АРГУ, Арғұ

АРГУАрғұ — ғұндар құрамында болған ежелгі тайпа. М. Қашқари, т.б. еңбектерінде, көне сына жазуында, ескі эллин, парсы, Византия жазбаларында А. Аргон, Ориген түрінде кездеседі. А-лар М. Қашқари және басқа тарихшылардың жазбаларында Талас өз-нің бойын, көне Талас (Тараз), Сайрам қалаларының екі аралығын мекендейтін, түркі тілдес, саны көп ежелгі ел екендігі айтылған. М. Қашқаридің “Диуан лұғат ат-түрік” кітабында А. Арғұн жөне Қытайға дейін бытырап жатқан ел — Басмыл деп қатар аталынады. Осы пікірді кейінірек Бартольд та қостайды. Қырғыз халқының Манас жырында да А-лардың Жетісу өңірін жайлағаны жөнінде мағлұмат берілген. Осы өңірден жүріп өткен Марко Поло мен Гильом де Рубруктің жазбаларында да Арғұн тайпасының геогр. орны көрсетілген.13 ғ-дағы жазбаларда А-дың орталығы Іле өз-нің аңғарындағы Алмалық (Балыққала) болғаны айтылады. Әдебиетте А. қазақ халқының құрамындағы Арғын тайпасының арғы тегі деген болжам бар; қ. Аргын. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *