Қазақстан республикасының әлеуметтік саясаты

Қазақстан республикасының әлеуметтік саясаты

 

Әлеуметтік саясат дегеніміз – бұл  адам және топтардың мүдделерін, құқықтары мен еркіндіктерін қорғауға жағдай жасаушы, қоғамдағы әлеуметтік жұмыстарға ықпал етуші ең мақызды факторлардың бірі.

Жалпы саясат деп – түрлі әлеуметтік және басқа да топтар мен таптар арасындағы мемлекеттегі билік үшін күресіне, мемлекеттік қызметтің мазмұнынан, формасы мен мақсатын белгілеуге, басқа да елдермен қарым-қатынасына байланысты болған қатынастар сферасын айтуға болады.

Қоғамдық өмірдің қайсы-бір сферасына бағытталғанына қарап, саясатты экономикалық, мәдени, әлеуметтік және т.б. деп атау мүмкін. Мемлекеттің немесе басқа саяси институттардың әлеуметтік сфера дамуын басқарудағы, әлеуметтік сфераның дамуы мен жұмысының негізгі бағыттарын, мазмұнын аныңтаудағы қызметтері — әлеуметтік саясаттық мазмұны болып табылады.

Арнайы ерекше объектіге қаратылғаны үшін де, әлеуметтік саясат, барлық басқа саясаттардың (әсіресе экономикалық саясаттық) өзіндік бір қосындысы болуы керек. Әлеуметтік қатынастар басқа қоғамдық қатынастардың синтезі ретінде түсініледі, олардың мазмұндық жақтары адамның қоғамдағы жағдайы және түрлі мүдделері мен қажеттіліктерін қанағаттандыруы арқылы көрініс табады. Қазіргі заманда әлеуметтік саясат ең алдымен мемлекет тарапынан жүргізіледі. Адамдардың бірге өмір сүруін ұйымдастырудағы тарихи қалыптасқан нақты форма ретіндегі саяси, әлеуметтік институттардың бірі болып мемлекет саналады. Бұл институттардың (қоғамдық ұйымдар, бірлестіктер және т.б.) ішінде болған мемлекет, өзінің пайда болған кезінен бастап қоғамдық-саяси өмірдегі басты рольді иеленеді. Саяси жүйенің негігі институты, қоғамды басқаруды, оның экономикалық және әлеуметтік құрылымдарын сақтауды, әлеуметтік қарсыластардан үстем болуды көздейді.

Мемлекеттің негізгі белгілері: 1. Ұйымдар мен мекемелердің белгілі жүйесі. 2. Мемлекет тарапынан рұқсат етілген нормалар жүйесін бекітуші құқық. 3. Сол мемлекеттің құқықтық амалдары жүргізілетін белгілі бір территория. Осы орайда екі мақызды жағдайды атап өтейік:

1.    Тарихқа үқілсек, мемлекеттің ролі туралы әртүрлі көзқарас айтылып келген. Мемлекеттердің, басқару формаларының, құрылымдардың, саяси режимдердің түрлі типтері болғандықтан, қоғамдық және  әлеуметтік процесстерге мемлекеттің ықпал ету әдістерінің де түрлілігі келіп шығады. Қазіргі заманда, кейбір мемлекеттерде әлеуметтік қорғау проблемаларын негізінен мемлекет шешіп жатса, ал басқа мемлекеттерде ол мәселелерді жекеменшік, қоғамдық, қайырымдылық және т.б. институттар шешіп келеді.

2.    Қазіргі заман Қазақстан мемлекеті өтпелі кезеқді бастан кешуде, демек оның негізгі институттарын әлі де толыққанды жұмыс істеу үшін жетілдіріп, дамыту қажет.

Әлеуметтік жұмыс жүйесі тікелей қоғамның даму деқгейіне байланысты. Бұл жерде үш тенденцияны атап өтуге болады:

а) Өзгертілген формадағы социалистік тәртіпке қайту.

б) Социалистік даму жолынан бүтіндей қол үзіп жақа негіздер мен жағдайларға бейімделген капитализмді құру.

в) Тұрақсыздықтан келіп шығатын түрлі типтегі қоғамдық-саяси жүйелердің элементтерімен жұмыс істеу.

Бұл үш тенденцияның да қарсыластары жетерлік. Еқ бастысы әлем тәжірибелеріне сүйенген халде, өз қоғамымыздық ерекшеліктерін есепке алып, барынша тиімді әлеуметтік жұмыс жүйесін жасап және де заман талабына сай дамытуды ойлау қажет.

Мемлекеттің әлеуметтік саясаты – ел тұрғындарының басым бөлігін қамтамасыз ету үшін, мемлекеттік құрылымдармен қатар  әлеуметтік салада жұмыс істеуші басқа да түрлі мемлекеттік емес құрылымдардың қызметін мейлінше дамыту өзекті мәселе болып қалуда. Әлеуметтік саясат тек республика тұрғындарына ғана емес, шет елдерде жасайтын қандастарымыздық мүдделерін ескеріп отырса, ол елдіқ мәртебесін көтеруге ықпал жасайды.

Алда қаншама қиындықтар тұрса да, мемлекет қазаң ұлты өкілдерінің Қазақстанға келіп жасауына қолдан келгенше жағдай жасап отыр. Әлемдік практикада бұл өте сирек кездесетін жағдай. Басқа елдерден өзінің ата мекеніне келемін деушілердің саны да өсуде. Бұған біріншіден біздіқ еліміз тұтқан әлеуметтік саясат, ал екіншіден экономиканың көрші елдерге қарағанда едәуір жедел қарқынмен дамуы себеп болып отыр. Елге келуші оралмандарға үй-жәй және басқа да материалдық, моральдық жәрдемдер мемлекет есебінен берілуде.

Егер саясат экономиканың шоғырланған көрінісі деген көзқарас дұрыс болса, онда әлеуметтік саясат әлеуметтік сфераның жұмысы мен дамуын басқаруға бағытталған саясаттық барлық түрінің арнайы шоғырлануы болуы мүмкін. Әлеуметтік сфера өзіндік ерекше жүйе болып, әр айсысы салыстырмалы түрде өз алдына жұмыс істей алатын бөлімдерге (элементтерге) бөлінеді.

1. Адамдарды түрлі әлеуметтік және қоғамдық топтарға бөлуші, олардың арасындағы қарым-қатынастарды дифференциялаушы (бұл жерде реттеуші) ретіндегі қоғамдық әлеуметтік құрылым. Бұл жерде  жалпы әлеуметтік құрылымның дамуының деқгейі мен әлсіз қорғалған топтардың барлығы мақызға ие.

2. Адамдарға қызмет көрсетуші және қалыпты нормал өмір сүру үшін жағдай жасаушы ретіндегі әлеуметтік инфрақұрылым.

3. Қоғамның және басқа сфералардың даму деқгейі ретіндегі әлеуметтік сфераның мақызды компоненті болып адамның еқбек ету жағдайы, тұрмысы, демалысы, кәсіпті тақдай алуы, тұрар жерді тақдай алуы, құндылықтардан пайдалана алуы, құқық пен еркіндігінің қамтамасыз етілуі саналады.

Осы көрсетілген бағыттардағы шоғырлану мемлекеттік әлеуметтік саясаттық негізі болуы керек.

Әлеуметтік саясаттық мазмұны адамдарға кеқ түрде әлеуметтік қызмет көрсету талабына сай болуы қажет. Бұл дегеніміз мемлекет қиын жағдайдағы  азаматтар мен отбасыларға әлеуметтік адаптация (бейімделу) және реабилитация (ақтау) жасауға, әлеуметтік-тұрмыстық, медициналық-әлеуметтік, психолого-педагогикалық, құқықтық қызмет көрсетіп, әлеуметтік-экономикалық қолдауды жүзеге асырады дегені.

Мемлекеттік әлеуметтік саясат түрлі өлшемдерде болуы мүмкін яғни экономикалық, ұйымдастырушылық, құқықтық, жеке әлеуметтік, мәдениеттанушылық, экологиялық, жеке тұлғалық. Сол үшін де әлеуметтік саясаттық сандық және сапалық сипаттамалары, белгілері болуы мүмкін. Бұл сипаттамалардың объективті критерийлері ішінде ең мақыздыларын атап өтейік. Олар: қоғамдағы әлеуметтік әділеттің практикалық іске асуы, қоғамдағы түрлі топтардың шын мәнінде рационалдық (тиімді) қажеттіліктерінің қанағаттандырылуы тұрғысынан қарағандағы әлеуметтік мүдделерін есепке алу, әлсіз қорғалған топтар мен тұлғалардың әлеуметтік қорғалуы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *