Қарым-қатынас мәдениетін үйрету тобы
Мақсаты: қай ортада болсын өзін емін-еркін ұстауға, басқаларға жылы шырайлы болуға үйрету.
Бұл тренинг 3 кезеңнен тұрады.
Рәсімдік іс-әрекеттерді меңерту.
а) Танысу рәсімі
б) Топтық әнұранды орындау (әнұранды таңдап алу). Оны тренинг тобының әр кездесуі басталғанда және аяқталғанда орындау барлық қатысушылардың эмоционалдық тонусын көтеріп, қарым-қатынас жасуға жол ашады және топты нығайтады.
в) Ритуалдық сәлемдесу мен қоштасу. Сәлемдесу барысында топ мүшелері бір-біріне жылы сөздер айтып, дене терапиясы элементтері пайдаланады (қол алысу, құшақтасу, сипалау, т.с.с.), сонан соң кешегі ерекшеліктері мен әсерлілігін еске түсіріп, оң-теріс жағы қысқаша қатысушылардың барлығын өз ойларын басқаларға жеткізіп айтуға, болған оқиғаларды бағалауға үйрету үшін жүргізіледі.
2. Топтық шешім қабылдауға үйрету.
Бүгін жүргізілетін жұмыс жоспары талданып, ойындар іріктелініп, оларды жүргізу реті анықталады, іс-әрекеттің әрқайсысына берілетін уақыт нақтыланады. Ойындардың басым көпшілігі рөлдік-сюжеттік, сондықтан кім қандай роль атқаратынын топтың өзі шешеді. Ойын аяқталғаннан соң әр қатысушының топтық тапсырманы орындауға қосқан үлесі талданып, олардың өз міндетін орындағанын топ және өзі бағалайды.
3. Топтық дербестігін қалыптастыру
Бұл тәсіл психологтың топтан «шығып», оларды өз бетімен барлық іс-әрекетті ұйымдастыруға мүмкіндік беру үшін қолданылады. Топ жұмысын ұйымдастыру реті, пайдаланылатын тәсілдер тізімі бойынша ешкімнен кеңес сұрауына болмайды. Дербес топ өз өмірлерін ұйымдастыру туралы шешімдердің барлығын өздері қабылдауы керек. Бұл тәсіл топтағылардың ашық-жарқындығын қалыптастырып, белсенділік көрсетуге тәрбиелейді, қабілеттілікті ашуға әсерін тигізеді және жетілдіреді.
Қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу тобының жұмысы 4-7 кездесуден тұрады.
2. Эгоцентризмді бұзу тобы Мақсаты: өзімшілдік, дарашылдық, дүниенің негізі Мен, басқаның бәрі мен үшін өмір сүруі керек деген жағдайдан шығару, басқалармен санасуға үйрету.
Эгоцентризм адамның мінезін икемсіз етіп, ешкіммен санаспайтындыққа алып келеді. Эгоцентризм жақсы қалыптасқан адамдармен коррекциялық жұмыс жүргізгенде келесі кезеңдермен жүргізілетін тренинг қолданылады.
1 – рәсімдік кезең.
2 – басқаларды түсіну, аяу, жан ашу сезімін тереңдету кезеңі. Ол үшін бір-бірін тыңдауды керек ететін әрекеттер кеңінен пайдаланылады:
а) Кешіккенге, келмегенге болған оқиғаны толық айтқызу.
Б) өз ойын, сезімін басқаларға айтып түсіндіру;
В) басқалардың сөзін тыңдату және өз пікірін айтқызу;
Г) басқалардың сезімін сыйлауға үйрету;
Д) әр адамның басынан өткен оқиғаларды талдау.
3 – эмоционалдық жағдайды баса әсер тигізу кезеңі. Бұл кезеңнің негізгі мақсаты эмоцияның теріс көріністерін шақырып, клиенттің ашуына тиетін және керісінше жауап беруге алып келетін жағдай жасау арқылы оның өзіне мінезінің күшті жақтарын көрсету, оған эмоционалдық қолдау көрсету. Қандай жағдай болса да оның өзін-өзі тұрақты ұстауға шамасы келетініне сенім білдіру. Осы жаттығу барысында ұстамдылық тағы басқа оң қасиеттер көрсетуге шақырып, осы ұстамдылығын жоғары бағалау арқылы басқалармен есептесу тәжірибесін қалыптастыру.