Модель жасау

Модель жасау – эксперименталдық зерттеудің нәтижесі. Зерттеу нәтижесінде жасалған тип – ақиқаттан алынған бір көрініс емес, ол өте күрделі ғылыми зерттеудің нәтижесі, ой қорытындысы, талдау мен топтастыру нәтижесі. Типологиялық зерттеу барысында көптеген объектілерді (жеке тұлғаларды) зерттеу нәтижесі бойынша олардың ішінен ұқсас көрсеткіштері анықталып, сол көрсеткіштер бойынша типтің мінездемесі құрылады. Ал кейінгі жүргізілген зерттеулерде осы жасалған үлгіге көптеген көрсеткіштері бойынша ұқсас объектілер, жеке тұлғалар осы типтің өкілі ретінде анықталады. Сондықтан типологиялық зерттеулер күрделі, өте көп уақытты талап ететін зерттеулерге жатады.

Осы айтиылған қағидаларды басшылыққа ала отырып психологтар типологиялық зерттеулер жүргізеді. Қазіргі кезде типологиялық зерттеулер өте көп. Олардың бастамасын жасағандар Кречмер, Юнг және Шелдон деген ғалымдар.

1921 жылы Кречмердің «Дене құрылысы және мінез»  деген еңбегі жарық көрді. Ол өз еңбегінде адамдардың дене құрылысы мен психикасы байланысты деген қағиданы ұсынып, барлық адамдарды бірнеше «идеалды» типтерге бөлді. Өз зерттеуінде Блейлер деген ғалымның психозды шизойдты және маниакалды-депрессивті деп екі топқа бөлген сыныптастыруын негізге алды. Кречмер өзінің бірнеше жыл бойы жүргізген зерттеуі бойынша барлық аурулардың дене құрылысы мен олардың науқасының түрі бір-бірімен байланысты деп тапты.

Шизойд психозына ұшырағандардың дене құрылысын лептосомдық – олардың бойы орта және одан ұзын, ал көлденең өлшемдері кішкентай болып келеді – немесе, олар ашаң денелі. Толықтардың ішінде шизойдтық психозға ұшырағандар өте сирек кездесетін жағдай деп көрсетеді.

Маниакалды-депрессивті психозға ұшырағандардың басым көпшілігінің дене құрылысы пикникалық – орта бойлы, толық денелі, бет пішіні дөңгелек, көкірегі кең, қарны қампиған.

Кречмер өз типологиясын конституционалдық деп атады. Аталған екі тип: лептосомдық және пикникалық – Кречмер типологиясында негізгі болып табылады. Сонымен қатар ол атлетикалық тип, денесі шымыр, тірек-қимыл аппараты өте жақсы дамыған, психозға сирек ұшырайтын тип деп көрсеткен.

Диспластикалық – дене құрылысы берілген үлгілерден ауытқулары анық байқалатын, ұзын бойлы, толық, шағын денелі толық т.с.с., анық байқалатын корреляциясы жоқтар деп топтастырған.

Көптеген зерттеулер көп жылдар бойы жүргізілді. Ол зерттеулерге шизиктер, цикликтер және эпилептиктер қатысты. Жалпы зерттеумен қамтылғандар саны 8099 аурулар тарихымен дәлелденген, дегенмен ол адамдармен зерттеу шектелген жоқ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *