Болжау – грек тілінен аударғанда «алдын-ала білу» дегенді білдіреді. Өзінің зерттейтін обьектісінің сипатына қарай болжаудың түрлері де көп, енді соларға тоқталайық:
1) Әлеуметтік –экономикалық болжам халықтың өмір сүру деңгейінің динамикасын, табысын, халықтың азық-түлік өнімдері мен өндірістік емес товарларды тұтынуын, әлеуметтік инфраструктура салаларының дамуын, демография, халықты еңбекпен қамту, жалпы әлеуметтік салаға қатыстының барлығын зерттейді.
2) Әлеуметтік –саяси болжам елдің саяси даму бағытын, қоғамды демократияландыру процесін, оған кең халық қабатының қатысу мәселелерін, ірі саяси проблемаларды қоғамның кең қабатының мүдделерін есепке ала отырып шешілу жағдайларын зерттейді.
3) Әлеуметтік-мәдени болжам әлеуметтік мәні бар құндылықтарды, мінез-құлық нормалары мен ережелерін, идея, сенім мен әдет-ғұрыптар жүйесін зерттейді.
4) Экономикалық болжам халық шаруашылығының даму перспективасын, оның салаларын, өндірістің орналасуын, өндірістің техникалық-экономикалық көрсеткіштерін, оның жаңа түрлерін игеруді, өндірісті қаржыландыру мәселелерін зерттейді.
5) Ғылыми-техникалық болжамдар ғылыми-техника прогресс жетістіктерін, зерртеудің, техника мен технологияның жаңа түрлерінің дамуы мен қолданылуын, ҒТП салдарын қарастырады.
6) Сыртқы экономикалық болжамдар шетелдермен ынтымақтастық перспективаларын, ұллтық экономиканың әлемдік шаруашылықққа интерациялануын, экспорт пен импортты рационализациялау болашағын зерттейді.
Бұдан басқа проблемалық-мақсаттық белгілері бойынша болжамды ізденістік және нормативтік болжамдар деп бөледі. Бұлар болжам не үшін жасалады деген сұраққа жауап береді. Ізденістік болжам (зерттеушілік, генетикалық) – бұл құбылыстың болашақтағы мүмкін жағдайын анықтайтын болжам. Ол әрекет етіп тұрған тенденциялар сақталған жағдайда ненің ықтималдығы басым деген сұраққа жауап береді. Бұндай болжамның мысалына ауылшаруашылығы мәдениетінің өнімділігі немесе қоғамдағы неке мен айырылысу саны болжамдары жатады.
Ізденістік болжамда болжамдау бүгінгі күннен басталып, қолдағы бар ақпараттарға сүйенеді және біртіндеп болашаққа енеді. Ізденістік болжамның екі түрі бар: 1) экстраполяциялы (дәстүрлі); 2) альтернативті (жаңашыл). Экстраполяциялық көзқарас экономикалық және әлеуметтік даму бірқалыпты және үздіксіз жүреді, сондықтан болжам өткеннің болашаққа жай ғана проекциясы деген пікірге сүйенеді. Бұл әдіс кең қолданысқа ие. Ал, альтернативтік көзқарас әлеуметтік жағдайдың ішкі және сыртқы ортасы тұрақты өзгерістерге ұшырап отырады деген пікірге сүйенеді, яғни қоғамның дамуы секірмелі жіне үзілісті де болуы мүмкін дейді. Сондай-ақ, қоғам үшін болашақ дамудың белгілі бір саны өмір сүреді дейді.
Нормативтік болжам (программалық, мақсаттық) — болжамдау обьектісінің болашақтағы мақсат ретінде қабылданып отырған мүмкін болатын жағдайына қол жеткізудің мерзімі мен жолдарын анықтау үшін қажет. Бұндай болжау алдымыздағы мақсатұа қандай жолмен жете аламыз деген сұраққа жауап береді. Мысалыға, халықтың ет өнімдерін пайдалану динамикасының болжамын қазіргі пайдаланылып отырған норманы есепке ала отырып жасайды. Негізгі қолданылатын әдіс интерполяция болып табылады.
2. Болжамдаушының алдында тұрған біріншікезектегі мәселе – ол болжамдау обьектісінің шекарасын сауатты анықтау болып табылады.
Болжаудың обьектісі дегеніміз адамның танымдық және практикалық қызметі бағытталған кез-келген құбылыс не процесс болуы мүмкін, яғни қызмет қарқынына қарай болжаулар мегажобалар, аймақтық, салалық, микроэкономикалық, ал мазмұндық сипатына қарай әлеуметтік, экономикалық, демографиялық, экологиялық-экономикалық, ғылыми-техникалық, психологиялық, географиялық, этникалық, заңдық, әскери, мәдени-эстетикалық, медициналық, әлеуметтік білім беру – педагогикалық, архитектура –қала салу, ішкі-сыртқы саяси деп бөлінеді. Мысалы әлеуметтік жұмыстағы болжау арқылы бір не басқа жағдайдың, жеке тұлғаның, отбасының, коллективтің жағдайының даму спецификасын көруге болады.
3.Әлеуметтік технологияның екі мәні бар:
1) Практикалық міндеттерді шешуде бір не басқа ғылымның теориялық қорытындыларын пайдалану, 2) Әлеуметтік даму процесіндегі алға қойылған мақсатқа жету үшін бір не басқа әлеуметтік проблемаларды шешу үшін қолданылатын әдіс, тәсілдер, әсер етудің жиынтығы. Бұл әлеуметтік технологияның нақты сипаты.
Әлеуметтік технологида екі форманы бөліп қарауға болады: 1) процедура мен операциялардан тұратын бағдарлама (қызметтің құралы мен тәсілдері ретінде), 2) бұндай бағдарламаға сәйкес құрылған қызметтердің өрісі. Сонда, әлеуметтік технология дегеніміз әлеуметтік қызметті рационалды іске асырудың тәсілі. Төмендегідей әлеуметтік технологиялар бар: глобалды, инновациялық, шашыраңқы, аймақтық, универсалды, психологиялық, информациялық, интеллектуалдық, тарихи, демографиялық, келісімдік, жанжалды шешу, саяси-әкімшілік басқару, психофизикалық.