Проблемалық –құрылымдық әдіс

Әлеуметтік жобалаудың  жиі қолданылатын әдістері төмендегілер болып табылады:

1) проблемалық –құрылымдық әдіс, ол проблемалау, құрылымдау және дивергенциялау принциптеріне негізделеді, яғни мүмкін прблемалық жағдайдың шекарасын кеңеютуге бағытталған;

2) құрылымдық талдау әдісі, ол жоба мәліметтерін құрылымдау, талдау принциптері негізінде өзгертуге ұмтылады;

3) бағдарламалық –құрылымдық әдіс, ол жоба мәліметтерін бағдарламалау, құрылымдау, конвергенциялау принциптеріне сүйене отырып, жоба проблемасының шекарасын тарылтады;

4) құрылымдық әдіс, ол жоба мәліметтерінің өзарабайланыстылығы мен структурный метод: оперирует упорядоченностью и взаимосвязью проектных данных;

5) құрылымдық –технологиялық әдіс, нақты әлеуметтік жоба үшін қажетті мәліметтерді ұйымдастыру және құрылымдау үшін қолданылады;

6) проблемалы – жүйелік әдіс, ол проблемалау, жүйелеу және дивергенциялау принциптеріне сүйенеді;

7) жүйелі талдау әдісі, ол жүйелеу, талдау және трансформациялау принциптеріне негізделеді;

8) бағдарламалық –жүйелік әдіс, бағдарламалау, жүйелеу және конвергенциялау принциптеріне негізделеді

9) жүйелік әдіс, обьектінің тұтастық және ұйымшылдық принциптеріне негізделеді;  

10) жүйелік –технологиялық әдіс, ол жоба мәліметтерін технологиялау, жүйелеу және ұйымдастыру принциптеріне негізделеді. .

Әлеуметтік жобалаудың әдістерін  жасау жобалық міндеттердің мазмұнын анықтаудан басталады және ол жобалау процесін, стратегиясын жүйелеуге мүмкіндік беріп, жобалау процесінің басқарылуын жеңілдетеді.

2. Әлеуметтік жобалауды іске асырудың құралдарына олардың көмегімен обьектінің жай -күйі, даму тенденциялары, проблемалы ситуацияның пайда болуы мен дамуы, субьектінің қажеттіліктері туралы ақпарат жасайтын, талдайтын, оларды алатын құралдарды (техникалық, математикалақ, логикалық) жатқызады. Бұл құралдардың көмегімен тікелей жобалау жүргізіледі, белгілік хабарлар, ауызша суреттеу, таблицалар, чертеждер, бланкілер, схемалар, өзара әрекет жүйелері, макет, кодтар, символдар мен алгоритмдер, матрицалар,  басқа да алып жүрушілер жасалады  және жобалау қызметі процесі іске асырылады. Қазіргі таңда жобалаудың техникалық құралдары, соның ішінде автоматтық жобалау жүйелері кең таралып отыр.

3.Әлеуметтік жобалау процесінде қолданылатын технологиялық стратегиялар нақты жобалық жағдайға байланысты құбылып отырады. Мысалыға, жобалық ықпал етудің жиегіндегі кейбір белгісіздіктер жағдайында жобалық шешімді жасаудың  нақты және бір мағыналы белгілі алаңының болмауымен сипаттталатын  кездейсоқ іздеу стратегиясы таңдалуы мүмкін. Жобалық  технологиялық стратегиялардың төмендегідей де түрлері бар:

-сызықтық стратегия, ол өзара байланысты жүйелі әрекеттер ретінде қолданылады, яғни  әрбір әрекет алдыңғы әрекет нәтижесіне тәуелді болғанымен, келесі әрекеттердің нәтижесіне тәуелді болмайды;

— тармақталған стратегия, ол бір-бірінен тәуелсіз даму мүмкіндігі бар жобалардың варианттарын кезеңмен салыстыра алатын көп вариантты және альтернативті қызметті іске асыруға мүмкіндік береді және бірнеше жобалаушылардың жобалық моделдерін өзара толықтыру мүмкіндігіне жол ашады;

-циклдық стратегия, ол тікелей жобалау қызметі процесі барысында құрастырудың алдыңғы кезеңдерінің біріне қайта оралу мүмкіндігіне жол ашады;

-адаптивтік стратегия, ол келесі әрекетті таңдау алдыңғы әрекет нәтижесіне тәуелді болып тұрғанда,  тек бастапқы жобалық әрекетті қарастырады;

— жетілдіру стратегиясы дәстүрлі жобалау жағдайында адаптивтік іздеудің бір варианты болып табылады;

-қорыту стратегиясы әлеуметтік жоба жасу мақсатында қолданылып, мүлдем әртүрлі әлеуметтік жобалардың талаптарын қанағаттандыратын кейбір универсалды қасиетке ие.

Жобалық стратегиялар жобалық қызметтің әртүрлі кезеңдерінде қол жетілетін мақсаттарына байланысты болады және бұл мақсаттар кезеңдік мақсаттар деп аталып, жобалаудың кезеңдерінің соған сай атауларын анықтайды. Жобалық стратегияны таңдау жобалық қызметтің әдістері мен құралдарын таңдаумен, сондай-ақ ұйымдастырушылық бағдарламаны құраумен  қатар жүруі тиіс. Әлеуметтік жобалаудың ең көп қолданылатын әдістері: әлеуметтік норматив, әлеуметтік баланс, әлеуметтік тиімділік,әлеуметтік регрессия, әлеуметтік салдар, әлеуметтік типология мен классификация, әлеуметтік картография. Ұйымдастырушылық бағдарлама жобалаудың барлық стратегиялық кезеңдерінде  әлеуметтік жобалаушылардың үйлескен және мақсатты бағытталған қызметін қамтамасыз етеді. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *