Ынтымақтасудық өндірістік

Ынтымақтасудық өндірістік-кәсіптік деқгейі әлсіз топтардың іскерлік сипаттағы белсенділікке, өндірістік қызметке интеграциялануына (енуіне) мүмкіндік жаратады. Осында еқбек ету, өндірістік өзін-өзі басқару,кәсіби және адамдардың жалпы еқбек потенциалын (күшін) өндірістік жолда пайдалану, олардың еқбегін қорғау құқықтары келіп шығады. Бұл интеграция мен кооперация бір жағынан өзара қолдау мүмкіндігін берсе,екінші жағынан индивидуалдық  ресурстарды ашуға және іске асыруға жол ашады. Бұл қозғалыстар әлсіз топтарды жұмыс орнымен қамтамасыз етуге, оларды қайта дайындауға (кәсіпке үйрету) бағытталғансаясатқа өз ықпалын тигізеді. Бұл жерде психологиялық тұрақтылық және идеологияны қалыптастыру үлкен мақызға ие. Әлсіз топтардың барлық ресурстарын практикалық пайдалануға бағытталғандығын ескереотырып, бұл жағдайды «прагматизацияң деп атаса да болады. Осындай негізде жасалған әлеуметтік-саяси технологиялар, кез-келген адамның ауыр жағдайға душар болуын түсіне отырып, прагматизм менқайырымдылықты, индивидуализм мен ұжымшылдықты бірлестіреді.

Рухани-мәдени деқгей персопализация (немесе трансцендентализация) сияқты қоғамдық идеологиямен байланысты. Осыған орай, адам өзін жалпы бір тұтастықтық бөлшегі ретінде сезе алады. Адамдар өздерін үлкен қауымдастықпен бірлестіреді. Мысалы, Отан туралы түсінік, ортақ жұмысты орындауға қатысу және т.б. Бұл идеологияны бағаламай қоюға болмайды, керісінше оны әлеуметтік-саяси технологиялар, ынтымаққа жету технологияларының негізі ретінде пайдалану қажет. Бұл жерде дінніқ ролі де үлкен әрі мақызды.

Ынтымақтық осындай  деқгейін бағалай білмеу қоғамдағы жарылыстар мен бөлінулерге келтіруі мүмкін. Мысалы, соғыс ардагерлеріне (қайсы соғыс болмасын) тек материалдық жәрдем берудің өзі жеткіліксіз, оларға идеологиялық сипаттағы қолдау да қажет. Сол үшін рухани-мәдени, қайырымдылық, моральдық, патриоттық, діни бағыттарда жұмыс істей алатын қауымдастықтар болуының мақызы үлкен.

Ал мемлекет әлеуметтік саясатты жүргізе отырып, аталған әлеуметтік идеологиялардың қозғалыстарын барлық деқгейлерде күшейтіп, әлеуметтік-саяси технологияларды жасап және қолдап келуі керек. Бұлардан тыс, мемлекеттің бұл мәселеге қатысты өз әлеуметтік-мемлекеттік технологиялары да бар. Олар легализация, легитимизация, партикуляризация деп аталып ынтымақ көріністерінің барлық деқгейлеріне ене алады.

Легализация дегеніміз – ол әлеуметтік заң шығарушылықты жасау және қолдану, оның орындалуын қадағалау.

Биотикалық деқгейде ол – денсаулық сақтау мен тұрғын үй жағдайын жақсартуға, өмір сүру ортасы, өнімдер мен қызметтер қауіпсіздігін күшейтуге, медициналық және психологиялық реабилитацияның дамуына жағдай жасайды.

Іскерлік деқгейде болса, ол әлсіз топтар үшін жұмыс орындарын ашуға, кәсіптік бағдарлау жұмысын атқаруға, еқбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге күш салады. Рухани-мәдени деқгейдегі легализация, ата-бабалар мен замандастар ерліктерін есте сақтауға, патриоттық сезімдер мен бірлікке деген көқіл-күйлерді қолдауға қаратылған ұйымдастырушылық және заң шығарушылық жұмыстарын атқарады.

Легитимизация – азаматтардың барлық деқгейдегі саясатқа араласуын, тұрғындар мен түрлі билік органдарының тарапынан әлеуметтік саясат және әлеуметтік жұмысты қолдау жұмыстарын қамтамасыз ету шараларын белгілейді.

Партикуляризация – адам еркіндігіне зиян тигізбей, ынтымақта ашыла алатын қабілетіне ие жеке сфераларды, жеке және таптық белсенділіктерді ақылға қонымды  мөлшерде қолдау үшін қызмет етеді. Әлсіз топтардың шайқалған статустарын күшейту үшін, олардың мүдделеріне уақытша болса да айрықша үстем мән беру үшін, ерікті ынтымақты қамтамасыз ету үшін, партикуляризация түрлі топтардың мүдделерінің дифференцияланғанына сүйенеді. Бұл қимылдардың бәрі де ынтымаққа жетуге бағытталған.

Сонымен, әлеуметтік жұмыстыңсаясаттанушылық негіздері, өмір сүрудің өзін ұйымдастыру деқгейлерінің ұйымдастырушылық қосындыларын да, оларды талдауды да өз ішіне енгізеді. Әлеуметтік қызметкер — әділет идеологиясын, оған сәйкес жалпылықтар мен ұйымдардың белсенділігін практикалық пайдалануға өз бағытын қаратқан. Ынтымаққа жету үшін ол әлеуметтік-саяси және әлеуметтік-мемлекеттік жүйеге еніп кетеді. Бұл ынтымақ әлеуметтік саясат пен әлеуметтік жұмыстыңәрі реал негізі, әрі мақсаты болып табылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *