АРГЕНТИНАЛЫҚТАР

АРГЕНТИНАЛЫҚТАР — Аргентинаның негізгі халқы. Жалпы саны 33,8 млн. адам (1997). Біраз топтары Парагвайда, Чилиде, Америкада тұрады. Негізінен, еуропа нәсіліне жатады. Испан тілінің аргентина диалектісінде сөйлейді. Көпшілігі — католиктер. Аргентин тілі мен мәдениетін жасауда, мал ш-мен айналысуда бақташы-гаучолар рөлі үлкен болды. 19 ғ-дың 6070 жылдарында А. ұлт болып қалыптасты. Негізгі кәсібі мал ш. және оның өнімдерін сату. 19 ғ-дың 20-жылдарында Италиядан, Испаниядан жаппай қоныс аударушылар сауда мен өнеркәсіптің, тауарлы егін ш-ның өркендеуіне жол ашып, мал ш- н екінші сатыға ығыстырды. Теңіз жағалауындағы провинция — пампаларда көшіп келушілер ықпалы күшейді. 70-жылдары Парагвай, Боливия және Чилиден қоныс аударушылар халықтың этник. құрамындағы латынамерикалықтар үлесін көбейтті. Үндістердің материалдық мәдениеті мен дәстүрлері ішкі провинцияларда мол сақталған. Тукуман провинциясы былғарыдан жасалған кілем, көрпелерімен, формос-сомбреро тоқумен, пампалықтар — сүйек, былғары өңдеумен, корриентелдіктер — сүйектен, сабаннан, қыштан, ағаштан ғұрыптық әсем мүсіндер салумен, солт-тегі провинцияларүндістердің матако атты қыш құмыраларын жасаумен аты шыққан. Гаучолардың фольклоры өте бай. Фермерлер үйлерін күйдірілген кірпіштен, кедейлер ранчоларын арзан фанерден, каңылтырдан салады. Ішкі провинцияларда дәстүрлі киім үлгілері (пончо, былғары етік, үлкен шляпалар) сақталған. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *