Драма (грек. drama – қимыләрекет) – сахнаға арналған, уақиғаны, оған қатысушы кейіпкерлердің ісәрекетін, көңіл күйін көрсету арқылы баяндайтын әдеби шығармалар. Драмаға уақиғаны қызу тартысқа құрып, мейлінше шиеленістіріп, шарықтау шегіне әбден жеткізіп ба рып тану – айрықша тән қасиет.
Драмалық шығармаларда кейіпкер өздерінің айтатын сөзі ар қылы, сонымен бірге сахнадағы қимыләрекеті, жүрістұрысы, сонда байқалатын жайкүйі арқылы бейнеленеді. Кейіпкердің жеке қалып айта тын сөзі (монолог), бірбірімен өзара сөйлесуі (диалог) – бұлар оның характерін, басқа адамдарға, өмірдегі әртүрлі жайжағдайларға қаты насын, қоғамдық мәселелерге көзқарасын сипаттаудың басты тәсілі. Автордың уақиға барысын, кейіпкерлердің ісәрекетін, мінезқұлқын, күйжайын тікелей өз атынан суреттеп, баяндап беруі жоқтың қасы.
3. Ахметов