- Жауынгерлердің психикалық танымдық процестерінің ерекшеліктері.
Тұлға – бұл қоғамддық жаратылысқа ие күрделі құрылым. Қоғам адамды адам ретінде тәрбиелейді. Тұлғаны толық және терең түсіну үшін ең алдымен оның әлеуметтік жаратылысын ескеру қажет. Сонымен қоса, тұлғаның биологиялық аспектіде де қарастыру керек, өткені адам тікелей табиғи жаратылыс болып табылады.
Оқушының, бағыныштының жеке басын, жеке ерекшеліктерін зерттеуді психикалық процестерді сипаттпумен бастау қажет. Себебі олар табысқа жетудің алғышарттары болып есептеледі.
А. Алғашқы психикалық таным процесі түйсік болып табылады. Оның мәні адамға тікелей әсер ететін заттар мен құбылыстардың жеке қасиеттері мен сапаларын бейнелеуден тұрады. Бұл әсер жүйке жасушаларында қозудың пайда болуына әкелетін рецептордың арнайы сезімтал жасушаларын (көз, құлақ, мұрын, және т.б.) тітіркендіреді. Ал, ол мидың сәйкес саласына жіберіледі. Түйсіктің көрур, есту, дәм сезу сияқты түрлері бар.
Бейімделу. Сезім органдарына қоздырғыштың ұзақ әсер етуінен сезімталдықтың өзгеруі немесе жайылуының нәтижесі бейімделу деп аталады.
Мысалы, адам түнде көшеге шыққанда алдымен ешнәрсені көрмейді, 4-5 минуттан соң қараңғылыққа «үйрене» бастайды және қоршаған заттарды айыра бастайды.
Түйсік процесінде қарама-қарсылықтың пайда болуы бір уақытта бақыланатын бір қоздырғыштың басқа түйсіктерге байланысты әртүрлі сезілуімен түсіндіріледі.
Жалғасымды көрініс. Қоздырғыштың әсері тоқтағанымен сезу органдарындағы қозу бірден жойылмайды. Қоздырғыштың әсері тоқтағаннан кейінгі түйсіктің жалғасуы жалғасымды көрініс делінеді.
Б. Тағы бір таным процесі қабылдау болып табылады. Түйсікте құбылыстардщың жеке қасиеттері мен сапалары бейнеленсе, ал қабылдауда заттар мен құбылыстар толығымен өз көрінісін табады. Қабылдаудың қасиеті болып ұғыну табылады, яғни адам барлық жағдайды түсіне алады, мағынасын, ойды бейнелеп аңғарады.
Қабылдаудың жалпы сипаты адамның санасында заттардың бейнесі көптеген қасиеттер мен сапалардың жиынтығы ретінде оорын алатындығын көрсетеді. Егер қабылданған таныс зат адмға өзінің барлық қасиеттерімен әсер етпесе де, қабылдадың жалпы сипаты арқылы ол санада толық көлемде бейнеленеді.
Қабылдау – бұл белсенді процесс. Назарға алынған нәрселерді қабылдау объектілері деп атайды, ал қалғандары, яғни санада бейнеленетіндер қоры құрайды. Қабылдау көбінесе адамдардың бұрынғы тәжірибесінен, бұрынғы уақытта орын алған санадан, көңіл-күйден, сезімнен, уайымнан, адамның өзі қабылдаған заттарынан нені көргісі келетінінен тәуелді болады. Қабылдаудың бұрынғы тәжірибеден және адамның психикалық өмірінің жалпы мазмұнынан тәуеллдігі апперцепция деп аталады. Белгілі бір міндетке сәйкес жүзеге асырылатын қабылдау әрқашан ерікті шарттармен байланысты болады. Алдын ала белгіленген қабылдаудың дамыған формасы болып бақылау табылады. Бақылау – бұл белгілі объектіні ұзақ, жүйелі, мақсатты қабылдау.
В. Жауынгер мен әскер қатарына шақырылғандардың барлық таным процестерінің тиімділігінің алғышарттары зейін болып табылады. Бұл белгілі бір объектіге адам санасының артығымен бағытталуы, оның нәтижесінде объекті толығырақ бейнеленеді.
Еріксіз зейін қойылған мақсаттан бұрын, еріксіз түрде туындайды. Ол қабылдаушы үшін объекті жаңа, ерекше, күтпеген болған жағдайда орын алады.
Ерікті зейін ерікті түрде туындайды, содан соң оқушы немесе жауынгер іске «кіріскенде» еріксіз түрде қызмет етеді.
Зейіннің қасиеттердің:
-зейіннің шоғырлануы — бұл негізгі қызметке жатпайтын барлық нәрселерден назарды бөліп, тек ең бастысына бағытталу қабілеттілігі,
-зейіннің көлемі бір уақытта қабылданатын бірдей объектілердің санымен өлшенеді. Мысалы, ұшақты басқару үшін ұшқыш бір уақытта ауа жағдайын, аспаптардың көрсеткіштерін, басқару тетіктерін назарға ала отырып, жер мен экипаждың басқа мүшелерімен байланысты ұстап отыруы қажет;
-зейіннің бөлінуі – бұл санада бір уақытта бірнеше әртүрлі объектілерді ұстау немесе көптеген бір уақтылы операциялардан құралатын күрделі қызметті орындау қабілеттілігі;
-зейіннің ауысуы бұл – бір қызметтен екіншісіне алдын ала белгіленген түрде ауысу;
-зейіннің тұрақтылығы – бұл бір объектіні қабылдауды күшейту қабілеттілігі;
-зейіннің алаңдауы – бұл белгілі объектіге немесе қызметке деген қызығушылықтың болмауынан туындайды;
-зейіннің толқуы – бұл зейіннің басқа объектіге еріксіз ауысуы.
Г. Қабылданған зат адамның санасына елес түрінде бейнеленеді. Елестеу бұл – осы мезетте сезу органдарына әсер етпейтін заттың бейнеленуі. Ол санада бұрын қабылданып, сақталған бейнелердің негізінде туындайды. Елес сезу органдарына қатысты әртүрлі болады: көру, есту, дәм сезу, иіс сезу, түйсіну, қимылдау және т.б.
Әрбір адамда елестету өзінің айқындылығымен, пайда болу жылдамдығымен, тереңділігімен мазмұнымен ерекшеленеді. Белгілі мамандық туралы елес толық және нақтырақ болса, онда жауынгер өз міндеттерін табысты орындайды. Елес естің, қимылдың. ойлардың оперативті материалы, элементі болып табылады.
Сондықтан елестің дамуы таным процестерінің дамуына ықпал етеді.
Д. Ес – бұл адамның естігендерін, қабылдағандарын еске сақтап, әрі қарай қайта жаңғырту процесі.
Естің алғашқы процесі есте сақтау болып табылады. Бұл біздің нені істегенімізді қабылдағанымызды санада бейнелеу процесі. Егер есте сақтау арнайы қойылған мақсатсыз және ерікті шартсыз орындалса – еріксіз, ал белгілі бір мақсатпен жүргізілсе ерікті деп аталады. Ерікті есте сақтау жүргізілу әдісіне қарай механикалық және мәнді болуы мүмкін. Механикалық есте сақтау кезінде санаға материалды оның мәнін түсінбестен, жәй қайталау арқылы бейнелейді. Санада бейнеленген материалды сақтау ары қарай оның мәнін түсіну және оны игеру арқылы жүргізіледі.
Қайта жаңғырту тәжірибеде пайдалану үшін санада сақталған материалды белсенді ету. Қайта жаңғыртудың поссивті түрі – тану болып табылады. Адамның есін қимылдық, ауызша – логикалық, эмоционалдық және тұрпатты деп бөлуге болады. Оардың даму деңгейі әр адамда әртүрлі болады.
Қимылдық ес – бұл қозғалыс арқылы есте сақтау. Ауызша-логикалық ес белгілі бір ойды білдіретін ұғым туралы тұжырымды меңгеруді қамтамасыз етеді. Эмоционалдық ес санаға әртүрлі мазасыздануды және соған байланысты адамдар мен оқиғаларды сақтайды. Бұл естің ең күшті дамыған түрі. Басынан өткен іс ұзақ уақыт бойы есте сақталады. Т ұрпатты ес адамның түрін, орнын, затты, оқиғаны, құбылысты сақтауға мүмкіндік береді. Бұл естің түрі санаға материалды жан-жақты сақтаумен аса құнды болып есептеледі. Ес – бұл адамның жеке тәжірибесінің және білімнің жинағы. Осы мағынада ол өткен жағдайларға бағытталған болып табылады.
Е. Болашаққа бағытталған, алға қарауға мүмкіндік беретін теориялық таным процесі қиял болып табылады. Қиял – адамның бұрын қабылдаған немесе дәл сол мезетте қабылдамайтын заттардың бейнесін жасау процесі. Ол адамдағы елестерді жинақтап, қайта құруға негізделген. Қиялға деген ынта адамның қажеттіліктерін, мүддесінен, қызығушылығынан, қызметке шығармашылық қатысуынан келіп шығады.
Бейнені суреттеу арқылы емес, ерікті түрде құру процесі шығармашылық қиял базасында жүзеге асырылады. Шығармашылық қиялдың бөлігі болып шын мәнісінде жоқ заттардың бейнесі болып табылады. Шығармашылық қиялдың көмегімен өнер туындылары, жаңа машиналар пайда болады, ұрыстық және қызметтік міндеттердің шешімдері табылады.
Ж. Қоршаған ортаның заттары мен құбылыстарының арасындағы байланыстар мен қатынастарды санада бейнелейтін жоғары таным процесі ойлау деп аталады. Оның мәні адамның санасында жүзеге асырылатын шындықты талдау мен жинақтауда тұжырымдалады. Талдау мен жинақтаудың негізгі құралы болып елестету мен оның тілдік баламасы ретнде сөз табылады.
Ойлау процесі – бұл тапсырманы шешу процесі. Тапсырманы шешу әрқашан да не істеу қажет екенін анықтаудан, яғни әрекет ету мақсатын белгілеуден басталады.
Тапсырманы сәтті орындау ойлау операцияларында танымдық процесті жүзеге асырудан, ойлау әдістері мен формаларын дұрыс пайдаланудан тәуелді болады. Ойлау операцияларында танымдық процесті жүзеге асыру жолдары: талдау, жинақтау, салыстыру, абстракция, нақтылау көрсетіледі:
- талдау операциясы, тұтасты, құрамдас бөліктерге ойша қайта бөлуді білдіреді;
- жинақтау талдауға керісінше жүргізіледі. Бұл бөлшектерді ойша қайта біріктіру болып саналады. Мысалы, бірнеше аэрофотоларға сүйене отырып, зерттелетін объектілердің жалпы суретін жасауға болады;
- салыстыру операциясы деп заттар мен құбылыстардың қасиеттерін олардың арасындағы ұқсастық пен айырмашылықты табу мақсатында салыстыруды айтамыз;
- абстракцияның көмегімен заттар мен құбылыстардың белгілі бір қасиетін зерттеу үшін басқа қасиеттерімен байланыстырмай ойша анықтауға болады;
- жалпылау операциясы заттар мен құбылыстарды олардың ортақ белгілері бойынша біріктіруге негізделген. Мысалы, оқытушы қатысушылардың іс-әрекеттерін жалпылай отырып, олардың мінез-құлқы туралы қорытынды жасайды;
- нақтылау – бұл жалпыдан жекеге ойша ауысу. Мысалы, танкіні жүргізші-механик жылу, электр, тежеуіш жүйелерімен танысып қана қоймай, олардың әрқайсысының құрылымын жете білу керек.
1. Ойлау тапсырмасын шешу процесі пікір немесе ой-толғау түрінде жүзеге асырылады:
- пікір ойлаудың негізгі формасы болып табылады. Ол деректі растайды немесе мақұлдамайды. Белгілі бір зат туралы бақылаушының баяндамасы пікір деп аталады;
- ой-толғау – бір немесе бірнеше пікірден жаңа пікір құру болып табылады;
Ой – толғаудың 2 түрі болады:
- индукция – бұл жеке факторлардан жалпы қорытындыға келуді пайымдау әдісі;
- дедукция кезінде индукцияға кері процесс жүреді. Бұл жағдайда жалпы жағдайдан жеке факторларға қорытынды жасалады.
- Қызметінің сипатына қарай ойлау процесі заттық-әсершіл, көрнекі-тұрпатты, дерексіз деп бөлінеді:
- заттық-әсершіл ойлау тәжірибеге тікелей енгізілген ой. Мысалы, қарсыласына шабуыл жасайтын мергеннің әрекетті ең сенімді жолды көрсетіп, қалай қозғалу керектігін айтатын ойымен тығыз байланысты болады;
- көрнекті-тұрпатты ойлау – адамның бұрынғы қабылдаған бейнелері мен елестетулерінің негізінде жүрінде. Мысалы, сарбаз болуы мүмкін әрекеттерді ойша елестетіп, қайталап тұру арқылы барлау жұмыстарына жақсырақ дайындала алады;
- дерексіз ойлау, тұрпатынан айырылған дерексіз ұғымдардың негізінде жүзеге асады. Бұл процесс, мысалы, елдің эконмикалық жағдайындағы күрделі процестерді, сакяси оқиғаларды зертеу кезінде орындалады.
Ойлау адамдар арасындағы қатынасу, ой алмасу процесі болып табылатын сөйлеумен тікелей байланысты. Қатынасу құралы тіл болып саналады. Тіл арқылы қатынас бірнеше жолмен жүргізіледі.
- ауызекі сөйлеу – бұл сөзді айту және есту арқылы қатынасу. Егер ол екі адамның арасында ой алмасу ретінде жүретін болса, онда диалог деп аталады. Диалог ойды жеңіл жеткізу мүмкіндігіне ие. Егер ауызекі сөйлеуде бір адам сөйлеп, екінші тыңдайтын болса, онда бұл процесс монолог делінеді;
- монолог диалогқа қарағанда қиындау, өйткені монологта тыңдаушы айтылған ойға тікелей жауап береді;
- жазбаша сөйлеу: хат, хабарландыру, мәлімдеме. Мұнда ой графикалық түрде тұрғызылып, содан соң шрифтермен жазу арқылы өңделеді.
Жазбаша сөйлесуде ойдың мазмұнын жеткізу қиынға соғады. Өйткені онда ымдау сияқты қосымша түсіндіру құралдары болмайды.
Сөзді белсенді (айтушының, жазушының сөзі) және белсенді емес (тыңдаушының, оқушының сөзі) деп бөлуге болады. Әскери қызметте сөздің ерекше түрі — әскери сөз қолданады. Оның өзіндік сөздік құрамы болады. Ол арқылы әскери қызметкерлер бір-бірін түсінеді. Бұл жағдайда командирлердің, яғни басшылықтың сөздері және қызметтен тыс қатынасу сөздері ерекшеленеді.