Сапа менеджменті жүйесін құру мен дамытуды жоспарлау

Сапа менеджменті жүйесін құру мен дамытуды жоспарлау

Жоғарғы басшылық;

а) 4.1 тармағында келтірілген талаптарды орындау үшін, сондай-ақ сапа саласында мақсаттарға жету үшін сапа менеджменті жүйесін құру мен дамытуды жоспарлауды;

б) спа менеджменті жүйесін жоспарлау және оған өзгерістер енгізуде тұтастығы сақталынуын қамтамасыз етуі керек.

Жоғарғы басшылық сапа менеджменті жүйесін әзірлеу және енгізу жөнінде, сондай-ақ оның нәтижелігін

а) ұйымға тұтынушылар талаптарының сондай-ақ заңнамалық және нормативтік талаптардың маңыздылығын жеткізу ;

б) сапа саласында саясатты әзірлеу;

с) сапа саласында мақсаттарды әзірлеуді қамтамасыз ету;

d) басшылық тарапынан талдаулар жургізу;

е) қажетті ресурстармен қамтамасыз ету арқылы тұрақты жақсарту бойынша өзінің міндеттерін растауды қамтамасыз етуі керек.

Осы стандартты әзірлеу кезінде пайдаланушылардың мүддесінде осы екі стандарттың үйлесімділігін жақсарту үшін ISO   14001:2004 ережелеріне баса назар аударылды. А қосымшасында ISO 9001: 2008 және ISO   14001:2004 стандарттары арасындағы сәйкестік берілді.

Осы стандартта қоршаған ортаны қорғау менеджменті, өндірістегі қауіпсіздік және денсаулықты қорғау саласындағы менеджмент, қаржы менеджменті немесе қауіптер менеджменті сияқты менеджменттің басқа жүйелеріне қойылатын нақты талаптар жоқ. Алайда ол ұйымға өзінің сапа менеджменті жүйесін тиісті басқа менеджмент жүйесінің талаптарымен келісуге немесе осы жүйелермен сабақтастыруға мүмкіндік береді. Ұйым қолданастағы сапа менеджменті жүйесін осы стандарттың талаптарына сәйкес келетін сапа менеджменті жүйесінін құру үшін бейімдей алады.

СМЖ-сін дайындау және ендіру кезінде жұмыстарды жүргізу кезеңдері

Сапа менеджмент жүйесін  дайындау және ендіру келесі кезеңдерден тұрады:

1-кезең – сапа менеджмент жүйесін құрастыру жұмыстарын ұйымдастыру. Оның құрамына:

—         сапа менеджмент жүйесінің стандарттарын енгізу шешімдерін қабылдау;

—         құжат жинағын өндіру жұмыстары қандай күштермен  жүргізілетінін анықтау;

—         стандарттарды енгізу стратегияларын анықтау;

—         сапа менеджмент жүйесін дайындау  мен енгізудің басқарушы және жұмысшы мүшелерін құрастыру;

—         ұйым басшыларын және алдыңғы мамандарды үйрету;

—          сапа аймағында саясат пен мақсаттарды ендіру.

Бұл кезеңде Сапа менеджмент жүйесінің дайындау, енгізу және жақсарту бұйырықтары ИСО 9000 сериясына сәйкес шығарылады.

Егер Сапа менеджмент жүйесі әрбір бөлек бөлімшелер , процестер, өнім үшін шығарылса, онда ол бұйрыққа әсер етеді.

Өндіру үшін жауапты жақ белгіленеді, яғни Сапа менеджмент жүйесінің басшылық мүшесі. Белгіленген жақ сәйкес мүмкіндікке ие болу керек.

Сапа менеджмент жүйесін дайындау және енгізу жұмыстарын координациялары үшін сапа жөнінде Кеңес құру ұсынылады және ол ұйымның басқару мүшесінен, Кеңес мүшелерінен, сапа бөлімшелері мен Кеңес көмекшісінің басқару мүшелерінен құралады.

Бұл кезеңде жұмысшы топ құрамына  құрылымдық бөлімшелердің сапаға жауапты арнайы мамандар кіреді. Мамандарды дайындау. Сапа менеджмент жүйесін енгізген ұйым тәжірибесі көрсетеді: Жүйені енгізу мен құжатты өндіру жұмыстары бөлімшелерге немесе мамндарға сапаға әсерін тигізетіндерге, яғни стандарттау комитеттері, техникалық бақылау бөлімшелеріне жүктеледі.

Жұмыстарға барлық деңгйдегі басшыларды және ұйым коллективін тарту қажет, олар идеяны түсіну керек және орнатылған тапсырмалардың шешімін табу керек. Бірақ ең алдымен жұмысты бастар алдын мамандарды жоғары бөлімнен атқарушыға дейінгі үйрету қажет.

Сапа аймағында саясатты анықтау – бұл ұйымның мақсаттары мен тапсырмаларын анықтау, олар жоғарғы басшылықпен орнатылады және ұйым стратегиясына және оның сапаға қатысты философиясына негізделуі қажет.

Саясатта тапсырыс берушінің күтімін атқару мен орнатылған  мақсаттардың жүргізу әдістерінің ұйым мақсаттары көресетіледі.

2–кезең – сапа менеджмент жүйесінің жобалануы. Берілген этапта процесс анықталады; Сапа менеджмент жүйесі — әрекетінің негіз түрлері анықталады; Сапа менеджмент жүйесіндегі жоғарғы басщылықтың жауаптылықтары мен мүмкіндіктерін орнату.

Әрекеттегі жүйені талдау. Құжаттандыру қажеттігін оранту мақсатындағы процестер талданады.  Талдау кезінде міндетті түрде анықтау керек:

—         Сапа менеджмент жүйесінің сұрақтарына және процесті орындау сұрақтарына мамандардың дайындық деңгейі;

—         Қолданыстағы ресурстардың жағдайы және процестің материалдық- техникалық қамтамасыз етуінің жағдайы;

—         әрбір процестің «кіруі» мен «шығуы».

Талдау қортындысы негізінде жауапты атқарушылар мен атқару мерзімі анықталуымен бірге Сапа менеджмент жүйесінің  құрлымы енгізілген бағдарламада өнідіріледі.

3–кезең —  Сапа менеджмент жүйесінің құжаттандырылуы. Бұл этап  Сапа менеджмент жүйесінің өндіру процесін тұрақтайды.  Сапа менеджмент жүйесінің құрлымы мен құжат құрамы, сапа менеджмент жүйесі құжаттарын кодтау ережелері анықталынады, сапа менеджмент жүйесінің құжаттандыру жұмыстары жүргізіледі, құжатты өндірудің бақылауы мен консультациясы ұйымдастырылуы.

4-кезең — сапа менеджмент жүйесін енгізу. СМЖ-нің құжатын іске келтіруін енгізген соң өндірілген жүйе бағаланады. Бұл үшін ішкі аудит тобы ұйымдастырылады, құжат талаптарын сақталуын басқарады, СМЖ-нің нәтижесін және керекті түзетулерді талдайды, СМЖ-сін енгізу актісін орнатады.

5-кезең – СМЖ-ні сертификаттауға дайындық. СМЖ-ні сертификаттау органы таңдалынады, СМЖ-нің мүмкін аудитін жүргізу, СМЖ-нің сертификатын соңғы тексеруіне дайындық.

 

Кәсіпорындарға сапа жүйесін ендірудің типтік алгоритмі.


12. Сапаны басқарудың құрылымдық және функционалды сұлбалары

Сапаны қамтамасыз ету модельдері. Сапаны бақылау.

 

 

Өнімнің сапасы ― тағайындалу мақсатына сәйкес белгілі бір қажет-тіліктерді қамтамасыз ету үшін өнімнің жарамдылығын өзідеріне шартты түрде тәуелді ететін оның қасиеттерінің жиынтығы. Ол өнідірістің түрлі сатыларында қалыптасады және бірқатар көрсеткіштермен сипатталады: сенімділік, ұзақтөзімділігі, функционлдығы, эстетикалылығы.

  Сапалы өнім жоғары тұтынушылық қасиеттерге ие, көтеріңкі ұсыныс пәніне йналады, қажеттіліктерді толық қанағаттандырады. Сапа көрсеткіш-тері өнім өндірушілердің де, тұтынушылардың да сәйкес келмеуі мүмкін мүдделерін қозғайтын болғандықтан, басымдылық тұтынушы жағында болғанда ол қоғамның мүдде-ықыластары жағынан алғанда бағалануы тиіс. Қоғам  сапаны тек шынайы жоғарылатуды ғана, яғни тұтынуда өткізілетін сапаны танып мойындайды. Мысалы, машинаның бір буынының функциялану мерзімін ұзарту бағытында шексіз жұмыс істеу бекер, егер жалпы алғанда машинаның ұзақтөзімділігі басқа буындарының жетілмеуінен өспесе.

  Өнімнің қандай да бір түрінің сапасын көтеру мәселесін шешу жеке бір кәсіпорынға қиын, өйткені бұл процеске тек ішкі (ішкіөндірістік) факторлар ғана емес, «қоғам сапасы» деп аталатын сыртқы факторлар да ықпал етеді. «Қоғам сапасы» блогына кіретін барлық элементтерді жетілдірусіз өнімнің жоғары сапасына сенім арту қиын. Бірақ жоғары сапалы өнім кәсіпорынға жетістікті кепілдік етеді, ал кәсіпорынның жетістігі қоғамның жетістігіне әкеледі. Бұл процесті «сапа пирамидасы» түрінде ұсынуға болады (1-сурет).


1-сурет. Сапа пирамидасы

 

2. Сапа басқару объектісі ретінде

Сапаны басқару ― бұл, өнімді ойластырып жасау, өндіру, айналымға салу, эксплуатациялау және тұтыну кезінде оның сапасының қажетті деңгейін орнату, қамтамасыз ету және ұстап отыру; сапаны жүйелі түрде бақылау арқылы  және оған әсер ететін жағдайлар мен факторларға мақсаттын таймай ықпал ету арқылы жүзеге асырылады (ГОСТ 15467-79). Сапаны басқару дегеніміз ― тауардың өмірлік циклінің барлық сатыларында (енгізу, өсу, кемелденуі, сұранысты қолдап отыру) өнімнің жоғары сапасын қамтамасыз етуге бағытталған экономикалық, ұйымдастырушылық, техника­ лық және басқа да іс­шараларды жүргізу.

  Қазіргі заман түсінігінде сапаны басқару бойынша іс­әрекет өнім өнді­ ріліп болғаннан кейін тиімді бола аламайды; ол өнім өндіру барысында үз­ діксіз жүзеге асырылуы, сонымен қатар, өнім өндіру процесінің алдында болуы тиіс.

  Сапаны басқару келесі принциптерде құрылады:

­ нысаналылық ― сапаға қатысты нақты мақсат болуы қажет;

­ жоспарлылық ― жүзеге асырылуы тиіс сапа саласындағы іс­шаралар­ дың жиынтығы жоспарланады;

­ үздіксіздік;

­ интенсивтілік ― сапаны жоғарылауы экономика дамуының интен­ сивті факторларына жатады;

­ жүйелілік жол табу;

­ кешенділік ― сапа мәселелерін оның тәуелді болуы мүмкін барлық аспектілерді ескере отырып шешу;

­ сапаның тұтынушылардың сұраныстарына дәл сәйкес келуіне тырысу;

­ үнемі жетіліп отыру ― кәсіпорынның бәсекелестік қабілетіне үлес қосады.

  Өнім сапасын басқару ― жалпы алғанда өндірісті басқарудың құрам-дас бөлігі, оның қасиеттерінің, функцияларының бірі. Сондықтан ол қолда-ныстағы басқару жүйесінің аясында дамиды және орындалады, сапа сала-сында саясатты жасауда, өнімге деген сұранысты анықтау, өнімді құру, жасау және күтім жасау бойынша нақты және жақсы ұйымдастырылған жұмыста тұжырымдалады. Ғылымның бұл саласы басқарудың жалпы теориясына сәкес «жүйе», «орта», «бағдарлама» және т.б. түсініктерді қолданады.

  Сапаға өндірістің негізгі факторлары мен жағдайларынан басқа көптеген кездесоқ, жергілікті және субъектитвік факторлар әсер етеді. Осы факторлардың барлығына ықпал ету, сапаның тиісті деңгейін қолдап отыру үшін басқару жүйесі, яғни өнім құру процесіне үнемі әсер ету шараларының жиынтығы қажет.

  Басқарушы және басқармалы жүйелерді ажыратады. Басқармалы жүйе ұйымды, фирманы, басқа да құрылымдарды басқарудың түрлі деңгейлерімен ұсынылған; басқарушы жүйе ― сапа менеджментін құрады және қамтамасыз етеді.

  Өнім сапасын басқару мен қамтамасыз етудің негізгі санаттарын қарастырайық.

  Өнім сапасын басқару мен қамтамасыз ету жүйесі өзара байланысты келесі санаттарға сүйенеді: объект, мақсат, әдістер, функциялар, басқарушы-лық қатынастардың сипаттамалары және басқалар.

  Басқару объектісі ― өнімнің сапасы, оның қасиеттерінің жиынтығы немесе олардың бір бөлігі, тобы, өнімнің жеке бір қасиеті. өнімнің сапасын басқаруды тиімді ұйымдастыру үшін басқару объектісі бөіп көрсетіліп қана қойылмай, бүкіл процесті жақсырақ зердеге түйіп, ұйымдастыруға мүмкіндік беретін басқа да санаттар дәл анықталуы тиіс.

  Басқару субъектісі ― барлық сатылардағы басқарушы органдар және өнім сапасының жоспарланған деңгейіне қол жеткізуге және қолдап отыруға жауапты тұлғалар.

  Басқару мақсаты ― өндіруші мен тұтынушының экономикалық мүдделерін, сонымен қатар, қауіпсіздік пен экологиялылық талаптарын ескерілген өнім сапасының білгілі бір деңгейі мен күйі; сапа қасиеттерінің жиынтығы және тұтыну сипатына сәйкес келетіндей және өндіріс пен тұтынудың тиімділігін, тұтыну үшін жетімді бағаны, қалыпты өзіндік құнды және өнімнің жеткілікті пайдалылығын қамтамасыз ететіндей анықтап белгіленуі, қол жеткізілуі және қамтамасыз етілуі тиіс сапаның деңгейі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *