Сапа бойынша басшылықтың құрамы. Сапа бойынша басшылық элементтері. Сапа бойынша басшылықтың құрылымы

Сапа бойынша басшылықтың құрамы. Сапа бойынша басшылық элементтері. Сапа бойынша басшылықтың құрылымы

 

Сапа бойынша басшылық — бұл ұйымның ерекшелігі туралы көрсетілім беретін концептуальды құжат. Ұйымның визиткалы карточкасы сияқты және ол мыналарды кірістіреді:

—         лицензиялауға жататын қызметтердің барлық түріне ұйымның лицензиялар тізімі;

—         ұйымдық құрылым;

—         СМЖ-нің толық сипаттамасы және оның әрекеттерінің жерлердегі қолдану аймағы.

Сапа бойынша басшылық электронды, қағаз жүзінде немесе типографиялық әдіспен алынған бірыңғай құжат сияқты бекітілуі мүмкін. Бөлімдерді бекіту кезінде оның элементтерінің ИСО 9001:2009 стандарты негізіне сай екендігін қадағалау қажет. Сапа бойынша басшылық ИСО 9001 стандарты элементерінің бірі болып табылады.

Корона ЖШС СМЖ-сін ендіруде ең маңызды қызметкерлердің бірі жауапты басшы болып саналады. Жауапты басшы іс — әрекетіне қарай кәсіпорынның алға қарай жылжуы, оның дамуы және нарықтағы бәсекеге қабілеттілгі айқын болады.

Сапа бойынша басшылық Техникалық реттеу және метрология комитетінің Сапа менеджмент жүйесінің қолдану саласын, сонымен қатар Сапа менеджмент жүйесі процестері арасындағы байланыстар қарым қатынасын, СМЖ саласында өңделген құжатталған процедураларға сілтемелерді сипаттайды.

Сапа бойынша басшылық келесі құжаттамалардан тұрады:

1.                     Жалпы ережелер.

2.                     Нормативті сілтемелер.

3.                     Терминдер мен қысқартулар.

4.                     Сапа менеджмент жүйесі.

     4.1 Жалпы талаптар.

     4.2 Құжаттамаларға талаптар.

5.                     Басшылық жауапкершілігі.

     5.1 Басшылық міндеттемесі.

     5.2 Тұтынушыға жобалау.

     5.3 Сапа саласындағы саясат.

     5.4 Жоспарлау.

     5.5 Жауапкершілік және ақпарат алмасу.

     5.6 Басшылық тарапынан сараптау.

6.                     Ресурстар менеджменті.

     6.1 Ресурстармен қамтамасыз ету.

     6.2 Адам ресурстары.

     6.3 Инфрақұрылым.

     6.4 Өндірістік орта.

7.                     Өнімнің өмірлік циклінің процестері.

      7.1 Өнімнің өмірлік циклінің процестерін жоспарлау.

     7.2 Тұтынушалрмен байланысты процестер.

     7.3 Сатып алу.

     7.4 Кәсіпорын және қызмет көрсету.

8.                     Өлшеу, анализ және жақсарту.

8.1                Жалпы ережелер.

8.2                Мониторинг және өлшеу.

8.3                Сәйкес келмейтін өнімді басқару.

8.4                Ақпараттарды сараптау.

8.5                Жақсарту.

 

САПА БОЙЫНША БАСШЫЛЫҚТЫҢ ҰСЫНЫЛЫП ОТЫРҒАН ТҰРҒЫЗЫЛУЫ

                                                                                                                                                               (Кесте 3.1)

Сапа бойынша басшылық бөлімі

 

Бөлімнің қысқаша мазмұны

СТ ҚР ИСО 9001-2009 Пунктілері

Мазмұны

Сәйкес бөлімдермен қарастырылатын жетекшіліктің барлық бөлімдерінің тізімдері беттері мен бірге келтіріледі.

 

Сапа саласындағы саясат

Кәсіпорынның сапа саласындағы Саясаты жазылады

5.1-5.3

Сапа бойынша жетекшілікті тарату және қолдану облысы

Ұйымда және сыртқы пайдаланушылар үшін сапа бойынша жетекшіліктің қолданылу және таратылу саласы туралы мәліметтер келтіріледі.

4.2.2

Кіріспе

Ұйым, өнім, сапа бойынша жетекшілік туралы жалпы мәліметтер келтіріледі

4.2.2

Нормативтік сілтемелер

Сапа бойынша жетекшілікте сілтемелер келтірілген құжаттамалар белгіленулері мен тізімінен тұрады.

2

Терминдер,   анықта малар, қысқартулар мен шартты белгіленулер

 

Қолданылған қысқартулар және шартты белгіленулердің терминдермен бірге анықтамалары келтіріледі.

3

Органиграмма

Сапа менеджменті жүй есінің органиграммасы келтіріледі.

 

Сапа менеджмент жүйесі

Ажыратулардың қажеттілігін негіздеу және жүйенің құжаттамаланған негізі және құрылымы, процестердің тізбектілігі және өзара әрекетін қоса алғандағы СМЖ көлемінің және әрекет ету саласының суреттемесі келтіріледі.

Бөлім 4

 

 

Жоғарғы жетекшіліктің жауапкершілігі және атқарушылығы

Сапа саласындағы мақсаттар және саясаттар құрылымдануы үшін жауапкершілік және олардың процеске дейінгі жазылуы келтіріледі.

Сапа саласындағы жоғарғы жетекшіліктің жауапкершілігі және атқарушылығы келтіріледі.

Жетекшілік өкілінің жауапкершілігі келтіріледі, олар төмендегілер:

— сапа менеджмент процестерпін ұстап тұру және ұстап тұруға;

— жоғарғы жетекшілікке есептерді ұсынуға;

— тұтынушылар талаптарын ұйым персоналына дейін жеткізуге;

— сыртқы ұйымдармен байланысты ұстап тұруға (қажет болған жағдайда)

5.1; 5.3; 5.4.1

 

 

 

 

 

5.1; 5.3; 5.4.1

 

5.5.1; 5.5.3;

 

 

5.1-5.4; 5.5.2

Процестер

Сапа саласындағы мақсаттарды жоспарлау, ұйымда СМЖ құру және оны дамытуды жоспарлау.

Жетекшілік тарапынан талдау

Процестердің қысқаша суреттемесі және оларды суреттеуші құжаттамаларға сілтемелер

5.4.2

 

 

5.6

6-8 бөлімдер

Процедуралар

6 бөлімде келтірілген міндетті процедураларға (процестерді суреттеу кезінде мүмкін), сонымен қатар басқа да құжаттамаланған процедураларға сілтемелер келтіру және қысқаша суреттеу

Бөлімдер 4-8

Қосымшалар

Кәсіпорынның ұйымдастырушы лық құрылымы, СМЖ басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы, кәсіпорындағы сапа қызметінің құрылымдың схемасы, құжаттамаланған процедураларда көрсетілген процестерге және іс әрекеттерге жауапкершіліктерді бөлу матрицасы, сонымен қатар СМЖ құжаттамаларының тізімі, (егер кәсіпорында мұндай тізім болмаса жеке құжаттама түрінде) келтіріледі.

 

 

Сапа бойынша басшылық құрылымы қағида бойынша ҚР СТ ИСО 9001-2009 стандарты құрылымына ұқсас болады, ол сапа жүйесін сертификаттау кезінде сыртқы аудиторлардың жұмыс істеу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Сапа бойынша жетекшілікте кәсіпорында қандай жолмен ҚР СТ ИСО 9001-2001 барлық талаптарына сәйкестігі жүзеге асырылатыны көрсетіледі. Жетекшіліктің артық көлемінен қашу мақсатында онда бекітілген және пайдаланылып жүрген құжаттамаларға сілтемелер келтіріледі (стандарттар, процедуралар, процестерді суреттеу, әдістемелер, нұсқаулар, сапа бағдарламалары және т.б.).

 

14. ИСО 9001:2009  элементтері:  жауапты басшы, ресурстар менеджменті, өнім өндірісі, өлшеу, анализ және жақсарту

 

Жауапты басшы

Жоғарғы басшылық сапа менеджменті жүйесін әзірлеу және енгізу жөнінде, сондай-ақ оның нәтижелігін

  • Техникалық реттеу және метрология комитетіне тұтынушылар талаптарының, сондай-ақ заңнамалық және нормативтік талаптардың маңыздылығын жеткізу;
  • Техникалық реттеу және метрология комитетіне сапа саласында саясатты әзірлеу;
  • Техникалық реттеу және метрология комитетіне сапа саласында мақсаттарды әзірлеуді қамтамасыз ету;
  • басшылық тарапынан талдаулар жүргізу;
  • қажетті ресурстармен қамтамасыз ету арқылы тұрақты жақсарту бойынша өзінің міндеттерін растауды қамтамасыз етуі керек.

Жоғарғы басшылық тұтынушылардың қанағаттандырылуын көтеру мақсатында олардың талаптарының анықталуы мен орындалуын қамтамасыз етуі керек.

Жоғарғы басшылық сапа саласындағы саясаттың:

  • ұйымға мақсаттарына сәйкес болуын;
  • сапа менеджменті жүйесінің талаптарға сәйкес болуын және нәтижелігін ұдайы жақсартуға арналған міндеттердің болуын;
  • сапа саласында мақсаттарды белгілеу және талдауға арналған негіздерді құруын;
  • ұйым қызметкерлеріне жеткізілуі және оған түсінікті болуын;
  • жарамдылыққа ұдайы талдануын қамтамасыз етуі қажет.

Техникалық реттеу және метрология комитетінің жоғарғы басшылығы, өнімге қойылатын талаптарды орындау үшін қажетті мақсаттарды қоса сапа саласындағы мақсаттар ұйымның сәйкес бөлімшелерінде және сәйкес деңгейлерінде белгіленуін қамтамасыз етуі қажет. Сапа саласындағы мақсаттар өлшене алатын және сапа саласындағы саясатпен сәйкестендіріле алуы керек.

Жоғарғы басшылық:

  • СМЖ талаптарын орындау үшін, сондай-ақ сапа саласында мақсаттарға жету үшін сапа менеджменті жүйесін құру мен дамытуды жоспарлауды;
  • сапа менеджменті жүйесін жоспарлау және оған өзгерістер енгізуде тұтастығы сақталынуын қамтамасыз етуі керек.

Жоғарғы басшылық жауаптылықтың және уәкілеттіліктің анықталуын және ұйым қызметкерлеріне жеткізілуін қамтамасыз етуі керек.

Жоғарғы басшылық ұйым басшылығы құрамынан басқа міндеттеріне қарамастан, мыналарға таралатын жауапкершілік жүктелетін және өкілеттілік берілетін өкіл тағайындауға тиіс:

  • СМЖ талап ететін процестердің әзірленуін, енгізілуі және жұмысшы қалыпта ұсталуын қамтамасыз етуге;
  • сапа менеджменті жүйесінің қызметі және оны жақсартудың кез келген қажеттігі туралы жоғарғы басшылыққа есептер ұсынуға;
  • барлық ұйым бойынша тұтынушылар талаптарын түсінуді таратуды қамтамасыз етуге жауапты және уәкілеттерге ие болуы керек.

Жоғарғы басшылық ұйымда СМЖ-нің тиімділігі мәселелері бойынша ақпарат алмасу мен коммуникациялардың сәйкес процестерін белгілеуді қамтамасыз етуі қажет.

Жоғарғы басшылық жоспарланған аралықтар сайын ұйымның сапа менеджменті жүйесінің үнемі жарамдығын, барабарлығын және нәтижелігін қамтамасыз ету мақсатында оны талдауы керек. Талдауға ұйымның СМЖ-н, оның ішінде сапа саласындағы саясат пен мақсаттарды жақсарту мүмкіндіктері мен өзгерістер енгізу қажеттіктерін бағалауды қосу керек.

Басшылық тарапынан талдау үшін кіріс деректер мына ақпараттардан тұруы керек:

  • аудит нәтижелері;
  • тұтынушымен кері байланыс;
  • процестер қызметі және өнім сәйкестігі;
  • ескертетін және түзететін әрекеттер мәртебесі;
  • басшылық тарапынан алдыңғы талдаудан шығатын кейінгі әрекеттер;
  • СМЖ-ге әсер етуі мүмкін өзгерістер;
  • жақсарту жөніндегі ұсыныстар.

Басшылық тарапынан талдаудың шығыс деректері:

  • СМЖ және оның процестерінің тиімділігін арттыруға;
  • өнімді тұтынушылар талаптарына сәйкес жақсартуға;
  • ресурстардың қажеттігіне қатысты барлық шешімдер мен әрекеттерді қамтуы керек.

Ресурстар менеджменті

Ресуртармен қамтамасыз ету

Ұйым:

  • сапа менеджменті жүйесін енгізу және оны жұмысшы қалыпта ұстау, сондай-ақ оның нәтижелігін ұдайы арттыру;
  • тұтынушылардың талаптарын орындау арқылы олардың қанағаттандырылуын арттыру үшін қажетті ресуртарды анықтауы және олармен қамтамасыз етуі қажет.

Ұйым сапа саласындағы мәселелер мен мақсаттарды жүзеге асыру үшін керекті ресуртарды анықтауға және қамтамасыз етуге міндетті, сонымен қатар өнімнің сапасын қамтамасыз ету үшін, үрдістердің орындалуының тиімділігі мен нәтижелілігі үшін, сапа менеджмент жүйесінің тиімді құрылымдауы үшін, тұтынушылар мен басқа да қызығушылық танытқан тараптардың талаптарын қанағаттандыруы үшін де міндетті.

Анықтау кезінде ресурстардың барлық түрлері ескеріледі, мыналарды қоса:

  • адам ресурстары;
  • инфрақұрылым;
  • өндіріс ортасы;
  • қаржылық құрамы.

Ресурстарды басқаруда негізгі көңілге алатындар:

  • кәсіпорын мүмкіншілігін ескере отырып, рационалды және өз уақытында ресурстармен қамтамасыз ету;
  • материалды ресурстарды тиімді басқару, сонымен қатар өнімді өндіруге арналған құрал-жабдықтарды және оның техникалық қызмет көрсетуі мен жөндеуін қоса;
  • материалды емес ресурстарды басқару, дайындау, қолдану және интеллектуалды жекеменшікті қорғауды қоса;
  • жаңа шешімдерді енгізудегі ықпал жасайтын механизмдерді дайындау;
  • кәсіпорын құрылымының жақсаруы;
  • ақпараттық қамтамасыз етуді басқару;
  • дайындау, оқыту жолдарымен мамандардың компетенттілігін жоғарлату және бағалау;
  • қоршаған ортаға зиян әкелмейтін өндірістің табиғи ресурстарын пайдалану мүмкіндігін және ұйымдастыруын талдау.

Ресурстармен қамтамасыз ету үшін кәсіпорын қолда бар ресурстарға талдау жүргізуге, ресурстардың барлық түрлері бойынша кәсіпорын талаптарын анқытау және жоспарлауға тиіс.

Керекті ресурстарды анықтау кезінде кәсіпорынның ұйымдастырушы – техникалық дамуы және шығарылатын өнімнің талаптары жорамалданады.

Адам ресурстары

Өнімнің ұсынылған талаптарға сәйкестігіне әсер ететін жұмысты орындайтын персонал алған бөліміне, даярлығына, дағдысы мен тәжірибесіне сәйкес білікті болуға тиіс.

ЕСКЕРТПЕ: өнімнің талаптарға тура немесе жанама сәйкестігіне сапа менеджменті жүйесі шеңберінде кез келген жұмысты орындайтын персонал әсер етуі мүмкін.

Біліктілік, даярлық және хабардар болуы

 

  • өнімнің талаптарға сәйкестігіне әсер ететін жұмысты орындайтын персоналдың қажетті біліктілігін анықтау керек;
  • қолданылатын жерде, қажетті біліктілік деңгейіне қол жеткізу үшін, дайындықты қамтамасыз ету немесе басқа әрекеттер қолдану керек;
  • қабылданған шаралардың нәтижесін бағалауы;
  • өз қызметкерлерінің әрекетінің өзектілігі мен маңыздылығын және сапа саласында мақсаттарға жетуге үлесі туралы хабардар болуын қамтамасыз етуі;
  • білімі, даярлығы, әдеттері және тәжірибелері туралы сәйкес жазбаларды жұмысшы қалыпта ұстауы керек.

Кәсіпорында жұмыс істейтін персонал сапа саласында кәсіпорын мүмкіндіктеріне әсер ететін факторлардың бірі болып келеді. Сапа менеджмент жүйесінің тиімді құрылымын қамтамасыз ету үшін барлық деңгейлерде компетенцияны қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды жоспарлау және өткізу, оқытуды, квалификациялауды жүргізу керек.

Кәсіпорын сапаға әсер ететін жұмысты орындайтын персоналдың талаптарын анықтау керек.

Өнім өндірісі

Техникалық реттеу және метрология комитеті қызмет көрсетуді басқару жағдайында ұстауды жоспарлауы және қамтамасыз етуі керек. Басқару жағдайлары егер бұл мақсатқа сай келсе:

  • өнім сипаттамасын суреттейтін ақпараттың болуынан;
  • қажет жағдайда жұмысшы нұсқауларының  болуынан;
  • сәйкес жабдықты қоданудан;
  • бақылау және өлшеу құралдарының болуы және оларды қолданудан;
  • мониторинг және өлшеуді орындаудан;
  • өнімді өндіру, жеткізу және жеткізілгеннен кейінгі әрекеттерді жүзеге асырудан тұруы керек.

Өнімді өндіру түріне байланысты ұйым қажетті өндірілілетін өнімнің құрамын және операция жүйелілігін анықтауы тиіс.

Ұйым өнім өндірісін нақты операция талаптарымен үйлестіріп немесе тұтынушы сұранысына сай шығарылған өнімге кепілді қамтамасыз ету қызметін көрсету.

Ұйым нәтижесін кезекті мониторинг немесе өлшеу арқылы тексеруге болмайтын өндіру және қызмет көрсетудің барлық процестерін растауға тиіс, соның салдарынан олардың кемшіліктері өнімді пайдалануды басқарғаннан кейін немесе қызмет көрсеткеннен кейін ғана анық болады.

Валидтеу бұл процестердің жоспарланған нәтижелерге жете алу қабілетін көрсетуі тиіс.

Ұйым, егер бұл қолданылса, осы процестер бойынша шараларды әзірлеуі керек:

  • процестерді талдау және бекіту үшін анықталған критерийлер;
  • сйкес жабдықтар және қызметкерлер біліктіліктерін бекіту;
  • нақты әдістер мен процедураларды қолдану;
  • жазбаларға қойылатын талаптар;
  • қайталама валидтеу.

Қажет жерде ұйым, өнімді оның барлық өмірлік циклінің кезеңдеріне сәйкес құралдар көмегімен сәйкестендіруі керек.

Ұйым өнім өндіру барысында мониторинг және өлшеу талаптарына қатысы бойынша өнімнің мәртебесін бірдейлендіруге тиіс.

Егер бақылап отыру талап болып табылатын болса, онда ұйым өнімді арнайы бірдейлендіруді және басқаруға жазбаларды жұмыстық күйінде сақтауға тиіс.

Егер тұтынушының меншігі жоғалған, бүлінген немесе пайдалану үшін жарамсыз болса, ұйым бұл жөнінде тұтынушыны хабардар етуге және жазбаны жұмыстық күйінде ұстауға тиіс.

Ұйым ішкі өңдеу барысында және арналған орнына жеткізу процесінде өнімді талаптарға сәйкестігін ұстап тұру мақсатында сақтауға тиіс. Егер бұны қолдануға болса, сақтауға сондай-ақ бірдейлендіру, тиеу — түсіру жұмыстары, буып — түю, сақтау және қорғау енуге тиіс. Сақтау өнімнің құрамына, бөліктеріне  қолдануға тиіс.

Өнімді өлшеу және бақылау

Әдістемені жасау, жоспарлау және өнімді өлшеуді жүргізу келесі жағдайларда талап етіледі:

  • жеткізушімен жеткізілген өнімді өлшеу және тексеру үшін;
  • өмір циклының барлық сатысы бойынша өз өнімінің орнатылған талапқа сәйкестігін тексеру және өлшеу;

  Өнімді өлшеуді жүргізуді жоспарлау үшін мыналарды анықтау талап етіледі:

  • дайындау процесінде әрбір нүктенің орналасуы және өлшеу про цесінің бірізділігі;
  • әр нүктеде өлшеуге жататын сипаттамалар;
  • қолданылатын қабылдағыш критерийлері және өлшеуге жататын нормалаушы көрсеткіштер орнатылған құжаттама;
  • өлшеуге қолданылатын қажетті құралдар және жабдықтар;
  • тұтынушы тексеруіне жататын өнімнің таңдалған сипаттамалары;
  • тапсырыс берушінің қатысуымен орындалатын немесе орнатылған заңнамамен немесе нормативтік құжаттармен орган жүзеге асыратын сынау немесе бақылау;
  • егер заңнамамен немесе регламенттейтін органмен немесе жүргізу үшін тұтынушылармен талап етілсе, үшінші жақты Тарту;
  • типін сынау;
  • процесс барысында сынау немесе бақылау;
  • өнімнің тексерілуі;
  • өнімнің бекітілуі;
  • өнімді өлшеуді жүргізу кезінде қолданылатын сапа менеджмент жүйесі немесе жұмысшылардың біліктілігі немесе процесте, өнімге, материалға сәйкес қажеттілік;
  • сынауды бітіру жән қабылдау және барлық орнатылған бақылау түрлері бекіту мақсатында дайын өнім бақылауын жүргізу реті мен көлемі;
  • өнімді өлшеу процесінің шығу мәліметтеріне талаптар.

Өнімнің өлшеу және бақылау нәтижелерін тіркеу үшін қолдануға болады:

  • бақылау және сынау протоколдары;
  • нәтижелерді тіркеу үшін журналдар;
  • орнатылған формалар (кестелер, бақылау парақтары және т.б);
  • шығаруға рұқсат;
  • материалдардың шығарылуы туралы шешім;
  • қажет болған жағдайда сертификаттар.

Жақсарту

Ұйым сапа саласында саяаст пен мақсатты қолдануда, аудит нәтижелерінде, мәліметтерді талдауда, түзетуші және ескертуші әрекеттерде, сонымен бірге басшылық тарапынан талдауда сапа менеджмент жүйесінің нәтижелілігін үнемі жақсартып отыру керек.

Ұйым жақсарту үшін мүмкіндіктер іздеу бойынша үнемі жұмыс жасуды жүзеге асыру керек. Потенциалды жақсарту диапазоны жақсартудың көп жылдық жоспарларына дейін үздіксіз қызметтен болуы мүмкін.

Жақсарту бойынша жұмыстарды жоспарлау және жүзеге асыру кезінде процестің тиімділігі мен нәтижелілігіне назар аудару қажет. Бұл әрекеттер алға қойған мақсаттарға жетуге кепілдік үшін бақылау қажет.

Жақсарту бойынша жұмыстарды жоспарлауда тиімділік пен жоғары нәтижелілік үшін жоспарланған нәтижелерге жетуде мониторинг бойынша, процестерді талдау және өлшеу бойынша  ақпараттарды қолдану қажет.

Ұйымның сапа менеджмент жүйесі саясатты өзгерту есебімен, аудит нәтижелерімен, ескертуші және түзетуші іс-шаралар және мәліметтер талдауы болуы тиіс.

Үнемі жақсарту бойынша жұмыстарды жүргізу үшін жақсарту әдістемесін жасау қажет. Мұндай әдістеме барлық қызметкерлерге түсінікті болуы қажет, процестің, өнімнің жақсаруына жетуге бағытталған, сапа менеджмент жүйесі және күнделікті жұмыста қолданылуға жарамды болуы қажет.

Жақсы нәтижелерге  үнемі жақсарту бойынша жұмысқа персоналдарды қызықтыру жолымен жетуі мүмкін. Бұған жетуге болады, егер:

  • қызметкерлер, процесс, бөлімшелер, ұйым үшін нақты мақсаттар жасауды қамтамасыз ету;
  • тұтынушылар талабына қызметкерлерге дейін жеткізілуін қамтамасыз ету;
  • жақсартуды тіркеу;
  • тұтынушылар талаптарын орындау деңгейі мен мақсатқа жету деңгейіне үнемі баға жүргізу;
  • басшылық тарапынан жақсару айырмасын мойывндау;
  • үнемі жақсарту бойынша жұмыстарды орындау үшін персоналдар мотивация жүйесін құру.

  Жоғары басшылыққа жақсартудың активті мүмкіндігін іздеуге адамдарды қызықтыратын шарт жасау қажетті.

  Бұған көмегімен жетуге болады:

  • персонал үшін мақсаттар қою;
  • практика және бәсекеге қабілеттілік бойынша ақпараттарды қызметкерлерге жеткізу;
  • жетістіктерге алғыс.

  Ұйымда негізгі күш бизнес-процестің үнемі жақсартылуына бағытталуы тиіс:

  • процестің нәтижелілігін бағалау (процесс мақсатына жету бағасы);
  • процесс тиімділігінің бағасы (ресурстарды қолдану тиімділігінің бағасы);
  • ішкі тұтынушылардың қанағаттану  деңгейін бағалау;
  • процесс тұрақтылығын тексеру;
  • жоспарланған және жоспарланбаған процесс өзгерісінің әсерін бағалау. 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *