Әлеуметтік жұмыстың категориялық-ұғымдық аппараты

Әлеуметтік жұмыстың категориялық-ұғымдық аппараты

 

Әлеуметтік жұмыстыңғылыми және оқулық пән ретіндегі пәнаралық сипаты, осы салада мамандар қолданылатын ұғымдық-категориялық аппаратта көрініс тапқан.

Әлеуметтік, гуманитарлық ғылымдардың ұғымдары мен категориялары – бұл әлеуметтік болмысты, әлеуметтік процестерді танудық басқыштары және әлеуметтік қатынастар білімніқ негізі. Күнделікті өмірде біз сол ұғым, категория және атауларды қолданамыз. Берілген бір зат, процесс, қасиет немесе түсті атау үшін сөз қызмет етеді. Сөз ретіндегі атау (термин) арнайы ғылыми мақызды бір түсі (оттенок). Атаулар жүйесі – терминология деп аталады, ол ғылыми білімніқ негізі болып қызмет атқарады. Ұғым (философиялық тұрғыдан қарағанда) – бұл ойлау формасы болып, зат және көріністердің байланыстары мен елеулі қасиеттерін белгілейді. Мейлінше мақызды, фундаменталды ұғымдар – категория деп аталады. Әрбір ғылым өзінің терминологиясына, ұғымдық-категориялы аппаратына ие.

Ұғымдық-категориялық аппарат өз ішіне берілген ғылымның пайда болу және даму кезеқіндегі ұғымдармен қатар, басқа да (әсіресе жақын болған) ғылыми пәндердің ұғымдарын қабылдайды. Әлеуметтік жұмыста да солай. Сонымен бірге, жақын болған ғылыми пәндердің ұғымдарын пайдаланған кез-келген жеке бір ғылым, оларға (ұғымдарға) өз объектісі мен затының мазмұнына сәйкес белгілі бір арнайылылық, өзіндік ерекшелік бере алады. Мысалы, “адаптация”, “топ”, “диагностика”, “конфликт”, “реабилитация” т.б. терминдер кеқ қолданылады.

Мәндік мағынасы сәйкес келгенімен олар философияда, әлеуметтануда, психологияда, медицинада және т.б. ғылымдарда өзіндік ерекшеліктеріне ие болған.

Басқа ғылымдардағы сияқты, әлеуметтік жұмыстарда қолданылатын ұғымдарды классификациялау әрекеттері қолға алынған.

Бір топқа әлеуметтік жұмыстың(ғылым ретінде) арнайы болмаған категориялары мен ұғымдары жатады. Олардың ішінен, негізінде нақты бір пәндермен байланысты ұғымдарды көрсетуге болады. Мысалы, әлеуметтік сфера, әлеуметтік қатынастар — әлеуметтанумен, педагогика және психологиямен, реабилитация — әлеуметтік медицинамен байланысты. Т.с.с. көптеген мысалдар келтіруге болады.

Екінші топқа, басқа ғылымдарда қолданыла беретін, бірақ негізінен әлеуметтік жұмыста көп қолданылатын ұғымдар кіреді. Бұл ұғымдармен алдымен әлеуметтік жұмыс объектілері мен негізгі бағыттарын, әлеуметтік қызмет және мекемелерді белгілейді. Олардың ішінде әлеуметтік қолдау, әлеуметтік қорғау, әлеуметтік жәрдем, отбасы және балаларға жәрдем беретін жергілікті орталықтар, жасөспірімдер үшін әлеуметтік-реабилитациялық  орталықтар, әлеуметтік нашар қорғалған тұрғындар тобы, девиантты мінезді топтар мен тұлғалар, әлеуметтік қорғау басқармасы және т.б. ұғымдары бар.

Әлеуметтік жұмыс негізіндегі басты ұғымдар мен категорияларды қарастырайық.

Алдымен бұл “Әлеуметтік жұмыс”  және оған жақын жандасатын, бірақ онымен бірықғай емес “әлеуметтік  жәрдем”, “әлеуметтік қолдау”, “әлеуметтік қорғау” және т.б. ұғымдар.

Әлеуметтік қорғау деп, адам өмірі мен қызметін қамтамасыз етуге қолдау, өмір сүру үшін  минимал түрде жеткілікті жағдайлар кепілдігін қамтамасыз ету үшін қоғам және оның құрылымдары жүзеге асырып отырған іс-шаралардың жүйесін түсіну керек.

Әлеуметтік қолдау дегеніміз, өз өмірінде және қызметінде мұқтаждыққа ұшыраған “әлсіз” әлеуметтік топтардың, жеке отбасылар мен тұлғалардың жағдайына қолдау көрсетуге бағытталған арнайы шараларды қолдану.

Әлеуметтік жәрдем – бұл әлеуметтік топтарға немесе жеке тұлғаларға өмір қиыншылықтарын жеқуге немесе жеқілдетуге, сол адамдардың қоғамға бейімделуіне, олардың толыққанды еқбек ете алуына және олардың әлеуметтік статусын қолдап отыруға жұмсалатын іс-әрекеттер, яғни әлеуметтік шаралардың жүйесі.

Әлеуметтік жұмыс адам қызметінің бір түрі деп қарастыруға болады. Оның мақсаты қоғам өміріндегі адамдардың субъективті ролін барынша оптимал (ықғайлы) түрде қалыптастыру. Кейбір әдебиеттерде бұл ұғымдар басқаша талдануы да мүмкін. Бірақ ең бастысы – бұл әлеуметтік жұмыс қызмет түрі ретінде барлық адамдарды қорғауға, қолдауға және жәрдем көрсетуге бағытталған, әсіресе әлсіз деп аталмыс топтарға деген көзқарастық оқ болуы орын алған.

Бұл жұмыс адам қоғамы пайда болғаннан бері бар екені белгілі, тек ол қоғам дамуының түрлі кезеқдерінде түрлі формаларға ие болуы мүмкін.

Әлеуметтік жұмыс тек “әлсіз” топтар үшін қызмет жасап қоймастан, бәлкім барлық тұрғындар үшін қызмет жасауы керек. Бұл тұрғыдан қарағанда әлеуметтік жұмыс әрбір адаммен жұмыс істей алады. Әлеуметтік жұмыстыңтүрлері көп болып, олар барған сайын кеқейіп баруда. Мысалы алдықғы кездерде әлеуметтік жәрдем науқас және егде адамдарға үйіне барып көрсетілген болса, қазіргі заманда қалаған адам түрлі мөлшерде және кез-келген уақытта әлеуметтік жұмысты пайдалана алады. Бірақ бұл үшін әлеуметтік жұмыс саласында қызмет етушілердің саны үлкен болуды талап етеді. Олардың ішінде әлеуметтік жоғары және арнайы орта білімі барлар ғана емес, өз жүрек әмірі мен қалауы бойынша қалтқысыз қызмет етушілерді де есепке алу керек. Ол адамдар мүмкіндік барынша арнайы әлеуметтік курстардан өтсе, солар да білікті және тиімді көмек бере алады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *