Әлеуметтік жоба нәтижесінің салдары кейде сәтсіздікке алып келеді, мұның себебі жоба жасаушы адам ешқандай алдын ала зерттеу жүргізбей тек өзінің интуициясына, өз болжамдарына үміт артады. Көп жағдайда диагностикалық және болжамдық зерттеулер әлеуметтік жобалау шеңберінде стратегияны іс-әрекет барысында анықтауға тіпті өзгертуге мүмкіндік береді.
Әлеуметтік жобаның сәтсіздікке ұшырауына жол бермес үшін, біз ең алдымен бір нәрсені толық түсінуіміз қажет.
Біріншіден, қолымызда бар проектерді жинап диагностикалық зерттеу жүргізуіміз керек, жоба жасау барысында бізге сүйеу бола алатын немесе қарсы келетін жағдайларды да ескеруіміз керек.
Екіншіден, біз жобаның қандай уақыт шеңберінде жүргізілетінін түсінуіміз керек. Демек, біздің мақсатымыз болашақта болатын қоғамды болжау, болашақта болатын жағдайларды ескеру, жасаған жобамыз келешекте орын алатын әлеуметтік шындыққа жанасама, әлде жоқпа соны түсіну. Сондықтан бізге ең алғашқы сәтте диагноз қойып алдын ала болжау жасауымыз керек.
1.Әлеуметтік жобалаудың негізінде әлеуметтік проекция құрастыру жатады. «Projectio» термині латын тілінен аударғанда «алға лақтыру, лақтырып тастау» деген мағынаны білдіреді. Бұл термин негізінен психологияда қоршаған ортадағы болып жатқан түрлі жаңа нәрселерді адам мінезінің қабылдауында, ішкі сезімдерді және импульстарды (белгілі бір субъективті заттарды объективті түрде) қабылдауды білдіреді. Адам болашақты ылғи көз алдына әкеледі, ол болашақтан үміт күтеді, ол болашаққа үңіле қарайды, оған белгілі бір әлеуметтік үміттер тән. Адам әлі болмаған уақытта қалай өмір сүретіндігін елестетеді. Міне, бұндай тасымалдау проекция болып табылады.
Процестерді проекциялау дегеніміз -әлеуметтік жүйелердің ұйымы мен реалды құрылымымен байланысты қызметтің «прогресі» мен даму көрсеткіштері, ол бұл көрсеткіштердің реалды әлеуметтік жүйелерден тәуелділігін бейнелейді.
Әлеуметтік проекция дегеніміз – субьективті және субьективті әлеуметтік түйсікті әлі болмаған болашақтың контекстінде субьект болмысының ұйымдасуының кейбір формалары деңгейіне тасымалдау.
Әлеуметтік проекцияның субьективті –жеке (психологиялық) және әлеуметтік түрлері болады.
Субьективті –жеке (психологиялық) проекция адам психикасының қалыптасуында үлкен роль атқарады, әсіресе, өзіндік «Мен» мен сыртқы орта арасында әлі анық дифференциация қалыптаспаған бастапқы балалық шақ кезінде. Проекция механизмдері жобалық тестерде диагностикалық мақсаттарда, жабық мотивация мен талапты қозғау үшін қолданылады. Проекцияның бұл түрінде адамның тілектері, ойлары, фантазиялары көрінеді және ол адамның жеке басына болашақтан бір нәрсені психологиялық күтуімен себептелінеді.
Әлеуметтік проекция — субьектінің әлеуметтік сапалары мен әлеуметтік артық көрушілігімен және әлеуметтік құндылық, көзқарас, әлеуметтік артық көрушілік пен күтуімен себептелінеді. Болжамнан, жобалаудан проекцияның айырмашылығы оның болашаққа селективті көзқарасында жатыр, ол әлеуметтік дамудың көптеген жолдарының арасынан әлеуметтік құндылықтарға сай келетін жолды таңдауды дұрыс көреді. Шынында да адам өзінің әлеуметтік артық көретін нәрсесіне таңдау жасайды. Әлеуметтік проекция әлеуметтік сапаға және субъектінің әлеуметтік таңдауына негізделеді.
Әлеуметтік проекцияға оны іске асырудың белгілі бір шарттары міндет емес, ол жоспарлаудағы сияқты кезеңдермен сипатталынбайды, ол бір не басқа әлеуметтік әрекетті есепке алуға негізделген болжам да емес. Әлеуметтік проекция – бұл әлеуметтік күту мен әлеуметтік артық көрушілікке негізделген болашаққа көзқарас.
2.Қоғамның дамуы стихиялы, белгісіз күйде болмауы тиіс. Тарихи тәжірибе көрсеткендей, қоғам ғылыми мәліметтерге сүйене отырып, жоспарлы өзгерген жағдайда ғана мақсатты бағытта өзгере алады. Қоғамдық өмірді ғылыми тұрғыдан тиімді басқару әлеуметтік жоспарлауды танымдық және қоғамдық – қайта құру қызметінің бірлігі ретінде, сол сияқты оның ерекшелігін қоғамның барлық сфераларынан — экономика, саясат, рухани өмір, әлеуметтік өмірден көруді талап етеді.
Әлеуметтік жоспарлау дегеніміз — әлеуметтік дамудың мақсатын, міндетін, көрсеткіштерін, тапсырмаларын (мерзім, қарқын, пропорциясын) және барлық тұрғындардың мүддесі үшін бұл жоспарларды өмірге енгізудің негізгі құралдарын ғылыми негіздеу.
Әлеуметтік жоспарлаудың деңгейлерін ажырату әлеуметтік ұйымның қай деңгейінде бір не басқа өзгерістердің іске асырылып жатқанын білу үшін керек.
-жоспарлаудың бірінші деңгейі — еңбек ұжымдарының әлеуметтік дамуын жоспарлау. Өндірістік ұжымдардың әртүрлілігі олардың дамуын жоспарлауда түрлі әдістерді қолдануды тудырады. Тәжірибе көрсеткендей, еңбек ұжымы деңгейінде төмендегідей принциптерге сүйенген жоспарлар ұтымды болған:
Принцип 1. Өндірістің табысты дамуы үшін қызметкер қандай деңгейде және не істей алады және ғылыми-техникалық және әлеуметтік дамудың ықпалымен өзін қалай өзгерте алады;
Принцип 2. Әлеуметтік даму жоспарының ұтымдылығы ұжымның материалдық және рухани игіліктерді бөлуде адам үшін жасаған жағдайларына, нақты басымдықтарына байланысты болады. Мәселенің мәнісі – қызметкерлердің өмір деңгейі мен мүмкіндіктерін көтеру бойынша нақты өндіріс пен аймақтың мемлекет іске кірісіп отырған күш жұмсаулардың бірлігін қамтамасыз етуде жатыр. Бұл принципті іске асырудың маңызды аспектісі материалдық және моралдық ынталандыруды жетілдіру болып табылады.
Принцип 3. Адамның өндіріс ұйымымен, қаламен және ауданмен өзара әрекет процесі спонтанды, кездейсоқ, стихиялы түрде өтпеуі керек, керісінше еңбек ұжымының басқаруға қатысуымен, олардың саналы әрекетін көрсетумен жүруі керек. Аймақтық деңгейдегі әлеуметтік жоспарлау республика, облыс, экономикалық аудан және басқа әкімшілік бірліктердің деңгейіндегі әлеуметтік процестерді мақсатты реттеудің ерекше формасы болып табылады. Барлық қоғамдық организмнің тиімді қызмет етуі үшін территориялық кесікте әлеуметтік дамудың деңгейін теңестіру, әсіресе миграциялық ағындарды реттеудің, еңбек ресурстарын рационалды пайдаланудың, ұлттық қатынастарды дамытудың, мәдени құндылықтарды пайдаланудың маңызы зор. Тәжірибе көрсеткендей, аймақтық әлеуметтік жоспарлау үшін басты мақсат еңбек және күнделікті өмір үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылады.
Экономикалық аймақтар деңгейінде жоспарлау әлеуметтік процестердің әрбірі: ұлттың дамуы, халықтың өмір сүру дәрежесінің көтерілуі, халықтың көшіп-қону, білім беру жүйесін жетілдіру сол аймақтың ерекшелігі мен мәнін сипаттаумен байланысты болатындығын есте ұстаған жөн.
Әлеуметтік жоспарлаудың төмендегідей екі формасы бар:
-адрестік немесе нақты жоспарлау;
-жанама экономикалық, әлеуметтік тетіктер көмегімен жоспарлау.
Нақты жоспарлау деп әртүрлі мемлекеттік немесе қоғамдық ұйымдардың назарына жеткізілетін тапсырмалар жүйесін негіздеуді және жасауды айтамыз. Бұл деңгейде қоғамдық дамудың белгілі деңгейіне қол жеткізудің тапсырмалары анықталады. Өзінің мәні бойынша әлеуметтік жоспарлау алға қойылған міндеттерді орындау үшін қажетті мерзімді анықтаумен байланысты. Мақсат қаншалықты күрделі болған сайын, оны жан-жақты ғылыми негіздеу үшін ғана емес, оны іске асыру үшін де соншалықты уақыт көп керек. Жоспарлау кезеңінің уақыт шегі негізсіз болмауы керек және сапалық, сандық көрсеткіштердің бірлігі негізінде құрылуы қажет. Айта өту керек, адрестік жоспарлау көп жағдайда өзіне сенімді жоғалтты, ол басқарудың командалық әдісіне кең жол ашып, әлеуметтік дамудың және өзгерудің ориентирлерін анықтауда ғылыми негіздерді ескермеді.
Жанама экономикалық, әлеуметтік тетіктер көмегімен әлеуметтік процестерді жоспарлауда нақты жағдайлар, мүмкіндіктер мен қажеттіліктер жіті зерттеледі. Келесі кезеңде қандай элементтер, құрамдас бөліктер мемлекеттік және қоғамдық реттеуге ккелмейді сол анықталады. Оларға қатысты теріс салдарлар мен жағымсыз нәтижелерді әлсірету немесе нейтралдау мақсатында оларды сандық өлшеу және болжамдау міндеті қойылады. Жоспарлау процесінің өзінде сондай-ақ ықпал етуге болатын, дұрысын айтқанда әлеуметтік жоспарлау мен реттеудің обьектісі болып табылатын құбылмалы жағдайлар анықталады.
Әлеуметтік жоспарлауда нақты әлеуметтік топтардың мүддесі есепке алынуы керек. Экономикалық міндеттерді шешкенде барлық халық пен жекелеген топтардың мүддесі негізінен сәйкес келеді, бірақ қоғамдық өмірдің басқа сферасы туралы бұлай деуге болмайды. Атап айтсақ, өндіріс сферасында алға қойылған мақсатты іске асыруда шығынды барынша азайту мақсат болып табылады, ал әлеуметтік процестерді жоспарлағанда шығындарды азайту кейбір әлеуметтік топтардың мүдделеріне саналы түрде қысым жасау болып табылады. Әлеуметтік нәтиженің максимумы әрқашан шығынды азайтуға қол жеткізе бермейді. Ал, бұл әлеуметтік жоспарлаудыңмаңызды мақсаттарының бірі.
Атап өту керек, бұл жоспарлаудың екі формасы таза түрінде кездесе бермейді. Дегенмен, жанама экономикалық, әлеуметтік тетіктер көмегімен жоспарлау елде экономикалық реформаларды іске асыруға байланысты ерекше өзектілікке ие болып отыр.
Әлеуметтік жоспарлаудың өзіндік әдістері бар, олар әртүрлі деңгейде жоспарлауды іске асырады, солардың ішінде жалпы қолданысқа ие бірнешеуін атап өтейік, олар төмендегілер:
-әлеуметтік жоспарлаудың аналитикалық әдісі, ол талдау мен қорытудан тұрады. Оның мәнісі мынада: жоспарлау барысында әлеуметтік прогресс құрамдас бөліктерге бөлінеді және осы негізде белгіленген бағдарламаны іске асыру бағыттары анықталады;
-варианттар әдісінің маңызы артып отыр, оның мәні толық және сенімді ақпараттардың болған жағдайында әлеуметтік міндетті шешудің да бірнеше мүмкін жолдарын анықтауда жатыр. Бұл әдісті қолдану бір не басқа әлеуметтік міндетті шешудің ең тиімді вариантын іздеумен, басымдықтарды дұрыс таңдаумен байланысты;
— әлеуметтік жоспалаудың кешенді әдісі, бұнда барлық басты факторлар (материалдық, финанстық, еңбек ресурсы, орындаушылар мен мерзім) есепке алына отырып бағдарлама жасалады. Оны қолдану келесі талаптарды сақтауды талап етеді:
- әлеуметтік процестің дамуының прпорциясы мен қарқынын анықтау;
- оның статистикалық және динамикалық моделін анықтау;
- жоспардың негізгі көрсеткіштерін жасау;
-әлеуметтік жоспарлаудың проблемалық-мақсатты әдісі, ол әдетте қоғамдық дамудың аса маңызды шұғыл міндеттерін шешумен (олардың ведомстволық шығу тегінен тәуелсіз) байланысты.
— әлеуметтік эксперимент кең мойындауға ие болып отыр, оның барысында обьективті заңдардың әрекет механизмі, олардың бір немесе бірнеше институттардың базасында көріну ерекшеліктері нақтыланады. Алынған нәтижелер жоспарланып отырған процестің даму барысын жөндеуге, болжанып отырған обьектіні практикада тексеруге мүмкіндік береді.