АРГУН, Арғын

АРГУН, Арғын — Ресей Федерациясындағы Амур өз-нің оң саласын құрайтьш өзен. Ұз. 1620 км, су жиналатын алабынының ауд. 164 мың км2. Бастауын Қытайдағы Үлкен Хинган (Хайлар) тауынан алады. Ағысының көпшілік бөлігі кең аңғармен ағады. Олочи а. тұсындағы орташа ағын мөлш. 186 м3/с. А. алабында жалпы ауд. 60 мың км2 болатын 1800- ге жуық көл бар. Олочи а-нан төмен қарай кеме жүзеді.  

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *