Капитал теориясы. Капиталдың мәнi, түрлерi және қорлануы

Капитал теориясы. Капиталдың мәнi, түрлерi және қорлануы.

Бүгiнде Қазақстанда болып жатқан өтпелi кезең капиталдың алғашқы қорлануымен теңестiрiледi. Алайда, осы процесстердiң арасында толық сәйкестiк жоқ, сондықтан да ұқсастық шартты түрдегi құбылыс. Капиталдың алғашқы қорлануы түсiнiгi ең бiрiншi А. Смит еңбегiнде кездескен, кейiннен К. Маркстiң «Капиталында» зерттелген.

Оның алғашқы мағынасы феодализмнен капитализмге өтудiң материалдық жағдайларын дайындауда болады және де былай айтылады:

1)    тiкелей өндiрушiлердiң  (ең алдымен шаруалардың) өндiрiс құрал-жабдықтарынан (жерден) ажырауы және олардың жалдамалы  жұмысшыларға айналуы;

2)    қоғамдық құралдар мен ақша капиталдарының буржуазия қолдарына көшуi.

Әрбiр экономикалық мектептерде капитал әртүрлi түсiндiрiледi. Бiрақ ең басты бағыттары төмендегiлер болып табылады:

—         заттық немесе натуралдық концепция;

—         ақшалай немесе монетарлық концепция;

—         «адам капиталы» теориясы.

Натуралдық концепция тұрғысынан капитал – өндiрiс құрал-жабдықтары немесе сатуға арналған дайын тауарлар. А. Смит капиталды заттардың қорланған запасы ретiнде, ол Д. Рикардо – өндiрiс құрал-жабдықтары ретiнде түсiндiредi. А. Маршалл теориясында – ол өндiрiс алғышарттарын жинайтын заттар. Монетарлық теория тұрғысынан, капитал-пайыз әкелетiн ақша немесе оның ауыстырушысы – несиелiк ақша.

«Адам капиталы» теориясы ХХ ғ. 60-шы жылдары ҢТР жағдайында адам факторының рөлiнiң артуымен байланысты пайда болды.

Капиталдың жүйелi түсiндiрмесiн К. Маркс жасаған. Ол бiр жағынан капиталдың мәнiн, екiншi жағынан – оның пайда болуының нақты формаларын зерттейдi:

—         өндiрiс құрал-жабдықтары тұрақты капитал ретiнде көрiнедi;

—         жұмысшы күшi – айнымалы капитал ретiнде;

—         ақша – ақша капиталы ретiнде;

—         тауар – тауар капиталы ретiнде.

Капитализмде жұмысшы күшi тек өз құнына тең құн ғана шығармайды, сонымен қатар өз құнынан артық құн немесе қосымша құн өндiредi.

Капитализм тұсында жұмыс күнi 2 бөлiктен тұрады: қажеттi және қосымша уақыт. Қажеттi уақытта жұмысшы өзiнiң жұмыс күнi құнының мөлшерiне тең құн жасайды. Ал, қосымша уақыт iшiнде жұмысшы капиталистке тегiн еңбек етiп, қосымша құн өндiредi. Жұмысшының бiр кұн iшiнде жұмсайтын еңбегi -қажеттi және қосымша еңбек болып бөлiнедi.

Сонымен, қосымша құн дегенiмiз – жалдамалы жұмысшының төленбей қалған еңбегi, капиталисттiң тегiн иемденген құны және де өндiрiсте өздiгiнен өсетiн құн.

Капитал – жалдамалы еңбектi қанау арқылы қосымша құн әкелетiн құн. Капитал қосымша құн өндiру сипатына байланысты екi түрге бөлiнедi: тұрақты және өзгермелi капитал (немесе айнымалы).

Қосымша құн өндiру әдiстерi үшке бөлiнедi: абсолюттiк, салыстырмалы және артық қосымша құн. Жалдамалы еңбектi қанау дәрежесiн көрсететiн шама, ол — қосымша құн нормасы. Ол қосымша құн мөлшерiн өзгермелi капиталға пайыз арқылы бейнелеу арқылы анықталады.

Қоғамдық ұдайы өндiрiс, негiзiнен, капиталдың ауыспалы айналымынан басталады.

Капиталдың ауыспалы айналымы дегенiмiз өндiрiс факторлары құнының нәтижесiнде оның үш сатыдан өтетiн және өндiрiстiк, ақшалай және тауар формаларын қабылдайтын өндiрiстiк және айналым сфералары  арқылы қозғалысы.

Өндiрiстiк капитал – бұл тұйық ұдайы өндiрiстiк циклде қызмет ететiн құндық формада көрсетiлген өндiрiс факторлары.

Пайдаланатын өндiрiстiк капитал құнының жасалған тауар құнына өту әдiсiне байланысты ол екi топқа: негiзгi және айнымалы капиталға бөлiнедi.

Негiзгi капитал – өндiргiш капиталдың бiр бөлiгi және де ол ¶Ұнын өндiрген өнiмге тозу дәрежесiне сай бiртiндеп сiңiредi. Оған ғимараттар, құрал-жабдықтар, машина және т.б. жатады.

Айнымалы капитал толық пайдалнылады және де құнын бiр өндiрiстiк циклда бередi. Оған шикiзат, ресурстар, отын, жұмысшы күшi құны жатады.

 

6. Нарықты экономиканы ұйымдастыру, оның мазмұны мен құрылымы.

Нарық, айырбас, айналыс – бұл категориялар өзара тығыз байланысты және тұрмыстық деңгейде жиi теңестiрiледi. Сонымен қатар олар қатаң себеп-салдарлы жүйеленген және тауарлы қатынастардың дамуындағы әртүрлi тарихи сатыны бiлдiредi.

Нарықтың қалыптасуы еңбектi қоғамдық бөлудiң пайда болуымен тiкелей байланысты. Еңбектi бөлудiң кұшейуi, оның дифференциалдануы(бөлiнуi) мен  мамандануы тек қана қоғамдық өндiрiстiң өнiмдiлiгi мен тиiмдiлiгiнiң артуына алып келген жоқ, сонымен қатар  осы еңбектiң өнiмдерiн мiндеттi түрде айырбастауға да әкеледi. Мұндай айырбас бiрте-бiрте кұшейе түсiп, қазiргi таңдағы нарыққа дейiн жетiлдiрiлдi. Тауар өндiрiсiнiң дамуымен қатар нарықта дамыды және күрделене түстi.

Нарық көпжақты, оны әртүрлi жағынан зерттеуге болады. Сондықтан да экономикалық әдебиеттерде оның анықтамалары да көп.

Сатып алу және сату көзқарасы бойынша нарық сұраныс пен ұсыныстың, өндiрушi мен тұтынушының өзара әрекетiнiң сферасы ретiнде қарастырылады.

Экономикалық ұйымдастыру көзқарасы бойынша нарықты экономиканың iс-әрекет етуiнiң қоғамдық формасы деп атайды.

Нарыққа қатысушы тұлғалардың позициялары бойынша нарық шаруашылық тұлғаларының арасындағы қоғамдық байланыстың формасы болып табылады.

Қорыта айтқанда, нарық — бұл ұдайы өндiрiстiң барлық буынында, өндiру, бөлу, айырбас және тұтыну аясында сату және сатып алу арқылы жүзеге асырылатын ұйымдық-экономикалық қатынастардың жүйесi. Қысқаша айтқанда, нарық дегенiмiз сұраныс пен ұсыныс негiзiнде сату-сатып алу процесi жүретiн ресми орталық.

Кез келген нарық, оның нақтылы түрiне қарамастан, үш негiзгi элементке негiзделiп құрылады: баға, сұраныс пен ұсыныс, бәсеке. Нарықтық тепе-теңдiктi дәл осы элементтер айқындайды.

Нарықтың белгiлi бiр құрылымы болады.

Нарықтың құрылымы – бұл нарықтың жекелеген элементтерiнiң iшкi құрылысы. Ол өзiне тән әртүрлi белгiлерi бойынша жiктеледi. Олардың маңыздылары келесiдей:

1.     Экономикалық белгiленуi бойынша тауар мен қызмет көрсету нарығы, өндiрiс құралдары нарығы, еңбек нарығы, инвестиция нарығы, бағалы қағаздар нарығы, қаржы нарықтары болып бөлiнедi.

2.     Географиялық орны бойынша жергiлiктi, ұлттық, аймақтық, әлемдiк нарықтар болып бөлiнедi.

3.     Бәсекенi шектеу дәрежесi бойынша: монополиялық, олигополиялық, еркiн, аралас деп аталады.

4.     Сату сипаты бойынша бөлшек және көтерме деп бөлiнедi.

Қазiргi кезде нарық дамыған инфрақұрылымсыз, яғни қосалқы көмекшi салалар мен ұйымдарсыз мұмкiн емес.

Нарық инфрақұрылымы дегенiмiз нарықтық қатынастардың қызмет етуiн табысты қамтамасыз ететiн мекемелер, мемлекеттiк және коммерциялық фирмалардың жиынтығы.

Барлық нарықтардың олардың формаларының, көлемдерiнiң көптұрлiлiгiне қарамастан экономикалы қызметтi ұйымдастырудың басқа да типтерiнен ажырататын 5 белгiсi бар. Олар мыналар:

1.    Нағыз нарық оған еркiн кiрудi және одан еркiн шығуды көздейдi. Сондықтан да, нарыққа қатысушылардың саны еш уақытта да шектелмейдi.

2.    Нарыққа қатысушы тауар өндiрушiлердiң елеулi санының әрқайсысының белгiлеген бағаларының жалпы нарықтық бағаға әсерiнiң төмендiгiнен, кез келген тауар өндiрушi нарықта тұтынушыға өзiнiң бағасын ерiксiз жүктеуүшiн нарыққа сонша тауар шығара алмайды.

3.    Нарықта материалдық, қаржылық және еңбек ресурстары емiн-еркiн қозғалады.

4.    Нарық, оған қатысушылардың барлығына бiрдей мүмкiндiктер беруi қажет.

5.    Еркiн нарықта белгiлi бiр сатушылар тобы үшiн артықшылықтар көзделмейдi.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *