Ресей психологтарының ішінен тұлға психологиясын анықтауда Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, Л.И.Божовичті айтуға болады.
Л.И.Божович — мектепке дейінгі балалардың сәбилік шағы мен жастық шақ аралығындагы тұлға дамуын зерттейді. Ішкі қасиеті мен адам ерекшелігін, негізіі тұлға түсініктеріне сипаттама береді. Тұлғааралық қатынас арқылы ішкі позициясы деп аталатын көзқарастың қалыптасатынын көрсетеді.
А.Н.Леонтьев — тұлға құрылымы мен дамуы тұжырымдамасын жасайды. Ол і-әрекетке баса мән береді және теориялары психодинамикалық, эксперименттік емес, құрылымдық-динамикалыққа жатады.
Тұлға теориясын жасауда американ психологі Э.Эриксон тұжырымдамасының өзіндік орны бар. Ол тұлға дамуы мен қалыптасуын эпигенетикалық принципке сүйене отырып түсіндіреді және өмір сүру барысында болатын тұлға дамуындағы 8 дағдарыстың болатынын белгілейді.
1. Алғашқы өмір сүру кезеңінде болатын сену, не сенбеу.
2. 2-3 жас арасында болатын күмән мен үят.
3. 3-6 жас аралығында белсенділік пен оған қатысты болатын кінәләну.
4. Еңбек қорлық және оған қарсы толық мәнде болмаушылық.
5. 12-18 жас аралығындағы болатын тұлғаның өзін — өзі белгілеуі мен жеке дара даралануындағы топтамалар мен дау-дамайлар.
6. 20 жас шағындағы өз шектеулігі мен қоғамға араласушылығы мен оған қарсы мәндері.
7. 30-60 жас аралығында жас ұрпақ қамқорлыққа өзін-өзі жегуі.
8. 60 жас және одан жоғары жаста өткізген өміріне қанағаттануы мен өкіну, түңілуі.
Адамның негізгі түрткілері мен құрылымы.
Адамның белсенділігі, іс-әрекеті ғылыми материалистік тұрғыда қарастыруында белсенділік әрекеттердің адамның қажеттіліктерін қанағаттанумен ұштасады.
Тұлға белсенділігі-адамның материалдық және рухани мәдениеті меңгеруде қоғамдық мәнге ие болған бағдарлы шығармашылығында, еріктік актілерде, қарым-қатынастағы қабілеті. Тұлға белсенділігі адамның белсенді өмір позициясы арқылы идеалық принципшілдігі, реттілігі, көзқарасы, сөзбен іс бірлігінде көрінісін айтамыз.
Қажеттілік – ол адам белсенділігінің негізгі себебімен іс -әрекетке итермелеуші күш. Қажеттілік қоғамдық тәлім-тәрбие ықпалында қалыптасып, адамның материалдық, рухани қоғамдық мұқтаждықтарын қанағаттандырады. Мұндай қанағаттандыру қоғамдық даралық сипатқа ие болады.
Түрлі жағдайлардың әсер етуіне қарай адам психологиясы әр түрлі өзгеріске түсіп отырады. Осыған байланысты, мақсатқа жету үшін түрткілер де өзгеріп отырады. Жеке адамды қандай болмасын белгілі бір әрекетке итермелейтін негізгі қозғаушы күш-қажеттіліктер. Қажеттіліктерде тоқталып өттік.
Қажеттілік тетік белгісіне қарай: табиғи және рухани-мәдениет болып бөлінеді. Ал, сол заттарды ұстап тұтынуына қарай: материалдық, рухани қажеттіліктер болып бөлінеді.
Рухани қажеттіліктер түрлі рухани құлдылықтарды пайдалану арқылы жүзеге асырады. Адамның айналасындағы қоршаған дүние үнемі өзгеріп отырыруымен адамның түрлі ерекшеліктері дамып, өзгеріп отырады. Ол өмір сүру процесінің барысында және оқу-тәрбие процесінде шешуші роль атқарады.
Табиғи қажеттілік тән мұқтаждығын қанағаттандыруға бағытталады.
Жеке адамның өмір бағытын көрсететін құрамдас бөлімдері (компонентер) көп. Соның бастылары: қажеттер, мотивтер, қызығулар, бейімділік пен дүние таным мен сенім, мұрат пен талғам.
Себептер-қазақша түрткі немесе себептер дейміз. Бұл қажеттілікті өтеуге талпындыраты түрткілер болады. Қандай болмасын обьектінің себебін білмей тұрып, адамның бір мақсатқа жетем деген немесе оның мінез-құлқының мән-жайын толық түсіну қиын болады.
Қызығулар-адамның шындықтағы заттар мен құбылыстарды белсенділікпен танып, сол қажеттіліктерді сезіп, соны білуге, түсінуге деген жан еліктіріп, сезім тартқан нәрсенің бәрі қызығудың обьектісі болып табылады. Қызығудың физиологиялық негізі-«Бұл не?» дейтін рефлекс. Адамда сан алуан қызығулар болуы мүмкін. Қызығулар мазмұны мен бағытына қарай: материалдық, қоғамдық, саяси, кәсіптік, эстетикалық, оқырмандық, спорттық, танымдық. т.б. болып келеді.