- Әскери психологияның міндеттері
Әскери психология келесі мәселелерді шешеді:
- Жауынгер мен әскери ұжым қызметінің психологиялық аспектілерін анықтайды. Осы мақсатта бейбіт заманға тән қызмет, оқу, демалыс, қоғамдық қызмет, арақатынас, ұжымдық әрекеттер мен амалдар, сондай-ақ ұрыс кезіндегі жауынгерлер мен әскери ұжымның әрекеттері оқытылады.
- Жеке құраманың соғысқа жан-жақты дайындалуы, ұрысқа психологиялық түрде жиналуы сияқты мәселелерді шешу мақсатында жауынгердің жеке психологиялық ерекшеліктерін анықтайды;
- Әскери ұжымның ұрысқа белсенділігін ұйымдастыру және басқару жолдарын табу мақсатымен оның психологиясын зерттейді; сонымен қатар әскери қызмет ұжымның психологияс ына әсер етуін зерттейді;
- Жауынгерлерді оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық негіздерін жасайды. Бұл мақсатта есепке алу жолдары мен кұралдары анықталады, жеке құраммен оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру мен жүргізудің психологиялық заңдылықтары пайдаланылады;
- Қазіргі заманғы ұрыс әдістері жеке құрамды психологиялылқ дайындаудың заңдылықтарын зерттейді. Бұл мақсатта ұрыс кезіндегі психиканың функционалды көрініс табуының заңдылықтары қарастырылады және ұрыс техникалары мен қарулар қолдануда адамның психикасын, қауіпті және басқа жағдайларда туындайтын психикалық жағдайларын тұрақтандыру шаралары жасалады; қауіп және дүрбелеңмен күрестің, басқа да теріс психикалық жағдайлардың алдын алу мен жеңудің шарттары мен құралдары анықталады;
- Әскердің ұрысқа дайындығының психологиялық аспектілері анықталады, оның тұлғалық және жеке әлеуметтік-психологиялық сипатын береді;
- Жеке құрамның жоғары сақтылығы мен жұмысқа қабілеттілігін ұзақ уақыт сақтаудың психологиялық, психофизиологиялық қиындықтатрын айқындайды;
- Соғыс жағдайы кенеттен туындағанда психологиялық қиындықтарды талдайды және жағымсыз психологиялық құбылыстардың (абыржу, ұйымшылсыздық) алдын алу жолдарын анықтайды;
- Кезекшілікті ұйымдастыру және жүргізудің, жиналу мен ұрыс дайындықтарын қолдау бойынша шараларды жүргізудің психологиялық сұрақтарын шешеді;
- Ұрыс техникалары мен қаруларын пайдалануға қатысты жауынгердің психологиялық мүмкіндіктерінің сипатын береді. Бұл үшін психологиялық процестердің, жағдайлардың, қасиеттердің савпасы зерттеледі және ұрыс техникалары мен қаруларын асу кезінде оларды пайдалану процесін оңтайлы ету мақсатымен сәйкес техникалық шешімдер табылады.
- Әскери психологияның әдістері
Әскери психологияның негізгі әдістері болып бақылау және тәжірибе әдістері табылады. Олардың әрқайсысы әртүрлі арнайы формаларда көрініс табады.
А. Бақылау әдісі – адамның психикалық ерекшеліктері туралы деректерді жүйелі, мақсатты жинақтау. Бұл әдіске жауынгердің әртүрлі жағдайдағы әрекеттері мен амалдардың объективті сыртқы бақылау жатады, бұл жағдайда олардың әсер ету күшін, яғни зерттеліп отырған тұлғаның психикеасын, ойларын дәлелдерін, есте сақтау білген жөн. Дұрыс түсінілген амал адамның психикалық рухани әлемге енуге көмектеседі. Адамдардың психикалық ерекшеліктерін зерттеу процесінде олардың өздері туралы, ойлары, уайымдары, әрекеттері туралы айқындап мәліметтерді пайдаланады. Психалогияда бұл мәліметтер өзіндік есеп делінді. Бұл жағдйада өзіндік есеп берудің материалдарды адамның анқталған ерекшеліктерінің түсініктесі ретінде емес, біздің бақылауымызолардың жағдайының дәлелі ретінде пайдаланады.
Өздік есеп адамның ерекшеліктерін зерттеудің маңызы құраы. Адам жүріс-тұрысына қарап, олар туралы нақты жан-жақты пікір айту жеткіліксіз (алайда дәл осы жагдай адамның ерекшеліктерінің басты көрсеткіші болып табылады), сондықтан бұл мәліметтерді адамның әрекеттері, уайым-қайғы туралы деректермен толықтыру қажет. Сонымен бірге өзіндік есептің мәліметтеріне сын көзбен қараған дұрыс.
Нақты бір тұлғаның нақты ойлары мен сезімдері қандай белгілері бойынша сынаған дұрыс?
Мұндай белгі беру ғана бола алады-бұл осы тұлғалардың әрекеттері.Обективті сыртқы бақалау мен өзіндік есепке бірге қарастырылғанда ғана бұл әдіс толыққұнды нәтеже береді. Оқытушы ұзақ уақыт бойы белгілі бір адамдармен кездезкенмен, олардың әрқайсысының еркшеліктерін біле бермейді. Алайда оқытушы да «білемін» деген түсінік қалыптасуы мүмкін. Мұндай қателесу әдетте осы адамдардың әрекеттерінің ол үшін күтпеген жағдайда айналуына әкеледі.
Жұыс барысында осындай жағдайлар орын алмас үшін оқытушы пассивиті маліметтер жинағымен шектелмеуі тиіс тек өзіне белгілі деректерді ескеру жеткіліксіз. Оқытушы өзіне мақсат қойюы қажет: оқушы өз міндеттерін қалай орындайтынын білу; оның жауапкершілігі қандай, өзінің жұмысын қаншалықты атқарады деген сұрақтарға жауап табу және т.с.с. Қойылған мақсатқа сәйкес бақылу жоспары жасалады. Жоспарда оқушының сабақта, кезекшілік кезінде, мектептен тыс жерде озін қалай ұстағандығы қалай қарайтындығы қиындықтарды қаншалықты және алатындығы қарастырылады.
Бақылу-алынған мәліметтерді үнемі талдау, салыстыру, бақылау, тексеру. Тек осындай бақылау ғана сенімді болып табылады.
Б.Тәжірбие жасау әдісі.
Оның мақсаты күнделікті қызымет кезінде тұлғаның байқалмаған қасиеттерін, психикалық працестерді бақылау үшін жағдай жасау.
Психологиалық тәжірбиенің екі түрі бар.
1). Зертқаналық жасанды тәжірибеде тәжірбие жүргізуші бақылау орны мен шарттарын толы құрады. Мысалы, радиотелелеграфшының риакциа беру жылдамдығын анықтау. Тәжірбие кезінде әртүрлі ас паптар қолданылады. Бұл әдіс тұлғаның қажырлығы, қабілеттері туралы кейбір тұжырымдарды жасауға мүмкіндік береді.
2). Табиғи тәжірбие кезінде бақылуға алынушының қызмет мазмұны психиканың көрінісін анықтауға мүмкіндік беретін шарттарда ғана сақталып, өгереді.
Мысалы, АӘД дәрістерінде жаңа элементтерді егнізу арқылы оқушының реакциясын бақылауға, білім есте сақтауы, зеріктілігі, бастамалары, өжеттілігі туралы қортынды шығаруға болады.
В. Адамның қызыметінің нәтежелерін талдау жолымен оның жеке жатақханадағы өзінің заттарын жинауы кезінде командирі оның атқарушылық, ұқыптылық, жаукершілік сиақты жеке қасиеттері туралы сын айта алады. Атыс қаруын ұстай білу, техникамен жұмыс жасау нәтижелері тәрбиешігек жауынгердің шеберлігінің қабілеттерін, мүддесі бағалауға арналған материалдар береді.
Г. Әнгімелесу әдісі бақыланушымен тікелей байланыс жасау негізінде оның ішкі алемін, жеке қабілеттерін анықтауға мүмкіндік береді. Адамның ойын, сезімін, сұранысын білу үшін әңгімені өзара сенім жағдайында жүргізуі қажет. Сондай-ақ әнгіме кездейсоқ емес, мақсатты сипатта болуы керек және жүйелі түрде жүргізілүі тиіс.
Д. Сауалдама әдісін-бұл алдын-ала белгіленке сұраққа жауап беруші мен сұрақ қойушы арасындағы жүргізілетін сұрақ-жауап. Сауалнаманың нәтежелері статистикалық түрде өңделеді және топқа қатысты қортынды жасауға мүмкіндік береді. Сауалнамаға 5-7 сұрақ енгізіледі. Ең басты сұрақтар түсінікті болуы керек. Сұрақ-жауапты ауызша түрде немесе викторина формасында өткізуге болады.
Е. Тестілеу әдісі – бақыланушы мен тапсырмаларды шешу — әскери- кәсіби таңдауы жүзеге асыруда қолданады.
Әлеуметтік әдістеме ұжымдағы ара-қатынасты зерттеу үшін пайдаланады.