Жауынгерлердің бірлескен қызметі.

Жауынгерлердің бірлескен қызметі.

 

Әлеуметтік-психологиялық құбылыстардың қатарына адамдардың орналасуы, орын ауыстыруы, ақпараттардың қозғалысы, бірлескен қызмет, кадрларды басқару жатады. Кадрларды орналастыру ең алдымен принципиалды негізінде жүзеге асырылады. Адамдарды топқа іріктеу кезінде кейбір әлеуметтік-психолгиялық факторларды ескеру қажет. Олар: жас мөлшерінің, білім деңгейінің, өмірлік тәжірибесінің сай келуі және т.б.

Жауынгерлерге тәрбиелік әсердің тағы бір маңызды құралы болып ұжымның рухани климатының негізгікөзі – ақпараттардың қозғалысы табылады. Коммуникациялық нұсқа әдетте белсенді жүргізуші тұлғалар мен тез меңгеруші тұлғалардың ақпарат көздерінен құралады. Шешілетін мәселелердің күрделігіне қарай коммуникациялық нұсқа әртүрлі пішінде болуы мүмкін. Бұл нұсқаның жұмысын басқару келесілерден тұрады: белсенділердің оқуы, нұсқауы, оның жұмыс тұрақтылығын қамтамасыз ету, тәжірибе алмасу және т.б.

Бөлімшенің жеке құрамасының орнын ауыстыруы (демалыс, іссапар, қызмет бойынша көтерілу, жұмыстан шығу) ұжымның бірігуіне, психологиялық климатына әсер етеді.

Ұжымдағы қозғалыстар мен адамдардың орнын ауыстыруы толық болмаса, онда тоқырау мен оқшауланудың белгілері пайда болады, ал өте жиі орнын ауыстырулар тұрақтылықтың, психологиялық сенімділіктің бұзылуына, ұштасу күші мен өзара әсердің төмендеуіне әкеледі. Сандық және сапалық тұрғысынан адамдардың қозғалуы мен орын ауыстыруларының үйлесуі ұжымның өмір сүру қозғалысын сақтап отырады. Ұжымның бірігуі мен оның дұрыс психологиялық климатын қолдауды қамтамасыз етуші фактор болып дәлелденген, мақсатқа бағытталған, ұйымдастырылған, нәтижесі бірлескен қызмет табылады. Егер ішкі қозғаушы күш болмаса, яғни адамдар олардың мақсатын түсінбесе, ұйымдаспаса, нәтижеге қол жеткізбесе, жеткізілген күннің өзінде, оларды талдамаса, онда бірлескен қызмет бейтарап сипатқа ие болады.

 

2. Әскери ұжымдағы жағымсыз психологиялық құбылыстарды жеңу.

 

Жағымсыз психологиялық құбылыстарға сыбыстар, желбуаз сөздер, өсек аяңдар және т.б. – адамның белсенділігін бұзатын немесе тежейтін, адамды алаңдататын немесе араңдататын, кездейсоқ немесе ойластырылған, ашық немесе жасырын түрде пайда болатын жалған ақпараттың түрлері жатады. Мұндай коммуникациялық жобаларды басып отыру қажет. Офицер мен АӘД оқытушысы мұндай жобаның жағымсыз әсерін белгілеп отырады және оған оперативті, ресми ақпараттарды қарсы таратады, бөлімшенің, ұжымның, сыныптың жеке құрамына саяси тұрғыдан сабақ беріп мықтылайды. Үрей – бұл өте күшті сыртқы қоздырғыштың әсерінен ми қабықшасының тежелу жағдайы. Үрейдің абыржу, толқу, дүрлігу, жабырқау, үрку, шошу сияқты түрлері бар. Олардың барлығы жауынгердің психикалық тұрақтылығын бұзады, оның жүріс-тұрысы мен ұрысқа қабілеттілігін нашарлатады. Дүрбелең-алдамшы немесе асыра айтылған қауіп жағдайында адамның немесе адамдар тобының абыржып, сасқалақтауы.

Ұрыс кезінде үрей мен дүрбелеңді қалай жеңуге болады?

Ең жақсы әдістер – бұл жауынгердің берік, тұрақты моральдық-саяси сезімдері мен жігерлілік қасиетінің болуы, соғыстың әділдігін анық түсінуі, жеңіске жетуіндегі сенуі, әскери шеберлігінің жоғары деңгейде болуы мен психологиялық дайындығының болуы.

Ұжымдағы жағымсыз психолгиялық құбылыстарды айта келе, жікшілдік пен алдамшы достықтың алдын-алу мен жою туралы жұмыстардың маңыздылығын ерекше атап өткен жөн.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *