Әлеуметтік жүйелерді жобалау

Қазіргі таңда әлеуметтік жүйелерді жобалауға қажеттілік өсіп отыр,  яғни нақты бір әлеуметтік обьектіні, процесті, құбылысты, белгілі бағдарлама мен жоспар шегінде анықтау қажеттілікке айналуда. Бұны қазір іске асырылып отырған әлеуметтік жобалаудың  (білім беру, денсаулық, қол жетімді тұрғын үй) өзектілігі мен маңызы дәлелдеп отыр.

«Жобалау» сөзі латынның «projektus» — «алға тасталған « деген сөзінен келіп шыққан. Жобалау обьектінің мүмкін не болжанатын прототипін не пробразын жасау. Жобалау жаңа құбылыстар мен процестердің болжанған не жоспарлық дамуының ғылыми-теориялық не практикалық негізделген анықтамасын беруге бағытталған ерекше қызмет түрі. Жобалау – ерекше әдістер тәсілімен болжанатын обьектінің, құбылыстың пробразын жасау, шындықтың бейнесін алдын-ала берудің бір формасы. Жобалау нақты мағынасында басқарудың болжамдық функциясын білдіреді, оның мақсаты болжанатын обьектіге қалаған сиапт пен белгі беру үшін қайта құру варианттарының бірін іске асыру болып табылады. Әлеуметтік жобалауды іске асырудың белгілі мерзімінің болу да, болмауы да мүмкін. Жобалауды терең түсіну үшін оны «жоспарлау», «алдын-ала көру», «болжамдау», «құрастыру», «моделдеу» ұғымдарымен салыстырып көру керек. Мысалыға, жоспарлау –бір құбылысты өмірге енгізу үшін ғылыми –практикалық негізделген міндеттерді, мерзімді, қарқынды мақсатты  анықтау. Алдын-ала көру дегеніміз –қолдағы тәжірибеде тіркелмеген, бірақ өмір сүрп жатқан оқиғалар туралы білім, алдын-ала анықтау.  Ал, әлеуметтік жобалау дегеніміз –әлеуметтік обьектілерді, әлеуметтік салаларды, процестерді және қатынастарды жобалау. Әлеуметтік обьектілерді жобалаудың жаратылыстанулық жобалардан айырмашылығы бұнда субьективті факторлар міндетті түрде есепке алынуы қажет.  Ол көп жағдайда әлеуметтік жобалаудың ерекшеліктерін айқындайды. Олар төмендегілер:

-әлеуметтік обьектілердің қайшылығы;

-әлеуметтік обьектілердің дамуының көп векторлығы;

-әлеуметтік обьектіні кез-келген әлеуметтік теорияның соңғы мөлшерімен суреттеудің мүмкін еместігі;

-әлеуметтік обьектінің дамуына қатысты тиісті және маңыздының арақатынасын анықтайтын субьективті құрастыруың өте көп болуы;

-әлеуметтік обьектілердің көп факторлығы, яғни оған обьективті де, субьективті де факторлар әсер етеді.  Аталған факторлар әлеуметтік жобалаудың ерекшеліктерін айқындайтын себептердің соңғысы емес, олар тек оның басқа обьектілерден айырмашылығының бар екендігін көрсететін жүйе ғана.

Әлеуметтік жобалау болжамның негізділігін бағалайды және әлеуметтік дамудың  ғылыми негізделген жоспарын жасайды. Әлеуметтік жобалауды «әлеуметтік құрастыру» деп те атайды. Әлеуметтік болашақты құрастыруға мынандай жағдайлар мүмкіндік береді:

-барынша мүмкін тенденциялармен қатар мүмкіндігі барынша аз тенденциялар қатар өмір сүреді;

-әдетте әлеуметтік обьектілерді әлеуметтік ресурстардың ішкі қоры бар, ол бұл әлеуметтік міндетті шешуде іске қосылуы мүмкін;

-қоғамдық құрылымдарға маңызды деформациялар (түр өзгеру) тән, оны болашақ дамудың қалайтын вариантын  іске асыруда пайдалануға болады;

-мазмұны бойынша жақын перспективалық мақсаттар бір-бірімен ауыстырылуы мүмкін, ал бір  мақсат түрлі құралдармен іске асырылуы мүмкін.

2. Әлеуметтік жобалаудың басқа да  білім салалары сияқты өзіндік элементтері бар. Ол элементер (маңызды теориялық категориялары) : құрастыру, система, жобалау субьектісі мен обьектісі, әлеуметтік технология, әлеуметтік жобалау әдістері, жобалау жағдайлары,  әлеуметтік  жобалау механизмдері жатады.

Әлеуметтік жобалаудың субьектісіне (жобалауды іске асырушылар) – әртүрлі деңгейдегі басқару қызметін атқарушылар,  яғни жеке тұлғалар, ұйыдар, коллективтер, әлеуметтік инстиуттар жатады, олардың басты мақсаты әлеуметтік шындықты мақсатты, ұйымдасқан түрде қайта құру. Жобалаудың субьектісіне қажетті белгілер: әлеуметтік белсенділік, тікелей жобалау жұмысына қатысу.

Әлеуметтік жобалау обьектісіне (жобалау процесі іске асырылатын жер):

-қоғамдық индвид ретінде адам, оның қажеттіліктері, қызығушылығы, қатынас жүйесіндегі ролдерімен  құндылық бағдары, әлеуметтік статусы;

-қоғамның әлеуметтік құрылымының подсистемасы мен әртүрлі элементтері (еңбек коллективі, аймақтар, топтар, т.б.) ;

-әробразды қоғамдық қатынастар  (саяси, идеологиялық, басқару, эстетикалық, адамгершілік, отбасылық-тұрмыстық, жеке тұлғалар арасындағы).

Жобалау міндетті түрде белгілі кезеңдерден өтеді, жобалау кезеңі дегеніміз – әлеуметтік жобаны жасайтын тәсіл, әдіс, ережелер, процедуралар, операциялар (оның негізгі кезеңдерін проблеманы анықтау, әлеуметтік заказ, әлеуметтік төлқұжат, верификациялау, түзету, жоба дайындау құрайды).

Әлеуметтік жобалау технологиясы дегеніміз – әлеуметтік заказды іске асыруға, белгілі мақсатқа жетуге бағытталған әдіс-тәсілдер, дағдылар жиынтығы, әлеуметтік қызмет актілерінің уақыт пен кеңістегі бірізділігі. Технологиялар көмегімен абстрактылы нәрселер нақты бұйрық, шешім, норматив, ережелерге айналып, адамның әлеуметтік белсенділігін қажетті әрекетті орындауға тиімді бағыттайды.

Әлеуметтік жобалаудың жағдайлары деп жобалау қызметіне ықпал ететін әлеуметтік процестер мен құбылыстар жүйесін айтамыз. Жобалау қызметінің жағдайының көп компоненттері бар: қатынастар, процестер, орта, әрекет, қызмет, құралдар.

Әлеуметтік жобалау принциптеріне тоқталайық:

  • қоғаммен «өмір сүру» принципі, яғни әлеуметтік жобалаудың өз қызметінің жаңа құндылық негіздерімен, өзара әрекеттің өз нормаларымен қоғаммен өмір сүру; 
  • өзін-өзі дамыту принципі, яғни әлеуметтік жобалаудың қайнар көзі  қоғамның өзін-өзін дамытуға деген қажеттілігі ғана болуы мүмкін;
  • әлеуметтік жауапкершілік принципі, яғни әлеуметтік жобалау өмір сүріп тұрған заңда көрсетілмеген коллективтік нормалар мен ережелер жасау болып табылады, ал жобалаушы субьектінің бұл нормалар мен ережелерден ауытқымауы қоғам мен жеке тұлға бойында құқықтық мәдениеттің қалыптасқандығының дәлелі болып табылады;
  • әлеуметтік міндеттілік принципі, яғни әлеуметтік жобалау әлеуметтік міндеттіліктің сыни ойлау, ашықтық, плюрализм және шыдамдылық сияқты сапаларын қалыптастыруға негізделеді. Әлеуметтік міндеттіліктің көрсеткіштері қоғамдағы әртүрлі қоғамдар мен қорлардың, қоғамдық бірлестіктер мен ассоциациялардың қызметі болып табылады;
  • халықтың кең қабатына үздіксіз білім беру принципі, яғни болашақты жоспарлау – бұл адамның жаңа білім мен біліктерге орасан зор қажеттілігін сезінетін ситуация;
  • әлеуметтік жобалау субьектілерінің мүдделері мен мақсаттарын үйлестіру принципі;
  • болашаққа ашықтық принципі, ол әлеуметтік жобалау субьектілерінің бірлестіктерді дамытудың перспективалы стратегиялық мақсаттары жанында шоғырлануын және бұндай мақсаттарды ұсыну қабілетінің болувн қалайды;
  • бірлестіктердің автонмиялық принципі, әлеуметтік жобалауда бұл принцип жобалайтын құрылым ретінде жеке алынған бірлестікті бөліп қарайды. Бірлестік ұйымдардардың әртүрлі көлемі бола беруі мүмкін: елді мекен, ірі қала, кіші қала, аймақ.

3.Әлеуметтік жобалаудың басты мақсаты басқару қызметінің ерекше түрі ретінде – информациялық массивтің көмегімен жоба жасау. Әлеуметтік жоба ақпараттардың дерегі ретінде әлеуметтік жүйе не процестердің болашақ қаланып отырған күйі туралы нақты білім беретін ғылыми негізделегн сипаттама. Әлеуметтік жоба тапсырма беруші модель болып табылдаы. Жобада обьектінің өзіміз қалап отырған күйі бейнеленеді, ол адамдардың белгілі бір әрекеті, финанс, еңбек, материалдық, отын – энергетикалық, т.б. ресурстар арқылы пайда болады.

Әлеуметтік жобаға мынандай белгілер тән:

-жобаланған обьектінің нақты жобасыз пайда бола алмайтын сипатының болуы;

-әлеуметтік тапсырысты іске асыруды қамтамасыз етуге қабілетті параметрлердің болуы;

— белгілі бір уақыт аралығында іске асырыла алатын сипатының болуы.

 

8. Әлеуметтік жобалау мен әлеуметтік жаңашылдық

 

1.Әлеуметтік жаңашылдықтың табиғаты мен жаңаша ойлаудың жүйелілігі

2.Материалдық-техникалық және әлеуметтік жаңашыл кіріспелер

3.Әлеуметтік ұжымдардағы жаңашылдық жағдайларды жобалау

 

Әлеуметтік жаңашылдық ғылыми білімнің жаңа бір саласы, ол қоғамның барлық әлеуметтік сферасында болып жатқан өзгерістерді түсінуге мүмкіндік береді. Біз қазір өмір сүріп жатқан әлем – ылғи өзгерістерге ұшырап отырған және бізді қоршаған ортадағы белгісіздік жағдайында қайта болып жатқан мәселелерге жауап іздеу уақыты. Қоғамдық дамудың қазіргі кезеңі әлеуметтік инновацияллық қайта құрулармен сипатталады. Халықаралық өндірістік бөлініс, еңбекті глобалды қайта бөлу, бір сәтте іске асырылып отырған коммуникациялар әлеуметтік интеграция процесінде жаңашылдықтың анықтаушы ролін көрсетеді.

Инновациялық потенциалдың, қоғамның өмірге қабілеттілігі мен өмірге төзімділігінң өлшемі – оның адамдардың творчестволық, жасампаздық қызметіне қабілетті әлеуметтік кеңістікті қамтамасыз ете алуында, оның жемісін адекватты бағалауында, бұл қызметтің нәтижелерін қабылдауында болып отыр.

Сөйтіп, әлеуметтік жаңашылдық дегеніміз – басқарудың обьектісінде де, субьектісінде де болып жатқан қазіргі өзгерістерді түсінуге мүмкіндік беретін ғылыми білімнің жаңа саласы. Қазіргі таңда басқару процесі жаңашылдықты жасаумен, игерумен, таратумен күннен-күнге тығыз байланысты болып отыр.

Инновация сөзінің синонимі «жаңа», « жаңашылдық», «жаңаны енгізу» дегенді білдіреді. Инновацияның әртүрлі анықтамаларын талдау оның өзіндік мазмұны өзгерістерді, ал инновациялық қызметтің басты функциясы өзгерістер функциясын білдіретіні туралы қорытындыға әкеледі.

Инновация өндірістік қызмет, экономикалық, құқықтық, әлеуметтік қатынастар процесін жетілдіруге бағытталған ғылыми зерттеулер мен өңдеулердің нәтижелерін пайдалану процесінде өмірге келді.

Инновацияның кешенді сипаты, олардың көп қырлығы мен салаларының, әдістерінің көптүрлілігі оны жіктеуді талап етеді.

Қызмет түріне  қарай инновацияларды экономикалық, басқару саласындағы, технологиялық, сауда, әлеуметтік, т.б. бөледі. Әлеуметтік инновациялар еңбек жағдайын жақсартуға, денсаулық сақтау, мәдениет, білім беру проблемаларын шешуге бағытталаған.  Әсіресе, білім беру саласында инновацияның маңызы артып отыр, өйткені, ол өмірдің барлық сфераларындағы: экономикалық,  әлеуметтік, саяси, рухани –мәдени салалардағы өзгерістердің субьектісі саналады. Инновацияларды негізілген өзегрістердің тереңдігіне қарай: радикалдық, модифициалдық (түр өзгертетін), комбинаторлық (қиыстыруға негізделген) деп, көлеміне қарай локалды,жергілікті, массалық, глобалды, жаңалығына қарай әлем үшін жаңа, сала үшін жаңа, бір мекеме үшін жаңа деп бөлінеді.

Инновацияның басты белгілері:

-жаңалық және радикалдық (жаңа қасиеттердің пайда болуы және обьектінің жағдайының жақсаруы);

— талап етушілік (қоғамдық  өндірісте, рынокта, әлеуметтік салада);

-іске асырушылық (жаңа білімді пайдалануда шектеушіліктің болмауы, өндірістік – технологиялық, моралдық –адамгершілік, экологиялық тұрғылардан) ;

-тұрақты пайдалы тиімділіктің болуы ( әлеуметтік –экономикалық жүйенің маңызды параметрлерін тұрақты жақсартылуы). 

Инновациялық процесс – жасаудан, меңгеруден және оны игеруден тұрады.

Инновациялық жаңалық (новое) – бір идея, әдіс, құрал,  технология және жүйе болса, жаңашылдық (нововедение) –оны енгізіу мен меңгеру болып табылады, яғни «жаңалықты» енгізу мен инновация синоним болып табылады.

2.Материалдық және әлеуметтік жаңашыл кіріспелер. Жаңашыл кіріспелердің жүйелігі (әлеуметтік –басқару, құқықтық, педагогикалық, әлеуметтік – экономикалық). Жаңаша ойлаудың жүйелілігі: жемісті, нәтижелі, психологиялық, әлеуметтік және кешенді.

3.Кез-келген ұйым әруақытта сыртқы ортаның қысымын басынан кешіреді. Ол тұрақты, сондай-ақ өзгермелі, белгісіз болуы мүмкін. Өзгеріп отыратын сыртқы ортаға бейімделу ұжымның басқару органдарынан өзгеріс арқылы көрінетін иілгіштікті талап етеді. Сонымен бірге, ұжым ішкі шиеленістердің пайда болуына сезімтал болуы керек. Себебі, ұйымда алдыңғы қатарла білім мен дағдыға ие маманның пайда болуы, технологиялық процестердің өзгеруіне не бақылау жүйесін қайта қарауға алып келуі мүмкін. Мысалыға, жаңа құрал сатып алу ұжымдағы технологиялық шынжырды да, әлеуметтік құрылымды да өзгертеді.

Ұжым қазіргі заманның талабына сай өмір сүру үшін ылғи болып отыратын өзгерістерді қабылдауға қабілетті болуы керек, өзгеге алатын, иілгіш, динамикалық ұжым ғана күрделі саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени қоршауда өмір сүруін жалғастыра алады.

Белгілі мақсаттарға бағытталған өзгерістерді іске асыру ұжымда бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі мінез-құлық формаларымен қайшы келмеуі тиіс. Керісінше дұрыс жоспарланып жүргізілген инновация – ол дәстүрлерді жаңа мазмұнмен байытып, ұжымды қызметкерлер, клиенттер, тұтынушылар, қоғам үшін тартымды етуі керек.

Ұжымдағы ең тиімді инновация белгілі бір жағдаймен себептелген, негізделген, қажетті инновациялар болады.  Ал, жоғары басшылықтың эмоцианалды көңілімен, өз билігін нығайтуға бағытталған және басқа да жеке және тар топтық мүдделерді қанағаттандыру үшін, ұжымның мақсаты мен сыртқы ортаның жай-күйін есепке алмай жүргізілген инновациялардың болашағы жоқ.

Көп жағдайда ұжымда мақсатты бағытталған өзгерістерді жүргізу сыртқы ортаның не ұжымның өз ішіндегі өзгерістермен тікелей және жанама байланысты. Ұжымдағы инновацияны іске асыру ұжымның барлық компоненттерін өзгеріп отырған жағдайға сәйкестікке алып келу болып табылады.  Өзгеріс деп заттар мен құбылыстардың өзара әрекеті мен құбылыс процесін, бір күйден екінші күйге өтуін, оларда жаңа қасиеттердің, қызметтің, қатынастардың пайда болуын айтамыз.

Ұжымдардағы өзгеріс екі негізгі типке бөлінеді: 1) алдын-ала мақсат қойылмаған, жоспарланбаған, спонтанды өзгерістер. Бұл өзгерістердің себебі ұжым мүшелерінің басқа әлеуметтік бірлестік мүшелерімен қатынас жасауы арқасында жаңа техникалық жаңалықтарды не соларға еліктеу арқылы жаңа мінез әдістерін үйренуі. Әдетте бұндай өзгерістер байқаусыз өтіп, ұжымның маңызды компоненттеріне тиіспейді; 2) жасанды өзгерістер, бұл сапалы, мақсатты түрде жүргізілген өзгерістер, бұнда сыртқы ортаға бейімделу мақсатында  ұжымның статусы, құрылымдық компоненті өзгереді, басқарудың биліктік негізі нығаяды. Жсанды өзгерістердің өзі инновациялық және диффузиялық деп бөлінеді. Инновациялық деп ұжымды алдын-ала жоспарланған және мақсатты өзгертуді айтамыз, бұндай өзгеруде әрекеттің жаңа дағдысы мен тәсілдері болады.  Диффузиялық деп алдын-ала жоапарланған және мақсатты өзгеруді айтамыз, бірақ бұнда өзгерудің негізгі элементтері ұжымға сырттан әкелінеді.

Жасанды өзгерістердің мақсаты:

-басқарудың тиімді құрылымын жасау, инновацияны енгізгеннен соң басшылықтың бағыныштыларға әсер етуінде оң жылжулар байқалады;

-ұжымның мақсат жүйесңін жетілдіру (жаңа өнім жасау, табысқа жетудің өлшемдерін өзгерту, жақсы маман даярлау, т.б.), ол ұжым құрылымында едәуір өзгерістерге, персоналмен жұмыстағы өзгерістерге міндетті түрде алып келеді;

— барынша жетілген технологиялық жағдай мен әрекет жасау, ол ақырында сыртқы ортаға бейімделуді қамтамасыз етуге әкеледі;

-ұжым мүшелерін көмектесуге барынша ынталандырудың тиімді жүйелерін жасау, қызметкерлерді ұжымның мақсатына бағдарлау, олардың өз қызметіне қанағаттанушылығын тудыру.

Ешқандай ұжым өзгерістерді тыныш және ауырсынбай қабылдай алмайды. Қызметкерлер онсыз ұйым табысты жұмыс істеп отыр, жаңа қызмет формаларының не қажеті бар дегенді алға тартады, егер одан қауіпті көріп тұрса. Қызметкерлердің көпшілігі ұжымның даму перспективаларын көре алмайды, сондықтан инновацияларға әртүрлі қарайды. Инновацияны орта звено ауыр қабылдаса, қатардағы орындаушылар аз қарсылық көрсетіп, басшыларға сенеді. Инновацияға қарсыласудың себептері:1) инновацияны іске асыратын ресурсиар мен коммуникацияның болмауы. Бұндай жағдай көбіне ұжым басшылығы өз мүмкіндіктерін асыра бағалағанда кездеседі. Төмен деңгейдегі басшылар іс жүзіндегі картинаны жақсы біле отырып, өзгерістерге қарсылық көрсетеді; 2) ұжымның ішкі бытыраңқылығы, оның себептері көп, жеке топтар мен ұжым, жеке топтар арасындағы жанжал, басшылықтың дұрыс емес позициясы, бұның бәрі қарсылық тудырады; 3) анық емес болашақтың алдындағы қауіп,яғни ұжым оның теріс салдары мен іске аспай қалуынан қорөады; 4) айқын жоспардың болмауы, мақсаттың нақты еместігі, қызметті кезеңдермен жүйелі жүргізбеу, болашақ әрекеттердің айқын еместігі қызметкерлерде жоспардың тиімді емес екені туралы пікір қалыптастырады; 5) танылған лидердің болмауы; 6) тоқыту немесе кеңес беру жүйесінің болмауы да қарсылық тудырады. Ең бастысы, жаңалыққа деген ұжымның инерттілігін тоқтату үшін ұжымда дұрыс атмосфера қалыптастыруға күш салу керек.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *