Айтыс өлеңдерінің текстологиялық зерттелуі

К. Ә. Құсманова, А. Б. Абилмажинова
Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті,
доцентi, ф. ғ. д., оқытушысы, Өскемен қ., Қазақстан e-mail: Kusmanova_2014@mail.ru; abilmazhinova1983@mail.ru

Айтыс өлеңдерінің текстологиялық зерттелуі

Ақындар айтысы – өнердің бірнешеуін бір жерге тоғыстырып, ерекше өтетін сөз сайысы, өнер таласы.
Мақалада 1898, 1899 жылдары жарық көрген «Біржан-Сара» айтысының екі нұсқасына текстологиялық салыстырулар жасалған. Зерттеушілеріміз Қазан қаласынан шыққан «Жүсіпбек қожа нұсқасы» мен «Зайсан нұсқасын» ең негізгі, дұрыс нұсқа ретінде атап келеді. Текстологиялық салыстырулар кезінде екі нұсқада да оқиға желісі, түптөркіні бір екенін анықтайды. Айтыстағы өлең жолдарының шумақтары ауысып, тіпті, араласып кеткендігі нақты мысалдармен дәлелдеген. Сондай-ақ екі нұсқада да кейбір сөздер мен сөз оралымдары, бүтін тармақтар өзгертіліп, лексикалық және стилистикалық алшақтықтарға жол берілетіндігін саралап көрсетеді. Айтыстың екі нұсқаларындағы кездесетін сапалық өзгерістер де назардан тыс қалмаған. Түйін сөздер: текстология, стилистика, лексикология, айтыс, нұсқа, экспромт.

К. А. Кусманова, А. Б. Абилмажинова
Исследование текстологии айтыса

Айтыс акынов – это поединок слова, искусство импровизации, которое проходит в форме словесного состязания между двумя акынами.
В данной статье рассматриваются варианты текстологии айтыса «Біржан-Сара», изданные в 1898, 1899-е годы. Исследователи отмечают, что изданные в городе Казани варианты айтыса «вариант Жүсіпбек қожа» и «вариант Зайсан» считаются правильными. Во время текстологических сравнений замечаются сходства и различия двух вариантов, акцентируется внимание на стилистических и лексических разницах текстов. Не осталось без внимания и качественные изменения, произошедшие в обоих вариантах айтыса.
Ключевые слова: текстология, стилистика, лексикология, айтыс, вариант, экспромт.

K. A. Kusmanova, A. B. Abilmazhinova
Research texto logy of aitys

Aitys Akins is a match expression, the art of improvisation, which takes place in the form of a verbal contest between two akyns.
This article discusses options for textual criticism aitys «Birzhan-Sara», published in 1898, 1899. The researchers note that published in the city of Kazan options option aitys «Zhysipbek kozha» and «variant of the Zaisan» are correct. While textual comparisons ignored the similarities and differences between the two versions, focuses on the stylistic and lexical differences. Does not remain without attention and qualitative changes have occurred in both options, the aitys.
Key words: textology, styles, lexicology, aitys, version, extempore.
______________________________________


Текстология жайында жазылған әдебиетші, тілші ғалымдардың зерттеулерінің ішінен З. Ахметовтің, Қ. Мұхамедхановтың, Р. Сыздықованың Абай, Махамбет өлеңдерінің текстологиясы жайындағы мақалаларымен, Т. Абдрахмановтың Абай және Сұлтанмахмұт шығармалары текстологиясы жайындағы бірнеше мақаласын, М. Жармұхамедовтің айтыс өлеңдерінің текстологиясы, Қ. Өмірәлиевтің Бұхар өлеңдерінің текстологиясы және “Иә, терең зерттеу қажет” мақаласы, С.Қасқабасовтың қазақ ертегілерінің текстологиясы жайында,
Ш.Ш. Сарыбаев пен Ә.Құрышжановтың эпос шығармалары мен халық жырларының текстологиясына арнап жазған мақала, зерттеулеріне көңіл аудардық. Е. Жұбанов пен М. Малбақовтың “Қозы Көрпеш-Баян сұлу эпосының текстологиясы” деген көлемді зерттеу еңбегін атап өткен жөн.
Ал XIX ғасырдың II жартысындағы айтыс өлеңдерінің текстологиясына келсек, бүкіл айтыс өлеңдеріне текстологиялық талдаулар жасау мүмкін емес. Біз 1942, 1964, 1965, 1988 жылдардағы жарық көрген айтыс жинақтарын  негізге ала отырып, ондағы тілдік жағынан ерекшелік танытып тұрған сөз, сөз тізбегі, сөйлем, жекелеген шумақтарды ғана салыстырдық. Өйткені бір айтыс бірнеше рет қайталанып басылған.
Жамбылдың айтыстарына келсек, ақынның 150 жылдық мерейтойына байланысты айтыстар мен өлеңдеріне текстологиялық салыстырулар жасалып, 1996 жылы I, II том болып, шығармаларының толық жинағы жарық көрді. Ал “Біржан — Сара айтысының” текстологиясын сөз еткенде, атап айтатын үлкен екі еңбек бар. Оның бірі — “Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері” атты кітаптағы белгілі әдебиетшіғалым М. Жармұхамедовтің (Айтыс өлеңдерінің текстологиясы жайында) зерттеу еңбегі [1,75-100]. Екіншісі — “Қазақ фольклоры мен әдебиет шығармаларының текстологиялық зерттелуі” атты жинақтағы Ш. Ахметов пен Т.Қанағатовтың (“Біржан — Сара айтысының” текстологиясы) зерттеулері [2, 149172]. Және М. Имашевтың “Біржан — Сара айтысындағы” өмір шындығы және оның көркемдік, текстологиялық ерекшеліктері” атты ғылыми зерттеу еңбегі [3, 124-147].
Осы уақытқа дейін “Біржан — Сара айтысы” бірнеше рет жарық көріп келді. Біз білетін бұл айтыстың екі нұсқасы бар. Оның бірі —“Қисса Біржан сал менен Сара қыздың айтысқаны” деген атпен 1898 жылы Қазан қаласындағы императорлық университеттің типолитографиясынан басылып шықса, екінші нұсқасы 1899 жылы осы қаладағы “М.Чиркова мұрагерлері” баспаханасынан “Қисса Біржан сал менен ақын Сараның айтысқаны” деген атпен жарық көрді. Ғылымда осы екеуінің 1898 жылы басылып шыққанын ең негізгі нұсқа ретінде атап келеді. Осы нұсқаның екінші бетінде: “әлқисса, Жүсіпбек қожаға Сара қыздың Біржан менен айтысқанын қыздың өзі аузынан осылай деп бастан-аяқ баян қылғаны, айтысқанның келер жылында” деген ескертуді оқимыз. Көріп отырғанымыздай, ғалымдарымыз бұрыннан айтып келе жатқандай, 1898 жылы “Біржан — Сара айтысын” тұңғыш бастырып шығарушы ескіше оқыған жоғары білімді Жүсіпбек қожа Шайхисламұлы екені даусыз. Ендеше “Біржан — Сара айтысының” негізгі нұсқасы тек осы басылым болатынын біз де құптаймыз.
Соның артынша-ақ 1899 жылы белгісіз бір адамның осы айтысқа қайыра оралып, өз ойынан өлең жолдарын қосып, толықтырып, өңдеп жарыққа шығарғаны белгілі. Бұл екінші кітапшаны кімнің жазғаны белгісіз, жазған
адам аты-жөнін айтпаған. Ал соңындағы 26 жолдан тұратын “Айтушының сөзі” бөлімінде:
Бұл өлең шыққан екен бірталайдан.
Сөйтсе де хат болмайды, басылмайды…
Зайсанның жіберілді қаласынан,
Кімнің кім зиян шегер данасынан? [4, 24],— деп келетінін ескертуге орай ғылымда бұл басылым “Әріп нұсқасы” немесе “Зайсан нұсқасы” деп аталады.
“Біржан — Сара айтысын” зерттеуде халқымыздың ғалым әдебиетшілері үлкенді-кішілі ғылыми еңбектер жазса, ал тілші ғалымдардан С.М. Исаевтың зерттеулері бар. “Біржан — Сара айтысы” туралы алғаш пікір айтқан академик С. Мұқанов демекпіз: “Айтыстың мазмұны — халықтың ойын толғандыратын тақырыпқа құрылғандықтан түсінікті болса, түр жағынан оның түсініктілігі, тілінің таза халық тілімен және халықтың көркем тілімен құрылғандығында” [5, 33]. Осы орайда Қ.Жұмалиевтің еңбегі де баршылық. Ол “Қазақ әдебиеті” оқулығында Біржан сал творчествосына арнайы тоқталып, талдаулар жасаған. Одан кейінгі пікір айтқан ғалымдар: Е. Ысмайылов пен М. Ғабдуллин. Е. Ысмайылов
“Жазушы” баспасынан 1967 жылы шыққан
“Біржан сал Қожағұлұлы” атты кітапқа жазған “Біржан салдың ақындығы” деген алғы сөзінде, М.Ғабдуллин “Қазақ халқының ауыз әдебиеті” деп аталатын еңбегінің “Біржан — Сара айтысын” талдайтын тарауында — ақындар айтысының ішіндегі аса көркемі, мазмұн, түр жағынан ерекше орын алатынын айтады. Келесі пікір айтып, талдау жасаған — Б. Кенжебаев. Ол айтысты әріп Тәңібергеновтің шығармасы ретінде қарастырып, былай дейді: “әріптің бұрынғы қиссаларына қарағанда “Біржан — Сара айтысында” тақырып идеясы жағынан болсын, ақындық-шеберлігі жағынан болсын көп ілгерілегенін, көп өскенін көрсетеді.
“Біржан сал мен ақын Сара айтысы” — әріп шығармаларының биік шыңы” [6, 214]. Керісінше, бізді академиктер: С. Мұқанов, М. Әуезов, А. Жұбанов, профессор Қ. Жұмалиев, Е. Ысмайылов және т.б. ғалымдардың Біржан мен Сараның кездесіп айтысқанын дәлелдеген сөз қорытындылары иландырады. Осы тұста ұлы ғалым М. Әуезов тұжырымын еске алалық: “Біржан мен Сараның айтысы” болған жоқ, болса сақталмай қалып қойған. Бұл айтысты шығарушы әріп ақын деген де пікірлер бар. Бұл — қате пікір. Анығында Біржан — Сараның айтысы болған. Бірақ дәл қалпында, толық күйінде, алғашқы айтысқан жердегі қалпымен түгел сақталған жоқ. Кейін көпшілікке өз редакциясымен айтып беруші Сара болады… Ал, кейін сол Сараның айтқаны

Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 3(149). 2014 Айтыс өлеңдерінің текстологиялық зерттелуі 33


да көпке шейін ауызда жүреді. Көп айтушы ақындардың аузынан өтеді. Сол тірлігінде, хатқа түскенше бұл айтыс көп өзгерістер көреді. Осындай айтушының, ең алғаш хатқа түсірушінің бірі әріп болады”,— деген ғылыми пікірін негізге аламыз [7, 313-314]. Ал текстология мәселесін сөз еткенде, текстологтың міндеті жайында айтқан Д.С.Лихачевтың мына пікірін ескерелік: “Задача текстолога заключается в том, чтобы по возможности во всех деталях воспроизвести ход работы автора над произведением, восстановить в воображении весь творческий процесс” [8, 43].
Біз айтыстың 1898, 1899 жылдардағы Қазан қаласынан шыққан “Жүсіпбек қожа нұсқасы” мен “Зайсан нұсқасына” текстологиялық салыстырулар жасадық. Қазан типографиясы татар баспасына арналғандықтан, көне араб әрпінде шыққан екі нұсқаны оқу қиындық келтірді. Айта кететін болсақ, араб әріптерінің белгілері көрінбей, көмескі тартып қалған дыбыстарды оқуда қиындық туғызды. Және де о, ө, у, ұ, ү әріптерінің орнына бір ғана “о ” әрпі қолданылған. Кітапханашылар тарапынан 1898 жылы жарық көрген нұсқаға қайта өңдеу жасалғандықтан, тармақтың басындағы не тармақ соңындағы сөздердің басқы екі не үш дыбысы ғана бар. Соңғы әріптерді қайта өңдеу кезінде желімдеп тастаған. Сондықтан лентаға түсірілген микро жазуларды оқуға тура келді. Ал 1899 жылғы “Зайсан нұсқасын” оқу кезінде 20, 21 — беттер жоқ. Оны 1902 жылы жарық көрген вариантымен толықтырдық. Көбінесе 1912 жылғы вариантына жоғарыда аталып кеткен әдебиетші ғалымдар текстологиялық салыстырулар жасағандықтан, көмескі көрінбей қалған дыбыстар мен сөздерді 1902 жылғы вариантымен салыстырдық, кейбір түсініксіз сөз тізбектерін анықтауда 1912 жылғы вариантын да пайдаландық.
Екі нұсқаны да оқып шыққанда алдымен айтарымыз, айтыстағы негізгі уақиға желісін сақтап тұрған бөлімдер бір, яғни түптөркіні бір екенін аңғарамыз. Дегенмен де мынадай айырмашалықтарды айта кету керек. Зайсан нұсқасында Жетісу өлкесінің бұлбұлы ақын Сараны “Арқадан ат сабылтып” іздеп келе жатқан Біржан сал мен “Қасында алты жігіт жолдасы бар, Аулына Тастанбектің келіп жетті” дейді де, сол жерде Біржан сал алдымен ақын қыздың шешесімен, соңынан сіңілісімен сөз қағыстырып, “Аттанып бір ауылға бұлар келді, Бұлардың құлағына дауыс келді” деп айтыс басталып кетеді. Ара-арасында айтушының сөзі бар және жиылған жұрттың бұларға берген сыйы деген ескертпемен 20 жол сыйлық туралы айтылып, “Сал Біржан осы сөзбен тоқтайды енді” деген айтушының сөзімен басталып, “Жігіттер, тәмәт-тамам болсын бұл сөз” деген тармақпен аяқталады.
1898 жылғы “Жүсіпбек қожа нұсқасында” “Қыз көріспеген соң ұялғаннан Біржанның айтысқаны”:
Найманның болады екен қызы надан, Үлгісіз қандай халық түрі жаман.
Ағаға іні келер біздің елде, Көп боп па сұрауға есен-аман [9, 4].
Сонда қыздың берген жауабы: “Ей, Біржан, кімге дәрі амандығың” деп аузын аштырмай бастырмалатып былай дейді:
Хауа анаға бұрын барған адам ата, Есіткенің жоқ па еді мұны да ақымақ.
Данышпан білгіш қой деп ойлаушы едім
Арғын да тантиды екен жоқты мақтап [9, 4],— деп кете береді де, жынды, антұрған, делбе, ит сөздерімен жауабын аяқтайды. әрине, арғынның ақтанкер ақыны мұндай мазақ сөзді жауапсыз қалдырмайтыны белгілі. Біз бұл жауапты “Зайсан нұсқасынан” табамыз. Бұл кітапшаның 8 — бетінде “Біржан салдың айтқаны” деп былай беріледі:
Қараңдар, ақын қыздың сөзге ұстасын, Келтірді Адам — Хауа бір нұсқасын.
Артың таяз кісіше ашуланып,
Мұнша неге ұстайсың сөз қысқасын?.. [10, 8].
Бұл 12 жолдан тұратын шумақтар 1898 жылы жарық көрген “Жүсіпбек қожа нұсқасынан”, 1964, 1965 (I том) жылдардағы айтыс және т.б. жинақтардан түсіп қалған. Ал 1899 жылғы “Зайсан нұсқасында” осы 12 жол өлеңнен кейін барып мынадай жолдар берілген:
Көтерді домбырасын көкке сермеп, Салады түрлендіріп әннен өрнек.
Бұл сөзге ызаланып алғаннан соң, Дауысқа салды Біржан аспанға өрлеп [10, 8].
1898 жылғы басылымда “Сонда Біржан сөйледі” деген ескертпемен былай беріледі: Біржан сал домбырасын көкке сермеп, Жіберді түрлендіріп әннен өрнек.
Сөзіме ызаланып алғаннан соң,
Дауысқа салды Біржан аспанға өрлеп [9, 5],— деген бір шумақ “Мың жарым жылқы біткен Қожағұлға” деп басталатын жолға қосылып кетеді. Ал “Ақын Сара” деп аталатын кітапта “Айтушының сөзі” ретінде жеке берілген. Осы жайында М. Жармұхамедов: “Соның нәтижесінде айтыс тәртібі амалсыз бұзылып, кейінгі Біржан атынан берілетін екі кезек бір-біріне әдейі қосылып, сапырылысып кеткен”,— дейді /13, 92/. 1898 жылғы шыққан кітапшаның 6 — бетінде “Сонда Сараның айтқан жауабы” деген ескертпемен берілетін 64 жол ұзақ сүре жауабы,

ISSN 1563-0223 Bulletin KazNU. Filology series. № 3(149). 2014 34 К. Ә. Құсманова, А. Б. Абилмажинова
“Зайсан нұсқасында” үшке бөлініп берілген. шалдап (найманшылап)” деп берілген. Сондай1899 жылғы кітапшада 24-ақ жол болып, “Тіріл- ақ, “Зайсан нұсқасындағы“ (15, 16 — беттер) сең ертең кешке, бүгін өліп” (10 — бет) деген кітапшада “Ыбырайға тамам елің найман жетжолдармен аяқталады. пес” деп басталып, “Сен түгіл жеткен емес ер-
“Жүсіпбек қожа нұсқасындағы” “Арғын- кек қуып” деген жолдарға дейінгі шумақтардың ның тантықтығы міне осындай” (6 — бет) де- кейбір тармақтары болмаса, түгелімен “Жүсіпбек ген жолдар “Зайсан нұсқасында” “Арғынның қожа нұсқасында” жоқ. Тағы бір айта кететін сөзі”, “Қыз иттің” деп беріліп, Біржан сөзі қы- жағдай — 1898 жылғы кітапшадағы өлең шулып өзгертіліп (10 — бет), “Қыз иттің тантық- мақтары “Зайсан нұсқасында” ауыстырылып тығы міне осындай” деп басталады да: берілуімен бірге Біржан жауабында жалпы ой сол қалпында қалады да, кейбір сөздер мен сөз
Мен, Біржан, әрбір жерде болмайтұғын оралымдары, тіпті бүтін тармақтары өзгертіліп, Жылан боп жеті басты арбасаң да [10, 10],— лексикалық және стилистикалық алшақтықтарға жол беріледі. Iлгеріде келтірілген өлең деген жолдармен аяқталады. Бұл екі тармақ жолдары 1898, 1899 жылдардағы Қазан қала“Жүсіпбек қожа нұсқасында” берілмеген. сынан шыққан кітапшалардан алынды.
“Зайсан нұсқасындағы” осы жауапта “Озармын
Қорытындылай келгенде, айтыстың сыни қуып жетіп “Қарқабаттап” деп өзгертіпті. 1898 мәтінін жариялау керек деп ойлаймыз. жылғы кітапшада “Қуып жетіп озамын найман

Әдебиеттер

1 Жармұхамедов М. Айтыстың даму жолдары. – Алматы: Ғылым, 1976. – 168 б.
2 Ахметов Ш., Қанағатов Т. “Біржан – Сара айтысының” текстологиясы // Жинақ: Қазақ фольклоры мен әдебиет шығармаларының текстологиялық зерттелуі. – Алматы, 1983. – 264 б.
3 Имашев М. “Біржан – Сара айтысындағы” өмір шындығы және оның көркемдік, текстологиялық ерекшеліктері // Кандидаттық диссертацияның қолжазбасы. – Алматы, 1992. – 157 б.
4 Жүсіпбек қожа Шайхисламұлы. Қисса Біржан сал менен ақын Сара қыздың айтысқаны. – Қазан, 1898. – 18 б.
5 Мұқанов С. Халық мұрасы. Тарихи – этнографиялық шолу. – Алматы: Жазушы, XV т., 1979. – 380 б.
6 Лихачев Д.С. Текстология на материале русской литературы X-XVII веков. – Ленинград: Наука, 1983. – 640 с. 7 Әуезов М. Абай жолы. Екінші кітап. – Алматы: Жазушы, 1989. – 616 б.
8 Лихачев Д.С. Текстология на материале русской литературы X-XVII веков. – Ленинград: Наука, 1983. – 640 с.
9 Жүсіпбек қожа Шайхисламұлы. Қисса Біржан сал менен ақын Сара қыздың айтысқаны. – Қазан, 1898. – 18 б.
10 Қосбасаров Е. Бүркітшілік терминдері жайында // Жинақ: Жауапты редакторы Қайдаров Ә.Т. Қазақ тілі тарихи лексикологиясының мәселелері. – Алматы: Ғылым, 1988. – 200 б.
11 Қисса Біржан сал менен ақын Сараның айтысқаны. – Қазан, 1899. – 24 б.

References

1 Zharmұhamedov M. Aytystyң damu zholdary. – Almaty: Ғylym, 1976. – 168 b.
2 Ahmetov Sh., Қanaғatov T. “Bіrzhan – Sara aytysynyң” tekstologiyasy // Zhinaқ: Қazaқ fol’klory men әdebiet shyғarmalarynyң tekstologiyalyқ zertteluі. – Almaty, 1983. – 264 b.
3 Imashev M. “Bіrzhan – Sara aytysyndaғy” өmіr shyndyғy zhәne onyң kөrkemdіk, tekstologiyalyқ erekshelіkterі // Kandidattyқ dissertatsiyanyң қolzhazbasy. – Almaty, 1992. – 157 b.
4 Zhүsіpbek қozha Shayhislamұly. Қissa Bіrzhan sal menen aқyn Sara қyzdyң aytysқany. – Қazan, 1898. – 18 b.
5 Mұқanov S. Halyқ mұrasy. Tarihi – etnografiyalyқ sholu. – Almaty: Zhazushy, XV t., 1979. – 380 b.
6 Lihachev D.S. Tekstologiya na materiale russkoy literatury X-XVII vekov. – Leningrad: Nauka, 1983. – 640 s. 7 Әuezov M. Abay zholy. Ekіnshі kіtap. – Almaty: Zhazushy, 1989. – 616 b.
8 Lihachev D.S. Tekstologiya na materiale russkoy literatury X-XVII vekov. – Leningrad: Nauka, 1983. – 640 s.
9 Zhүsіpbek қozha Shayhislamұly. Қissa Bіrzhan sal menen aқyn Sara қyzdyң aytysқany. – Қazan, 1898. – 18 b.
10 Қosbasarov E. Bүrkіtshіlіk terminderі zhayynda // Zhinaқ: Zhauapty redaktory Қaydarov Ә.T. Қazaқ tіlі tarihi leksikologiyasynyң mәselelerі. – Almaty: Ғylym, 1988. – 200 b.
11 Қissa Bіrzhan sal menen aқyn Saranyң aytysқany. – Қazan, 1899. – 24 b.










 

ISSN 1563-0223 Bulletin KazNU. Filology series. № 3(149). 2014 32 К. Ә. Құсманова, А. Б. Абилмажинова

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *