Әскери психология – бұл оқу, қызмет ету және ұрыс жағдайындағы жауынгердің және әскери ұжымның психологиясын қалыптастырудың, психикасын жетілдірудің заңдылықтары мен механизмдерін зерттейтін психологиялық ғылымның бір саласы.
Әскери психология адамның ұрыс уақытысындағы жүріс-тұрысын, басшылар мен бағыныштылар қарым-қатынасының психологиялық насихат және қарсы насихат жүргізу әдістерін, әскери ұжымды, соғыс техникасын, ұрыс қимылдарын басқарудың психологиялық мәселелерін зерттейді.
Жалпы орта біблім беретін және кәсіби мекктептердегі алғашқы әскери дайындық негіздерін үйрету процесінде АӘД оқытушысы жастарды Қарулы Күштер қатарында қызмет етуге жан-жақты дайындады. Мұнда моральдық-психологиялық дайындыққа баса назар аударылады. «Психологиялық дайындыдқ» түсінігіне нелер кіреді? Оны түсіну үшін ең алдымен тікелей бақыланбайтын ішкі сезімдер (сезу, ой, түйсік) деп аталатын психикалық құбылыстардың мәнін ашу керек. Сондай-ақ адамзат тарихындағы олар туралы ілімнің қалай қалыптасқанын білген жөн.
Психика адамның іс-әрекеттерінде, айтылған ойының мазмұнында, қимылдарында сырттай көрініс табатын немесе ойынның, ниетінің, мазасыздануының қозғалысы ретінде іштей жүретін рухани әлемін құрайды.
Әскери қызметкерлерге психикасының пайда болуының сыртқы және ішкі формаларын зерттеуде әскери-психологиялық дайындық көзделген. Сыртқы көрініс арқылы да, және басқа белгілері бойынша да қамқорлығындағы адамның ішкі және әлеміне тереңдей жете алу керек. Сонымен қатар олардың болашақтағы дамуын болжау, жауынгердің жеке басын қалыптастыру процесін жобалау, олармен жұмыс жасаудың ең тиімді жолдары мен әдістерін табу аса маңызды.
Психика адамның қызметінің және мінез-құлқының маңызды реттеушісі болып табылады. Оның мәні нақты әлемді бейнелеуімен сипатталады. Қарамағындағылардың ішкі әлемін білу басшылықтың жетістікке жетуін көрсетеді.
Адамның психикасы қоғамдық-тарихи дамуының нәтижесі бола отырып, әлеуметтік жағдайдың әсерінен қалыптасып, дамиды. Бұл әдістемелік жайт АӘД оқытушысының кәсіби қызметінің негізі болуы тиіс.
Әскер қатарында қызмет етушілер мен әскерге шақырушылардың психикасы олардың қызметінің барлық сфераларында көрірніс табады:
- АӘД негіздерін оқу процесінде;
- әскери шеберлікті үйррену процесінде;
- әскери кезекшілікті атқару уақытында;
- ұрыс қимылдарын жүргізу барысында;
Адам психикасының негізі болып психикалық процестер-танымдық (түйсік, қабылдау, елес, қиял, ойлау және т.б.) эмоциялық және ерікті болып табылады. Олардың негізінде әртүрлі процестер туындап, меңгеріледі; ғылымдар табылады, дағдылар мен іскелік қалыптасады, өмірлік тәжірбие қалыптасады. Психикалық процестер адамның мінез-құлқының алғашқы реттеушісі болып саналады.
Психикалық жағдай психикалық уақытша функционалды әрекет болғандықтан, оның негізінде психикалық процестер жүріп, жеке тұлғаның қасиеттері бейнеленеді. Психикалық жағдай психикалық процестерден көпжақтылығымен, күрделігімен, өзіндік динамикалығымен ерекшеленеді. Бір жағынан, ол әлеуметтік жағдайлардың, қызмет нәтижесінің, физиологиялық факторлардың ықпалынан туындайды, ал екінші жағынан жауынгердің, жастардың қызметіне және мінез-құлқына үлкен ықпал жасайды. Психикалық қасиеттер психикалық процестерден тұрақтылығымен және жоғарылығымен ерекшеленеді. Оларға келесілер жатқызылады;
— беталыс;
— темперамент (қажырлық);
— мінез-құлық;
— адамның қабілеттері.
Олар психикалық процестердің, психикалық жағдайлардың және психикалық құрылым негізінде қалыптасады және өз кезегінде оларға маңызды ықпал етеді. Психикалық қасиеттер психиканың сапалы деңгейін, оның ішкі және сыртқы көрінсін анықтайды.
Психикалық құрылымға білім, дағдылар, икем, пікір, сенім, әдет жатады. Олар тұлғаның жағдайы мен қасиеттернінің және психикалық процесстердің негізінде қалыптасады.
АӘД сабағында қалыптасатын психикалық құрылымның деңгейі сабаққа қатысушылардың әскер қатарында қызмет етуіне моральді-психологиялық және әскери арнайы дайындығын сипаттайды. Психикалық процесстер, жағдайлар, қасиеттер және құрылымдар өзара негізделген, сондай-ақ диалектикалық бірлікте болады. Олардың арасындағы шек жақын болғандықтан, ауысулар аз білінеді.
Жалпы орта білім беретін мектептердегі АӘД оқытушысы үшін тұлғаның жеке психологиясын, олардың даму заңдылықтарын білу қатысушылармен табысты жұмыс жасаудың, олардың танымдық біліктілігін белсенді етудің, әскери-отаншыл тәрбие берудің, дене дамуының ең маңызды алғышарты болып табылады.
Әскери психология ғылым ретінде әкери ұжымның да психологиясын, олардың даму және көріну заңдылықтарын зерттейді. Бұл заңдылықтар белгілі бір деңгейде мектептің оқу ұжымына тән. Ұжымның психологиясы – бұл ұжымның мінез-құлқы мен әрекетіне толығымен немесе жекелей әсер ететін жалпы уайымдар, реакциялар, пікірлер, көңіл-күй мен арақатынастар. Ол жеке тұлғалар психикасы көрінісінің қарапайым арифметикалық топтастығы емес. Сонымен қатар ұжымның психологиясын тұлғаның психологиясына қарсы қоюға болмайды. Ұжымның психологиясы ұжым мүшелерінің жеке психологиясының өзгеруінің нәтижесі болып табылады. Ол келесі компоненттерден құралады:
- ынталандырушы компоненттер – ұжымдық қажеттіліктер, мүдделер, сұраныстар, мақсаттар, тілектер, дәстүрлер;
- парасаттылық компоненттері – ұжымдық сезімдер мен көңіл-күйлер;
- ерікті компоненттер – жігер, қайсарлық, тәртіптілік және т.б.
- әлеуметтік компоненттер – ұжым мүшелерінің арасындағы арақатынасты сипаттайды (өзара тартыс, бәсекелестік, баға беру, мейірім, жақтырмау және т.б.)