Ауызша баяндау әдісі.

Ауызша баяндау әдісі.

Мектептегі ең кең тараған оқыту әдісі-ауызша баяндау. Бұл әдіс сабақ беру кезеңіндегі мектепте жүргізілетін барлық пәндерде, оқу-таным процесінің барлық «сатысында» және сабақтың барлық бөлігінде қолданылады.

Ауызша баяндаудың тәрбиелік мәні мен білімді әрі қарай дамыту ролі өте жоғары: «түсіндіру» оқып отырған материалға терең мағына береді, ішкі логикаға сүйене отырып  сапалы түрде түсіндіріп беру дәлелділікке алып келеді, негізгі пікірдің қорытылуына сенімділік туғызады; жанды сөз білім беру жұмысына жаңа леп алып келіп, тыңдаушының жүрек сезіміне әсер етеді, қозғалысқа шақырады, оқытушы сөзі тыңдаушыларға үлгі болады, сөйлемді қалай құру керек екенін, дәлелді ойлар мен сындарлы пікірлерге қалай  жету керек екенін көрсетеді.

Ауызша баяндау әдісінің психологиялық жүйесінің ерекшелігі оқытушының түсіндіруі мен оқушылардың тыңдау процесінің қатар жүруінде. Тыңдау қабілеті арқылы қабылдау-психологиялық жағынан алғанда мұғалім үшін де күрделі құбылыс.Тыңдау психологиялық қызметтің толық бір жүйесіне сүйенеді.

Тыңдаушы өз жұмысында \тыңдау процесінде\ елестетуге, ойлануға сүйенеді, бірақ түйсік пен сезімнің қызметі көрінбейді десе де болады. Сонымен қоса сөйлеу актылары да тежеледі, қимыл қызмет те өше бастайды, ойдың тереңдігі, есте сақтаудың беріктігі, назар аударудың белсенділігі жағынан да қиындықтар туады. Сондықтан да оқытушының ауызша баяндауға, түсіндіруге жақсы дайындықпен дұрыстап бере білуді талап ететін «қиын» тәсіл деп атауға болады. Сондықтан мұғалім ауызша баяндау әдісінің психологиялық  негізіне назар аударуы қажет.

Тәжірибелі оқытушы психологиялық қиындықтарды әлсіретуге немесе толық жойып жіберуге ұмытылады. Бұған арнайы методикалық тәсілдерде көмек бер алады. 

Ең негізгі және ең маңызды тәсілдердің бірі-ауызша баяндау әдісі мен басқа әдістердің элементтерін араластыра білу. Түсіндіру үстінде бақылау әдісін, әңгіме-кеңес, жазба және графикалық жұмыстарды жүргізуге болады.

Тек тыңдау кезінде алатын білімнің олқылықтарын араластыра жүргізілген сабақ үстіндегі сұрақ жауап үстемелерімен, жазбаларымен суреттемелерден, басқалар арқылы толықтыруға мүмкіндік мол .

Қабылдау мен түйсіктің орынын толтыру үшін және көрініске айқын да мәнерлі мән беру мақсатында оқытушы әдеби мысалдарға сүйенеді, ол көмекке өнерді де қолданады. Сабақтың мазмұнына биографиялық тарихи, ғылыми-фантастикалық көркем текстерді кіргізеді.

Тыңдау кезінде қабылдау қызметінің кейбір тежеліп тұратын естен шығармай отырып, оқытушы тыңдауды сол оқушылардың өздігімен жұмыс істеуіне жақындатқысы келеді. Сондықтан да сабақтың мазмұнына пікір таластыратын кейбір мәселелерді кіргізеді, алған білімді пайдалануға болатындай практикалық ұсыныстар жасайды, оқушылар тыңдай отырып қосымша жұмыс істейді, жоспар жасайды, түсініксіз сөздерді тереді, сұрақтарды жазады және т.б.

Тәжірибелі оқытушылар тыңдаушылардың ойлау қызметіне көмегін тигізетін біршама сынақ тәсілдрін ойлап тапқан.

 Бұл тәсілдерге мыналар жатады: негізгі сұрақты анықтап алу, жалпы мазмұнды логикалық бірлігін сақтай отырып бірнеше бөлшекке бөлу; белгілі бір ізбен сол бөліктердің бірінен екіншісіне өту; қайталау элементтерін енгізу, мағыналы қорытынды жасай білу, терминдермен жүйелі түрде жұмыс істеу т.б.

Осындай түрлі тәсілдердің арқасында ғана оқытушы ауызша айту әдісінің психологиялық қиындықтарын біршама жеңілдете алады.

Кез келген басқа да әдістер сияқты, ауызша баяндаудың өзіне тән негізгі талаптар жүйесі  бар. Бұл талаптарға мыналар жатады: әдеттегідей, бірақ баланың есінде қалатындай қызықты да жарқын нақты материалды тауып жинақтау, сөз бен образдың жарасымдылығы, көрсету материалы ретінде өнерді кең қолдану, жинақтауға асықпай, «сатылай» келу. Сөйлемнің мағаналы да көркем болып шығу үшін сөздерді дұрыс таңдап пайдалану және дауыс ырғағын, мимика мен дене қымылын қолдану.

Кітаппен жүргізілетін жұмыстар.

Бүгінгі мектеп тәжірибесінде кітаппен жұмыс істеу «толық теңдік алған» әдіс деп айтсақ ешкім күмән келтірмейді. Бұл әдістің оқушыларды дамытуға және тәрбиелеуге, әсер ететін, ғылыми жұмыстың кейбір формаларына байланысты, өзіне тән психологиялық мәнді ерекшелігі болады. Кітаппен жұмыс істеу әдісі психологиялық тұрғыдан қарағанда, ол басқа әдістің ешқайсысын қайталамайды. Мұнда мұғалімнің ауызша баяндау әдісінің ортақ белгілері бар, алайда одан айырмашылығы-қолданылып жүрген белгілерінің сақталуы.

Кітаппен, текспен жұмыс істеу және мұғалімнің ауызша баяндауы да белгілі бір нәрсенің негізінде жүргізіледі. Кітапты оқу баяндаумен салыстырғанда, көпшілік жағдайда өткен көріністерді тез еске түсіреді. Кітап фантазияға толы, ол баланың ойлауын, іс-әрекетін жандандыра түседі. Кітап оқу таңдаумен салыстырғанда оқушының ақыл-ойының күшін, еркін көп керек етеді. Кітап білімнің мазмұнын ашады, оқушылардың ой дәрежесін дамытады, олардың мұғалімнің сөзін тез түсінуге бейімділігін туғызады. Кітап беттерін оқығанда, ондағы сөзбен айтылатын ойдың түсінігін, мазмұнын аша білу қажет. Тексті оқығанда аса бір зейін қойып баспа әріптерін «жанды» сөз ретінде, асқан эмоциялдық пен интеллектуалдылықпен қабылдау басты шарт.

Мектеп тәржірибесінен белгілі болғандай, кітаппен жұмыстың барлық түрінің ішінен ең басты орынды оқулықпен жұмыс алады. Мектеп тәжірибесінде болсын немесе теориялық әдебиеттерде болсын, оқулықпен жұмыстың әдісі жеткілікті түрде жасалмаған. Мамандығын жақсы білетін мұғалімдер оқулықпен жұмыстың бір бөлігін сабақ үстінде өткізуге тырысады. Алайда, оқулықпен жұмысты оқушылар тікелей мұғалімнің басшылығымен орындайды. Олар текспен жұмыстың тәсілін үйренетін болады, ең бастысы, негізгі ойларды бөліп алады, оқыған материалды қандай дәрежеде түсінді, жаңа материалды бұрыннан білгендерімен байланыстыра білу, оқу барысында жоспар жасау, конспекті жазу, ой тұжырымын ажырата білу, ережелерді анықтай алу, терминдерді жіктеу т.б. Көптеген мұғалімдер үй жұмысын бірінші орынға қояды, оқулықты тек үйге тапсырма ретінде пайдаланады. Бұл оқушыларды өз бетінше ойлауға баулитыны ақиқат.

Кітаппен жұмыс істеу әдісі мұғалімнің зеректігін және аса бір жылдам ой сезімін туғызатын басшылық іс-әрекет қимылын және бейімділігін талап етеді. Бұл әдістің тиімділігі, оның оқушыларға білім берерлік маңызы, тәсілдің алуан түрлілігі, кітап бойынша берілетін тапсырмалардың жинақтылығы мен ғылымилығы мұғалімнің тәжірибесі мен шеберлігіне тікелей байланысты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *