Қоғамдық өндiрiс — қоғам дамуының негiзi. Өндiрiс теориясы

 Қоғамдық өндiрiс — қоғам дамуының негiзi. Өндiрiс теориясы.

 

Адам мен қоғам өмiрiнiң негiзiнде шаруашылық қызмет, өндiрiс жатыр.

Өндiрiс – бұл адамдардың табиғи заттарға әсер ете отырып, материалдық және рухани игiлiктердi өндiру процесi және де адамдардың өз қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға бағытталған мақсатты iс-әрекеттерi. Ал, өндiрiс нәтижесi болып адамдардың қажеттiлiктерiн қанағаттандыратын материалдық және материалдық емес игiлiктер табылады.

Өндiрiс процесiнiң заңдылықтарын жақсы түсiну, ұғыну үшiн қажеттiлiк, игiлiк және өндiрiс факторлары категорияларын толығырақ зерттеп, танысуымыз қажет.

Қажеттiлiк – бұл адамның жоюға тырысатын (немесе ұмтылатын) қанағатсыздық немесе мұқтаждық жағдайы. Мiне, дәл осы қанағаттанбағандық сезiм адамды белгiлi бiр iс-әрекеттерге талпындырады, итермелейдi.Қажеттiлiктердiң түрлерi әртүрлi болуы мүмкiн. Көптеген экономист — ғалымдар оларды «реттестiруге» тырысып баққан. Мысалға, Альфред Маршалл қажеттiлiктi – абсолюттi және салыстырмалы, жоғары және төменгi, тiкелей және жанама, сол мезеттегi және келешектегi деп бөлген.

Негiзiнен, қажеттiлiктердi жiктеу шартты түрдегi құбылыс және де ол әрбiр адамның жекедара көзқарасына байланысты. Өйткенi, бiреулерге кiтап оқу алғашқы қажеттiлiк болса, екiншiлерi үшiн-керiсiнше болады.

Адам қажеттiлiгi адамзат цивилизациясының дамуымен қатар үздiксiз өзгеруде.

Игiлiктер деп қажеттiлiктердi қанағаттандыратын заттарды айтамыз. Игiлiктер өндiрiсi, бiрiншiден, адам мен табиғаттың қарым-қатынасын; екiншiден, өз шаруашылық қызметтерi барысындағы адамдардың өзара қарым-қатынастарын бейнелейдi. Өзара қарым-қатынастың бiрiншi типiн өндiргiш күштер деп, ал екiншiсiн – экономикалық қарым-қатынастар деп атаймыз.

Экономикалық ғылымда қоғамдық өндiрiс факторларының келесiдей түрлерi кездеседi: еңбек, капитал, жер және кәсiпкерлiк қабiлеттiлiк.

Маркстiк теорияда өндiрiс факторлары өзгеше сипатталады: заттық факторлар (өндiрiс құралдары) мен жеке фактор (жұмыс күшi). Марксизм үшiн бұлайша бөлу аса маңызды, өйткенi, ол барлық заттық факторлар қосымша құн (пайда) өндiрмейтiндiгiн, ал тек жеке фактор – жұмыс күшiнiң құн, қосымша құн өндiретiнiн көрсетедi.

Өндiрiстiң дамуының әрбiр жаңа кезеңiнде оларсыз өндiрiс жемiстi түрде дами алмайтын жаңа факторлар пайда болып отырады. Қазiргi заманғы өндiрiстi, мысалы, кәсiпкерлiк, ақпарат, технология, экология және т.с.с. факторларсыз елестету қиынға түседi. Алайда жүйенiң негiзiн құрушылар болып еңбек, жер, капитал қалады.

Қоғамдық өндiрiстiң қазiргi заманғы құрылымы материалдық және материалдық емес өндiрiс болып екiге бөлiнедi. Қоғамдық өндiрiстiң нәтижесiнде қоғамдық өнiм экономикалық айналымға (қозғалысқа) түседi: өндiру, бөлу, айырбастау және тұтыну.

Қоғамдық өндiрiстiң нәтижесiне ғылыми-техникалық революцияның ықпалы өте зор. Ол өндiрiс тиiмдiлiгiн арттырады, өндiрiстiң экономикалық дамуына технологиялық көзқарасты алмастыру принципi негiзiнде өндiрiс факторларын өзара үйлестiрудi жүзеге асырады.

 

3. Меншiк және экономикалық жүйелердi ұйымдастыру үлгiлерi.

Қоғам өмiрiнде меншiкке байланысты қатынастар әрқашан да маңызды роль атқарған. «Меншiк» белгiлi бiр затты жеке мүлiк ретiнде адамның иеленуiнен шыққан ұғым. Ол қоғамдық негiзгi бастауларға жатады. Сондықтан да, кез келген үкiмет меншiк туралы заңдар шығарады.

Меншiк құқықтық мағынасында мүлiктiк қатынастарды бiлдiредi. Меншiк иесiне заңмен алдын-ала белгiленген мүлiк қана тән.

Меншiк категориясының экономикадағы орны мен ролiн, мәнiн түсiну үшiн материалдық игiлiктердi өндiруге мүмкiндiк беретiн өндiрiс тәсiлдерiне жалпылама сипаттама беру қажет. Өндiрiс тәсiлiнде екiжақты зерттеу жүргiзiледi. Атап айтқанда,

1)    Өндiргiш күштер. Ол материалдық игiлiктердi өндiруде қолданылатын адам күшi мен өндiрiс құралдарын қамтиды.

2)    Өндiрiстiк қатынастар. Бұл өндiрiс процесi кезiндегi адамдар арасында туындайтын байланыстар.

Экономикалық қатынастардың iшiнде шешушi рөлдi меншiк қатынасы алады.

Меншiк – бұл зат емес, заттарға байланысты туындайтын қатынас. Меншiк ретiнде кез келген тұлғаның затты (объектiнi) пайдалануына байланысты құқығы көрiнедi. Меншiк объектiлерi болып жер, ғимараттар, материалдық және рухани-мәдениет заттары және т.с.с. табылады. Ал, субъектiлерi ретiнде мемлекет, ұжым, жеке тұлға мен заңды тұлғалар болады.

Экономикалық мағынасында меншiк бүкiл шаруашылық процесiн қамтып, пайдалы игiлiктер мен қызметтердi өндiру, бөлу, айырбастау мен тұтыну қатынастарын бiлдiредi. Басқаша айтсақ, меншiк – бұл адамдар арасындағы өндiрiс факторлары мен нәтижелерiн иемденуге байланысты объективтi қатынастар жұйесi. Иемдену – әрбiр қоғамдық өндiрiс әдiсiнiң негiзi болып табылады.

«Меншiк» пен «иемдену» тұсiнiктерiн теңестiруге болмайды. Өйткенi, «меншiк» — анағұрлым абстракциялы, ал «иемдену» нақты ұғым. Иемдену – бұл нақты қоғамдық затты иелену әдiсi.

Меншiк – бұл адамдардың тек затқа ғана қатынасы емес, сонымен қатар адамдардың арасындағы заттарды иелену бойынша қатынастары. Бiрақ та, меншiктiң экономикалық мәнiн ашу үшiн материалдық игiлiктiң бiреуге тиесiлi болғандығы жеткiлiксiз. Мәнiн ашу үшiн қоғамдағы барлық өндiрiстiк қатынастардың жиынтығын талдау керек.

Меншiк пен иемденудiң iшкi заңдары бар. Олар екеу. Бiрiншiсi – өз еңбегiнiң өнiмiн иемдену, меншiктеу заңы, оған сәйкес иемдену заңы: еңбек – бастапқы иемдену әдiсi. Бұл заңдар жай тауарлы өндiрiске дейiнгi кезеңдерге тән.

Еңбектiң жеке меншiктiң капиталистiк болып өзгеруi бiрiншi меншiк заңының екiншiсiне – бөтен бiреудiң еңбегiнiң өнiмiн меншiктеу заңына ауысуының негiзiнде жүредi. Оған ендi, басқаның еңбегiн иемдену заңы сәйкес келедi.

Меншiк қатынастарын дамытудың бiрден-бiр жолы болып жекешелендiру табылады. Оның нарық қатынастарын қалыптастырудағы рөлi өте үлкен. Қазiргi таңда нарықтық экономикаға өтудiң маңызды шарттары болып мемлекет иелiгiнен алу және мнонополия күшiн әлсiрету табылады. Осы бағытта көптеген әдiстер қолданылады, саясат қалыптасқан, арнайы ережелер бекiтiлген.

Экономикалық жүйенiң пайда болуында меншiк қатынасы ерекше орын алады.

Экономикалық жүйе – бұл материалдық, рухани игiлiктер мен қызметтердi өндiрушiлер мен тұтынушылар арасындағы байланыстардың ерекше реттелген жүйесi. Қазiргi таңда экономикалық жүйенi анықтаудың келесiдей бағыттары бар: құрылымдық-басқарушылық (Нойбергер, Даффи), технологиялық; уәждемелiк, яғни мотивациялық — Бекингей, Ландауэр; институционалды – социологиялық (Гросман, С. Кузнец).

Экономикалық жүйе – бұл өндiргiш күштер мен өндiрiстiк қатынастардың өзара бiрлiгi.

 

4. Тауарлы өндiрiс және оның түрлерi. Ақша және оның қызметтерi.

 

Егер адамдардың экономикалық әрекетiне ретроспективада қарайтын болсақ, онда шаруашылық жүргiзу формаларының қалай өзгеретiнiн байқауға болады.

Өндiрiстi экономикалық ұйымдастырудың тарихи типi 2 түрлi болып келедi:

1)      натуралды өндiрiс;

2)      тауарлы өндiрiс.

Натуралды өндiрiстiң (шаруашылықтың) байлығының негiзгi түрi болып белгiлi бiр тұтыну құны бар натуралдық өнiм, яғни материалдық игiлiк, табылады.

Натуралды өндiрiс әмбебап қол еңбегi негiзделген, анағұрлым таза түрiнде қоғамдық еңбек бөлiнiсiнен хабары жоқ және өнiмдерiн өзара айырбастамаған алғашқы қауымдық халықтарда болды. Өнiм жеке тұтыну мақсатында өндiрiлдi. Өндiргiш күштер мен оларды ұйымдастыру аса қарапайымдылығымен сипатталды. Мұнда «не өндiру керек?», «қалай өндiру керек?» және «кiм үшiн өндiру керек?» деген мәселелер оңай шешiлдi. Ал, тауарлы өндiрiс натуралдыққа қарағанда анағұрлым күрделi және дамыған болып келедi.

Тауарлы өндiрiс деп пайдалы өнiмдер нарықта сатылуы үшiн өндiрiлiп, ал өндiрушiлер мен тұтынушылар арасындағы байланыс нарықтың көмегiмен жүзеге асырылатын шаруашылықты ұйымдастырудың типiн айтамыз. Осыған сәйкес экономикалық ұйымдастырудың негiзгi мәселесi (ненi? қалай? және кiм үшiн?) нарық талабына сай шешiледi.

Тауарлы өндiрiстiң пайда болуының қажеттi шарты – нақты бiр өнiм шығаруға өндiрушiлердiң мамандануын бiлдiретiн қоғамдық еңбек бөлiнiсi. Тауарлы өндiрiстiң пайда болуы алғашқы қауымдық құрылыстың (б.э.д. 7-8 мыңжылдық) ыдырауымен сәйкес келедi. Оның даму сипаты айырбас пен нарықтың дамуына байланысты. Әрбiр нарықтың үлгiсiне (реттелген, еркiн, т.с.с.) тауарлы өндiрiстiң ерекше моделi сәйкес келедi (жай тауар өндiрiсi, нарықтықэкономика, реттелетiн және деформацияланған нарықтық тауарлы өндiрiс).

Тауарлы өндiрiстiң екi трi болады: жай тауар өндiрiсi және капиталистiк тауар өндiрiсi.

Тауарлы өндiрiстiң бастапқы нүктесi, шешушi категориясы, оның «экономикалық клеткасы» болып тауар табылады. Сондықтан да, тауарлы өндiрiстi зерттеу тауарды зерттеуден басталады.

Тауардың 2 қасиетi бар, ол – тұтыну құны мен өлшемдiк құны. Өйткенi, оған сiңген еңбек те екi түрлi: жеке (пайданы) және қоғамдық (жалпы адамдық).

Барлық нарық өнiмдерiнде бiрдей және ортақ болатын не? Ол – құн.

Құн – бұл тауардың табиғи қасиетi емес, ол қоғамдық қасиет. Құн – адамдар арасында бiрлесiп еңбек етудiң салдарынан және нарықта еңбек өнiмдерiнiң айырбасталуы кезiнде пайда болатын қоғамдық қатынастардың көрiнiсi.

Құнның келесiдей тарихи даму формалары бар: жай немесе кездейсоқ формасы, толық немесе кең көлемдегi, жалпыламалы (эквиваленттiлiк) және ақшалай формасы.

Құнның мөлшерi ақшалай көрiнiс табады. Ақша ежелгi заманда пайда болған. Ол тауарлы өндiрiстiң дамуының бiрден-бiр шарты болып табылады.

Ақша – өндiру мен бөлу процестерiнде адамдар арасында белгiлi бiр экономикалық қарым-қатынастарды көрсететiн экономикалық категория және де абсолюттi икемдi айырбас құралы болып табылады.

Ақшаның атқаратын келесiдей қызметтерi болады: құн өлшемi, айналыс құралы, төлем құралы, қазына жинау (немесе қорлану) және дүниежүзiлiк ақша қызметтерi.

Тауарлы өндiрiстiң негiзгi экономикалық заңы болып құн заңы табылады.

Құн заңы  — бұл тауар өндiрiсiнiң дамуын басқаратын баға заңы. Оның негiзгi атқаратын функциялары мынадай: тауар өндiрiсiн реттеу, еңбек өнiмдiлiгiн ынталандыру, тауар өндiрушiлердi дифференциалдау.

Қазiргi таңда қағаз ақшаларға қарағанда несиелiк ақшалар көптеп қолданылады. Өйткенi, олар өте икемдi әрi тиiмдi.

Ақшаның ролi әрқашанда оқымыстыларды қызықтырған. Құн формасының ақшалай түрге көшуiнiң өзiндiк ерекшелiгi бар. Әр түрлi халықтарда ақша ретiнде ерекше танымал айырбас құралдары қолданылған. Олардың құны тұрақты деп есептелген. Олар мал, қолөнер бұйымдары, маталар, терi, жүн, қару-жарақтар және т.б. болған.

Ақшаның пайда болуының зерттелуiнде екi көзқарас бар: субъективтi және объективтi.

Субъективтi көзқарас кезiнде ақша адамдар арасындағы сапалы, тиiмдi келiсiмнiң нәтижесiнде пайда болады деп есептеледi. Ал, объективтi көзқарас кезiнде ақшаның жалпы эквивалент ролi бекiтiлген, көптеген тауарлардың iшiнен бөлiнiп шыққан тауарлы-ақша қатынастарының  дамуының нәтижесi екендiгi айқындалады.

Осы теорияларға сәйкес ақшаның пайда болуы тауар айырбасының дамуына байланысты болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *