Инфляция және инфляцияға қарсы реттеулер.
Қағаз ақшаның құнсыздануы және тауар бағаларының өсуi инфляцияға әкелiп соқтырады. Экономикалық құбылыс ретiнде инфляция ұзақ уақыт бойы өмiр сүрiп келедi. Тiптi, оның пайда болуын ақшаның пайда болуымен де сәйкестендiруге болады.
Жаңа қоғамда инфляцияда көрiнетiн байланыстар күрделiне түскен: қағаз ақшаның алтынға тәуелдiлiгi мүлдем үзiлген, ақша айналымының дәстұрлi заңы бұзылған және де инфляция жаңа халықаралық сипатта қалыптасуда. Бұның бiр себебi мынада – көп елдер инвестицияны ынталандыру және экономиканы емдеу құралы ретiнде ақша шығару қарқынын көтерiп жiбередi. Нәтижесiнде айналымдағы ақша массасы көбейiп, оның төлем қабiлеттiлiгi әлсiрейдi, азаяды. Сондықтан инфляцияның жоғарғы қарқыны мемлекеттiң қағаз ақшаны шектен көп шығаруымен байланысты, бұл эмиссия iшкi айналым қажеттiлiгiнен де асып кетедi.
Инфляция көп факторлы құбылыс. Ол iс жүзiнде еш уақытта да толық жойылмайды. Өйткенi қазiргi таңдағы экономика өзiнiң құрылысы бойынша инфляциялы болып келедi. Олай болса, қазiргi заманғы инфляцияға былай деп анықтама беруге болады:
Инфляция – бұл ұсыныс пен сұраныс арасындағы дисбаланс және бағаның өсуiне байланысты басқа да ұлттық шаруашылық пропорцияларының бұзылу нәтижесi.
«Инфляция» терминi латынның «inflatio» сөзiнен шыққан, «iсiну, қабыну» деген мағына бередi. Бұл термин ең алғаш рет Солтүстiк Америкадағы 1861-1865 жылдардағы Азамат соғысында қолданылған.
Инфляцияның негiзгi көрiнiсi тауар бағасының өсуiнде. Бағаның өсу көлемiне байланысты инфляцияның үш түрi болады: баяу, үдемелi және гиперинфляция.
Баяу инфляция нарықты экономика жағдайындағы қалыпты (табиғи) құбылыс болып табылады және де оның өсуi жылына 10% -тен аспайды.
Әдемелi инфляция ауыр әлеуметтiк-экономикалық жағдайға әкелiп соқтырады. Өйткенi, мұнда бағаның өсуi жылына 200%-ке дейiн болуы мүмкiн.
Гиперинфляция жағдайында бағаның өсу жылдамдығы өте жоғары (500-1000%) болады және де оның салдары ауыр болады.
Жалпы инфляцияны ашық және басыңқы деп бөлуге болады. Ашық инфляция бағаның өсуiне негiзделген. Оған инфляцияның баяу, үдемелi, гиперлiк түрлерiн жатқызуға болады. Басыңқы инфляция – тауардың жоғалуынан туындайтын инфляция. Мұндай инфляцияда бағаны мемлекет реттейдi, ол бағаны сұраныстың өсуiне сай көтермейдi. Нәтижесiнде тауар тапшылығы пайда болады, ал ол «көлеңкелi» экономканы туындатады.
Инфляцияның әлеуметтiк-экономикалық салдарына мыналарды жатқызуға болады:
1) Ақшалай табыстар ағымының құнсыздануы, яғни барлық ақшалай табыстардың азаюына әкеледi. Табыс мөлшерiнiң өсуi инфляция қарқынынан артта қалады.
2) Табыстарды, байлықты қайта бөлу. Мұнда қарыз берушiлер (қайтарушылар) ұтысқа ие болады, өйткенi алған ссудаларының сатып алу қабiлеттiлiгi қайтару кезiнде төмендейдi.
3) Ақша қаражатын материалдау, яғни ақшаны тауарға айналдыру. Бұл ақша құралдарының жетiспеушiлiгiне әкеледi және сұраныс инфляциясын күшейтедi.
4) ұзақ мерзiмдi мақсатқа деген қызығушылық төмендейдi.
5) Ақша қаражаты құнсызданады.
6) ұлттық шаруашылықты басқару қиындайды және т.с.с.
Инфляциямен күресу үшiн мемлекет арнайы антиинфляциялық тәсiлдер мен стратегияларды қолданады: бiрi – инфляцияға бейiмдiлiктi қарастырады, екiншiсi – инфляцияға қарсы реттеу шараларын жүргiзедi.
Бейiмдiлiк шараларына табыс индексациясы және баға деңгейiн бақылау жатады.
Антиинфляциялық стратегияларға мыналар жатады:
1) Бейiмделгiш инфляциялық күтiмдердi жою стратегиясы.
2) Ақша массасын шектеу стратегиясы.
3) Бюджет тапшылығын қысқарту стратегиясы.
Инфляция жұмыссыздық деңгейiне қатты әсер етедi. Бұл әсер ету Филлипс қисығы арқылы көрсетiледi: «Жұмыссыздық деңгейiнiң төмендеуi баға мен жалақы мөлшерiнiң өсуiмен қатар жүредi».