АРАФУР ТЕҢІЗІ

АРАФУР ТЕҢІЗІ — Үнді мұхитының шетінде, Аустралия мен Жаңа Гвинея және Индонезияның Танимбар, Кай, Ару аралдары аралығында жатқан теңіз. Ауданы 1017 мың шаршы километр. Ең терең жері 3680 метр. Ірі аралдары: Колепом, Ару, Уэссел, Мелвилл, Грут-Айленд, Уэлсли. Түбектері: Кей-Йорк, Арнемленд, шығанағы: Карпентария, бұғазы: Торрес. Теңіздегі ағыс қыс айларында — шығыстан батысқа, жазда — батыстан шығысқа қарай болады. Судың беткі қабатының орташа температурасы 25-280С-қа жетеді. Тұздылығы 34-35,0‰. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *