Жобалық құжаттандыру және әлеуметтік төлқұжат

Жобалық құжаттандыру және әлеуметтік төлқұжат

 

1.Жобаны жасау бойынша жүргізілетін іс-әрекет жобалау деп аталады. Әлеуметтік жобалау қоршаған ортаны нақты мақсат, міндет қою, оған жетуге әрекеттер жасау арқылы жақсарту және оларды іске асыру үшін қажетті ресурстарды суреттеу. Әлеуметтік жобалау дегенде төмендегі қызметтер түсініледі : 1) әлеуметтік маңызды, әлеуметтік тиімділігі бар қызмет; 2)  бұл қызметтің нәтижесінде (міндетті түрде заттық емес) практикалық маңызы бар шынайы «өнім» жасалуы тиісті. Ал, жоба деп обьектіні жақсартуға тиіс және оны іске асырудың нақты қадамдары мен әдістерінен тұратын нақты жағдайды суреттеуді айтады. Жоба – қызметті басқарудың нақты, орындауға болатын тәсілі. Ал, әлеуметтік жоба – жақын әлеуметтік қоршауда болатын өзгерістердің моделі, ол мынандай түрлерде болуы мүмкін:

— аталған өзгерістерді іске асыру бойынша қызметтерді сөзбен суреттеу;

-графикалық бейнелеу (чертеж, схема, т.бт.);

-жоспарланған әрекеттерді іске асыруға қажетті сандық көрсеткіштер мен есептер.

Жобаның белгілері:

-жағдайды өзгерту, проблеманы шешу, жаңа бір нәрсенің пайда болуы;

-баталу мен аяқталудың белгіленген мерзімінің болуы;

-анықталған ресурстардың болуы;

-өлшенетін өнім мен нәтиженің болуы.

  Жобаны басқару —  жобамен жұмыс жасауды басынан аяғына дейін басқару процесі. Басқару негізінен үш қызмет түрінен тұрады:

 1)Жоспарлау, ол мынандай сатылардан тұрады:

-жобадан күтілетін нәрсені анықтау, яғни жобаны іске асырған соң нені көргіміз келеді;

-жұмысты орындау кестесі мен орындаудың стратегиясын жасау. Барлық ойланған шаралар, соның ішінде, ресурстар мен спонсор іздеу, әртүрлі кездесулер, акциялар өткізу, сауалнамалар жүргізу, жобаны іске асыру барысында кездесетін қауіптер – барлығы мерзімі мен жауаптыларымен қоса жазылып, нақтылануы тиіс;

-қажетті ресурстар санының есебі, яғни жобаны іске асыруға және жасауға қажетті нәрселер (қаржы, адам, транспорт, кацелярия заттары, т.бт.).

2) Ұйымдастыру, оның мәні жобалық команда ішінде ролдер мен міндеттерді алдын-ала бөлу, яғни әркім өз қабілетіне қарай жұмыс жасау керек, жалғыз адам барлық жұмысты сапалы жасай алмайды.

3) Басқару, ол мынандай сатылардан тұрады:

-атқарылатын жұмыстарға басшылық жасау және нәтижені бақылау, яғни жауаптыларды тағайындау, атқарылған жұмыс есебін талап ету;

— жұмыс жасау барысында пайда болған проблемаларды шешу. Егер жобаны іске асыру барысында алдын-ала күтілмеген  проблемалар шығып жатса, оларды тез шешу қажеттілігі туады, өйткені олар дер кезінде шешілмесе жобаны іске асыру барысына теріс әсер етіп, алға қойылған мақсатқа қол жеткізілмеуі мүмкін;

— жобаны шешуге қатысты проблемаларға байланысты мүдделі адамдармен ақпараттармен алмасып отыру.

Қоғамдық өмірдің жан-жақтылығы, әлеуметтік сфераның көп жоспарлылығы әлеуметтік жобаларды әртүрлі негізде жіктеуге әкеліп соқтырады. Әлеуметтік жобаны жалпы түрі бойынша «қалыпты» және «реалды» деп бөледі. Қалыпты жоба деп негізгі белгілері (жоба өлшемі, қамсыздандыру ресурстары, т.б.) бір-бірін тең праволы теңгеретін жобаны айтамыз, ал реалды жобада тек бір белгі басым болады.

Жобалады мазмұнына қарай қолданбалы, ақпараттық, ролдік-ойындық, зерттеушілік, ізденушілік деп бөледі. Қолданбалы жоба — нәтижесі тікелей практикада қолданылуы мүмкін жоба, ақпараттық жоба – қандай да бір обьект, құбылыс, оқиға туралы ақпаратпен жұмыс істеуге бағытталған, кең аудитория үшін ақпарат жинақтап, талдаумен және ұсынумен айналысатын жоба, ролдік не ойындық жоба қатысушылардың жобаның мазмұнына сай белгілі бір әлеуметтік ролді өздеріне қабылдап, ойын жағдайында мінез-құлықты айқындайтын жоба, зерттеушілік –нәтижесі бұрын белгілі емес шешімді творчестволық зерттеушілік  тұрғыдан шешумен байланысты жоба, ізденушілік жоба – ізденушілік, шығармашылық  тәсілдер жиынтығынан тұратын жоба.

Қызмет түріне қарай жобаларды білім беру, ғылыми –техникалық, технологиялық, космостық, экономикалық, құрылыстық, экологиялық, әлеуметтік, мәдени деп бөледі.

Өзгеріс сипаты бойынша жобаларды 1) инновациялық, яғни принципалді түрде жаңа өңдеулерді енгізетін; 2) қолдаушы, қайта құрушы, реанимациялық, яғни қала салатын, экологиялық міндеттерді шешетін, әдет-ғұрыптарды сақтауға ұмтылатын, т.б.  жобалар деп бөледі.

Әлеуметтік жобалау шегінде синтез – анализдің төмендегідей үш типі жатыр: 1) Кабинеттік – тек білім не ғылым негізінде жобалау;  2) ойындық- білім және іскерлік ойындар негізінде жобалау; 3) тәжірибелік – білім, іскерлік ойын, тәжірибе негізінде жасалған жобалар.

2. Әлеуметтік жобалау жобаны орындау технологиясымен тығыз байланысты. Жалпы, технология арқылы абстрактілі нәрселер бұйрық, шешім, нұсқауға айналады, ал адамдардың әлеуметтік белсенділігі қажетті әрекеттерді тиімді орындауға бағытталады.   Әлеуметтік  жобалау технологиясы  жобалау методологиясы мен әлеуметтік ғылымдар  методологиясы негізінде құрылады. Жобаны орындау технологиясын үш бөлімге бөлуге болады:

-зерттеушілік божамды анықтау (жүйенің дамуын обьективті заңдар негізінде сипаттайды және адамдардың мақсатты килігуін болдырмауды қалайды);

-нормативтік болжамды анықтау (алға қойылған мақсат, міндет, норма, идеал негізінде болжамдауды іске асыру);

-болжамды мақсат пен міндет, ресурстар мен мерзімге сай верификациялау (түзетудің көпсанды варианттарының негізінде жүйе мен прцестің болашақ жай-күйінің моделденуі).

3. Жобалау процесін басқару тек ұйымдастыру ресурстары арқылы ғана емесғ сонымен бірге әлеуметтік жобаны жасау процесін технологизациялау көмегімен де іске асады. Бұл мақсатта әртүрлі жобалық құжат пайдаланылады. Оның негізгісі әлеуметтік төлқұжат болып табылады. Әлеуметтік төлқұжатты құрау обьектіні құжаттандыру процесінде іске асады. Обьектіні құжаттандыру – жүйе, процес немес құбылыс туралы дәл мәліметтер алу, оның жай-күйін, қызмет ету жағдайын және дамуын суреттеу.

Әлеуметтік төлқұжат – жүйенің қызмет етуі мен дамуына ықпал ететін және оның сапалық параметрлері бейнеленетін, құрылымына талдау жасалатын жинақ құжат.

Әлеуметтік құрылымның төлқұжатын жасау мынандай кезеңдерден тұрады:

-жүйенің қалыпты қызмет етуі мен дамуына ықпал ететін сипаттамалар мен параметрлерді анықтау, оларды жіктеу және бөлу;

-төлқұжат формасын жасау (жүйе әсерімен өзгеретін көрсеткіштерді енгізу);

-төлқұжат формасын толтыру, қажет мәліметтерді алу: құжатпен жұмыс жасау, анкета, интервью жүргізу.

 

12. Әлеуметтік жобалаудың бағыттары

 

1. Аймақтық жобалаулар, мақсаты мен стратегиясы

2. Аймақтық жобалаудың технологиясы

3. Адамның өмір салтын әлеуметтік жобалауды жетілдірудің технологиялары

 

1.  Әлеуметтік жобалау жүйесіндегі аймақ. Аймақ – әлеуметтік жүйе ретінде. Аймақтың әлеуметтік жүйе ретіндегі негізгі сипаттамасы. Аймақтың шекарасын анықтау. Аймақтың функциональды және иерархиялық құрылымы. Аймақтың әлеуметтік функциялары. Аймақтық жобалаудың мақсаты мен міндеттері. Әлеуметтік тапсырыс және оны анықтау тәсілдері. Кешенді және арнаулы жобалар. Аймақтық жобалауларға нормативті жіне жүйелік көзқарас.  Аймақтық жобалауды ақпараттық және ресурстық қамсыздандыру. Аймақтық жобалау пәні. Аймақтық басқарудың ұйымдық құрылымы. Территориялық өзін-өзі басқару жүйелері. Халықтың әлеуметтік  ұдайы өндірісі. Еңбек ресурстарын ұдайы өндіру және пайдалану. Тұрғын үй мен тұрмыстық жағдайларды жақсарту. Коммуналдық қызмет көрсеті жағдайлары. Әлеуметтік қызмет көрсету. Транспорттық қызмет көрсету. Маятниктік миграцияны реттеу. Қоғамдық тәртіпті қорғау.

2. Аймақтық жобалау технологиясы. Әлеуметтік жобалаудың стадиялары. Әлеуметтік жобаларды іске асырудың механизмдері. Халықтың әлеуметтік қажеттіліктерін өлшеу және бағалау. Халықтың қанағаттану деңгейлері. Ресурстық потенциалды бағалау, оның динамикасы болжамы. Модель құру және жоспар жасау. Омтималды стратегияны есептеу. Аймақтық жобалардың тиімділігі. Дәстүрлі емес аймақтық жобалаудың тәжірибемі. Аймақтық өзін –өзі басқару және әлеуметтік жобалардың тиімділігі.  

3. Өмір сүру салты – әлеуметтік жобалаудың обьектісі ретінде.  Өмір сүру салты әлеуметтік жүйе ретінде. Өмір сүру салтын қалыптастыру факторлары. Өмір сүру салтын жетілдіру проблемалары. Өмір сүру салтын жобалаудың ерекшеліктері мен негізгі өзгерістері. Жеке тұлғаның ресурстары және оның құрылымы. Әлеуемттік жобалау пәні.  Өмір сүру мен мен еңбек ету жағдайлары. Еңбек мотивациясы. Әлеуметтік белсенділік. Рухани қажеттіліктер. Адам экологиясы жобалау пәні ретінде. Табиғи ортаны жобалау. Техносфераны жобалау. Әлеуметтік ортаны жобалау. Тұрғын үй әлеуметтік жобалау обьектісі ретінде. Әлеуметтік жобалаудың коммуникативтік аспектісі. Жаңа білім беру және тәрбие жүйесін жобалау.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *