік топтарды жойып жіберу фактілерін өз жадысынан шығарып жіберді. Жадыны ұмыту міндеттері әртүрлі болуы мүмкін. Тарихтың келеңсіз оқиғаларын ұлттық сезім мен мақтанышты күшейтуі мүмкін. Сондай-ақ, басқыншылар жеңіліске ұшыраған елдер мен халықтар туралы жадыны да жойып жіберуі заңды құбылыс, сөйтіп жауды жеңу фактісіне толық аяқталған сипат беруі мүмкін.

Ұмыту – тарихи жадының бөлінбес бөлшегі. Бұл құбылыстың табиғаты мен қызметі саналуан. Бір жағынан, ол адамзаттың ұрпақтарының санасында сақталатын және жаңғыртылатын өткеннің келбетіне нұқсан келтіреді. Ал екінші жағынан, ұмытусыз, «артық ақпаратты» кесіп тастаусыз өткеннің тұас логикалық тізбектелген суреті сақтала алмайды, сөйтіп тарих фактілердің ретсіз жинағына айналады.

Тарихи сана белгілі бір дәрежеде барлық адамзат ұрпағына тән. Алайда, өткенге қатынас жасау, ол туралы ақпаратты алу әртүрлі, сондықтан біз тарихи сананың әртүрлі типі туралы ой тұжырымдай аламыз. Тарихи сана типтерінің арасындағы негізгі айырмашылық екі фактормен анықталады: біріншіден, өткеннің суретіне деген эмоциалық және рационалдық қатынастың әртүрлі дәрежеде болуы; екіншіден, жекелеген тарихи куәліктердің негізінде қайта жаңғыртылатын өткеннің суретінің шынайылығының дәрежесі.

Тарихты ғылым ретінде тану екіжақты пікірге ұшырады. Оның біріншісі тарих өткенді тану құралы емес дейді. Бұл пікірді жақтайтын М. Блок «Өткен өмірді ғылым нысаны деп танудың өрескел ой», – десе, У. Люси: «Тарихты өкенмен бірдей», – деп қарастыруға болмайды дейді. Ал, бұған қарама-қарсы пікірді жақтаушылар «Тарих – адамзатың көптеген ұрпақтары жинаған рухани-адамгершілік, мәдени және әлеуметтік тәжірибесі», – деп қарастырады (Семенникова Л.И.).

Тарих үдеріс ретінде өзара тығыз байланыстағы табиғат пен қоғамның дамуы болып табылса, тарих ғылым ретінде саналуан қырлары бар адамза қоғамының дамуы туралы ғылым болып табылады. Осыдан келіп, «тарих» ғылыының зертеу пәні тарихи кеңістік пен уақыт ішінде қарастырылатын адамдардың қызметі мен әрекеі, қоғамдағы қатынастардың барлығы.

Тарих ғылымының өзінің дербес ұстанымдары бар. Олардың біріншісі – сипаттау ұстанымы. Бұл ұстанымсыз тарихтың өзі адамзаттың өткені туралы әңгіме болып құрыла алмайды. Оның үстіне ол әлемнің тұтас бейнесін жасау және тарихтың көпшілік арасына насихаттау, уағыздау, тарату үшін қажет.  Екінші ұстаным – тарихшылдық ұстанымы. Ол бойынша барлық тарихи үдерістерді жүйелі түрде қарастыру, оқиғаны бөлшекің қосындысы түрінде қарастыру, құбылысты оның пайда болу үдерісінен логикалық аяқталуына дейінгі дамуын, қарастырылып отырылған құбылыстың (оқиғаның, фактінің) алдыңғы және кейінгі байланысын ескеру  (каузальдық байланыс) міндеттеледі. Соңғы ұстаным – объекивтілік ұстанымы. Тарих ғылым роліне тек қана объективті ақиқат білі ала алатындығын дәлелдеген жағдайда ғана ғылым ролін атқара алады.

Фактілер көлемі, күрделілігі, мағынасы жағынан өзара ерекшеленеді. Мысалы, Қырым соғысы – бұл жекелеген, қайталанбайтын факт болып табылатын тарихи оқиға. Ол тарихта бір ғана мәрте (1853-1856 жж.), нақты хронологиялық кезең ішінде болды. Бұл соғысқа белгілі бір елдер ғана қатысты (Ресей, Түркия, Англия, Франция), кеңістік ішінде шоғырланған (әскери қимылдар Қара теңіз, Қырым түбегінде, Кавказ тауларында болды). Бұл оқиғаны түсініп, меңгеру үшін оны одан кішірек, Синоп шайқасы, Севастополь қорғанысы, Камчаткадағы-Петропавловск қорғанысы тәріздес фактілермен танысу арқылы игеру керек. Яғни, өзінің толық ашылуы үшін неғұрлым кішірек фактілерді білуді талап ететін күрделі фактілер – бірінші кезектегі фактілер, ал, кішірек фактілер – екінші кезектегі фактілер деп аталады. Бірінші кезектегі фактіні түсіну екінші кезектегі фактіні меңгермейінше  мүлдем мүмкін болмайды.

Өз кезегінде екінші кезектегі фактілер де нақтыланады. Мысалы, жоғарыда келтірілген Синоп шайқасының өзі орыс және түрік эскадрасының орналасуы, олардың сапқа тұру ерекшеліктері, қару-жарақтарының ерекшеліктері, шайқас эпизодтары және т.б. бөліктерден құралады. Бұл фактілер тарихи білімнің алғашқы бөлшектері деп аталады. Әдістемеде олар тек бір ғана қарапайым тарихи құбылысты немесе оның бір ғана сипатты белгісін көрсетететін қарапайым фактілер деген топқа біріктіріледі.

Оқиғалар мен құбылыстар бір-бірімен тығыс байланысты. Оқиғалар мен құбылыстар арасындағы байланыстар жекелеген, қайталанбайтын фактілерді оқу типтік фактілер мен құбылыстарды меңгеруді мүмкін ететіндігінен көрінеді. Мысалы, жекелеген шаруалыр көтерілістерімен танысу арқылы біз олардың феодализм кезіндегі негізгі күрес түріне айналған сипаттылығымен де таныс боламыз.

Осы кезде кері байланысты да анықтауға болады. Мысалы, империализм дәуіріндегі капиталистік елдер арасындағы қарама-қайшылықтар үдерісін білу – І дүниежүзілік соғыстың себебі мен сипатын түсінуді мүмкін етеді.

Фактілер – теориялық тұжырымдардың негізі болып табылады. Хронология және кезеңдеу. Пәнаралық байланыстар. Тарихнама тарих ғылымының тарихы ретінде. Тарихи ғылымда тарихнаманың орны, тарих ғылымының дамуына оның маңызы. Ежелгі дүние және ортағасырлар тарихының тарихнамасы пәні. Курс бойынша әдістемелік көрсетулер.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *