Әлеуметтік әсерлер

Әлеуметтік әсерлер. Бала неғұрлым жас болған сайын, оның дамуындағы кемістіктердің пайда болуы мен олардың алдын-алуда, отбасының атқаратын рөлі ерекше. Ең алдымен, баланың сәби кезінде дұрыс дамуы үшін, оның ересектермен эмоционалды қарым-қатынасы қажет, мұндай жағдайлардың болмауы, психоэмоционалды тежелуге әкеп соғады. Бұл мәліметтердің барлығы, жетім балалар мен ата-анасы қамауда отырған балалармен жүргізілген тәжірибелерден алынған. Анасының моральды бейнесі қандай болса, баланың балалар үйінде тәрбиеленуінен гөрі, анасымен бірге болғаны анағұрлым пайдалы, себебі, балабақшада немесе балалар үйінде, балаға қажетті көңіл бөлінбейді.

Бірақ баланың әлеуметтік қауіпті отбасында (маскүнемдік, нашақорлық, әкенің немес ананың заңға қайшы әрекеттері) өсуі, педагогикалық және әлеуметтік қараусыз күйін туғызады, баланың денсаулығына нұқсан келеді, бар кемістіктерін асқындырады. Созылмалы маскүнемдік жағдайына ұшыраған ата-аналардың балаларының барлығында дерлік, әртүрлі деңгейдегі жүйкелік–психикалық ауытқулар байқалады. Маскүнем ата-ана, іс жүзінде өзінің ата-аналық парызын орындамайды.

Есте болар жәйт, ауытқулы дамудың себебін қарастыруда, кез-келген біржақты көзқарас пен себептерді анықтауға, тиісті дамыту-түзету мақсатындағы, психологиялық-педагогикалық жүйелерді ұйымдастыруға кедергі жасайды.

1927 жылы Швальбе алғаш рет, ағза құрылымының құрсақтағы кезіндегі қалыптасу ауытқуларын белгілеу үшін, «дизонтогенез» терминін қолданды. Кейінірек, бұл терминмен онтогенездегі түрлі бұзылулар, оның ішінде, ағзаның морфологиялық жүйелері жетілмеген, өте ерте постнатальды кезеңдегі бұзылулар аталатын болды.

Қазіргі кездегі психикалық дизонтогенез түрлерінің кең таралған классификациясы, В. В. Лебединский ұсынған дизонтегнез классификациясы, Л. С. Выготский, Г. Е. Сухарева, В. В. Ковалев, Л. Каннер сияқты ғалымдардың зерттеулері негізінде жасалған:

ретардация (тежелген даму) – барлық психикалық  немесе жеке компоненттер дамуының кешігуі немесе тоқтап қалуы;

жетілу дисфункциясы орталық жүйке жүйесінің  морфофункциональды жасқа сай жетілмеумен және жетілмеген ми  құрылымдары мен қызметінің, сыртқы ортадан келетін зиянды факторлармен өзара әрекетімен байланысы.

зақымданған даму – қандай да бір аназизаторлық жүйенің немесе ми құрылымының жеке зақымдануы;

асинхрония (бұрмаланған даму) – бір қызметтердің  ерте жетілуі, келесі бір қызметтердің керісінше кеш жетілу қарқынынынан көрінетін, диспропорциональды психикалық даму.

В. В. Лебединскийдің психикалық дизонтогенезді классификациялауы, келесі нұсқаларға бөлінеді:

І топқа ретардация типіндегі ауытқулар мен жетілу дисфункциясы жатады:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *