Әскери шеберліктің мәні мен құрылымы.
Жастарды әскери қызметке дайындай отырып, АӘД оқтыушысы қазіргі заманғы соғыстың ерекшелітерін және ең алдымен ұрыстың сарбаздың психологиялық жағдайына әсерін негізге алады. Техника мен қару-жарақтардың, әскерді ұйымдастыру әдістерінің дамуы қазіргі заманғы ұрысты өзгермелі, атыс құралдарымен кемелденген етеді. Мұның барлығы жауынгердің өмірі үшін өте қауіпті және психикалық күштеуді тудырады. Мұндай кезде моральді-саяси және әскери-арнайы дайындықтан өткен сарбаздар ғана жауынгерлік қызметін сәтті орындалады.
Мұндай қасиеттер мектептегі АӘД сабағында қалыптасады. Жоғары саяси саналылықтың негізінде ұрыс техникалары мен қару-жарақтарын толық пайдаануға, ұрысты дұрыс жүргізуге мүмкіндік беретін әскери шеберлік қалыптасады.
Сарбаздың әскери шеберлігі оның жеңіске жетуіндегі маңызды алғышарт болып табылады. Сондықтан шеберлікті қалыптастыру-ұрысқа дайындықтың, оқу-тәрбие жұмыстарының басты мақсаты болып саналады. Әскери шеберлік сарбаздың моральді-ұыстық ерекшелігі ретінде жағдайға бейімделу ептілігінен, ұрыс техникалары мен қаруларын әртүрлі әскери және жауынгерлік қызметте қолдана білу тәжірбиелігінен құралады. Шеберлік әскери мамандықты игеру деңгейі ретінде сипатқа ие болады.
Әскери шеберліктің қалыптасуы мен дамуы жалғасымды процесс болып табылады. Болашақ жауынгердің әскери шеберлігінің белгілері мектеп қабырғасында пайда болады. АӘД сабақтарында әскери қызмет кезеңінде шеберліктің негізіне айналатын көптеген нәрселерді үйренеді. Тәжірбиелік қызмет процесінде олар дамиды, жүзеге асырылады, бірақ төмендп, егер оқу-жаттығу тоқтатылса мүлдем жойылуы мүмкін.
Психологиялық тұрғыдан әскери шеберлік – бұл қазіргі заманғы ұрыс жағдайында ұрыс техникалары мен қару-жарақтарын тиімді пайдалануға, жағдайды дұрыс меңгеруге және ұрыс тапсырмаларын сәтті орындауға мүмкіндік беретін жауынгердің білімінің, дағдыларының, икемділігінің жиынтығы. Білім, дағды, икемділік адам қызметінің компоненттері болып табылатын психикалық құрылым ретінде қалыптасады.
Білім – адамның барлық қызметінің маңызды алғышарты. Өзінің білмейтін, түсінбейтін қызметте табысқа жетуің мүмкін емес. Білім, психикалық құрылым ретінде сол немесе басқа қызмет туралы, нақты болмыстың заттары мен құбылыстары туралы мәліметтер жиынтығы. Білімді игеру кез-келген қызметті орындау барысында басталады. Жеке құрамды оқыту, әскери шеберлікті қалыптастыру, ұрыс техникалары мен ұрысты жүргізу әдістері туралы жауынгерлерге мәліметтер тарату мен сол мәліметтерді олардың игеруінен басталады. Бұл білімдердің маңызды бөлігі жауынгерде мектеп қабырғасынан пайда болады, олардың сапасынан ұрыстық дайындық тәуелді болады.
Қызметті игерудің ең жоғары деңгейі қарапайым ептілік болып табылады. Ол білімді тәжірибеде қолдану мүмкіндігін білдіретін психикалық құрылым. Білімнің динамикасын қарапайым ептілікке айналуы заңды құбылыс, оның динамикасы көп білімнің сапасынан және оларды тәжірибеде қолданылуынан тәуелді болады. Мысалы, автоматты бір ұстап көргеннен кейін, жауынгер ол туралы жалпы мәліметтерді біліп қана қоймай, онымен атуды да үйреніп қалады. Білімнің қарапайым ептілікке айналуы шеберлікке деген қадам болып табылады.
Дағды, психологиялық құрылым ретінде, бұл әрекетті дұрыс, жылдам, тиімді, жоғары нәтижелермен орындай алу қабілеттілігі. Психологиялық көзқарас тұрғысынан дағдыны қалыптастыру мәселесі – ұрысқа дайындықтың маңызды бөлімі. Дағдының жауынгердің тәжірбиелік қызметіндегі рөлі қандай? Қызметтің табыстылығы сананың мақсатқа бағытталуынан тәуелді болады. Егер сана мақсатқа емес, айталық, жеке қимылға бағытталса, онда нәтиже қанағаттанарлық болмауы мүмкін. Егер техникалық элементтер ешқандай қиындықсыз, қатесіз, жылдам және арнайы бақылаусыз орындалатын болса, онда зейін оларға емес, басқа нәрселерге аударылады. Сананың бақылануынсыз, жылдам, нақты орындалатын әрекеттер автоматизмдер деп аталады. Әрбір әрекет компоненттері ретінде әртүрлі автоматизмдерден құралады. Адамда даму процесінде, анатомиялық-физиологиялық механизмдердің дамуында қалыптасатын дағдылар мен іс-әрекеттер автоматизмдер деп аталады. Мысалы, жүріс, тепе-теңдіікті сақтау және т.б.
Адамдардың қажеттілігіне байланысты туындайтын автоматизмдер де болады. Оларды табылған автоматизмдер дейміз. Мысалы, оқу, гимнастикалық жаттығулар кезінде белгілі автоматизмдер пайда болады. Дағды саналы әрекеттің автоматизацияланған компоненті. Ол әскери қызметте маңызды рөл атқарады.
Қару-жарақтарды дұрыс қолданып, ұрысты жүргізу үшін жауынгерлерге әртүрлі дағдылар қажет. Оларды психологияда моторлы деп атайды. Олар дене шынықтыру, саптық, атыстық, тактикалық дайындықтар процесінде техниканы меңгеру процесінде қалыптасады.
Сонымен қатар, қоршаған ортаға тез және дұрыс бейімделуді, автоматты түрде бақылауды, әрекетті түзеуді қамтамасыз ететін сенсорлы дағдылар адамның балалық шағында-ақ қалыптасады.
Әскери қызметте дұрыс әрекет жасауды, тез және нақты шешім қабылдауды қамтамасыз ететін ақыл-ой дағдылары, ойлау дағдылары маңызды орын алады. Дағдының мұндай түрлері жауынгерлерге өз міндетін тез анықтауға, шешім қабылдауға және дұрыс іс-әрекет жасауға мүмкіндік береді. Дағдының барлық түрлерін қалыптастырудың негізгі принциптері жалпылама болады, өйткені олардың негізінде бірдей физиологиялық механизмдер (шартты байланыстарды, динамикалық стериотиптерді құру механизмдері) жатыр. Жоғары жүйке қызметі туралы ілімге сәйкес уақытша байланыстар мен динамикалық стериотиптер қызмет шарттарына сәйкес болса ғана құрылып, сақталады. Дағдыны игерудің беріктігі өте маңызды болып саналады. Дағдының өнімділігімен объективті себептер әсер етеді, мысалы, қару-жарақтың материалдық бөлігінің жағдайы, оның сипаты, қызмет шарттары, сондай-ақ субъективті себептер әсер етеді. Олар ең алдымен психологиялық себептер (қызметке деген көзқарас, жауапкершілікті түсіну, сенімділік немесе сенімсіздік, көңіл-күй және жауынгердің жалпы психологиялық жағдайы). Дағдының өнімділігі оның өңделуінен тәуелді болады. Қалыптасқан дағды бұзылуы мүмкін. Дағды келесі жағдайларда бұзылады: жаттығу кезінде үзіліс ұзақ уақытқа созылса, қатты шаршағанда немесе шектен тыс жаттығу жұмыстары жүргізілсе, қорқу жағдайында және т.б.
Бұзылған дағдылар қалпына келуі де мүмкін. Білімнің, қарапайым дағдының, ептіліктің негізінде сананың ерекше бақылауын қажет ететін күрделі әрекеттерді орындау мүмкіндігін беретін кешенді психикалық құрылым болып табылатын күрделі ептілік қалыптасады. Олар дағдылар сияқты машықтану, жаттығу, міндеттері тәжірибеде орындау жолымен жасалады. Бірақ оларға қарағанда бұрын алынған білімдер мен дағдыларды пайдалануға, шешім қабылдауға мүмкіндік беретін кешенді құрылымға ие болады. Күрделі ептілктер әскери шеберліктің негізін құрайды. Олардың дамуының негізгі жолы танымдық мүддені, оқу мен қызметке деген адалдықты, шеберлікті меңгеруге ұмтылуды (шаблонға, жатқандылыққа, формализмге тиым салғанда, жаттығуларда, жүктемені біртіндеп, көбейту, немқұрайлық пен шарттылықты жою және т.б.) қалыптастыру болып табылады.
2. Жауынгерлердің психологиялық дайындығын түрлері.
Қарулы күрес құралдарындағы, ұрыс түрлері мен әдістеріндегі түбірлі өзгерістер жауынгерлерге жоғары талаптар қояды. Техникалық күшті қаруланған қарсыласпен күресуде жеке құрамның психологиялқ дайындығы өзекті мәселе болып табылады. Ұрысты сәтті жүргізу үшін, сарбазға қажетті және бірыңғай, кешенді жүйені құрайтын келесі топтық қасиеттер бөліп көрсетіледі.
Біріншіден, жауынгердің рухани бейнесін құрайтын моральді-саяси қасиеттер. Олардың қатарына жауынгердің дүниетанымы, адамгершілігі, саяси және қоғамдық белсенділігі, халқы мен Отанына адалдығы, әскери борышты сезінуі, отаншылдығы мен интернационализмі, саналы тәртіптілігі жатады.
Екіншіден, жауынгердің ұрыстық, әскери-арнайы қасиеттері. Олар ұрыста қару-жарақтар мен дұрыс тәсілдерді қолдану тиімділігін, жағдайды игеруді, жауды жеңуді қамтамасыз етеді. Оларға жауынгерлік міндетті орындау мен жауды құрту үшін қажетті дағдылар мен білімдер жүйесін құрайтын жоғары шеберлік, тапқырлық, зеректік, батылдық, табандылық, шыдамдылық, қажырлық, ықылас, ерік, ұйымшылдық қасиеттері жатады.
Үшіншіден, жауынгерлік міндетті орындау кезінде моральді және дене дайындығы қиындықтарын жеңу үшін қажетті жауынгердің физиологиялық қалық қасиеттері. Бұл – күш, қуат, ептілік, төзімділік, күшті тез қалпына келтіру қабілеттілігі, жағымсыз және өзгермелі табиғи жағдайларға, жұмыс режимінің өзгеруіне тез бейімделу.
Апат қауіптің нағыз өзі болып табылады. Бұл қауіп сарбазға күшті психологиялық әсерін тигізеді. Офицердің барлық тәрбиелік және жаттығу жұмыстары жауынгердің ақыл-ойына, сана-сезіміне, психикалық жағдайына ықпал етеді. Осының салдарынан жауынгердің психологиялық мінез-құлқының дамуы жүзеге асырылады. Әскери дайындылықтың ең маңыздысы жауынгердің, жеке құрамның психологиялық тұрақтылығы болып табылады.
Сарбаздың психологиялық тұрақтылығы туа пайда болмайды. Ол әскерге дейін, әскер қатарында, оқу-жаттығу міндеттерін орындау кезінде қалыптасады.
Психологиялық тұрақтылық 3 деңгейден тұрады:
- жоғарғы психологиялық тұрақтылық жауынгердің өз міндеттері мен қойылған талаптарды өз бетінше, сенімді түрде орындай алуымен, жағдайдың өзгеруінен күрделенуі кезінде қойылған мақсат пен қызметтің нәтижелігін сақтаумен сипатталады;
- психологиялық тұрақтылықтық қатаң ксіби дағдыларға үйренбеген, әскери шеберлікті толық игермеген, дене күші тұрғысынан жақсы шынықпаған, эмоциялық-жігерлі тұрақтылыққа қол жеткізбеген, әскери шеберлікті игермеген, сондықтан ұжымның, үлкен жолдастарының, командирдің қолдауын қажет етеін жас жауынгерден байқалады.
«Психология жүктеме» түсінігі жинақтамалы болып табылады. Оған ұзақтығы әр түрлі психикалық реакциялар мен олардың жағымсыз әсері қосылады.
Ұрыс жағдайында психикалық реакцияның 3 түрі кездеседі:
- әлсіз реакция қоршаған орта шамалы қиратылған, жанған кезде, жеңіл жарақаттанған кезде, жағдайдың кенет өзгеруінен туындайды, сондай-ақ күшті, ерекше жарық және дыбысты қоздырғыштардың да әсерінен болады.
Жауынгерлер кейбір күштеулердің әсерінен қозады, өзін жинауға қиналады, көңіл-күйі төмен түсіп, өзін нашар бақылайды, берілген пәрмендерге нақты жауап бермейді:
- орташа реакцияны бұзылған объектілердің, ұрыс техникаларының, үйінділердің өртенудің айтарлықтай көлемімен жеңіл және ауыр жарақат алған адамдардың көп санын көргенде жауынгердің басында тудырады. Кейбір жауынгерлерде енжарлық, қояншық пайда болады, оларды басқару қиындай береді, ал атқарған жұмыстарының сапасы төмендей түседі;
- күшті реакция толық бұзылу, қатты өрт жағдайында, жауынгерлердің қатты апатқа ұшырауында туындайды. Бұл жағдайда байланыс жоғалады, бағдарлана алмайды, дұрыс емес әрекеттер жасайды.
Жауынгердің психологиялық дайындығы моральді – саяси, ұрыстық және дене күші процесінде жүзеге асырылады.
Бұл жағдайда келесілерді атап көрсетуге болады:
- қазіргі заманғы соғысқа жалпы психологиялық дайындық жасау. Бұл Отанды қорғауға ұрыс жағдайында белсенді әрекет жасауға дайындықты, отандық сезімді, жеңіске жетуге сенімділікті, өзін құрбан етуге дайындықты, яғни белгілі бағыттылықты, мақсатқа ұмтылуды, ынталандырушылықты құрылымды қалыптастыру;
- ұрысты жүргізуге арнайы психологиялық дайындық, психогенді қоздырғыштарға психиканың тұрақтылығын қамтамасыз ету;
- алдағы қызметке нақты нұсқау қою, оның міндеттерін анықтау;
- жағдайды дұрыс бағалау жолымен әскери қызметкерлердің психологиясының функциональды белсенділігін көтеру үшін қауіпті қатермен байланысты.
Бейбіт уақытта мұндай жағдайда тоолық қайта жасау мүмкін емес. Ең күрделі жағдайларда рухтың қатысу мүмкіндігін жағдайды дұрыс түсіну мен дұрыс шешім қабылдап, сенімді түрде әрекет ету мүмкіндігін беретін жауынгердің психологиялық шынығуының қозғалысы – бұл сарбаздың ұрысқа психологиялық дайындығының ең маңызды, бірақ дара емес компоненті.
Ол сондай-ақ келесілермен қамтамасыз етілеі:
- жауынгерлердің берік идеалық сенімділігі жүйесін құру. Оның көмегімен беріктіліктің ішкі тірегі құрылады. Сенімділік ең басты рухани тірек болып табылатын тұлғаның ішкі мазмұны;
- әскери шеберлікті қалыптастыру. Ол жауынгерлік міндеттерді сәтті орындаудың алғышарттары ғана емес, өзіне сенімділіктің бастауы болып табылады;
- қазіргі заманға сай ұрыс туралы дұрыс болжамдар жүйесін жасау, оның көмегімен нақты жағдайға дұрыс бағдарланып, қауіпті тудыратын барлық факторлардың қауіптілік деңгейін дұрыс бағалай алады;
- барлық психикалық қызметтерді жаттықтыру, әсіресе жауынгерге жағдай туралы дұрыс ақпарат алуға көмек беретін танымдық және эмоциялық-жігерлі ызметтерді жаттықтыру.
Жоғарыда көрсетілген бағыттар бойынша жұмыстар ынталандырушы жағдайды, дағдыларды қалыптастырудың, болжамдар жасаудың, танымдық процестерді жаттықтырудың, сезімдерді дамытудың психологиялық механизімдеріне негізделген. Осылайша, сарбаз психикасының барлық сфералары қамтылады: мотивациялық, танымдық, эмоциялық-жігерлі, двигательді. Кешенді әсер ету кешенді нәтижені, яғни жауынгердің Отанды қорғауға жан-жақты дайындығын қамтамасыз етеді.